Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 21:35, реферат
Қоршаған ортаның жағдайына өсімдіктен тысне болса соның бәрі жатады. Осы күрделі кешеннің ішінде өсімдік тіршілігінің үш топ әсер етушілерін бөліп алады.
Абиотикалықтар: климатық температура, жарық,ауаның ылғалдылығы, топырақтық (эдафикалық гректің «эдафос»- жер деген сөзі)- топырақтағы минералды, тұздар, топырақ ауасы және ылғалы.
Биотикалық- егістіктегі мәдени дақылдардың өзара ықпалы, арамшөптер, пайдалы және зиянды микрофлора, пайдалы және зиянды жануарлар.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
Жылу, жарық, ауа-газ, су режимдері
Қоректену режимі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мұндай жайларда шынылы бетке түсетін ең аз деген жарық үшін қам жасау керек. Ол үшін булыжайдың жылуын қорғайтын жамылғыларды уақытында ашып және шығынға қар түскен болса, тазалап отыру керек, шынының жоғары сапалысын және жарықты жақсы өткізетінін қолданған дұрыс. Құрылыстың қабырғасын және ірге тасын әкпен сылау да жарық режимін жақсарта түседі. Жылыжайдағы қыс- көктем кезеңдерінде, қысқа және бұлыңғыр күндері және күн сәулесі жарығының әлсіз қарқындылығы, өсірілетін көкөніс дақылдарының бір қалыпты өсіп-дамуына кедергі жасайды. Тіпті басқа факторлары-жылу, ылғал, қоректік заттар қолайлы мөлшерде және қатынаста болсадағы. Бұл жылыжайдағы өсімдіктерді қосымша жарықтандаруға электр жарығын қолдануға, әсіресе, көшет өсіргенде, ауаны көмір қышқыл газбен қанықтыруға мәжбүр етеді. Қосымша жарық өскін пайда болғаннан кейін қажет. Тәулік бойы жарықтану жиынтығы қияр үшін 14-16 сағат, қызанаққа- 16-18 сағат. Қызанақ пен қиярға қосымша жарық түсіру көшет өқсіру мерзімін екі есеге жуық қысқартады. Барлық жағдайда да электр қолдану жылыжай ауасындағы көмір қышқыл газының концентрациясын 0,15-0,20% арттырады.
Көшетті сәулелендіру жеміс салуды 20-25 күнге шапшаңдатады, жалпы өнім 25-30% артады. Қосымша шығынға қарамастан көкөністердің өзіндік құны 15-20% кемиді. Жарықты пайдалануды түпкілікті жақсартуға, нашар немесе күшті жарықта және күннің әртүрлі ұзақтығында өсіп-дамитын сұрыптар шығару арқылы қол жеткізуге болады. Жарық ағымын толығырақ пайдалануға дақылды көшетпне өсіру, тығыз егістіктерді қолдану үлкен ықпал жасайды.
Ауа-газ режимі. Оттектің, көмір қышқыл газдың, азоттың өсімдік тіршілігіне тікелей қатынасы бар. Оттек өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе, тамырдың және тұқым өне бастағанда қажет. Оттекке талабы жоғарылар, әсіресе, тамыры тез өсетін- қияр, қауын, қарбыз сияқты дақылдар. Оттектің өсімдіктің барлық мүшелеріне-жапырақтарына, сабақтарына және тамырларына жетуі мүмкін болуы керек. Ашық жерде ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, субстратты қолданады, тығыздалатын топырақтарды, борпан күйде ұстайтын жадығаттарды қосады, жабындау жүргізеді. Тұқымның көктеуін тездету үшін оларды барботылайды.
Биологиялық жылытудағы өсімдік өсіретін жайларда ауа-газ режимін жақсарту үшін желдетуді қолданады. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде органикалық заттар құрау үшін көмірқышқыл газын жапырақтармен ауадан сіңіреді. Өсімдік үшін жеткілікті жоғары жарықтануда және температурада ауадағы көмірқышқыл газының қолайлы мөлшері 0,15-0,30%. Көмір қышқыл газының мөлшері 0,01% дейін кемігенде ассимиляция тоқтатылады. Топырақат СО2 мөлшері артық болғанда тамыр және өне бастаған ұсақ тұқымды және басқа да өсімдіктер үшін, әсіресе, төмен температурада және ауамен нашар қамтамасыз етілгенде өте зиянды. Оттектің мөлшерін көтеру және СО2 мөлшерін кеміту үшін топырақты уақытында қопсытып отыру керек. Егістік жерде топыраққа жақын ауа қабатындағы СО2 концентрациясын көң және басқа да органикалық тыңайтқыштарды енгізіп көбейтуге болады, олар топырақта шіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығарады, немесе көңді жабындау ретінде қолдануға болады. Өсімдікті СО2 қаныққан сумен жаңбырлатып суару да жақсы нәтиже береді.
Қорғаулы жер құрылыстарында биологиялық жылуды қолдану СО2 тапшылығын сездірмейді және алынатын жоғары өнімді әдетте, осымен түсіндіреді. Бірақ мұндайда кейде СО2 мөлшері тым артып өсімдікке зиянды әсер жасайды. Артық және зиянды газдар желдеткішпен оңай шығарылады. Міне, сондықтан өсімдіктерді отырғызуды немесе тұқымды себеді булыжылыжайларға көң толтырылғаннан 4-5 күн соң жүргізу керек, сонда газдардың зиянды мөлшері азайып үлгереді. Ірі жылыжай кешендерінде жылыжай ауасын СО2 байыту үшін күкіртсіз табиғм газды қолданатын қыздыру қазандарыныңқалдығын, немесе табиғи газды жылыжайда арнаулы қондырғылар арқылы жаққанда пайда болатын СО2 пайдаланады. Табиғи газды жаққанда зиянды қоспалардың концентрациясын азайту үшін шамдалға берілетін ауаны 15-20% арттырады. Кішігірім шаруашылықтарда жылыжай ауасын көмір қышқыл газымен байытуды бөшкелерге сиыр қиын сумен езіп те жүргізеді. Қи борсыған кезде СО2 бөліп шығарады.
Ауаның азоты- инертті газ. Ол көкөніс дақылдарының өніміне әсер етпейді, бірақ оның болуы топырақтағы пайдалы микрофлораның және бұршақ тұқымдас көкөніс дақылдарының түйнек бактерияларының іс-әрекетіне, тіршілігіне оң ықпал жасайды. Қорғаулы жерде қиярды өсіргенде аналық гүлдерді қалыптастыру үшін ацетилен газын қолданады.
Этилен, ацетилен, пропилен газдары қызанақтың қалыптасқан жасыл жемісінің пісіп-жетілуін жеделдету үшін қолданылады. Ол үшін жеміс салынған камераға аталынған газдардың аз мөлшерңн қосады. Этиленді қызанақ өсімдігі және пісіп келе жатқан жемісі бөліп шығарады, ондай қасиет қауында да, бұршақта да, алмада да және т.б. бар. Газ жасыл көкөністерге және қиярға қолайсыз әсер етеді, олар тез бүлінеді. Сондықтан этилен шығаратын жемістерді және оған сезімтал көкөніс дақылдарын бір жылыжайды сақтауға және бір көлікпен тасымалдауға болмайды. Көкөніс шаруашылығында ауада зиянды газдардың: аммиактың, күкіртті газдың және азот тотығының бар-жоғын ескеру өте қажет. Аммиактың артық мөлшері жапырақтардың шеттерін күйдіреді. Мұндай жағдайды көшетті жас көң енгізіліп жыртылған жерге, биоотын ретінде тауық саңғырығын, аммонийланған шымтезек қоспаларын қолданғаннан кейін отырғызғанда байқауға болады. Метанның да уландырғыштығы одан кем түспейді.
Ауадағы күкіртті газдың концентрациясы 0,0001%, улы газдікі- 0,0002, ал тотығынікі-0,000003% аспауы керек. Кейбір өсімдіктер, мысалы үрме бұршақ, ауаның ластануына ерекше сезімтал, сондықтан көрсеткішті индикатор бола алады, оның күйі бойынша атмосфераның тазалығы жөніндегі тұжырым жасауға болады.
Су режимі. Көкөніс дақылдарында 75-97 % су болады. Өнімді, топырақ үстіндегі мүшелерін және тамыр жүйесін құрастыруға жұмсалатын судың үлесі, булануға шығындалатын су көлемімен салыстырғанда ең аз мөлшерде ғана. Тамырымен сіңірілетін судың 1000 бөлігінің тек 1,5-2,0 бөлігі ғана қоректенуге және құрғақ зат түзуге шығындалады. Көкөніс дақылдарының өсіп-дамуы үшін қажет өте көп су мөлшері жөніндегі түсінік алу аса қиынға соқпайды. Сондықтан көкөніс дақылдарын суландыру күмән келтірмейтін қажеттілік. Көкөніс дақылдарының топырақ және ауа дымқылдығына талабын бағалағанда тамыр жүйесінің даму сипатын және өсімдіктің ылғалды қарқынды буландыратынын білген жөн. Тамыр жүйелерінің мөлшері мен құрылысы бойынша көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: біріншісі- күшті тармақталған тамыр жүйелі, жан-жағына таралуы және тереңге бойлауы 2,0-2,5 метрге дейінгілерге- асқабақ, қарбыз, қауын, асханалық қызылша, ақжелкек; екіншісі- біршама күшті және тармақталынған тамыр жүйелі, жырту қабатынан 1-2 м дейін бойлайтындар- сәбіз, ақжелек, қызанақ, орамжапырақ; үшіншісі- топырақ бетінде әлсіз немесе күшті тарамдалған тамыр жүйелі, 0,5 м дейін орналасатындар- орамжапырақ, қияр, бұрыш,баялды, пияз, шалғам, ақсүттіген. Көкөніс дақылдарының топырақтың және ауаның су режиміне қоятын талабын анықтағанда жапырақтың саны, көлемі және құрылысының да маңызы зор. Көкөніс дақылдары сіңірілген су мөлшері және оны топырақтан қажет мөлшерде алып шығу қабілетіне қарай 5 топқа бөлінеді:
Бұл топтастыру өсімдіктің жекелеген түрлерінің су пайдалануы жөнінде түсінік береді. Өсімдіктің бүкіл тез пісетін сұрыптары кеш пісетіндерге қарағанда судың мол болғанын тілейді. Судың жеткіліксіздігі фотосинтезді тежейді, өсу мен дамуды тоқтатады және ерте өнімді алуға кедергі болады. Су жеткіліксіздігіне және жоғары температурада жасыл өсімдіктердің және шалғамның гүл сидамы пайда болады, қызанақ төбе шірігіне шалдығады. Қиярдың, қызанақтың, баялдының, бұршақтың гүлдері мен түйіндерінің түсуі, сызықтық бөлігінің қатаюы байқалады. Орамжапырақта ұсақ, жетілмеген қаудандар қалыптасады.Құрғақ кезеңінің ылғалды кезеңмен кезектесуі тамыр жемістерінің жарылуына, қызанақ жемісінің сызаттануына әкеледі. Ылғалдың артық болуы ауа режимін нашарлатады. Мұндайда тамыр жүйесінің өсуіне, тұқымның көктеуіне оттек жетіспейді де, тамырдың және тұқымның опат болуына әкеп соғады, тұқымның танаптық өнгіштігі кемиді.
Көкөніс дақылдарының ылғалды қажетсінуіне даму кезеңінде біркелкі емес. Өсімдік топырақтың ылғалдылығына ең жоғары талабын тұқымның өнген кезінде қояды. Көкөніс дақылдарының басым бөлігінің тұқымдары ұсақ, олар топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатына сіңірілетіндіктен көбі ұзақ уақыт өнбейді. Орамжапырақтың және қиярдың тұқымдары бөртуі үшін өзінің массасының 50% жуық ылғал сіңіруі қажет, балдыркөктік дақылдарға-100%, бұршақ тұқымдастарға-150%. Тамыр жүйесі дамығаннан кейін суды қажетсінуі кемиді.
Орамжапырақ
тұқымдасына жататын көкөніс
дақылдары мол суды өнімді
мүшелері қауырт өсе бастаған
кезде, ал балдыркөк және алабұталар
тұқымдастары өсу даму кезеңінің
басында, олардың терең бойлаған
тамыр жүйесі әлі жетілмеген
уақытта, талап етеді. Жеміс салатын
көкөніс дақылдары суды көбірек
жеміс байлаған кезінде, жуа
тұқымдастар жапырақтарының қарқынды
өскен кезінде қажет етеді. Жуа
тұқымдасының дақылдарын баданы
үшін өсіргенде, соңғы суаруды
жинардан 3-4 апта бұрын тоқтатады.
Бұл өнім мүшесінің толық жетілуіне
мүмкіндік береді. Көшет отырғызғаннан
кейні ылғалдың мол болуы, топырақтың
жоғарғы қабатында орналасқан
тамыр жүйесінің нашар дамуына
ықпал жасайды да, өсімдікке заттардың
азырақ түсуіне әсер етеді. Міне,
сондықтан суландыратын көкөніс
шарушылығында отырғызу мен
Жылу сүйгіш өсімдіктер үшін суландыратын судың температурасының маңызы да зор. Қорғаулы жерде ол-22-25С дейін жылытылуы керек. Ашық жерде ыстық күндері суландыруды түнгі сағаттарда жүргізуге тура келеді. Талтүстегі аптап ыстыққа өсімдікті суық сумен алқалар тұқымдасын солу ауруына шалықтырады.
Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуы үшін топырақ ылғалы, сондай-ақ ауа ылғалы да әсер етпейді. Бұл жағынан көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: ауаның оңтайлы ылғалдылығы 60-70% болуын тілейтін өсімдіктер-қызанақ, баялды, бұршақ, үрме бұршақ; 70-75%- түсті және ақ қауданды орамдапырақтар, қымыздық, аскөк, ақжелкен, порей пиязы; 80-90%- қияр, ақсүттіген, саумалдық, сабағы үшін өсірілетін пиязы. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы төмен болғанда жапырақта ақуыздың ыдырауы, аммиактың бөлінуі және оның өсімдікті уландыратыны, өсу үрдісін тоқтататыны байқалады.
Көкөніс дақылдарының ауа ылғалдылығына талабын оларды қорғаулы жерде өсіргенде ерекше ескеріп, көңіл бөлу керек. Жоғары ылғалдылықта және төмен температурада өсімдіктер саңырауқұлақ және бактериялық ауруларға жиірек шалдығады. Түнгі мезгілде температура төмендегенде шықтың түсуі, қызанақ жемісінің жарылуына әкеп соғады. Керісінше, ауаның төмен ылғалдылығы жоғары температурада қауіпті зиянкестердің таралуына жағдай жасайды. Өсімдіктердің су режимі мынадай көрсеткіштермен: су пайдалану коэффициенті, транспирация коэффициенті, суару және суландыру мөлшерімен сипатталады.
Аталған дақылдан бір өлшем жерден өнім алу үшін қажетті су мөлшерін су пайдалану дейді; бірі өлшем өнім алуға шығындалған және л/кг немесе см/г белгіленгенді су пайдалану коэффициенті дейді. 1 г құрғақ зат алу үшін шығындалған су мөлшерін транспирация коэффициенті деп атайды. Өсімдіктің бір өсу-даму кезеңінде 1 га жұмсалатын судың жиынтығын суландыру мөлшері, ал бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшерін суару мөлшері дейді.
Көкөніс дақылдарында транспирация коэффициенті 350-700 мг/г аралығында және ол дақылдың түрі мен сұрпына, өсіру ортасына, топырақтың қасиетіне және ондағы қоректік заттардың мөлшеріне тәуелді. Тыңайтқыш енгізгенде трнаспирация коэффициенті төмендейді, бірақ мұндайда бүкіл өсімдік шығындайтын судың абсолюттік шамасы артады. Міне, сондықтан тыңайтқыштарды жеткілікті енгізгенде, әсіресе, жеңіл топырақтарда, ылғалдану деңгейін жоғары ұстау керек. Бұл топырақ ерітіндісінің концентрациясын көтерілуден сақтайды және тамырдың сіңіру бетін кеңейтеді. Жылыжайларда 1 кг өнім алу үшін жұмсалатын судың мөлшері жөніндегі түсінікті мына мәліметтер бере алады: қыста- көктемде өсірілген қиярда ол 17-23 л, қызанақта 40-60 л. Өнімділік артқан сайын су пайдалану және транспирация коэффициенттері, әдетте, төмендей береді.
Суландыру
және суару мөлшерлері
Көкөніс дақылдарының су режимін: дақылдары жер бедерінің төменгі бөлігінде орналастыру, егіс қорғайтын орман алқаптарын жасау, ықтырмалы егістіктерді қолдану, қар тоқтату, топырақты дұрыс өңдеу, жабындау, суландыру сияқты шаралар жақсартады. Қазақстанның солтүстігінде су ресурстарының шектеулі екенін ескеріп, көкөніс және басқа дақылдардың су режимін жақсарту мақсатында және суландыру суының шығынын кеміту үшін суландыру алдында қатараралықтарды саңылаулау өте тиімді. Қатараралықтарды қашау тәрізді қазтабанмен 20-25 см тереңдікке 2 рет суландырғаннан кейін өңдеу қызылшаның және сәбіздің өнімін 32-51% арттырады.
Қоректену режимі. Қазіргі кездегі көкөніс дақылдарының экологиялық типтері мен сұрыптары, жылда тыңайтқыш енгізілетін үй маңындағы телімдерде, бақшалық дақылдар жағдайында пайда болды және өсірілді. Сондықтан да бүкіл көкөніс дақылдары топырақтың құнарлығына жоғары талап қояды. Көкөніс дақылдарының минералды қоректенуге қатысын сипаттайтын екі көрсеткішті ажыратады: өсімдіктердің топырақтан жекелеген қоректік элементтерді тұтынуы және өсімдіктің топырақта қоректік заттардың бар-жоғына реакциясы. Топырақтың қоректік элементтерін молырақ тұтынатындығымен ерекшеленетіндер кеш пісетін орамжапырақ сұрыптары, азырақ шығындайтындар- шалғам және қияр. Әр дақылмен шығарылатын минералды қоректік элементтердің көлемі өнімге және өсірілетін жағдайына тәуелді. Өнім артқан сайын қоректік заттардың шығарылатын мөлшері де артады. Көкөніс дақылдары топырақтан ең көбірек калийді, сосын азотты және одан кейін фосфорды тұтынады. Өсімдік тіршілігінде маңызды рөлді топырақта олардың тапшылығы азот, фосфор, калий элементтерімен салыстырғанда сирек болатын микроэлементте иеленеді.
Информация о работе Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері