Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 21:35, реферат

Краткое описание

Қоршаған ортаның жағдайына өсімдіктен тысне болса соның бәрі жатады. Осы күрделі кешеннің ішінде өсімдік тіршілігінің үш топ әсер етушілерін бөліп алады.
Абиотикалықтар: климатық температура, жарық,ауаның ылғалдылығы, топырақтық (эдафикалық гректің «эдафос»- жер деген сөзі)- топырақтағы минералды, тұздар, топырақ ауасы және ылғалы.
Биотикалық- егістіктегі мәдени дақылдардың өзара ықпалы, арамшөптер, пайдалы және зиянды микрофлора, пайдалы және зиянды жануарлар.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
Жылу, жарық, ауа-газ, су режимдері
Қоректену режимі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

көкөніс шаруа реферат.docx

— 41.95 Кб (Скачать документ)

                                Жоспар

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
      1. Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
      2. Жылу, жарық, ауа-газ, су режимдері
      3. Қоректену режимі
    3. Қорытынды
    4. Пайдаланылған әдебиеттер                                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Кіріспе

      Қоршаған  ортаның  жағдайына  өсімдіктен  тысне болса  соның  бәрі  жатады. Осы күрделі  кешеннің  ішінде  өсімдік  тіршілігінің үш  топ  әсер  етушілерін бөліп  алады.

  1. Абиотикалықтар: климатық температура, жарық,ауаның  ылғалдылығы, топырақтық (эдафикалық гректің «эдафос»- жер деген сөзі)- топырақтағы минералды, тұздар, топырақ ауасы және  ылғалы.
  2. Биотикалық- егістіктегі  мәдени дақылдардың өзара  ықпалы, арамшөптер, пайдалы және зиянды  микрофлора, пайдалы  және зиянды жануарлар.
  3. Антропогендік(ежелгі грек сөзі «антропос»-адам, яғни адамның  шаруашылық   әрекеттерінің  ықпалы) дақылдық әдіс, хирургиялық тәсілдер, өсімдікке машиналармен, химиялық  қосылыстармен және физикалық құралдармен әсер ету, соның ішінде қоршаған ортаны ластау да. Адамның іс-әрекеті алғашқы екі топ себептерге өте  күшті  әсер ететінін айтқан жөн.Өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына реакциясы  бойынша академик Г.И.Тараканов мынадай түсінікт ерді ажыратады. Шыдамдылық- себепшарттардың шеткі  мәндерін басынан өткізу. Ол минимумның мәндерімен, пессимум аймақтарымен және  олардың әсер етуінің ұзақтығымен анықталады. Ықыластылық-  себепшарттың қарқындылығының артуына өсімдік реакциясының деңгейі. Әр түрлі дақылдар және  бір дақылдың әртүрлі   сұрыптары  себепшарттардың  әрқайсысына  төзімділік  ауқымымен және  оңтайлы  аймағымен  өзгешеленеді.Көкөніс дақылдарының жекелеген  түрлерінің жылуға  қоятын  талабы  бірдей  емес. Профессор В.И.Эдельштейн  оларды төрт топқа бөлді.
  4. Аязға  және қысқа  төзімді өсімдіктер. Бұл топтың өсімдіктерінің өсуі 1C-да басталады, бірақ  белсенді түрде 15-20С-да жүреді. Өсімдіктер  қысқа мерзімдегі 8-10С үсікке  шыдайды. Тыныштық  күйіндегі өсімдік  аязға ойдағыдай  шыдай  алады, әсіресе, қар  жамылғысы болғанда.
  5. Суыққа  төзімді  өсімдіктер(орамжапырақ, тамыржемістілер, басты пияз, ас бұршақ, бұршақ, жасыл көкөніс дақылдары). Суыққа  төзімді  өсімдіктер 2-5C өне алады. Олардың  өсуі  үшін  оңтайлы  температура 15-20С. Өсімдіктер қысқа  мерзімдік 2-7C бозқырауға  төтеп  береді.
  6. Жылуды  талап етушілер(асқабақтар және алқалар  тұқымдастарының көкөністері). Жылу  сүйгіш дақылдардың тұқымдары 12-15C өне бастайды. Өсуі және дамуы  үшін  ең  қолайлы температура 25-30C. 15C төмен жылулық  болғанда өсу  үдерісі басылыңқы  болады, ал 30C жоғары  болса, өсімдік  бойлап  кетеді.
  7. Қызуға  төзімді  өсімдіктер (үрме бұршақ, жүгері, бақша дақылдары). Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуі және  дамуы жылу  сүйгіштердікіндей температурада өтеді, бірақ ассимиляция 40C температурада  жүруі  мүмкін.

     Өсімдіктердің  жылуға деген талабы өсу-даму  кезеңдерінде өзгеріп  отырады. Тұқымды  және  көкөністі сақтау температурасы  0C маңайында болуы керек. Мұндай  жағдайда тұқымдар мен көкөністер жақсы сақталады. Тұқымның жедел  бөртуі және  өсуі үшін  салыстырмалы түрде жоғары  температура  қажет. Жылу  тыныс алуды  жақсартады, ферменттердің зат алмасу  қызметін белсендіреді, нәтижесінде ұрық  жасушаларының бөлінуі және  өсуі  жеделдейді. Бүкіл көкөніс дақылдарының  тұқымдары  өнген  кездегі  температура , өсу-даму кезеңдеріндегі оңтайлы  температурадан 4-7C жоғары. Айталық, орамжапырақтың өсуі  үшін  оңтайлы  температура 18-22C болса, оның  тұқымы 25-27C-да тезірек өнеді. Температура жетпесе де тұқым бөртеді, бірақ ұрық  өсе  алмайды, егер температура көтерілмесе, тұқым шіриді де, өскін бере алмайды.

     Өскін  пайда  болғаннан кейін, нағыз  екі  жапырақ  қалыптасқанша алғашқы    5-7 тәулік бойы, жас  өркеннің тамыр жүйесінің  дамуы топырақ бетіндегі бөлігінен тезірек жүруі  үшін температураны 7Cтөмендету керек. Температураны осы кезеңде төм ендету  топырақ бетіндегі бөлігінің өсуін тежейді, өскіннің бойлап кетуіне жол  бермейді және тамыр жүйесінің дамуына қолайлы  жағдай  жасайды.

     5-7 тәулік өткеннен  кейін  температураны  осы дақыл  үшін  оңтайлы  шекке дейін  көтереді, қоректік заттар жиналатын кезеңде температураны 1-3C төмендету  өте пайдалы: өнімді мүшелерінің өсуін  тездетеді және  өнімділікті арттырады.

     Гүлдеу кезеңінде  температура өсуге  оңтайлы температуардан  2-4C-ға төмен болуы керек, себебі  жоғары температура жеміс  жатындарының  бір  қалыпта  пайда  болуына кедергі  жасайды. Жаппай  гүлдену аяқталғаннан кейін  температураны 2-4C-ға  көтереді.

     Эволюция  барысында  өсімдіктердің тәулік   бойғы  талабы   жылуға  әртүрлі- түнде  төмен, күндіз жоғары талабы  қалыптасады. Мұндай  құбылысты термопериодизм  дейді. Мұны  көкөніс  дақылдарын  қорғаулы  жерде өсіргенде ескеру  керек. Бұлтты күндері  температура  шуақ  күндерге  қарағанда, біршама  төмен болғаны  дұрыс. Ашық  ауа райы мен  түн  мезгіліне  оңтайлы  температураны В.М.Марков  бойынша есептеуге  болады:Тоңт.=Т бұлыңғыр 7

С, мұнда Т-бұлыңғыр   күнгі  оңтайлы  температура. Ашық  күні 7С қосылады, түн мезгілінде  шегеріледі. Егер қызанақ үшін  бұлыңғыр  күні 22С қажет  болса, ашық  күні   29C, ал түнде 15-18C жеткілікті.

     Тым  жоғары  температурада көмірсуының шығыны  ассимиляция  өнімінен асып түседі. Өсімдіктер  бұл кезде тоқырау  күйінде  болады. Олар массасын  арттырмайды, тіпті, кемітуі  мүмкін. Егер температура одан әрі  көтерілетін  болса, хлоропластардың  белсенділігін  жоғалтуының  және  ферменттердің  бүлінуінің  нәтижесінде  ассимиляция  жүрмейді. Жоғары  температурада  түсті  орамжапырақ  жұмыргүлін  байламайды. Құрғақ  және  ыстық  ауа  райында  қызанақтың, баялдының  гүлдері  көбінесе, түсіп  қалады. Көкөніс  дақылдары өте  жиі  төмен  температурадан  зардап  шегеді. Бұл  әсердің деңгейі дақылдың  суыққа  және  аязға  төзімділігімен  тығыз  байланысты  болады. Суыққа  төзімділік-   өсімдіктердің төмен  оң  температураға  ұзақ  уақыт  шыдай  алатындығы. Аязға  төзімділік- өсімдіктердің теріс  температураның  әсеріне шыдамдылығы.

     Суыққа және  аязға төзімділік өсімдіктің  тіршілік  кезеңіне байланысты. Құрғақ  тұқымдар 258 температураға  шыдай  алады. Пияздың, жүгерінің, ақсүттігеннің, шалғамның  тұқымдары 175 тәулік бойы  сұйық  ауада, сақтағанда өнгіштігін  жоғалтпаған. Өскіндер әсіресе  алқа  және  асқабақ  тұқымдастарының  өсімдіктері, жиі  жеңіл  үсіктерге шыдамайды.

     Көкөніс дақылдарының  суыққа және  аязға төзімділігін, өсімдіктердің  суыққа төзімділігінің  табиғатын  зерттеу негізінде, әртүрлі  агротехникалық  әдістермен  артыруға  болады. Өндірістік жағдайда көкөніс  дақылдарын  өсіргнеде тек  өсімдіктің  суыққа   төзімділігіне ғана   сүйенбейді. Көптеген көкеніс  дақылдарын  жемісті  өсіру  үшін, әсіресе, жылу  сүйгіштерді, айталық қиярды, қызанақты, бұрышты, және т.б. суықпен  күрес  жүргізу  керек.Суықпен  күресудің  бірнеше  тәсілі бар. Түтіндету  үйіндісін немесе  түтіндету  құтысын  жағып  бүркеу  жасау; отырғызылған  өсімдіктерді  суландыру; өсімдіктердің  өсіру  мерзімін  нақтылау. Жылу  сүйгіш  өсімдіктерді, ерте  пісетін көкөністерді  және  көшет  өсіру  үшін, тегіс  жерден, тезірек  және  жақсырақ  қызатын жалдар мен  жүйектерді  қолданады. Жылу  жағдайын  тез  өсетін бір  жылдық дақылдардан  ықтырма  жолақтарын  қолданып  жақсартуға  болады.

     Топырақ  бетін  қарашіріндімен, қимен, сабанмен, қара  түсті жабынды  қағазбен, синтетикалық   пленкамен  жабу, бүркеп  қою  күн  сәулесін  молырақ  сіңірудің  нәтижесінде топырақ  температурасының  көтерілуіне  мүмкіндік  жасайды. Үй  іргесіндегі  жерлерде, саяжайларда  жылу  сүйгіш дақылдар  егілген  жолақтарды  пленкалармен, желімделген  немесе  тігілген  бірнеше  газет   қабаттарымен  бүркейді. Өсімдіктердің  суыққа  төзімділігін  арттыру  үшін  тұқымдарын  шынықтырады. Шынықтырылған  орамжапырақ  көшеті  5-7С, қызанақтікі -1С  суыққа шыдайды. Салыстырмалы  түрде  талабы  азырақ, төмен  температураға  төзімділігі   жоғары  сұрыптар  мен  будандарды  шығарудың   маңызы  өте  зор.

     Қорғаулы  жерде  көкөніс  дақылдары  үшін  жылу  режимі ашық  жерге  қарағанда  қолдан  жасалынады  және  толығырақ  реттелінеді. Қорғаулы  жер  құрылыстарында  тәуліктік  температураның үлкен  ауытқуын  болдырмаған  жөн. Гүлдену  және  жеміс  салу кездерінде  температураның кенеттен  тұрақсыздануы  қиярдың, қызанақтың бұрыштың  гүлдерінің  және  жас  түйіндерінің түсуіне  әкеп  соғады. Жарықтану  шамалы  болғанда температураны  сәл  төмендету  керек. Температураны, әсіресе, түнде төмендетудің  маңызы  зор. Бұл  өсімдіктің  есеюін  баяулатады  және бұтақтануын  күшейтеді. Тым  жоғары түнгі  температура  өсімдіктің  бойлап  өсуіне  апарады, ал тым  төмен  температурада  жылу  сүйгіш  дақылдардың  ауруға  шалдығуына  ықпал  жасайды. Топырақ  температурасының  маңызы  да осал  емес, оның  қолайлы  мәні  әдетте, ауа  температурасымен  салыстырғанда  біршама  төмен. Қорғаулы  жерде  температураны  реттеу, ол температураның  тербелуі  және  оның  күрт  ауытқуымен  күресу  үшін жылытуды  қолдануға, жылу  жоғалтуы біршама  төмендеу  құрылыстар  салуға, оларды пайдаланған  кезде  қорғанышының  саңылаусыз  болуын  қадағалауға, қараңғы  мезгілде шыныларын  жылу  шығармайтын жадығаттармен  бүркеуге, желден  қорғау  құрылғыларын  жасауға  саяды. Көктемде және  жазда  қорғаулы  жерде  аса ысып  кетуден  сақтану  үшін  желдеткіштер  қолданылады, кейде  шыныларына  әкті  немесе  балшық  езбесін  уақытша  жағып  қояды.

     Жарық- жасыл  жапырақтардың  органикалық  заттарды  түзуіне  қажетті  жағдай. Жарықтың  басты  және  негізгі  көзі күн. Көкөніс  дақылдарының  жапырақтарының  тақтасына  түсетін  жарық  энергиясының  мөлшеріне  қоятын  талаптары  әртүрлі. Мысалы, асбұршақтың гүлдеуі  үшін қолайлы  жарықтану  мқлшері 11 мың лк, ал қызанақтікі- 17-25 мың  лк. Пиязды  жапыраққа  көктетекенде  жарық  өте  аз керек. Түсті  орамжапырақты  қараңғыда өсіріп  жетілдіреді. Бүкіл  көкөніс дақылдары, саңырауқұлақтан  басқалары, жарыққа  азды-көпті  талап  қояды. Бұл талаптар  олардың  өсу-даму  кезеңдерінде  әр түрлі. Тұқым  көктеген  кезде  жарықтың қажеті  жоқ. Жарықты өсімдіктер  өскін  пайда  болған  кезде, тұқымның  пластикалық  заттары толығымен   шығындалып  жас  өсімдіктің  одан  әрі  дамуы фотосинтездің  жүруіне  ықпал  жасайтын  жағдайға  байланысты  қажет  етеді. Дамудың  осы  кезеңінде жарық  жеткіліксіз  болса, жас  өсімдіктер  тез және  күшті бойлап  өседі. Бірнеше жапырақ  пайда  болғаннан  кейін өсімдік  жарықтың  жеткіліксіздігіне  шыдайды, бірақ  көбінесе, өсуін  әлсірету  арқылы. Генеративтік  мүшелері  қалыптаса  бастаған кезде  жарықтың  жеткіліксіздігіне  өте  сезімтал  келеді. Жарық  жеткілікті болмағанда жемістік  мүшелердің қалыптасуы және  өсуі   тежеледі, ал  бүршіктері мен  түйіндері  оңай  түсіп  қалады. Өнім  беретін  мүшелері  толық  қалыптасуының   соңында  жарыққа деген  талап  күрт  төмендейді. Көптеген  дақылдар  қоректік  заттар  жиналатын  мүшелерінің  жетілуін  жапырақтардағы, сабақтардағы, тамырлардағы  органикалық  заттардың  үлесінен  жүргізіледі. Кейбір   дақылдардың  жарыққа  деген  талабы жеміс  мүшелерін  қалыптастырған  кезеңде  күшті  деңгейде төмендейді. Жарықтың  қарқындылығына қоятын талабы  бойынша  көкөніс  дақылдарын  3 топқа  бөледі: 1) жарық  қарқынына  күшті талап  қоятын  жеміс  салатын өсімдіктер (асқабақ, алқа, бұршақ тұқымдастар); 2) орташа  талап  қоятындар (орамжапырақтар, тамыржемістілер, пияздар, жасыл өсімдіктер, көпжылдықтар); 3) жарық күшті шамалы  болғанда да өсе алатындар (қымыздық, қызылша, басты пияз, ақжелек,балдыркөк). Қорғаулы  жерде өсетін көкөніс  дақылдары жарыққа  қоятын  талаптары  кему реті  бойынша: қызанақ, бұрыш, қарбыз, қауын, қияр, шалғам, аскөк, ақ сүтіген, салаттық  орамжапырақ  болып  орналасады.

     Жарыққа  қатынасы  бойынша дақылдарда ғана емес, сұрыптарда  да өзгешелік  бар. Академик Г.И.Тараканов  және т.б. деректері  бойынша  жыл  бойы  қияр  сұрыптары өсуін  және  жеміс  салуын тежемей, көктемгі  және  жазғы  ұзақ радиация жағдайындағы қалпын  сақтаған  көрінеді. Көктемде  жазда  өсіруге  лайықты  қияр  сұрыптары  қыста  қайталаусыз   отырғызғанда нашар  өседі  және  көп  жағдайда  өсуін  тоқтатады. Жылыжайға  арналған  шалғам  сұрыптары  қысқы айларда тамыр  жемісін  береді, ал ашық  жердің сұрыптары  бұл  жағдайда  тек жапырағын  қалыптастырады.

     Өсімдіктің  өсуі  және  өнімнің  қалыптсауы  жарықпен  қатар  күннің  ұзақтығына  да  байланысты. Өсімдіктің  күн  мен  түннің ауысуына  реакциясын  фотопериодизм  дейді. Ұзақ  күннің, қысқа  күннің  және  күннің  ұзақтығына  бейтараптық  білдіретін  өсімдіктер  деп  ажыратады. Соңғыларға қызғанақ  жатады. Күннің  ұзақтығы- қысқалығы  елеулі әсер  ете қоймайды. Ұзақ  күннің  өсімдіктері- ақсүттіген, саумалдық, шалғам, аскөк, орамжапырақ; қысқа  күннің  ұзақтығы- асқабақ тұқымдасының  кейбір  сұрыптары, үрме  бұрщақ, жүгері, баялды, бұрыш. Ұзақ  күннің  өсімдіктерін  қысқа күнде  өсірсе, олар  көбірек  өнім  қалыптастырады. Міне, сондықтан, шалғамның, ақсүттігеннің, саумалдықтың  тез  пісетін  сұрыптарын көктемде кешірек  сепкенде, өсімдіктерге  ұзақ  күн  мен  жоғары  температура  аз  деңгейде  әсер  ететін  ерте  көктемгі  егіспен  салыстырғанда, төмен  өнім алынады. Саумалдықты, ақ сүттігенді, шалғамды  күзде  сепкенде  әдетте, өте  жоғары  өнім  бере алатындықтары  байқалған. Мұны   қысқа  күнмен, қоңыр  салқын  температурамен  және осы кезде  топырақ  пен  ауаның  ылғалдылығының   өте  қолайлығымен  түсіндіруге  болады.

     Ашық  жерде  фотосинтезге  қолайсыз  жағдай  өскіндердің  шектен  тыс жиілігінен, арамшөптердің  көлеңкелеуінен  қалыптасады. Бұлардың  кері  әсері, жарықтану  әлсіздеу   және  температура  жоғары  болған  сайын  ертерек байқалады. Көкөніс  өсірушілер  үшін  қорғаулы  жер  құрылыстарындағы  жарықтандыру  режимінің  мәні  ерекше. Жылыжайлардағы  радиацияның  қарқындылығы  ашық  жерге  қарағанда, 40-50%-ға  төмендейді. Қорғаулы  жерде өсімдіктерді  өсіру үшін  қиын-қыстау кезеңі, күн  сәулесінің  ұзақтығы  және  пәрменділігі  өсімдіктің  қалыпты  өсуіне  жеткіліксіз, желтоқсан  және  қаңтар  айларына   келеді. Жылыжай кешендерінде  күзгі- қысқы  кезеңдері  өсірілетін  қызанақтың, бұршақтың, қиярдың  және  жарыққа жоғары  талап  қоятын  басқа  да  өсімдіктердің  жеміс  байлауының  көңілден  шықпауын, сондай-ақ  ақ  сүттігеннің  аскөктің, шпинаттың, шалғамның  баяу өсетіндігін   және  шамалы  масса  қалыптастыратынын  осымен  түсіндіруге  болады.

     Ашық  жерде  жарық  режимін  себу  мерзімін, жылу  және  жарық  сүйгіш  дақылдар  үшін  оңтүстік  беткейді  таңдап  алумен, өсімдік  жиілігімен  немесе  оларды  ықтырмаларда  өсірумен  реттеуге болады. Қорғаулы  жер  құрылыстарында  күн  сәулесін  толығырақ  пайдалану  үшін  шынылы  бетке  көбірек: жылыжай  үшін -20-30, булыжай-5-12 еңкіштік  береді. Қорғаулы  жер  құрылыстарының  табиғи  жарықтануын, оны  жарық  бағытына  дұрыс  орналастырып  жақсартуға  болады. Булыжайлардың  ұзын  жағын  шығыстан  батысқа, ал екі  жағы  да  құламалы  шатырлы  жылыжайларды  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  орналастырады.

Информация о работе Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері