Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2013 в 09:07, реферат
Кенгурулар (лат. Macropodidae) - қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар. 15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар.