Кенгурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2013 в 09:07, реферат

Краткое описание

Кенгурулар (лат. Macropodidae) - қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар. 15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кенгурулар.docx

— 21.28 Кб (Скачать документ)

Кенгурулар (лат. Macropodidae) - қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар. 15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар. Өсімдікпен қоректенеді, бірақ кейбір түрі құрт, жәндікті де жейді. Жылына 1 рет 1 – 2 күшік туады да, оны бауырындағы қалтасына салып, 6 – 8 ай асырайды. Көп тараған жерде мал жайылымына, егінге зиян келтіруі мүмкін. Терісі мен еті және хайуанханалар үшін ауланады. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру бар. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»енгізілген.[1]

Кенгурулар - қалталы сүтқоректілер тұқымдастары. Ұзындығы 25-160 см, құйрығы, 15-105 см, салмағы 1,4-90 кг. Артқы аяқтары, алдыңғыларынан ұзын және күшті. Бірінші саусағы жоқ, екіншісімен үшіншісі тері жарғағымен біріккен. Бала шығаратын дорбасы алға қарап ашылған, қарны күрделі, көп камералы. Күйіс қайырады. Жерде тіршілік ететін жануарлар, бірақ кейбір түрлері ағашты мекендейді. Құйрығын тенгергіш ретінде қолданып, сағатына елу шақырым жылдамдықпен секіріп жүреді, (13 м ұзындыққа дейін). Өсімдікжегіштер. Жылына бір рет табатын тұқымын 6-8 ай бойы дорбасында ұстайды. Көптеген түрі ауланады. 9 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.[2]

 

Қалталылар, қалталы  жануарлар, төменгі сатыдағы аңдар (Metatherіa) – сүтқоректілердің бір класс тармағы. Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен – миоцен дәуірлерінен белгілі. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея, Үлкен Зонд аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп болады, жамбасының шап сүйектерімен буындасып кеткен қалта сүйектері денесінің құрсақ бөлімінде орналасқан, бірнеше азу тісінен басқа сүт тістері түспейді. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі. Қалталы жануарлардың ұрығы жатырда қағанақсыз (тек бандикутта қағанақ болады) дамиды, жатырмен қатысы болмағандықтан ұрықтың қоректік заты – сары уызы тез таусылады, сондықтан Қалталы жануарлардың буаздық мерзімі өте қысқа болады. Мысалы, америка опоссумы 12, алып (сұр) кенгуру 38 – 40 күнде толық жетілмеген ұрпақ береді. Құрсақтан шыққан әлсіз ұрпағы жерге түспестен анасының бауырындағы қалтаға түседі де емшекке жабысады. Дамуы аяқталып, сүттен басқа қорек жеуге жарағанда жерге түседі. Бірақ анасынан ұзап кетпей, қауіп төнгенде қалтаға тығылып, жауларынан қорғанады. Қалталы жануарлардың тіс қатары құрылысына қарай 2 отряд тармағына – көп күрек тістілерге (Polyprotodontіa) және екі күрек тістілерге (Dіprotodontіa) бөлінеді. 9 (кейбір мәліметтерде 15) тұқымдасы, 250-дей түрі белгілі. Қалталылардың ішінде кәсіптік мақсатта көп ауланғаны – кенгуру (Macropodіdae). Бұлардың 15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру (Macropus gіgantea) ұсталады. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салм. 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылд. 50 км/сағасырқа дейін жетеді. Топталып жүреді, өте сақ жануарлар, негізінен, өсімдікпен қоректенеді. Жылына 1 рет 1 – 2 күшік табады, ұрпағын бауырындағы қалтасына салып, 6 – 8 ай асырайды. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. [1]

Коала (лат. Phascolarctos cinereus) - қалталы аю. Қалталыларға жататын сүтқоректі. Дене ұзындығы 60-82 см, салмағы 16 кг дейін жетеді. Бетінен ерекшеленген мұрны қара, үстіңгі жағы тақыр. Сырт жағынан құйрығы байқалмайды. Алдыңғы аяқтарының бірінші және екінші тұяқтары басқаларына қарамақарсы қойылған. Эвкалипт ормандарында (Австралия), ағаштарда мекендейді. Түнгі баяу қимылды жануар. Эвкалипт ағашының жапырағымен қоректенеді. Ересек еркек коала үйір құрайды. Бір тұқым береді, ол анасының дорбасынан 9 айда шығады. Коалалар 12 жыл өмір сүреді. [2]

 

Өсімдік ағзасындағы өлі  жасушалар қандай қызмет атқарады ?

Өсімдік ағзасында  өлі жасушалар көп қызмет атқарады. Мысалы, кәдімгі ағашты алайық. Ол көктемде әдемі болып, жайқалып өсіп тұрды. Ал, күзге таман ағаш жапырақтары ағаштың бойындағы керексіз нәрселерді бойына жинап, өлі жасушаға айналады. Демек өлі жасушалар зат алмасу процессіне қатысады деп айтуға боладды. Ал адамда ол ешқандай қызмет атқармайды. Сіз кенет аяғыңызды бір жерге соғып алсаңыз, ол жер көгеріп кетеді де сол жердегі жасушалар өліп қалады. Бірақ, жасуша бойындағы лизосома оны ерітіп жіберіп. жаңа жасушалар пайда болып, көгерген жер кетеді.

Не себепті споралы өсімдіктер үшін су шектеуші фактор?

 

себебі споралы өсімдіктер үшін даму көзі ең алдымен су .


Информация о работе Кенгурулар