«Генетика» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 21:50, реферат

Краткое описание

Генетика пәні туралы түсінік және генетикада қолданылатын әдістер. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің тірі ұйымның әртүрлі: молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлерінде көрінуі. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Клетканың бөлінуі және өзін-өзі өндіруі. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Кариотип. Гибридологиялық әдіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Биолог обр каз.doc

— 139.00 Кб (Скачать документ)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Ғылыми-әдістемелік  кеңестің мәжілісінде бекітілген

хаттама №_________

«_____»_____2012 ж.                                                                     

 


 

                                                                       

                                                                      

                                                                                                                           

 

                                                                                                        

 

 

 

 

«6M0113- Биология (педагогикалық)» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МАГИСТРАТУРАҒА  ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  2012

 

 

4. Емтихан тақырыптарының тізімі

 

“Адам анатомиясы” пәні бойынша

 

  1. Тірек-қимыл аппаратына түсінік. Қаңқа және оның бөлімдері, функциясы. Сүйек – мүше ретінде. Сүйектердің химиялық құрамы мен қасиеттері. Сүйектердің химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерінің жасқа сай өзгерістері. Сүйектердің қосылу типтері. Буындардың жіктелуі. Ми сауыты мен бас қаңқасының висцеральді бөлімдері туралы түсінік, құрылысы. Қол мен аяқ қаңқасының белдеу сүйектері мен еркін қозғалатын сүйектерімен танысу.
  2. Асқорыту жүйесі: түтік тәрізді мүшелер және бездер. Ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы. Асқазанның құрылысы, оның бөліктері, құрылымдық ерекшеліктері. Аш ішек, оның бөлімдері, құрылымдық-қызметтік бірлігі. Тоқ ішек, оның бөлімдері, құрылымдық ерекшеліктері. Сілекей бездері: үлкен және кіші. Ұйқы безіндегі асқорыту бөлімінің құрылысы. Бауырдың құрылысы: қыртыстары, бөліктері.
  3. Ауа өткізгіш жолдар және респираторлы бөлім. Трахея және негізгі бронхының құрылысы. Бронхы тармақтары, оның компоненттері. Өкпенің бөліктері, құрылымдық-қызметтік бірлігі.
  4. Бөліп шығару жүйелері: несепті қалыптастыру және несеп шығару құрылымдары. Бүйректің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі.
  5. Жүрек, оның бөлімдері, қыртысы. Жүрек қабырғасының қабаттары, камералары. Қан айналу шеңбері.
  6. Жұлынның құрылысы. Сұр және ақ заттары. Жұлын қабығы: бөліктері және сегменттері.
  7. Көру мүшесінің құрылысы. Көз алмасының қабықтары мен ядросы. Көз жас шығару аппараты. Көз алмасының бұлшықеттері.

 

«Генетика»  пәні бойынша

 

1. Генетика пәні туралы түсінік және генетикада қолданылатын әдістер. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің тірі ұйымның әртүрлі: молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлерінде көрінуі. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Клетканың бөлінуі және өзін-өзі өндіруі. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Кариотип. Гибридологиялық әдіс.

2. Моногибридтік және полигибридтік будандастырулар. Моногибридтік будандастыруда Мендель ашқан тұқымқуалау заңдылықтары. “Гаметалар тазалығы” заңы. Талдаушы будандастырудың маңызы. Аллелизм. Көптік аллелизм. Аллельді гендердің өзара әсері: толық және толық емес доминанттылық, коодоминанттылық. Ажыраулардың статистикалық сипаты. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия. Гендер-модификаторлар. Гендердің плейотроптық әсері. Пенетранттылық және экспрессивтілік.

3. Жыныс хромосомалары, гомо- және гетерогаметалы жыныс. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқымқуалауы. Жыныспен тіркескен белгілерді зерттеу үшін реципрокты шағылыстырулардың маңызы. Жыныс хромосомалары ажырамаған кездегі тұқымқуалау. Хромосомалардың бірінші және екінші ажырамауы. Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. Интерсекстер. Гинандроморфизм.

4. Тіркесе тұқым қуалау құбылысының ашылуы. Тіркесу топтары. Тіркесе тұқымқуалаудың цитологиялық негіздері. Кроссинговердің генетикалық дәлелдері. Хромосомалардың жекелеген және көптеген айқасулары. Интерференция және коинциденция. Гендердің хромосомаларда линиялық орналасуы. Геннің орналасу орнын табу (локализация). Геннің орналасу орнын табу (локализация) үшін цитогенетикалық талдау мәліметтерін қолдану. Мейоздық және митоздық кроссинговер. Кроссинговерге әсер етуші факторлар.

5. Мутациялық өзгергіштік. Генеративті және соматикалық мутациялар. Гендік мутациялар. Хромосомалық қайтақұрылулар. Хромосома ішілік және хромосомааралық қайтақұрылулар: делециялар, дупликациялар, дефишенсилер, инверсиялар, транслокациялар, транспозициялар. Геномдық мутациялар. Полиплоидия. Автополиплоидия. Аллополиплоидия.

6. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Панмиктиялы0 популяция. Харди-Вайнберг заңы, оның қолдану мүмкіндігі. Адам генетикасын зерттеудің әдістері. Тұқым қуалайтын аурулар. Хромосомалық және гендік аурулар. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулардың шығу себептері. Селекция ғылым ретінде. Селекцияда қолданылатын әдістер. Селекцияда бастапқы материал туралы ілім. Тұқым, сорт, штамм туралы түсінік.

 

«Молекулалық  биология» пәні бойынша

 

1. Молекулалық биология пәні. Биология ғылымы саласында молекулалық биология пәнінің рөлі және оның алатын орны.

2. Белоктар. Белок компоненттері және олардағы химиялық байланыстар. Белоктардың пішіні және көлемі. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар.

3. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. Олардың жалпы сипаттамасы. Нуклеин қышқылдарының құрылымы. Пуринді және пиримидинді негіздер. Көмірсулы компоненттер. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы.

4. Әр түрлі организмдердегі ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. ДНҚ-ның макромолекулярлы құрылымы. ДНҚ-ның қосспиралды құрылымының биологиялық маңызы. ДНҚ-ның В-, А- және Z-формалары. Сақиналы және суперспиральды ДНҚ молекуласы. ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы.

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ). РНҚ-ның құрылымы және қасиеттері: ақпараттық, рибосомдық және тасымалдаушы РНҚ. ДНҚ-ның нуклеотидтік тізбегін анықтау. Максам-Гильберт әдісі, Сенгер әдісі.

5. Тұқым қуалаудағы ДНҚ-ның рөлі. Генетикалық ақпараттың өзін-өзі өндіруі. Комплементарлық принцип және оның биологиялық рөлі. ДНҚ репликациясы. Репликацияның негізгі принциптері. ДНҚ репликациясының жартылай консервативтілігі механизмінің тәжірибелік дәлелдемесі. Мезельсон және Сталь тәжірибесі. Сақиналы ДНҚ репликациясы. Эукариот және прокариот репликациясының ерекшеліктері. Репликация инициациясы. Репликативті айырым, оның құрылымы және қызметі. Бір бағытты және екі бағытты репликация. Репликация энзимологиясы. ДНҚ-полимераза. Эукариоттардағы ДНҚ полимеразаның жіктелуі және қызметі. ДНҚ-лигаза. ДНҚ-топоизомераза. Топоизимераза –ІІ.

6. ДНҚ байланыстырушы белоктар олардың сипаттамасы және қызметі. Оказаки фрагменттері. Репликондар. Транскрипцияның инициациясы, элонгациясы және терминациясы. Промоторлы аймақ. ТАТА-тізбек (Прибнов-бокс). Транскрипцияның белоктық факторлары. Транскрипция терминаторы. Алғашқы транскриптер процессингі. тРНҚ және рРНҚ процессингі. Эукариоттарда мРНҚ-ның жетілуі және процессинг (сплайсинг). Жетілген мРНҚ-ның құрылымы. Моно– полицистронды мРНҚ. Сплайсинг  механизмдері және оның түрлері.

7. Генетикалық код. Оның негізгі қасиеттері. Кодон құрылымы. Белок биосинтезі. Трансляция аппараты. Транспорттық РНҚ. тРНҚ-ның бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымы. Антикодон. Аминоацил тРНҚ-синтетаза құрылымы. Про- және эукариоттардағы рибосома құрылымы. Рибосомды РНҚ және рибосомадағы негізгі бірлігінің белоктары. рРНҚ-ның процессингі. мРНҚ-ның прокариоттардағы трансляциясы, трансляция этаптары (инициация, элонгация, терминация), оның механизмдері, реттелуі.

мРНҚ-ның эукариоттағы трансляциясы. Трансляция элонгациясы. Элонгацияның белоктық факторлары. Трансляция процесінің терминациясы.

8. ДНҚ репарациясы. Репарация типтері. Мутациялық бұзылыстардың коррекциясы. Фоторективация. Алкилді зақымдаудың репарациясы. Эксцизионды репарация. Рекомбинациялық репарация. SOS-репарация. Клетканың генетикалық аппаратының тұрақтылығының сақталуындағы ДНҚ репарациясының рөлі.

 

«Зоология» пәні бойынша

 

1. Зоология пәнінің мақсаттары мен мәселелері, оның маңызы, қысқа даму тарихы, негізгі даму кезеңдері және бағыттары. Зоологияның басқа биология ғылымдарымен байланысы. Зоология тараулары және зерттеу әдістемелері Омыртқасыз жануарлардың систематикасы, практикалық маңызы. Клеткалық деңгейдегі жәндіктердің систематикасы мен жалпы сипаттамасы.

2. Жануарлардың құрылымдық деңгейі. Құрылымның клеткалық деңгейі. Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы және жүйелік шолу.

3. Паренхиматозды құрттар. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы және жүйелік шолу. Мезодерма және оның туындылары. Жұмыр құрттардың сипаттамасы. Паразиттік өмір сүруге жануарлардың бейімделуі. Буылтық құрттардың сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы.

4. Буынаяқтыларға сипаттама және жүйелік шолу. Шаянтәрізділер.

Насекома класының сипатамасы. Өкілдерінің құрылысындағы ерекшеліктерінің негізгі отрядтары. Насекомалардың эмбрионалды және постэмбрионалды  дамуы.

5. Хордалылар типінің шығу тегі, сипаттамасы, систематикасы. Төменгі сатыдағы хордалылардың және омыртқалылардың жалпы құрылымы. Анамния және Амниота тобына бөлінудің негіздемесі. Омыртқалы жануарлардың жабындысының морфологиялық эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың  эпидермисі мен дермасының және оның туындыларының ұқсастықтары мен  айырмашылықтары.

6. Дөңгелек ауыздылар мен  шеміршекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Анамниялар мен Амниоталардың посткраниальды  қаңқасының шығу тегі мен  эволюциясы. Сүйекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Екіжақты тыныс алушы, қалаққанатты мен сәулеқанатты балықтар. Қан және тыныс алу жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Құрлық омыртқалыларының шығу тегі. Қосмекенділердің жалпы  құрылымы, биологиясы мен систематикасы.

7. Омыртқалылардың асқорыту жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Асқорыту  жолдары бөлімдерінің  қызмет атқару сипаттамасы.

Омыртқалылардың зәр-жыныс  жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Су және құрлық омыртқалыларының су-тұз  алмасу ерекшеліктері. Тасбақалар, Крокодилдер мен Қабыршақты рептилиялардың шығу тегі, жалпы  құрылымы,  биологиясы мен систематикасы. Омыртқалылардың орталық және шеткі нерв жүйесінің морфологиялық  эволюциясы. Жүзгіш, Жүгіргіш және Ұшқыш құстардың шығу тегі, жалпы  құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Жұмыртқасалушылар, Қалталылар және Плаценталы сүтқоректілердің шығу тегі, жалпы  құрылымы, биологиясы мен систематикасы.

 

“Цитология  және гистология” пәні бойынша

 

1. Клетка теориясының негізгі қағидалары. Клетканы зерттеу әдістері. Жарық және электрондық мироскоппен зерттеу әдістері. Тірі және бекітілген клеткаларды зерттеу әдістері. Клетка компоненттерін зерттеудің иммунохимиялық әдістері туралы жалпы түсінік беру. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі.

2. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристылары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар.

3. Эпителий ұлпаларының жүйесі. Шекаралық ұлпаларға жалпы морфофункционалдық сипаттама. Эпителий ұлпаларын классификациялаудың жалпы принципі. Эпителий классификациясының морфофункционалдық, филоонтогенетикалық жүйелері.

4. Тері эпителийінің классификациясы: бірқабатты, көпқабатты, кутикулалы. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне жалпы морфофункционалдық сипаттама. Сүтқоректілер эпидермисінің құрылысы және репаративті және физиологиялық регенерациясы. Омыртқалы жануарлар тері эпителийінің туындылары. Эпидермистегі негізгі клетка популяциясы.

 

«Ботаника» пәні бойынша

1. Ботаника және оның салалары. Пластидтер  туралы   түсінік. Олардың   типтері, химиялық құрамы,  шығу  тегі.

2.Ұлпалар  туралы  жалпы  түсінік.Түзуші  ұлпалар. Ассимиляциялық  ұлпалар. Қор  жинаушы  ұлпалар. Аэренхима.Сорушы  ұлпалар Архаулық   және   өткізгіш   ұлпалар. Архаулық  ұлпалар   және   олардың   ерекшеліктері.  Өсімдіктер   денесінде    архаулық   ұлпалардың   орналасуы. Өткізгіш   ұлпалар  және   олардың   құрам  бөліктері,   қызметі.  Өткізгіш  шоқтар  түрлері   және   құрамы.

3. Тұқымның типтері. Ұрық  және  тұқым туралы   түсінік. Жерасты және жер үсті өніп, көктеп  шығу.Тамыр және  тамыр жүйелері.Тамырдың  қызметі, құрамы. Өркен және   өркен системасы. Бүршік  және  оның  типтері. Өркеннің  меристемалық  төбесінің құрылысы. Жапырақтың  шығу  тегі  туралы  түсінік. Жапырақтың  орналасуы   және   оның   заңдылықтары. Жапырақтың морфологиялық жіктелуі -Жапырақтың   анатомиясы. Сабақтың  морфологиясы. Сабақ  және   тамырдың салыстырмалы   алғашқы   құрылысы. Сабақтың  алғашқы  құрылысының   күрделенуінің эволюциясы   немесе Стела  теориясы. Өркеннің бутақтануы. Сабақтың  анатомиялық  соңғы   құрылысы.

Информация о работе «Генетика» пәні бойынша