Гемостаз патофизиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 07:17, реферат

Краткое описание

Гемостаз (грек. haimatas — қан, stasis — тоқтау) алғашында қанның тамыр сыртына шығуының тоқтауын көрсететін түсінік болып қалыптасса, қазіргі күні одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады.
Гемостаз — деп қан тамырлары қабырғаларының бүтіңдігін сақтауға, тамыр сыртына қан кетуді тоқтатуға, сол арқылы қансыраудан сақтаңдыруға және айналымдағы қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұруға бағытталған организмнің гомеостаздық тетіктерін айтады. Бұл тетіктер қан тамырларының қабырғаларының, қан жасушаларының (әсіресе тромбоциттердің) және қан сұйығындағы (кан ұйытқыш, ұюға қарсы, фибринолиздік, калликқеин-кинин жүйелері ферменттерінің) ферменттердің катысуымен қамтамасыз етіледі.

Содержание

1.Кіріспе
Гемостаз жүйесі

Негізгі бөлім

Гемостаздың бұзылу түрлері
Тромбоздық синдром дамуы
Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ)- синдромы
3.Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Gemostaz_patofiziologiasy (1).docx

— 39.76 Кб (Скачать документ)

Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТЩҚҰ) сиңдромы. 
 
Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТПІҚҮ) синдромы шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады. Ол көптеген себептерден дамиды: 
 
• сепсис, вирусемия; 
 
• қатерлі өспелер; 
 
• сілеймелердің барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік сілейме кезінде; 
 
• ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде; 
 
• акушерлік дерттерде; 
 
• үлкен күйіктерде, үсіктерде; 
 
• сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында; 
 
• бүйрек,. бауыр, ұйқыбез бүліністерінде; 
 
• тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде; 
 
• гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда; 
 
• жүйелі қызьш жегіде, түйінді периартеритте және басқа иммундық ауруларда; 
 
• геморрагиялық васкулитте; 
 
• көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда байқалады. ТШҚҰ-синдромы келесі төрт сатыда отеді: 
 
— бірінші гиперкоагуляция сатысында қанның ұюы тым артып кетеді. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек үсті безі, жүрек, ми т. б.) майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық сілейме (шок) дамып, сырқат адам кенеттен жан тапсырады. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция баяу түрде байқалмай өтеді. Гиперкоагуляция тым қарқынды тараған түрде болғанда қан ұю факторлары артық тұтынылып кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, VII т. б. факторларының азаюы байқалады; 
 
— тұтынулық коагулопатиядан екінші гипокоагуляция сатысы дамиды. Бұл кезде қан ұюы шектеліп, фибринолизді арттыратын заттардың белсенділігі көтеріледі. Содан тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ-синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды; 
 
— үшінші сатысында мезгіл-мезгіл толық фибринолиз дамуының нәтижесінде қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны фибриноген жоғалу сатысы дейді; 
 
— төртінші сауығу сатысы делінеді.

ТШҚҰ-синдромының патогенезі. 
 
           ТШҚҰ-синдромының дамуында тіндердің, эңдотелий жасушаларының бүліністері жоне тромбоциттер мен макрофагтардың әсерленуі маңызды орын алады. 
 
          Бұл кезде тіндердің бүліністерінен қан ұйытқыш факторлар (III-тіндік фактор) қан айналымға түседі. Содан VII-фактордың әсерленуі болып, қан ұю жүйесінің белсенділігі артады. Эндотелий жасушаларының бүліністерінен оның астындағы коллаген ашылып, қан ұюының жанасулық ХІІ-факторы әсерленеді және тіндік фактор (ТФ) мен тромбоциттердің белсенділігін көтеретін фактор (ТБФ) бөлініп шығады. Осыдан тромбин артық құрылады.

                                   Қорытынды

Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы. 

Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалықпроцестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бүрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Саяси және әлеуметтік гомеостазис - саяси және әлеуметтік жүйелердің, оның қүрылымдарының, әлеуметтік топтарының, институттарының тепе-теңдігін бүзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күресетін жолымен сақталатын тепе-тең қозғалмалы қалпы. Макроэкономикада гомеостатикалық тәсіл қолданылатын жалпы экономикалық тепе-теңдік теориялары кеңінен тараған (кейнсиандық және неоклассикалық үлгілер). Гомеостазис принципі әртүрлі құрамдас бөліктері үйлесімді даму тепе-теңдігін сақтайтын, негізінде табиғи ортаны дифференцияланған жүйе ретінде талдау жасайтын әлеуметтік экологияда да қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Нұрмұхамбетов Є.Н.Патофизиология//Алматы, 2000.-567.
  2. Нұрмұхамбетұлы, Әдiлман. Патофизиология: Оқулық/ҚазММа //Алматы. - 2007.- 648 .
  3.  
    Нұрмұхамбетов Є.Н., Дєленов Е. Патологиялық физиология// Алматы.- 1995. –Б. 7-80; 235-247.
  4.  
    Адо А.Д., Адо М.А., Пыцкий В.Н., Порядин Г.В., Владимиров Ю.А Патологическая физиология.// М.:Триада-Х. - 2000.- 574 б.
  5.  
    Адо А.Д., Новицкий В.В. Патологическая физиология. // Томск.-1994.- 461 б.
  6.  
    Воложин А.И., Порядина Г.В. Патологическая физиология //М.:“МЕДпресс”.-2000.-525 б.
  7.  
    Зайко Н.Н. Патологическая физиология.//Элиста АОЗТ “Эсен”.- 1995.- 549 б.
  8.  
    Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии // С.-Петербург. “Элби- СПБ”. – 1999. – 470 б.
  9.  
    Литвицкого П.Ф. Патофизиология. Курс лекций; Учебное пособие. //М.-1995. – 741 б.

 

 

 

 


Информация о работе Гемостаз патофизиологиясы