Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 14:57, реферат

Краткое описание

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады.

Содержание

Кіріспе
Әдебиетке шолу
Негігі бөлім
1. Биосфераның эволюциясы туралы түсінік.
1.1. Жер тарихына сипаттама. Архей және протерозой эралары.
1.2. Палеозой эрасы.
1.3. Мезозой эрасы.
1.4. Кайнозой эрасы.
2. А. Вегенердің континенттер қозғалысы теориясы. Гея-Жері гипотезасы.
Литосферлік плиталар тектоникасы туралы теория.
2.1. А. Опариннің ілімі. Қазіргі негізгі тіршілік пайда болу теориясы.
Зерттеу бөлімі
3. Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

биосфера реферат.docx

— 150.56 Кб (Скачать документ)

         Бұл теориялар тіршіліктің жер бетінде пайда болу проблемасын материалистік тұрғыдан шешудің орнына қайтадан оның жолын жауып тастады. Олар анорганикалық заттардан органикалық материаның дамитынын көзге ілмеді. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан бұрын химиялық процестердің болғанын да ескермеді [15].

        Ф.Энгельс: "Табиғат диалектикасында" материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материя ешуақытга да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінің дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.

       Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайындағы осы кездегі теориялардың ішіндегі ең дұрысы академик А.И.Опариннің теориясы деп есептеледі. Оның концепциясы бойынша жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - органикалық заттардың түзілуі; екінші кезең - белоктардың пайда болуы; үшінші кезең белокты заттардың синтезделіну дәуірі [18].

         Барлық организмдер негізінен органикалық заттардан құралған. Онсыз тіршіліктің дамуы мүмкін емес. Қазіргі кезде органикалық заттар анорганикалық қосылыстардан фотосинтез және хемосинтез арқылы синтезделетіні толығымен анықталды. Алдымен органикалық қосылыстар абиогенді жолмен түзеледі. Тіршілік пайда болмай түрған кезде қарапайым органикалық заттар абиогендік жолмен құралғанын эксперимент түрде дәлелдеу қиын емес. О баста анорганикалық заттар бірімен-бірі химиялық реакцияға түсіп әртүрлі органикалық денелер түзгені белгілі. Күннің және әр түрлі жұлдыздардың, планеталардың атмосферасын зерттегенде көптеген органикалық қосылыстар химиялық жолмен түзілетіні байқалып отыр. Күннің атмосферасында көмірсутектері (метан және т.б.) түрінде қарапайым органикалық заттар болатынын зерттеулер анықтады. Көмірсутектері организмнің қатынасынсыз абиогенді жолмен құралады. Юпитер планетасы тірі организмнің тіршілік етуіне қолайсыз. Бірақ онда органикалық заттардың қарапайым түрлері бар екені анықталды. Алыс планеталардан келетін метеориттердің химиялық құрамында да көмірсутектері, тіпті оның күрделі түрі бар екені белгілі болды. Біздің "Жер" деп аталатын планетамызда карбит түрінде, яғни көміртегі мен металдардың, анорганикалық заттардың қосылыстары айтарлықтай көп. Жердің орталық ядросы тұтасымен карбиттерден құралғаны кейінгі кезде белгілі болып отыр.

        Д.И.Менделеев балқыған карбиттермен суды әрекеттестіріп көмірсутекті алған. Сонымен тіршілік жоқ кезде де көмірсутегінің абиогенді жолмен түзілгеніне күмән келтіруге болмайтыны дәлелденді [20].

 

 

 

 

 

 

 

                                      Қорытынды

              Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады.

              Жер тарихын және ондағы тіршілікті бес заманға бөлуге болады, олар: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой замандары. Замандар ретіне қарай кезеңдерге бөлінеді, олар палеозой заманынан басталады.

             Биосфера эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфера эволюциясы биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен, дұрысын айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады.

             Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайындағы осы кездегі теориялардың ішіндегі ең дұрысы академик А.И.Опариннің теориясы деп есептеледі. Оның концепциясы бойынша жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - органикалық заттардың түзілуі; екінші кезең - белоктардың пайда болуы; үшінші кезең белокты заттардың синтезделіну дәуірі.

             Қазіргі кезде технология күннен күнге қарыштап дамып, ғылымға нанотехнология ене бастады. Нанотехнологияның арқасында әр түрлі табиғи заттардың орнын ауыстыра алатын жасанды түрлерін жасап шығарды. Мысалы, қантты нанотехнологияның көмегімен өндіре бастады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады болашақта әлемде барлық заттарға балама бола алатын технология ойлап табылады.

 

 

 

 

 

Қосымша.

 

 

Жердің бөлімдері.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Бейсенова Ә.С., Самақова  А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология  және табиғатты пайдалану. - А.: Ғылым, 2004. - 328 б.

 

2. Войткевич Г.В., Вронский  В.А. Основы учения о биосфере.  -  М.:Просвещение, 1989. – 160 б.                                   

 

3. Вернадский В.И.Биосфера ( избранные труды по биогеохимии).-М.:Мысль, 1967.

 

4. Жатқанбаев Ж.Ж.. Экология  негіздері .-А.:Зият Пресс, 2004.- 212 б.

 

5.  Оспанова Г.С.,Бозшатаева  Г.Т.Экология.-А.:Экономика, 2002.-138 б.

 

6. Ишмұхамедова Н.Б. Экология  негіздері бойынша білімді қалыптастыру  мен дамытудың әдістемесі. - А. :Ғылым, 2006. - 280 б.

 

7. Войткевич Г.В.Происхождение и химическая эволюция Земли-М.:Наука,1983.

8. Вернадский В.И. Химическое строение биосферы Земли и ее окружения. –М.:Наука,1965.

9. Жатқанбаев Ж.Ж..  Экология және биосфера негіздері.-А.,2001.

10. Колесников С.И. Основы экологии для инженеров.-Ростов н/Д.:Феникс,2003.

11. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.:Рбк,1995.-296 б.

12. Ишмұхамедова Н.Б.Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі.-А.: Ғылым,2006.-280 б.

 

13. Ә.С. Бейсенова., Ж.Б. Шілдебаева., Г.З. Сауытбаева Экология.-А., 2001.-23 б.

 

14. Саданов А.Қ., Əбжəлелов А.Б., Асқарова Ұ.Б. Экология.— Алматы, 2001.

 
15. Новиков Г.Л. Основы общей экологии  и охраны природы — М., 1979 г.

 
16. Агаджанян Н.А.Человек и биосфера (медико-биологические аспекты).-М.:Знание,1987.

17. Андерсон Дж.М. Экология и науки об окружающей среде:биосфера,экосистемы,человек.-Л.:Гидрометеоиздат,1985.

18. Асқарова Ұ.Б.Экология және қоршаған ортаны қорғау.-А.:Заң әдебиеті,2005.-90 б.            

19. Әбубәкіров С.Қ. Экологиятану ІІІ.-А.:Тауар,1998.-180 б.

20. Бродский А.К.Жалпы экологияның қысқаша курсы .-А.:Ғылым,1997.-

 


Информация о работе Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы