Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 14:57, реферат

Краткое описание

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады.

Содержание

Кіріспе
Әдебиетке шолу
Негігі бөлім
1. Биосфераның эволюциясы туралы түсінік.
1.1. Жер тарихына сипаттама. Архей және протерозой эралары.
1.2. Палеозой эрасы.
1.3. Мезозой эрасы.
1.4. Кайнозой эрасы.
2. А. Вегенердің континенттер қозғалысы теориясы. Гея-Жері гипотезасы.
Литосферлік плиталар тектоникасы туралы теория.
2.1. А. Опариннің ілімі. Қазіргі негізгі тіршілік пайда болу теориясы.
Зерттеу бөлімі
3. Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

биосфера реферат.docx

— 150.56 Кб (Скачать документ)

              Пермь кезеңі. Ұзақтығы шамамен 50 млн жылға созылған пермь кезеңі (бастапқы сипатталған аймақ негізінде аталған) жорғалаушылардың басымдығымен сипатталады. Құрлықта іштей ұрықтана алатын омыртқалы жануарлар көптеп кездесе бастайды. Климат құрғап, қуатты мұздықтар жылжығандықтан, таулардың түзілу үдерісі күшейе түсті .Соның салаларынан палеозой кезеңіне тән көптеген ағзалық түрлер өліп бітті Жануарларда денесін кеберсу-ден сақтайтын жабын пайда болып, тынысалу және қанайналым жүйелері кемелдене түсті. Ағашқа ұқсас папоротниктәрізділер мен тұқымды папоротниктер жойылып бітіп, тұқымды өсімдіктер-ашық тұқьмдылар басымдық көрсете бастады [2].

1.3. Мезозой эрасы.

              Мезозой заманы. Ұзақтығы 165 млн жылға жуық созылған мезозой заманы (грекше: "mesos — ортаңғы, аралық + zoe - тіршілік") триас, юра және бор кезеңдерін қамтиды, мұнда ашық тұқымды өсімдіктер мен алып жорғалаушылар үстемдік еткен.

             Триас кезеңі. Мезозой заманындағы бірінші кезең - триас кезеңі (грекше: "trias35 - үшке бөліну, Батыс Европадағы айқын үш қабатқа бөлінуге байланысты аталған) 30-40 млн.жылға созылған. Мұны динозаврлар ғасырының бастамасы десе де болады. Ежелгі балықтар тобының саны азайып, сүйекті балықтар пайда бола бастады. Бұл кезеңде жорғалаушылардың екі тобы: динозаврлар мен сүтқоректілердің белгісі бар жорғалаушылар тіршілік еткен.

             Юра кезеңі. Тұқымды папоротникт ер жойылып  бітіп, алғашқы жабық тұқымды өсімдіктердің бүкіл материкгерге таралуы жүзеге асқан юра кезеңі (Швейцария және Франциядағы Юра (Jura) тауына байланысты аталған) 60 млн жылға жуық мерзімге созылды. Жануарлар әлемінде бунакденелілер мен жорғалаушылар басымдық көрсетті. Юра кезеңінің соңына қарай көнеқұстар (археоптерикс) пайда болды.

             Бор кезеңі. Мезозой заманының соңғы кезеңі - бор кезеңі (осы шақтағы қабатта тақтаға жазатын бордың мол болуына байланысты аталған) 70 млн жылға жуық созылды. Бұл кезеңде теңізде-сүйекті балықтар, ал құрлықта жорғалаушылар үстемдік етті, жорғалаушылар суды да, ауаны да жаулап алды. Тісті және желпуіш құйрықты құстар (біздің ғаламшарымызда 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен алғашқы құс — ілкіқұс (протоавис) тіршілік еткені де мәлім), қалталылар мен қағанақты сүтқоректілер пайда бола бастады. Өсімдіктерден ашық тұқымдылардың жойыла бастауы және жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болуы байқалды. Соның нәтижесінде өсімдіктерде гүл дамып, бунакденелілер эволюциясының жалғасуына да себепкер болды [4].

1.4. Кайнозой эрасы.

             Кайнозой заманы. Осы кезде жалғасып келе жатқан кайнозой заманы (грекше "kainos - жаңа + zoe — тіршілік") бұдан 66 млн жыл бұрын басталған және палеоген, неоген және антропоген (төртінші) кезеңдерін қамтиды. Бұл заманды бунакденелілер сараланып, құстар түрі қауырт өсті жөне сүтқоректілер өте шапшаң үдемелілікпен дамыды. Жер бетінде адам пайда болды.

            Палеоген кезеңі Кайнозойдың бірінші кезеңі - палеоген кезеңі (грекше: "paioios -ежелгі, genos -дүниеге келу, шақ") 41 млн жылға созылды. Теңіздерде қосжақтаулы, бауыраяқты былқылдақденелілер пайда болып, бунақденелілердің сан алуан түрі тіршілік етті. Жорғалаушылардан тәмсақтар (крокодилдер), кесірткелер, жыландар мен тасбақалардың өмір сүргені мәлім. Құстардьщ қазіргі заманғы тұқымдастарының саны артып, төменгі сатылы приматтар (лемурлар т.б.) пайда бола бастады. Кезең соңына таман ежелгі адамтәрізді маймылдар (парапитек, проплиопитек) өмірге келді.

            Неоген кезеңі. Ұзақтығы 23 млн жылға созылған неоген кезеңінде (грекше: aneos - жаңа + genos — дүниеге келу, шақ) құрлықта қағанақты сүтқоректілер (аю, мысық, қорқау қасқыр, керік, бүғы, жайлыаң (жираф), т.6.) үстемдік жасап, адам тәрізді маймылдар кең тарады, кезең соңына қарай австралотпитектер пайда бола бастады.

            Антропоген кезеңі. Неоген кезеңіне жалғасатын  антропоген кезеңі (грекше: "anthropos - адам + genos - дүниеге келу, шақ") - кайнозой заманындағы үшінші кезең. Ол қазір де жалғасын табуда. Бұл кезең бельгиялық геолог Ж. Денуайенің ұсынысымен (1829) төртінші жүйе атанған. Оның себебі: XVIII ғасырда ежелгі геологиялық қабаттардың барлығы бірінші, екінші, үшінші деп аталғандықтан; антропоген кезеңі төртінші кезең болып есептелген. Антропоген кезеңі бойында адамның қалыптасу эволюциясы өтіп, осы кезеңде саналы адам (Homo sapiens) пайда болған [6].

2. А. Вегенердің континенттер  қозғалысы теориясы. Гея-Жері гипотезасы. Литосферлік плиталар тектоникасы туралы теория.

            Қазіргі заманда материктер мен мұхиттардың жаралуы жөнінде көптеген геотектоникалық болжамдар бар. Соның бірі материктердің ығысуы  болжамы. Материктердің ығысуы немесе мобилизм болжауын ең алғаш неміс геофизигі Альфред Вегенер 1915 жылы ұсынды. Вегенердің топшылауынша, күн мен айдың өзіне тарту күшіне және жердің айналуынан туындайтын ортадан тепкіш күш пен полюстен экваторға бағытталған ортаға тартқыш күштердің әсеріне байланысты жер қыртысының гранитті қабатының жиырылып қалыңдауынан палеозой эрасының басында жердің солтүстік жарты шарында Лавразия, оңтүстік жарты шарында Гондвана мегаматериктері қалыптасқан. Олардың аралығында Тетис атты мұхит болған. Бұдан 250 млн. жылдар бұрын, яғни палеозой эрасының соңында материктер бірігіп "Пангея" деген суперконтинент құрған. Пангея грек сөзі, «күллі жер» деген мағынаны береді. Мезозой дәуірінің ортасына қарай, юра кезеңінен бастап ірі геотектоникалық бұзылыстар мен деформациялар нәтижесінде бұрынғы континент біртіндеп бөлшектеніп, жеке материктерге ажырап қазіргі кездегі орындарына қарай ауыса бастаған. Солтүстік Америка Еуропадан, Онтүстік Америка Африкадан бөлініп батысқа қарай ығысты, олардың аралығында Атлант мұхиты пайда болды. Ал Антрактида оңүстікке қарай, Австралия онтүстік-шығысқа, Үндістан солтүстік-шығыс бағытқа қарай ығысып, орындарын ауыстырды. Олардың аралықтарында Үнді мұхиты құрала бастады. А.Вегенер өзінің идеясын дәлелдеу үшін көптеген қосымша геологиялық-геофизикалық мәліметтер келтірген. Мысалы, Оңтүстік Америка мен Африканың геологиялық құрылымы мен құрамдарының ұқсастығын және жағалау бейнелерінің үйлесімділігін анықтаған.

             А. Вегенердің айтуы бойынша, Тынық мұхит дүниежүзілік ең алғашқы мұхиттың қалдығы болып саналады. Ал Атлант және Үнді мұхиттары кейіннен пайда болған. Қатпарлы аймақтардың түзілуі континеттердің бір-бірімен соқтығысу әрекеттерінің нәтижесі деп тұжырымдаған. Мәселен, Гималай таулары Үндістанның Азия материгімен соқтығысу нәтижесінде, ал Кордильер және Анды тау жоталары Солтүстік жэне Оңтүстік Америка материктерінің жылжуы кезінде олардың алдыңғы жақтары қатпарланып тауға айналған. Сөйтіп, мобилистер гранит тектес тау жыныстарынан кұралған ірі континентті массивтер, өздерінің меншікті салмағының жеңілдігіне байланысты су бетінде қалқып жүрген "айсбергтер" сияқты астеносфера қабаты бетімен ығысып отырып, орын ауыстырады деп санаған [11].

              Литосфералық тақталар тектоникасы туралы теория бойынша Жер шарының сыртқы қатты қабаты бірнеше ірі-ірі бөлшектерге, яғни литосфералық тақталарға бөлінеді. Олар бір жағынан спрединг белдемдерімен шектелсе, екінші жағынан "субдукция", "обдукция" немесе "коллизия" белдемдерімен шектеледі. Әрбір тақта спрединг зонасынан субдукция немесе обдукция зонасына қарай бір бағытта жылжып отырады. Бұл тақталардың қозғалысы кезіндегі олардың бір-бірімен соқтығысуы тек қана жер сілкіністерін тудырып қана қоймай, сонымен қатар жанартаулар атқылауына себепкер болады. Литосфералық тақталар саны бар-жоғы  он-он бестен аспайды. Бұл тақталардың заттық болмысы континенттерде де, мұхиттардан да тұруы мүмкін. Бұлардың басты - бастылары Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Үнді, Австралия, Антрактида, Тынық мұхит, Аравия, Наска және Кокос атты тақталар. Әрбір литосфералық тақта үш түрлі шекаралармен шектеледі. Бұл шекаралардың біріншісі - Орта мұхиттық жоталар, екіншісі мұхиттағы шұңғыл науалар, ал құрлықта - екі континенттің өзара соқтығуынан пайда болған биік таулы зоналар, үшіншісі-трансформалық тектоникалық жарылымдар [19].


             Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасын жасақтаушылардың жарқын өкілдері: Д. Мак-Кензи мен Р. Паркер (1967) және У. Дж. Моргал (1968). Кейін француз ғалымы Ле Пишон планетамыздың даму заңдылықтарын одан әрі дамыта түсті. Ол Жер шарының сыртқы келбетін ірі-ірі литосфералық тақталарға бөле отырып, сол тақталарға тән қозғалыстарды бір-бірімен салыстыра зерттеді. "Литосфералық тақталар тектоникасы" туралы тұжырымдаманы   зерттеуге   Ресей   ғалымдары   (Монин,   1977),   Серохтин (1974,1979), Ушаков (1974) және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл орайда Н. Сейітов, А. Авдеев сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерін де атап өту орынды [7].

 

 

 

2.1. А. Опариннің ілімі. Қазіргі негізгі тіршілік пайда болу теориясы.

          Академик А.И.Опариннің теориясы бойынша алғашқы белоктың синтезі суда пайда болған. Суда қарапайым СН4, NH3 және басқадай қосылыстар бар. Олар өзара реакцияға түсіп, амин қышқылдарын түзетіні сөзсіз. Ал амин қышқылдары бірімен-бірі қосылысып полипептид тізбегін құрайды. Сөйтіп,белок молекулалары синтезделінетіні толығымен анықталды.

          Американ ғалымы, химик С.Миллер эксперимент түрде аммиактан метаннан, су буынан және сутегінен амин қышқылдарын синтездеді. Амин қышқылдарының түзілу жағдайы бұрынғы кездегі жер бетіндегі болған жағдайда жақын еді. Миллер өз тәжірибесінің қорытындысына сүйеніп, Жердің алғашқы атмосферасында электр заряды мен әсіресе күлгін сәуленің әсерімен осындай амин қышқылдары синтезделінген деп түйді.Әсірекүлгін сәулелерді қолданып, амин қышқылдары ғана емес  басқа да  биохимиялық бағалы заттарды, соның бірі нуклеотиттердің азоттық негіздерін қолдан синтездеуге болатындығын дәлелдеді. Осы кезде биохимиктер белок молекуласын толық синтездеп алады. Қазіргі кезде хлорофиллді, инсулинді және тағы басқа белоктық заттарды қолдан синтездеп алуға мүмкіншілігіміз бар. Осы тәжірибелердің бәрі А.И.Опариннің  теориясының дұрыстығын дәлелдейді [17].


         А.И.Опариннің теориясы бойынша белоктың түзілуі коацерват тамшысының түзілуінен басталады. Коацерваттың түзілуі әртүрлі белоктардың молекулаларынан болады. Оның өзіне тән құрылымы бар. Коацерват тамшылары белокты заттарды араластырғанда шығады. Коацерваттардың біреуі тез ыдырап, екіншісі жай, үшіншісі тұрақты болған. Тұрақтыларынан күрделі денелер құрыла бастаған, яғни алғашқы тірі организм пайда болған. Осындай бастапқы организмнің дене қүрылысы, қазіргі тіршілік етіп жүрген қарапайым бір клеткалы жәндіктерден анағүрлым төмен еді. Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда, ондай белокты дене қабықшасыз және ядросыз тіршілік еткен. Онда протоплазма да болмады. Оған қарағанда қазіргі кездегі қарапайым организмнің дене құрылысы өте күрделі келеді. Белок синтездеу механизмдері де жетілген. Осы уақыттағы жануарлар организмнің белокты синтездеуі өте күрделі. Ол рибонуклеин қышқылына байланысты.

         Cонымен,қазіргі кезде тіршіліктің пайда болуының бес концепциясы қарастырылады:

- Креационизм - бір  құдайдың  дүниені жарату  концепциясы.

-Тірі емес заттан тіршіліктің  өздігінен көп рет туу концепциясы (мұны тіпті Аристотельдің өзі  айтқан еді, ол тірі нәрсе топырақтың  ыдырауы нәтижесінде пайда болуы  мүмкін  деп санады);

  -Стационарлық жағдай  концепциясы, осы концепцияға сәйкес  жерде тіршілік қашан да болған;

  -Панспермия концепциясы  — тіршілікгің жерден тыс ортада  пайда болу концепциясы;

  -Өткен тарихта химиялық  және физикалық зандардың нәтижесінде  Жерде тіршіліктің пайда болу  концепциясы

           Бірінші концепция діни болып табылады және ғылымға тікелей қатысы жоқ. Екінші концепцияны XX ғасырда өмір сүрген, бактериялардың қызметін зерттеген Луи Пастер бекерге шығарған (бізге Пастеризациялау сөзімен таныс), үшінші тұжырым өз сонылығымен, ойша жорытушылығымен азды-көпті жақтастар тапқан [16].

          XX ғасырдың бас кезінде ғылымда соңғы екі концепция үстемдік құрды. Панспермия тұғырнамасына сәйкес жерге тіршілік сырттан әкелінген, ол метеориттерді, кометаларды зерттеу кезінде табылған органикалық қоспаларға сүйенеді, бұлар "тұқым" рөлін атқаруы мүмкін. Соңғы бесінші тұғырнаманың екі варианты бар: оның біріне сәйкес тіршіліктің пайда болуы жеке, "тірі молекуланың кездейсоқ түзілуінің нәтижесі, оның құрылымына тірі нәрсенің одан әрі дамуының күллі жоспары енген. Француз биологы Ж.Моно "тіршілік физика заңдарынан пайда болмайды, алайда олармен қабысады. Тіршілік - оқиға, оның еркше екенін тани білу керек" - деп атап көрсетеді. Басқа көзқарасқа сәйкес, тіршіліктің пайда болуы -бұл материяның заңды эволюциясының нәтижесі болып табылады [14].

 

3. Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы (зерттеу бөлімі).

         Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны байқалмады. Сонымен шыбын личинкаларының шіріген еттен пайда болмайтынын дәлелдеп шықты.

         Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды [8].

         Tipi организм басқа космостық денелерден даяр күйінде келді деген болжам бар. Оны космозой теориясы деп атайды. Мұны алғаш рет айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер еді. Бұл теорияны В.Томсон мен Г.Гельмгольц жақтады. Космозой теориясы бойынша тірі организм басқа космостық денелерден метеориттермен келді деп көрсетті. Бұл дұрыс емес еді. Өйткені метеориттер ауаның тығыз қабаттарында қатты қызады да балқып кетеді. Оның сыртына жабысқан тірі организмнің бірі де қалмай жанып кететіні анықталады [9].

        Кейіннен панспермия концепциясы шықты. Мұның маңызы мынада: ауада тірі организмнің ұрықтары қалай болса солай өз бетінше жүзіп жүреді. Ол метеориттермен бірге жерге түседі де өсіп-өнеді деп түсіндіреді. Бірақ швед ғалымы Сванте Аррениус ұрық метеориттермен бірге жерге түсе алмайтынын айтты. Өйткені метеорит жерге түскенше қатты қызатыны соншалық, оның температурасына іс жүзінде бірде-бір тірі организм шыдай алмайды, қырылып қалады деді.

Информация о работе Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы