Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 14:57, контрольная работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін де нашарлата түсті. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Табиғи ортаның радиациялық ластануы
2)Табиғи ортаның биологиялық ластануы
3)Экологиялық дағдарыс
4)Қала және адамның денсаулығы
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

0орша5ан орта.docx

— 26.77 Кб (Скачать документ)

 

      Биосфера жер бетінде миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан біртұтас табиғи жүйе және ол әр түрлі экожүйелердің жиынтығынан құралған. Ал кез келген экожүйе әр түрлі тірі организмдердің және сыртқы орта факторларының жиынтығынан трады. Әрбір экожүйедегі биоценоздарды құрайтын организмдер өзара және сыртқы орта факторларымен үнемі қарым-қатынаста болады. Экожүйедегүі осындай қарым-қатынастар арқылы ғана биосферада заттар , энергия және ақпараттар алмасуы жүзеге асады.

 

    Адам іс-әрекеттерінің табиғатқа нұқсан келтірерлік әсері соңғы 200 жыл ішінде айқын байқалуда. Бұл негізінен, адам санының күрт өсуімен, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуымен, қуат көздерін өндіруімен және кейбір көлік түрлерін пайдалануымен тығыз байланысты.

 

Қала және адамның  денсаулығы  
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.  
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.  

   Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.  

     Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.  

   Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы орта емес.  
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.  

    Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.

  

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Акимова Т.А, Хаскин  В.В. Экология. М. 1999ж

2. Реймерс Н.Ф. Экология 1994 жыл

3. Шилов И.А. Экология 1997 жыл


Информация о работе Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары