Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 14:57, контрольная работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін де нашарлата түсті. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Табиғи ортаның радиациялық ластануы
2)Табиғи ортаның биологиялық ластануы
3)Экологиялық дағдарыс
4)Қала және адамның денсаулығы
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

0орша5ан орта.docx

— 26.77 Кб (Скачать документ)

МАРАТ ОСПАНОВ  АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК  ЖҰМЫСЫ

 

Мамандығы:   Жалпы медицина

Дисциплина:  Молекулалық биология және медициналық генетика

Кафедра:   Жаратылыстану ғылыми пәндер

Курс:  1

Топ:   104 «Б»

Тақырыбы:  Қазақстанның    қоршаған    ортасының    ластану нәтижесіндегі   генетикалық   зардаптары. 

Орындалу түрі:   Мәнжазба

 

 

 

                                                                         Орындаған: Үсенғазы Н.Т.

                                                                                                                                                           

                                                                         Бағасы:

 

 

Ақтөбе    2013 жыл

 

 

 

 

Жоспар

 

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1)Табиғи  ортаның  радиациялық  ластануы  

          2)Табиғи  ортаның  биологиялық  ластануы 

     3)Экологиялық дағдарыс 

     4)Қала және адамның денсаулығы 

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын  азайтумен қатар, сапалық күйін де нашарлата түсті. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысыты ауыл шаруашылығы  өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.

 

     Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ сапасын төмендетті. Зиянды заттардың адам тіршілігіне қажетті азық-түлік, сі, т.б. құрамында мөлшерден тыс көп болуының салдарынан адам мен табиғат зардап шегуде. Осыған байланысты барлық елдерде азық- түлік, су ауа, топырақ сапасына бақылау жасалып, ондағы зиянды заттардың мөлшеріне шек қойылған. Мысалы, азық-түліктің құрамындағы қорғасын 0,001 мг/л-ден аспау тиіс. Осы мөлшерден асқан жағдайда азық-түлік жарамсыз немесе денсаулыққа қауіпті деп есептеледі. Сондықтан жұмыс істейтін орындардығ ауасы, азық-түліктің құрамы, су , көкөністер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мүмкіндігінше үнемі тексеріліп тұруы тиіс.

 

    Қоршаған орта сапасы, негізінен, адам денсаулығымен бағаланады.Табиғи ортаны ластаушы заттар, негізінен, үш топқа жіктеледі.Зиянды заттардың барлығы тірі организмдер мен адамдарға әр түрлі деңгейде әсер етеді.

 

    Айталық, адам организміне түскен улы заттардың аз мөлшерінің өзі адамның басын айналдырып, құстырып, есінен тандырады. Ал оргаизмге осындай зиянды заттардың шектен тыс мөлшері түссе, тіршілігін жоюы әбден мүмкін.

 

   

 

 

 

   Қоршаған ортаны ластайтын химиялық заттар тіршілікке өте қауіпті келеді. Қазіргі кезде  ауаны  ғана  ластайтын  улы заттардың  150-ден  астам түрі  белгілі.

 

        Өнеркәсіп,  зауыт,  жылу қазандықтары, автокөліктер,  ұшақтар жұмыс істегенде химиялық  зиянды  заттар  бөлініп отырады.  Олар – қатты, сұйық,  газ күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен,  көл суын  қайнатпай ішуге,  жеміс-жидекті жумай жеуге   юолмайды.  Әсіресе ірі қалаларда ,  өнеркәсібі  дамыған жерлерже,  зауыт,  фабрикалар  маңында зиянды  заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады.  Сондықтан химиялық  заттармен улану бұл жерлерде  жиі байқалады.  Өйткені улы заттар  адам  организміне түсіп,  бүкіл денеге  тарайды да ,  адам  тез шаршап,  жұмыс қабілеті  нашарлайды,  тәбеті  төмендеп,  ұйқы  басып тұрады.  Одан  әрі организм  уланып,  ішкі  мүшелердің  қабынуына, жүйкенің  жұқаруына немесе  ентікпе,  аллергия,  қатерлі ісік   ауруларына  шалдығады.

 

     Улы заттардың қатарына  темекі мен есірткі заттары да  жатады. Темекіні  жиі тарту (әсіресе балалар) өкпе  мен қолқаның  созылмалы ауруына,  өкпе  жолдарының  қатерлі ісік  ауруларына  апарып  соғады.  Есірткі заттары да  қолқа мен өкпенің қатерлі ісік  ауруларын туғызады.

 

     Қоршаған  ортаның химиялық  ластануы  дүниежүзілік  экологиялық мәселелерге жатады.

 

     Табиғи  ортаның радиациялық ластануы   да  қазіргі кездегі өзекті  мәселелердің  бірі.  Оның  химиялық  ластанудан   өзіндік ерекшелігі  бар.  Атом  қаруларын сынаған   кезде кейбір  химиялық  элементтерден зиянды   сәулелердің бөлінуі радиациялық ластануға апарып  соғады.  Ол  сәулелер  көзге көрінбейді,  бірақ тірі  организм  клеткаларына  өтіп,  оны зақымдайды,  қанның  құрамын бұзып,  тоқтаусыз дамиды.  Мұндай  қауіпті сәулелер  көбінесе  ядролық сынақтар  жасаған полигондарда,  ғарышқа ұшатын  және  ірі кешенді өнеркәсіп жасаған полигондарда,  ғарышқа ұшатын  және  ірі кешенді өнеркәсіп шоғырланған аумақтарда  болады.  Қарапайым мысал ретінде кәдімгі рентген аппаратын келтірейік.  Адам  рентгенге түскенде  радиациялық сәуленің  шекті мөлшерін  ғана  алады.  Оның  зияны болмайды.

 

    Ірі өнеркәсіп, атом  реакторының қалдықтары,  ғарыш кемелерінің сынақтары - барлығы зиянды сәулелер  шығарады.

   Сәулелік ауру ,  аққан  ауруы,  қатерлі  ісік  аурулары  радиоактивті  заттардың   әсерінен болады.  Сәулелік  аурумен,  әсіресе  қарттар  және  жас  сәбилер  жиі  ауырады.  Оның  негізгі  белгілері: әлсіздік,  бас  айналу,  көздің  бұлдырауы,  жүректің  айнуы,   құсу,  іш  өту,  терінің  бозаруы,  қан  қысымының ауытқуы.  Мұндай жағдайда  адамдар тез  арада  дәрігерге  көрінгені  жөн.

  

    Жер шары  бойынша адам  бірнеше тарихи  радиациялық апаттардың  куәсі болып,  зардап  шекті.  Мысалы,  1945  жылы  АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки  қалаларына  атом  бомбасын  тастауының  салдарынан  күні  бүгінге дейін мыңдаған   адамдар сәулелік  аурудың зардабын  шегуде.  Одан  кейінгі жылдары атом  қаруларын суда,  жер астында және  атмосфеарада  сынау басталды.  Сол сияқты  ірі елдерде атом  электр  станциялары ,  мұз жарғыш  кемелер,  ядролық қондырғылар ы бар сүңгуір қайықтар  кең түрде пайдаланыла бастады.  Әрине,  атом  энергиясын  бейбіт мақсатта  пайдалану  өте  тиімді  әрі  арзанға  түседі.  Атом  электр  станциялары  мен  кемелерде  сәтсіздіктің  болуы  қоршаған  ортаға  өте  қауіпті.  Оған  Чернобыль  АЭС-індегі  апатты  мысалға  келтіруге  болады.  Апат  кезінде  атмосфераға  радиоактивті  заттар  300 шақырым  көлемінде  тарады. 

  

      Біздің  республикамызда  40  жылдан  астам  уақыт  бойы   Семей  өңірінде,  сол  сияқты  Тайсойған,  Азғыр ,  Нарын  жерінде  500-ден астам  ядролық  сынақ  жасалғаны   белгілі.  Оның  әрбіреуінің  қуаты   Хиросимаға  тасталған  атом  бомбасынан  кем  болмады.

 

    Табиғи  ортаның биологиялық ластануы  да ерекше  орын  алады.  Биологиялық ластанушыларға  ауру  туғызатын микроорганизмдер,  вирустар,  құрттар,  қарапайымдылар  жатады.  Олар  ауа,  су,  топырақта,  тірі  организмдердің  ішінде  адамда  кездеседі. Тек  адам  организмінде  500-дей  паразиттер  тіршілік  етеді.  Паразиттер,  мысалы,  бүрге,  маса,  сүлік,  кенелер  адам  денесін  уақытша  мекендеп,  безгек,  тырысқақ,  қотыр,  сүзек,  оба  ауруларын  таратады.  Бұл  аурулардың  көбісі  жұқпалы  әрі  тез  таралады.  Ауру  адамнан  сау  адамға  ауру  түрлері  бірнеше   жолмен  жұғады.  Мысалы,  тұмау,  қызылша,  күл,  шешек  аурулары  адам  түшкіргенде,  жөтелгенде  ауа  арқылы  жұғады.  Кейбір  ауру   түрлері  азық-түлікпен  таралады.  Оларға  дизентерия,  тырысқақ,  сальмонеллаз, полимиелит,т.б.  аурулар  жатады.

   Аурудың  енді  бір  тобы  қан  арқылы  тарайды.  Мысалы,  бүрге,   маса,  сона,  қандала,  бит,  кене,  т.б.  жәндіктер  шаққан  кезде   вирустар  қанға  түседі.  Бұл   аурулар  тобына  безгек,  бөртпе,  сүзек,  оба,  туляремия,  мидың    қабынуы   т.б.  жатады.

  

    Соңғы  жылдары  жұқпалы  аурулардың  бір тобы  жыныс  жолдары  арқылы   кең  таралуда.  Бұлар : мерез, соз,  ЖИЖС (СПИД) , т.б.  солардың  ішінде  ЖИЖС  - өте  қауіпті  ауру.

   Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

    Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. 
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 
• шығу тегі бойынша: 
табиғи және жасанды (антропогенді); 
• пайда болу көзіне байланысты: 
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; 
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); 
• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; 
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.); 
• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б); 
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); 
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон)

Экологиялық дағдарыс  (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс – қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, Су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы қазбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.

 

     Экологиялық апат – табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық апат қайтымсыз процесс болып саналады. Экологиялық апат көбіне адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінен пайда болады. Бұл кезде кейбір өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері мүлде жойылады.

  

    Адамдардың іс-әрекеттерінен соңғы 30 жылда құстардың 140-қа жуық, ал сүтқоректілердің 106 түрі біржола жойылып кеткен. Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсер етуі жылдан-жылға айқын байқалуды.

 

     Қазіргі кездегі биосферадағы ең қауіпті экологиялық апат – биосфераның ғаламдық деңгейде ластануы болып отыр. Ғылыми биосфераның революцияның дамуының өзі экологиялық апаттың болуына ісер етуде. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасы жасалды. 1954 жылы дүние жүзінде алғаш рет Ресейде атом электр станциясы салынды. Ал 1986 жылы Украинадағы Чернобыль АЭС-сындағы апатты жағдай Жер тарихындағы ең ірі техногендік апат болды. бұл кезде 1945 жылы Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларынан бөлінген ғасырдағы жер бетіндегі адам қолымен жасалынған ең ірі экологиялық апаттың бірі деп Арал теңізінің тартылуын да атауға болады. Арал теңізінің экологиялық зардаптары сол өңірдің табиғатына, әсіресе сол маңдағы халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр.

 

   Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, 3 топқа бөледі:

  Ғаламдық экологиялық  мәселелер – мұндай мәселелерді  бүкіл адамзат біріге отырып  шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның  және литосфераның ғаламдық деңгейде  ластануын атайға болады. Әр түрлі  отын түрлерін пайдалану кезінде  жыл сайын атмосфераға орта  есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл  газы бөлінеді. Бүл ауа құрамында  көмірқышқыл газының жинақтала  түсуіне тікелей әсер етеді.  Бұл жағдайлар климаттың жаппай  жылынуына ықпал етеді. Жер  бетіне түскен күн сәулелерінің  бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде  кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері  шағылысқан бұл сәулелерді  көмірқышқыл газы, метан, фреондар  және т.б. газдар өздеріне сіңіреді  де, температура көтеріледі. Күннің  кері шағылысқан жылуын сіңіретін  газдарды парниктік газдар деп  атайды. Парниктік газдардың атмосферада  біртіндеп жинақталып, атмосферадағы  жылу балансының өзгеруін парниктік  эффект деп атайды.

Атмосферада көмірқышқыл  газының шоғырлануына дәстүрлі отын (көмір, мұнай, газ) түрлерін жылу электр станцияларында көптеп жағу да тікелей  әсер етеді.

Информация о работе Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары