Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 08:32, реферат
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
1 Өсімдіктер дүниесі
1.2 Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
1.2.1 Таулы аймақ өсімдіктері
1.2.2 Дала мен шөл өсімдіктері
1.2.3 Ормандар мен жасыл өсімдіктер
1.2.4 Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері
2 Жануарлар дүниесі
2.1 Жануарлар дүниесінің дамуы
2.2 Қазіргі жануарлар дүниесі
2.2.1 Дала жануарлары
2.2.2 Орманды дала жануарлары
2.2.3 Шөл даланың жануарлары
2.2.4 Таулы аймақ жануарлары
2.2.5 Көлді аймақ, тоғайлы және бұталы жер жануарлары
2.2.6 Омыртқасыз жәндіктер
2.3 Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
3 Пайдаланған әдебиет
Таулы аймақ жануарлары
Кене.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасынан өтпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, байғызды атауға болады. Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имектұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар.Алма, өрік, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен кұстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы орманда бұғы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.
Көлді аймақ, тоғайлы және бұталы жер жануарлар
Қазақстанның көлді аймақтарын, тоғайлы, бұталы жерлерін мекендейтін жануарлар түрі де әр алуан. Оларда құстар ұя салады. Тоғай ішінде бүркіт тұқымдас қарақұс, бөктергі, ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық кездеседі. Қырларда дала мысығы, Сырдария бойының тоғайларында шиебөрі, тоғай бұғысы жүреді. Өзенді алқаптар мен бұталы жерлерде қабан, елік, ақкіс мекендейді. Өзен-көлдер бойы құсқа бай, теңіздер мен су қоймаларында балық түрлері де мол. Аралда балықтың 40, Каспийде 50 түрі және итбалық мекендейді.
Омыртқасыз жәндіктер
Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін мен шабындық шөптерді жейді. Қарақұрт, бүйі, шаян, жылан, кененің түрлері адам өміріне қауіп туғызады. Көбелек құрттары ағаштар мен жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
Қазақстанның жануарлар дүниесін
қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына
келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік
шара болып табылады. Жануарлардың сирек
және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның
Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға
омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың
96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден
(қарақұйрық, арқар,
қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы,
шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және
қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек,
тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл,
ұлар және т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер
мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде
бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен
сияқты аңдардың санын қалпына келтіру,
сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру
бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен
бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес
жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен
көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын
қорғау максатында Ұлттық парктер (Баянауыл,
Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы,
Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.
Пайдаланылған әдебиет
1.Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008ж.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.