Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 08:32, реферат
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
1 Өсімдіктер дүниесі
1.2 Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
1.2.1 Таулы аймақ өсімдіктері
1.2.2 Дала мен шөл өсімдіктері
1.2.3 Ормандар мен жасыл өсімдіктер
1.2.4 Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері
2 Жануарлар дүниесі
2.1 Жануарлар дүниесінің дамуы
2.2 Қазіргі жануарлар дүниесі
2.2.1 Дала жануарлары
2.2.2 Орманды дала жануарлары
2.2.3 Шөл даланың жануарлары
2.2.4 Таулы аймақ жануарлары
2.2.5 Көлді аймақ, тоғайлы және бұталы жер жануарлары
2.2.6 Омыртқасыз жәндіктер
2.3 Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
3 Пайдаланған әдебиет
Жоспары:
1 Өсімдіктер дүниесі
1.2 Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
1.2.1 Таулы аймақ өсімдіктері
1.2.2 Дала мен шөл өсімдіктері
1.2.3 Ормандар мен жасыл өсімдіктер
1.2.4 Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері
2 Жануарлар дүниесі
2.1 Жануарлар дүниесінің дамуы
2.2 Қазіргі жануарлар дүниесі
2.2.1 Дала жануарлары
2.2.2 Орманды дала жануарлары
2.2.3 Шөл даланың жануарлары
2.2.4 Таулы аймақ жануарлары
2.2.5 Көлді аймақ, тоғайлы және бұталы жер жануарлары
2.2.6 Омыртқасыз жәндіктер
2.3 Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
3 Пайдаланған әдебиет
Өсімдіктер дүниесі
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының
қалыптаса бастауы аумағының негізгі
бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің
аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен
басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай
бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан.
Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген.
Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақт
Неогенде Торғай бұғазының
суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы
қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа
қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен.
Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа
ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда
торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері
қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы,
емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы
арта бастаған кезден (палеоген дәуірден)
бастап, Иран арқылы Африка фло
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Қайыңдыдағы шыршалар.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік
жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады.
Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп
емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті
аймақтардың көптігі, топырақ пен климат
әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір
бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас.
Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз
астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пенБетпакдалан
Таулы аймақ өсімдіктері:
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның
таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе,
Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда
палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан,
бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі.Сырдария- Қаратау фл
Дала мен шөл өсімдіктері
Шөл дала өсімдігі.
Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км- ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т.б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.
Ормандар мен жасыл өсімдіктер
Қазақстанда өсімдік дүниесінің
303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның
сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық
жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы
есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін
керекті материал болып саналады.
Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз
елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының
11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар
алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты
эрозийдан сақтап, оның тамырын бекітуде,
егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен
құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл
атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып,
аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда
да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы.
Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері
Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы ( Еділ- Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау- Сарысу, Жайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.
Қазақстан Республикасы: Жануарлары
Жануарлары. Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.
Қазақстанның солт-ндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақмекендеген. Еділ өз. жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
Едәуір бөлігін Жайық өз-нің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нің солт. жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.
Зайсан қазаншұңқырынан оңт-ке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы] марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілеусін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. Қазақстанның оңт.-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді.
Кең байтақ Қазақстан жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрізді, кемірушілер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.
Жануарлар түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердің аса кең аумақта игерілуі, осыған орай жер суару, не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесінде жер бедерінің өзгеруі сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесінде соңғы 150 – 200 жыл ішінде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлері жойылып кетті. Көптеген аса бағалы аң түрлерінің азайғандығы соншалық, тіпті оларға жойылу қаупі төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстірт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың ішінде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегіш қыран, бүркіт, балықшы, кезқұйрықты субүркіт саны тым азайып кетті. Олардың бәрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрі, құстың 56 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, балықтың 16 түрі енгізілді. Қорықтарда көптеген сирек кездесетін жануар түрлері мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы). Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның кең байтақ жерінде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бір кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрі, көне дәуірдегі теңіз жайылмасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндіктердің, мәселен, ұлулардың бірнеше жүздеген түрі табылды.
Жануарлар дүниесінің дамуы
Жануарлар дүниесінің дамуы
жағынан Қазақстан палеоарктикалық-
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің
солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар
ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы
аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра
кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен
кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен.
Оларға құр, тоқылдақ, самыр-
құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және
шөл зоналарына ауысқан.
Қазіргі жануарлар дүниесі
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Дала жануарлары
Ақ барыс.
Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі.
Орманды дала жануарлары
Орманды даланың сүтқоректілері
қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі
Шөл даланың жануарлары
Шөл даланың жануарлары ыстыққа,
шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың
біразы күндіз терең қазылған інде жатып,
түнде жемін аулауға шығады. Күндіз жүретін
аңдар тым ерте және кешкі мезгілде ғана
далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта
түбінде жатады. Шөл хайуандары жүйрік
келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады,
құстары да қонбай, алысқа самғап ұша алады.
Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар (суыр, құм тышқандары,
торғайдың кей тцрлері) ылғалы мол
өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат
тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде
ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстықта
ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар
маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.
Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ
тасты, тақырлы-сорлы болып келеді. Жануарлар
да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне
қарай бейімделе дамыған. Құмды шөл далаларда
әр түрлі бұталы өсімдіктердің, сексеуілдің,
ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты,
соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жертесер, сарышұнақтың,
құм тышқандарыныңкей түрлері, кірпі, құм қояны, кұстардан сексеуіл жорға торғайы кездеседі. Жылан, кесіртке сиякты жорғалаушылар шөлді
далаларда көп. Құстар сексеуіл бұтақтарына
ұя салады, олардың ішінде дала бүркіті, бөктергі,
аққұйрық сауысқан бар.
Даланың аңдары бір зонадан бір зонаға
ауысып, кейде сол жерлерді мекендеп қалады.
Жайық өзені бойы мен Каспий маңы ойпатында
Еуропадан ауысқан орман сусары, тоғай
барысы, Үстіртте оңтүстік және батыс
облыстарға тән үстірт қойы (үстірт
муфлоны), сілеусін және т.б. жануар түрлері ұшырасады.