Алғашқы тірі организмдер және олардың топырақ түзуге әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 21:50, курсовая работа

Краткое описание

Топырақ – тірі дене. Ол тек өлі минералды заттардан ғана құрылмайды, оның құрамында әр кез азды-көпті тірі организмдер де болады, бұлар – негізінен, топырақтың тірі бөлігін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығына, оттегінің бар-жоғына, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне жақсы бейімделген. Оларға тек ылғал мен қоректік зат қана қажет, сондықтан олар табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тамырлары да жатады, себебі өсімдіктің тамырынсыз топырақ түзілмейді. Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар сияқты микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктердің түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тараған – бактериялар.

Содержание

І. Кіріспе..................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................4-29 2.1 Алғашқы тірі организмдер және олардың топырақ түзуге әсері.............. 4-9
2.2 Топырақ микроорганизмдері......................................................................9-16
2.2.1 Бактериялар.............................................................................................
2.2.2 Саңырауқұлақтар......................................................................................
2.2.3 Балдырлар...........................................................................................
2.2.4 Актиномицеттер...................................................................................
2.2.5 Қына......................................................................................................
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................25-26 IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Топырақтың тіршілік ортасы.doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)

Топырақ түзуші тау жыныстарының түзілген топыраққа ететін әсері де аз емес. Әдетте, түзілген топырақтың химиялық өзін түзген тау жыныстарының құрамына өте ұқсас келеді. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес, құрамы басқа топырақтардың түзілуіне алып келеді.

 

4. Топырақтың  экологиялық қызметі

 

Топырақтың экологиялық қызметі - топырақтың ең жалпы және басты (орталық) рөлі. Топырақтың экологиялық қызметі – құрлық бетіндегі тіршіліктің ортасынан туындайды. Жер бетіндегі ағзалар тіршілік ететін ортасы бола тұра, топырақтың ғажайыптылығы – ондағы өмір сүретіндердің тығыздығында. Құрлық жүйесіндегі органикалық заттар қоры теңіз бен мұхит биомассасынан бірнеше жүз рет артады. Құрлық өсімдіктері мен жануарларының түрлері (сулы ортаны жайлағандарға қарағанда) ана құрылым көп. Топырақтың қатты, сұйық және газды фазаларда (бөлшектері) ағзаларға кең, жан-жақты өмірлік жағдайлар болып саналады. Топырақтың органикалық – минералдық құрамы:

  • автотрофты
  • гетеротрофты ағзалар
  • ацидофилдер
  • алколофилдер өміріне де өте қолайлы орта.

Топырақтың осы өзгешелігін М.С.Гиляров (1949) өмір ортасы туралы ілім негізіне салған. Топырақтың екінші маңызды экологиялық қызметі – оның құрлық биогеоценозында өтетін геологиялық және биологиялық заттар мен энергия (қуат) айналымдары сыбайластығында орталық орын алуында. Тек қана топырақта фотосинтезбен түзілген органикалық заттар деструкциясы (бұзылуы) өтеді де, соның нәтижесінде минералданып шыққан өнімдер өмірдің жаңа циклын (сатысын) түзеді. Топырақтың бұл қызметі тіршілік бөлігі және өсімдіктер фотосинтезімен қосылып, оның биологиялық өнімділік негізін салады да, өмірдің жаңа циклды (кезекті айналым) қайта жаралуын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылық тұрғысынан алғанда биологиялық өнімділік деп ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімін өндіру қабілетін, яғни топырақтың құнарлығын атайды. Сонымен топырақ – адамзат тіршілігін жалғастыратын, экологиялық қызмет атқаратын маңызды объект. Сондай-ақ топырақ басқа да экологиялық рөлдер атқарады, олар мыналары:

  • ағзаларды сумен қандыру
  • тұқым сақтау
  • атмосферадан және жер астымен келген заттарды тұту
  • ұсақ ағзаларды сорбциялау
  • гидротермальды (су-жылу) құбылыстарды басу
  • топырақта тіршілік ететін ағзалар саны мен құрамын реттеу
  • топырақ кескінінде «жазылып» қалатын биогеоценоздар дамуының «иесі» болуы т.б.

Топырақтың адамға сәйкес рөлі де өте маңызды -  адамның байырғы тегі жерден жаралған, адам құрлықта үй-жай салады. Ол топырақтан алған өніммен тіршілік  етеді.

Қорыта айтқанда топырақ – адамзаттың қымбат байлығы және құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмыс аяқталғанның нәтижесінде топырақ фаунасы өте бай екеніне көз жеткізуге болады. Микроорганизмдер қоры да тлолып жатыр, олардың сандары бірнеше мыңнан миллиардтарға жетеді. Топырақ көптеген жәндіктерге. Қарапйымдыларға, омыртқалыларға, омыртқасыздарға т.с.с. тіршілік ортасы болып табылады екен.

Топырақтың құнарлығы, ауа режимі, тазаруы осы микроорганизмдерге тікелей қатынасы бар екеніне көз жетті. Мысалға, бір-ақ жауын құртың алатын болсақ, оның топырақ құнарлығына қосқан үлесі орасан зор. Тағы басқа да топырақта тіршілік ететін микроорганизмдер өз үлестерін қосуда. Топырақтың да өзінің «санитарлары» бар, егер олар болмаса топыраққа түскен әр түрлі шірік заттар адам ағзасына аумен түсіп көптеген аурулардың себепшілері болуы мүмкін.

Айтып кететін бір жайт, бұлардың барлығы айтарлықтай пайда әкеле бермейді, кейбіреулері өсімдіктер тамырларын бүлдіріп, өсімдіктердің өліміне әкеліп соғатындары да бар.

Сонымен топырақ тіршілік ортасы есебінде - өте бай тіршілік ортасы, тіпті суда тіршілік ететін ағзаларға қарағанда топырақта тіршілік ететіндер саны артық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. «Топырақтану түсіндірме сөздігі» - Алматы: Рауан, 1993. – 448-бат.
  2. Гиляров М.С. Особенности почвы как среды обитания и ее значения в зволюции насекомых. М. – л., 1949.
  3. Почвоведение (уч.). М., Агропромизд., 1989.
  4. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения, М., ВШ, 1989.
  5. Вильямс В.Р. Выветривание и почвообразование. Тр. Почв ин-та им. Докучаева АН СССР, т. 34, М., 1950.
  6. Тазабеков Т.Т. Қазақстанның топырағы. Алматы, Қайнар, 1970.
  7. Л.А. Роде, 1971.
  8. Биохимия почв. М., СХИ, 1961.
  9. Афанасьев Т.В. и др. Почвы СССР. Справочник. М., Мысль, 1979.
  10. Безсонов А.И. Избр. Тр. Алма- Ата, 1960;
  11. Достижения Докучаевского почвоведения в Казахстане. А.-А., 1985;
  12. Мухля А.В. Почвы Джетысу. А.-А., 1928;
  13. Боровский В.М. Геохимия засоленных почв Казахстана. М., 1978;

Информация о работе Алғашқы тірі организмдер және олардың топырақ түзуге әсері