Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 21:50, курсовая работа
Топырақ – тірі дене. Ол тек өлі минералды заттардан ғана құрылмайды, оның құрамында әр кез азды-көпті тірі организмдер де болады, бұлар – негізінен, топырақтың тірі бөлігін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығына, оттегінің бар-жоғына, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне жақсы бейімделген. Оларға тек ылғал мен қоректік зат қана қажет, сондықтан олар табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тамырлары да жатады, себебі өсімдіктің тамырынсыз топырақ түзілмейді. Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар сияқты микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктердің түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тараған – бактериялар.
І. Кіріспе..................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................4-29 2.1 Алғашқы тірі организмдер және олардың топырақ түзуге әсері.............. 4-9
2.2 Топырақ микроорганизмдері......................................................................9-16
2.2.1 Бактериялар.............................................................................................
2.2.2 Саңырауқұлақтар......................................................................................
2.2.3 Балдырлар...........................................................................................
2.2.4 Актиномицеттер...................................................................................
2.2.5 Қына......................................................................................................
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................25-26 IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Мазмұны
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлім.........................
2.2 Топырақ микроорганизмдері.............
2.2.1 Бактериялар...................
2.2.2 Саңырауқұлақтар...............
2.2.3 Балдырлар.....................
2.2.4 Актиномицеттер................
2.2.5 Қына..........................
ІІІ. Қорытынды.....................
Топырақ – тірі дене. Ол тек өлі минералды заттардан ғана құрылмайды, оның құрамында әр кез азды-көпті тірі организмдер де болады, бұлар – негізінен, топырақтың тірі бөлігін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығына, оттегінің бар-жоғына, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне жақсы бейімделген. Оларға тек ылғал мен қоректік зат қана қажет, сондықтан олар табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тамырлары да жатады, себебі өсімдіктің тамырынсыз топырақ түзілмейді. Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар сияқты микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктердің түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тараған – бактериялар. Микроорганизмдердің түрлері мен сандарының әр түрлі болуы топырақтың тараған табиғи жағдайларына, яғни экологиясына, соған қарай топырақтың түрлеріне байланысты.
Ғылыми деректерге қарағанда, құнарлы қара топырақтың бір грамындағы бактерия саны миллиардқа жетсе, құнары аздау күлгін топырақта бір миллиондай болады екен. Көрнекті микробиолог Н.А.Красильниковтың есебі бойынша, топырақтың құнарлы топырақ қабатының бір гектарында 5-7 тоннаға дейін тірі бактериялар өмір сүреді.
Топырақта балдырлар да көптен кездеседі. Ненгізінен, олардың топырақта жасыл және диатамды түрлері тіршілік етеді. Бұлар алғашқы топырақ түзіушілер қатарына жатады. Саңырауқұлақтар да топырақта көп тараған. Олар көбінесе орманды, ылғалды аймақтардың топырағында өседі. Саңырауқұлақтың көп тараған түрлерінің бірі – актиномициттер, оны «сәулелі сңырауқұлақтар» деп те атайды. Қыналар да алғашқы топырақ түзуші төменгі сатыдағы өсімдіктедің қатарына жатады. [1]
Микроорганизмдердің көбісі топырақтың құнарлы жоғары қабатында мол, олар, әсіресе, өсімдік тамырларының айналасында, ал тамырлардың ішінде түйіршек бактериялар көптен кездеседі. Топырақ құрамында амеба, тамыраяқты, инфузория сияқты төменгі сатыдағы қарапайым жәндіктер болады. Олардың саны бір грамм топырақта 1-1,5 миллионға дейін жетеді.
Жоғарыда айтылған микроорганизмдер мен төменгі сатыдағы организмдер топырақта жай ғана өмір сүрмейді. Олар өседі, өнеді, топыраққа күрделі өзгерістер енгізеді, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануарларлдың органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға – суға, көмір қышқыл газына, аммиякқа және басқа заттарға айнаолдырады.
Егер жер бетінде тек өсімдіктер мен жануарлар ғана болса, онда органикалық заттар ыдырамай, жинала берер еді де, табиғаттаға айналасына едәуір кедергі келтіріп, яғни тіршілік «санитарынсыз» қалар еді.
Микроорганизмдер органикалық қалдықтарды ыдыратып қана қоймайды, олардан күрделі түзіліс – гумус құрайды. Сонымен, микроорганизмдер мен төменгі сатыдағы қарапйым жәндіктер топырақтың қасеттеріне әсерін тигізетін, топырақ түзуші фактор ретінде бола тұрып, құрамына енетін оның бір бөлігі болып саналады. Міне, сондықтан да топырақ тірі денеге жақын деп танылып топырақтану ғылыми геологиялық ғылымдарына емес, биологиялық ғылымдар қатарына жай қосылып отырған жоқ. [2]
Бұлардан басқа топырақта мекендейтін әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жәндіктер мен жануарлар көп-ақ. Олардың топыраққа тигізетін әсері де аз емес. Дегенмен олар тікелей топырақ құрамына енбейді. Олардың ішінде топырақтың қасиеттері мен құнарына қатты әсер ететін жәндік – шұбалшаң (жауын құрты). Ол топырақпен, топырақ араласқан органикалық заттармен қоректенгендіктен, оны денесінен шығарған кезде әр түрлі түйіршіктер арқылы өзіне тән капролитті құрылым түзеді. Дарынды биолог Ч.Дарвин айтқандай, топырақ қазір соқамен жыртылса, өткен ғасырларда шұбалшаң арқылы жыртылып келген. Топырақты денесімен әрі-бері тесіп өтіп, оның ауа-ылғал режиміне де игі әсер етеді. Қазақстанда шұбалшң суармалы егіс алқаптарында, терістік қара топырақты аймақта, таулы алқаптарда, әсіресе, шығыс Қазақстандағы Алтай таулы аймағында оның өте ірі түрлері көп кездеседі.
Жер бетінде алғаш пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жәндік те, ультрабактериялар еді. Олардың өмірге бейімделгені сонша, кейбіреулері тіпті тастарда да өсе бастады. Олар өздеріне керекті көмір қышқыл газы мен азотты ауадан, тастан алады, сөйтіп олар тасты бірте-бірте бұза бастады.
Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығына, оттегінің бар-жоғына өскен ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне әбден бейімделген. Сондықтан олар табиғатта кез келген жерде кездеседі, тек керекті су мен қорек болса жетіп жатыр. Алғашқы тау жыныстарында бактериядан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар да өседі.
Бұлардан кейін бүлінген тау жыныстарында мүк пен қына өсе бастады. Клетка сөлінде қымыздық қышқылы болғандықтан, қына тау жынысының бұзылуына алғашқы микроорганизмдерге қарағанда әлдеқайда күшті әсер етеді. Демалыс күндері тауға экскурсияға шықсаңыз, тастардың, әсіресе, күн сәулесі азырақ түсетін теріскейдегі тастардың бетіне өскен мүк пен қынаны көресіз. Олар – алғашқы тас бұзушы өсімдіктер. Қына өзі өскен тау шыңдарында тасты ерітеді, нәтижеде майда шұңқырлар пайда болады.
Сонымен, алғашқы тірі жәндіктер сумен, желмен және мұзбен бірге жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірік (гумус) құрады. Қарашірік желімді болғандықтан, үгітілген жыныстарды біріктіріп құнары аздау алғашқы топырақтарды түзеді. Осындай құнары аз топырақта жоғары сатылы өсімдіктердің өсуіне аздаған мүмкіндіктер туа бастайды. Онда өскен шөптер мен бұталар тастардың жарықтарына шығып, оларды ыдыратып, одан әрі бұзады.
Тастар мен тауларды бүлдірумен қатар өсімдіктер топырақты қорғайды. Қарашірік пен өсімдіктерін біріктіріп, ұштастырып, жуылып-шайылудан сақтайды. Тау жынысының үгілуі кезінде енді топырақта тіршілік ететін организмдердің тіршілігіне ауыса бастайды. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғары қабаттарында қарашірікке т.б. түрлі қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады, қайта өсетін өсімдіктерге жағдай жасалады. Сонымен, жылдар, ғасырлар өткен сайын алғашқы топырақтар жетіліп, шын мәнісіндегі құнарлы топыраққа айналады. Оларда өсетін өсімдіктер, мекндейтін жәндіктер көбейеді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар жоғары сатылы өсімдіктер, тірі жәндіктер пайда болады. Топырақты мекендейтін, онда өсетін организмдер барынша молайды, енді олар топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, оның қасиеттеріне де ықпал етеді.
Қазіргі кезде топырақ организмдері тек топырақта мекендейтін организмдер деп танылмай, топырақтың тірі бөлігі деп қаралып жүр, яғни олар топырақ құрамына кіреді. Сондықтан да топырақты «тірі дене» деп қарау керек, демек, топырақтану ғылымының геология ғылымына емес, биология ғылымына жатқызылуы тегін емес.
Микроорганизмдердің топырақта
таралуы. Микроорганизмдер табиғатта,
соның ішінде топырақта көп таралған және
олар топырақтың негізгі құрам бөлігі
болып саналады.
Топырақ органикалық және анорганикалық
заттардан құралады. Оның минерал бөлшектеріне,
көбінесе органикалық заттар жабысып,
түйіршіктер құрайды. Міне бұл түйіршіктер
микроорганизмдердің негізгі тіршілік
ететін мекені. Топырақта микроорганизмдерге
кажетті қоректік заттар мол болады да,
тікелей түскен күн сәулесінен оларды
қорғап түрады.
Топырақта негізінен бактериялар,
актиномицеттер, ашытқы саңырауқүлақтар,
микроскоптық саңырауқүлақтар, балдырлар,
қарапайым организмдер, түрлі насекомдар
кездеседі. Сонымен қатар топыракта түрлі
ультрамикроскоптық тіршілік иелері —
фагтар, бактериофагтар және актинофагтар
кездеседі.
Микроорганизмдердің топырақта
таралуына табиғаттың толып жаткан жағдайлары
әсер етеді. Бүлардың ішінде қоректік
заттар, орта температурасы мен реакциясының
маңызы зор.
Үзақ жылдар бойы топырақ ғылымда
физикалық және химиялық зат, яғни тек
өсімдіктер өсетін орта деп танылып, топырақта
тіршілік ететін микроорганизмдер мүлде
ескерілмеді. Көрнекті орыс ғалымдары
П. А. Қостычев, В. В. Д о к у ч а е в және В.
Р. В и л ь я м с т ы ң еңбектері топырақтың
аса күрделі орта екендігін, онда мыңдаған,
миллиондаған микроорганизмдер және басқа
да жәндіктер тіршілік ететіндігін дәлелдеп
берді.
Міне, осы организмдердің белсенді
тіршілігінің арқасында ғана топырақта
қалатын жылма-жылғы. өсімдіктер мен жануарлардың
қалдықтары ыдырап, биохимиялық өзгерістерге
үшырайды, олардан қүрылысы мүлде өзгеше
жаңа заттар пайда болады. Бүл заттардың
мөлшері топырақтың түріне байланысты
түрліше болады. Мәселен, орманды жерлердегі
органикалық калдықтың жылдык мөлщері
гектар басына 1,5-нан 7 тоннаға дейін барады,
Ал шалғынды жерлердің гөктарындағы органикалық
қалдықтардың мөлшері 2-ден 11 тоннаға дейін
жетеді. Бүл қалдықтарда азотты және көмір
тектес заттар көп болады. Олармен микроорганизмдер
қоректенеді. Осыншама органикалық заттарды
ыдырату үшін топырақтағы микроорганизмдердің
саны мен әрекеттері де түрліше болу керек.
Сонымен қатар топырақтың 1 г-да микроорганнизмдердің
бірнеше миллард леткалары кездеседі.
Бірақ олар топырақтың төменгі қабатына
қарағанда жоғарғы қабатында көбірек
кездеседі. Микробтардың жеке клеткасының
салмағын елеуге болмайды, бірак олардың
өте көп болуы әр гектар жердің жырту қабатындағы
микроорганизмдердің жалпы салмағын 5-тен
15 т-ға дейін жежізеді. Әдетте топырактың
құнарлылығы арту үшін олардың топырақта
көп мөлшерде болуымен қатар, активті
тіршілік әрекеттерінің де зор маңызы
бар. Топырақ микроорганизмдері күшті
әрекет ететін ферменттер түзеді. Осындай
ферменттердің көмегімен топырақтағы
органикалық заттар ыдырап, өсімдіктерге
оңай сіңетін қоректік заттарға айналады.
Оны өсімдіктермен қатар, микроорганизмдер
де қоректік зат есебінде пайдаланады.
Топырақтағы микроорганизмдердің
бір бөлігі өсіп-дамып көбей-етін болса,
екінші бөлігінің тіршілік процестері
аяқталып, өлексеге айналады. Ондай өленселермен
тірі микробтар қоректеніп, ыдыратады.
Ыдырау өнімінің қалдықтарынан қарашірік
түзіледі. Акаде-мик В. Р. Вильямстың зерттеуіне
қарағанда, өсімдіктер үсақ түйіршікті
топырақтарда өсіп дамиды. Мүндай түйіршіктер
микроорганизмдердің тіршілж әрекетінен
пайда болған гумустан түзіледі. Сөйтіп
микроорганизмдер топырақ түзуші негізгі
факторлардың бірі болып саналады.
Қарашіріктің мөлшеріне және
ондағы қоректік заттардың сапасына байланысты
микроорганизмдердің саны әр түрлі топырақтар-да
түрліше болады. Топырақ неғүрлым қүнарлы
болса, соғүрлым микробтар да квп <кездеседі.
Мәселен, жақсы өңделген шымды-күлгін
топырақтардың 1 г-да 3—10 миллионға дейін,
ал қара топырақты жерлерде 15—50 миллионға
дейін микроорганизмдердің клеткаларын
кездестіруге болады. Тіпті бір типтегі
топырақтың барлық жеріндегі микроорганизмдердің
саны бірдей болмайды. Мысалы, ормандышалғынды
аймақтың нашар өңделген, қарашірігі жырту
қабатының 1 г-да 0,5—1,5 миллионға дейін
бактериялар болса, дәл осындай жердің
жаксы өңделген, қарашірігі мол учаскенің
1 г-да топырағында 3—25 миллионға дейін
бактериялар кездеседі. Бау-бақша топырақтары,
ұдайы суарылып, тыңайтылып отырудың нәтижесінде
дала топырағына карағанда микроорганизм-дерге
әлдеқайда бай келеді.
Түрлі топырақтардың жырту қабатында
микроорганизмдердің’ мөлшері түрліше
болатынын еліміздің көрнекті ғалымы
Е. Н. Ми-шустиннің зерттеуінің қорытындысынан
байқауға болады (8-таб-лица).
Микроорганизмдердің басым
көпшілігі тек жырту қабатында кездеседі.
Мәселен, 20 см тереңдікте 1 г топырақта
5,7 миллион бактерия болса, 60 см қабатта
небәрі жарты миллиондай, ал бір метрлік
кабатта іс жүзінде кездеспейді. Топырақтың
төменгі қабаттарында бүл кабаттардағы
су және ауа режимдерінің нашарлығы-нан
оның органикалық қосылыстарға кедейлігіне
байланысты микроорганизмдер ол қабаттарда
аз болады.
Сонымен қатар топырақ микроорганизмдерінің
басым көпшілігі аэробты оргашзмдер. Олардың
анаэробты топтары аз. Олар негізі-
8-таблица СССР-дің әр түрлі топырақтарындағы
микроорганизмдердің саны
спора түзетін микроорганизмдер.
Топырақта актиномицеттер мен микроокоптық
саңыраукүлақтар да аз емес. Олар кебінесе
топырақтың түріне қарай бегкі жырту қабатында
таралады. Мәсе-лен, таулы өлкенің сүр
топырақты тың жерлерінің 1 г-Да1 актиноми-цеттердің
саны 2800—3110 мыңға дейін барады, ал саңырауқұлақ-тар
5,6—6,3 мыңға жуық болады. Ал осы өлкенің
қара топырақты тың жерінің жырту кабатының
әрбір грамында актиномицеттер 960—3170
мыңға дейін, саңыраукүлақтар 4,4—36 мыңға
жуық кездеседі. Міне, бүдан топырақ типіне
байланысты миікроорганизм-дердің санының
да ауытқып отыратынын байқаймыз. Олар
негізі-нен өсімдіктер қалдықтарын, ондағы
клетчатканы ыдыратады. Целлюлоза ыдыратушы
аэробты және анаэробты микроорганизмдер
есімдіктегі клетчатканы көмір кышқыл
газы мен суға дейін ыдыратады. Ал көмір
қышқыл газы — жасыл өсімдіктерге қажетті
заттардың бірі. Көптеген зерттеулерге
қарағанда, еліміздін, оңтүстік бөлігінде
(Түркмения, Тәжікстан, Өзбөкстан, Қазақстан)
микроорганизмдердін, солтүстік бөлігіндегі
түрлеріне қарағанда өте активті екендігін
дәлелдеді. Егер мүндай жерлердің топырағы
тың болса, целлюлоза микробтарының тіршілігі
баяулайды. Өңделген топырақ-та бүл микроорганизмдер
қарқынды тіршіліік етеді. Е. Н. Мишус-тиннің
көрсетуі бойынша, бүл негізінен климат
жағдайларына байланысты.
Топырақтағы микроорганизмдердің
саны жыл маусымына байланысты өзгеріп
отырады. Қыста азайып ікетсе, жазда қайтадан
көбейеді. Көптеген ғалымдар қыс кезінде
топыракта тіршілік тежеледі, тіпті тоқтап
қалады деген пікір айтып жүр. Ал Н. А. Красильниковтың
байқауынша, қалың қар астындағы топырақ
тоңға айналмай, ондағы микробиологиялык
процестер үздіксіз жүріп жатады. Қыс
кезінде басқа жыл маусымына қарағанда
топырақта актиномицеттердің жақсы дамитыны
анықталған.Микрооргаиизмдер тіршілігіне
тапырақта болатын түрлі вита-мин, ауксин
және басқа заттардың зор маңызы бар. Бұл
заттардың азғана мөлшерінің өзі микроорганизмдердің
тіршілігін қуаттайды. Соның нәтижесінде
өсімдіктер де жақсы өсіп дамиды. Топыракты
сақтау кезінде ондағы микробтар саны
да бірнеше есе азаяды. Мүның өзі негізінен
онда ылғалдық азаюымен байланысты.
Актиномицеттер және микробактериялар
сақтауға төзімді келеді. Бактериялар
көп шығын болады, бірак топырақ қаншама
кұрғаса да мүлде бактериялар жойылып
кетпейді.
Микроорганизмдердің таралуына
топырақ реакциясы едәуір әоер етеді.
Егістжке пайдаланылып жүргеы нейтралды
немесе аздап сілтілі топырақтарда бактериялар
көп, ал қышқылды, сазды немесе шымтезекті
топыракта аз болады. Микроскоптық саңырауқүлақтар,
бактерияларға қарағанда, қышқыл ортаға
тезімді келеді, сондық-тан қышқыл топырақтарда
олар көп болады. Топырақты табиғи тіршілік ортасы ретінде
пайдаланатын әр түрлі тірі организмдер;
топырақтың кабаты. Онда топырақ микроорганизмдерінен
— бактерия, саңырауқұлақ, сәулелі саңырауқұлак,
т.б. және көптеген омыртқа-сыз жануарлардан
қарапайым жэндіктер, кұрттар, былқылдақденелілер,
ересек бунакденелілер мен олардың дернәсілдері,
жер қазғыш омырт-калылар, т.б. кездеседі.
Олардың санының өзгеруі жыл маусымына
да байланысты, көктем мен күзде кобірек
болса, қыс пен жазда азаяды. Қарапайым
жәндіктер өздігінен тіршілік ететін,
бір жасушалы өте үсақ организмдерден
тұрады. Топырақ арасындағы тұнба суларда
бірнше мыңға жуық түрлері мекеңдейді.
Оларды 4 класқа бөледі: талшыктылар, саркодиналар
,споралылар және инфузориялар . Карапайым
жәндіктер кәсіптік бағалы жа-нуарлардың
негізгі қорегі, ал басқа түрлері паразит
түрінде адамдар мен жануарларға ауру
жұқтырады. Мыс, талшықгылар , споралылар
құстар мен адамдарды безгек ауруына шалдықтырады.
Жұмыр кұрттардың бір түрлері топырақтың
арасында (50 — 1200 млн/га-ға дейін) шоғырланып,
топырақтың қалыптасу процесіне қатысады,
ал екіншілері өсімдіктерді за-қымдап,
адамдар мен омыртқалы жануарларды ауруға
шалдықтырады.
Сақиналы кұрттардың да кейбір түрлсрі
топырақта мекендейді. Мысалы жауын кұрты
топырақты өз ішегінен өткізіп, оны қопсытып,
араластырып, ауа мен ылғал өткізгіштігін
жақсарта отырып, топырақ құрамының қальптасу
процесіне қатысады. Топырақты буынакаяқтылар
арасында шаянтәрізділср, өрмекші тәрізділер,
бунакденелілср кластарынан өрмекшілер,
кенелер, бұ-заубастар, шаяндар, сымқүрттар,
т.б., хордалылардан жыландар, кесірткелер,
кірпілер, суырлар, сарышұнақтар, қосаяқтар,
тышқандар мекендейді. Кірпілер мен жертесерлер
зиянкестер мен кеміргіштерді жойып пайда
келтірсе, кейбір түрлері адамдар мен
жануарлар арасында ауру қоздырғыштарын
таратады (сарышұнақтар, тышқандар, т.б;).Топырақ
жәндіктері мен микрорганизмдері жүйесі
табиғаттағы зат айналымында, топырак
құрамынқұрылу процесінде, оның құнарлылығының
түзілуінде белсенді рөл атқарады. Олардың
барлық табиғи органикалық қосылыстарды
табиғи немесе бірнеше органикалық қосылыстарды
ыдырата алады. Яғни, олар топырақта өскен
өсімдіктсрдің барлық қалдықтарын ыдыртып,
өсімдіктерге сіңетін әр түрлі минералды
заттармен қатар, қарашірінді түзеді.
Мұндай организмдерге, мысал ретіндс,
бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында
өмір сүріп, ауадағы азотгы осы өсімдіктердің
тамырларына жинайтын түйнек бактерияларын
жатқызуға болады. Бүкіл әлемдегі ауыспалы
егіс жүйесінде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің
ерекше орын алатыны да сондықтан. Топырак
құнарын тиімді пайдалану үшін оның құрамындағы
организмдерге жағдай жасап, ауыспалы
егіс жүйесі мен агротехниканы дұрыс колдану
қажет. Топырақтың 10 — 15 см-ге дейінгі
беткі құнарлы қабатында га-на 10 т бактериялар,
сол шамада саңырауқұлақтар, 4 т жауын
құрты,140кгбалдыр,17кг-
Топырақты табиғи тіршілік ортасы есебінде пайдаланатын әр түрлі ұсақ ағзалардың тобы. Топырақтың микрооргонизмдерінің табиғаииағы зат айналымында, топырақ құрылуда және оның құнарлығын түзуде үлкен маңызы бар. Топырақ микроорганизмдері тек топырақ арасында ғана емес, ыдырай бастаған өсімдік қалдықтарында да дамиды. Топырақ микроорганизмдері – жалпы массасы жағынан ғаламшардағы ұсақ ағзалардың басым бөлігі. Қара топырақтың 1 г-да 10 млрд немесе әр гектарда 10 т тірі ұсақ ағазалар болады. Топырақтың микроорганизмдері
Олар қоректену өзгешеліктеріне қарай автотрофты (минералды затты пайдаланатын) және гетеротрофты (органикалық затты), ал оттегі қажетіне қарай аэробты (оттегі қажет) және анаэробты (оттегісіз) топтарға бөлінеді. Топырақ микроорганизмдері әр түрлі жағдайда (топырақ ортасының реакциясы (рН). Температурасы, ерітінді қысымы мен қанықпасы, органикалық қорек заттар) өмір сүреді. Топырақтың жоғарғы қарашірінділі (А) қабатында, бейтарап ортада, лайықты су-ауа тәртібінде ұсақ ағзалардың саны мен әрекеті жоғары болады да, топырақтың төменгі қабаттарында төмендейді. Топырақ микроорганизмдері көбінесе өсімдік тамырларының маңында (ризосферада) шоғырланған. Топырақты өңдеу, тыңайту, оның ауа-су және қорек тәртібін жақсарту арқылы ұсақ ағзалардың саны мен белсенділігін арттырады. Микрофлораның құрамы мен тіршілігін, оның өсімдіктің зат алмасуы мен қоректенудегі рөлін, гумустың түзілуін, өсімдік өнімділігіне ұсақ ағзалардың әсерін топырақ микробиологиясы зерттейді.
Информация о работе Алғашқы тірі организмдер және олардың топырақ түзуге әсері