Тақырыбы: Жедел іздестіру қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 08:13, реферат

Краткое описание

Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуы мемлекетаралық бәсекелестіктің, талас-тартыстың негізін қалыптастырды. Мәселен, ежелгі Қытай мемлекетіндегі әскери трактаттарда білімді құдайдан немесе шайтаннан әлде ой тұжырымдарынан алу мүмкін емес, қарсылас туралы ақпаратты тек адамдардан алуға болатыны айтылған екен.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Жедел іздестіру қызметі
2.1.1 Жалпы ережелер
2.1.2 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1.3 Жедел iздестiру шараларын жүргiзу
2.1.4 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылдары
2.1.5 Жедел iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2.1.6 Жедел iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
2.1.7 Жедел iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОБЖ Реферат.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

 

 

      23-бап. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
              органдарға жәрдемдесушi азаматтарды 
              әлеуметтiк және құқықтық қорғау     

 1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесетiн азаматтар мемлекет қорғауында болады.  
      2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.  
      3. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.     

4. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн немесе қызмет iстеген азаматтар туралы мағлұматтар мемлекеттiк құпия болып табылады және олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жария етiлуi мүмкiн.  
      5. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен қызмет iстейтiн азаматтар сыйақы алуға құқылы.  
      6. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына кiредi. Олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.  
      7. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:  
      - ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;  
      - ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.  
      8. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат өзiнiң қатысуымен болған жедел iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:  
      - ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;  
      - ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 
      9. Жедел iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкiметi  белгiлеген тәртiппен жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

 

  • 2.1.7 Жедел iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
  •  

  • 24-бап.  Ведомстволық бақылау     

     Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары жедел iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi.  
          Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi.

     

     

          25-бап. Жедел iздестiру қызметiн қадағалау     

     1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.  
          2. Жедел iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:  
          1) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел iздестiрудi жүргiзу iстерiн, жедел iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;  
          2) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнаулы жедел iздестiру шараларын жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;  
          3) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;  
          4) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;  
          5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;  
          6) жедел iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;  
          7) жедел iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;  
          8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;  
          9) қажет болған жағдайда жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;  
          10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жедел iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.  
          3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.  
         

     

      1. Қорытынды

     

    Жедел іздестіру қызметіне тән:

    1. Жедел іздестіру қызметі қылмысқа қарсы мемлекеттік әрекеттерінің жеке түрі;

    2. Жедел іздестіру қызметінің нақтылы заңмен және арнайы нормативтік актілермен реттелуі;

    3. Іс жүзінде нақтылы, басым көпшілігі құпия жедел іздестіру әрекетімен жүзеге асырылады;

    4. Жедел — іздестіру қызметі бет бұрысы (бағыты) тек қана қылмысқа қарсы бағытталған.

    Жедел — іздестіру  қызметі жүзеге асқанда туындайтын қатынастар жедел іздеу, ұйымдастыру  және басқару әрекетін жүргізгенде  қалыптасады және басым көпшілігі  құпия жүргізіледі. Жалпы бұл әрекеттің негізгі мақсаты қылмыстың алдын алу, ашу, қылмыскерді және белгісіз жағдайда жоқ болып кеткендерді іздеу және басқа арнайы органның қызметі. Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның 1 бабында жедел іздестіру қызметіне төменгідей түсінік беріледі:

    Жедел іздестіру қызметі – бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіріп іске асырылған нағыз заңмен, басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен; нормативті құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуде және мемелекетті шетел мемлекеттінің тыңшылық арнайы қызметінен қорғалған деп ғылыми дәлел беріледі.

     

     

     

     

     

      1. Пайдаланған әдебиеттер

     

    1. Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы
    2. Заң газеті
    3. Интернет материалдары

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     


    Информация о работе Тақырыбы: Жедел іздестіру қызметі