Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 08:13, реферат
Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуы мемлекетаралық бәсекелестіктің, талас-тартыстың негізін қалыптастырды. Мәселен, ежелгі Қытай мемлекетіндегі әскери трактаттарда білімді құдайдан немесе шайтаннан әлде ой тұжырымдарынан алу мүмкін емес, қарсылас туралы ақпаратты тек адамдардан алуға болатыны айтылған екен.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Жедел іздестіру қызметі
2.1.1 Жалпы ережелер
2.1.2 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1.3 Жедел iздестiру шараларын жүргiзу
2.1.4 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылдары
2.1.5 Жедел iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2.1.6 Жедел iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
2.1.7 Жедел iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Көлік және энергетика факультеті
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жедел іздестіру қызметі
Топ: СИС-21
Орындаған: Жексенбаев Ы
Тексерген: Айтлесов Қ
Астана 2012
Жоспар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Адамзат тарихында
мемлекеттің пайда болуы
Біздің э. ІІІ ғ. Ежелгі Үндістанның мемлекетті басқару туралы жәдігер «Артхашастрада», ежелгі Үндістан қоғамында арнайы жасырын қызметтердің болғаны туралы мәлімдейді. Байырғы Үндістанда арнайы қызметтер сыртқы және ішкі бөлінісінде көрініс таппағанымен, арнайы тыңшылар арқылы қамтамасыз етілген. Олардың құзыретіне лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сот атқару қызметкерлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы ақпараттар жинау, соттарға пара беру арқылы бұрыс шешім шығарту және тағы да басқа заңсыз іс-әрекеттерді анықтау жатады. Сонымен қатар, аталған агенттер қоғамдағы қарақшылыққа қарсы күресе отырып және қылмыскерлерге қандай да бір күштеу арқылы өз айтқандарына көндіріп отыру жүктелген. Агенттер қарақшылық топтың құрамына кіріп, топтың ішінен іріткі салу арқылы қарақшылықтың алдын алу және жалған куәгерлерді қандай да бір дау-дамайларға тарту құзыретін именденген. Ал, Жапонияның «Бусидо» моральдық кодексінің негізінде император мүддесіне қатысты шпиондық әрекет жасау борыш пен арға негізделген деп танылған.
Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері қоғамдағы қылмыстардың алдын алу, ашу, тергеу барысында мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам құқықтарына деген көзқарас қайта қалыптасты. Бұған дәлел – 1994 жылғы «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның қабылданып, жедел-іздестіру шараларын жүргізудің заңмен реттелгені. Бұл орайда, жедел іздестіру шараларының қағидаттары мен міндеттері Конституцияға негізделгендіктен, жедел іздестіру қызметіндегі қатысушылардың, яғни, құзыретті құқық қорғау органдары және азаматтардың және тағы да басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
1-бап. Жедел iздестiру қызметi
Жедел iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.
2-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң мiндеттерi
Жедел iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:
- азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерiн және
меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға
қарсы қол сұғулардан қорғау;
- қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етуге және оның экономикалық әлеуетi
мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;
- қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау
және ашу;
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан
жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған
адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды
және заңмен көзделген реттерде басқа
да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды
жүзеге асыру;
- шет мемлекеттердiң және халықаралық
ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру
әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң
және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз
ету;
- мемлекеттiк және заңмен қорғалатын
өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын
қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны
қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен
ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан)
жәрдемдесу;
- бас бостандығынан айыру орындарында
қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген
режимдi қолдау;
- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
3-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң қағидаттары
Жедел iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.
4-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Жедел iздестiру қызметiнiң
құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының басқа да заңдары мен
қалыптық құжаттары құрайды.
2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi
бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асыратын органдар өз құзыретi шегiнде
осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын
ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн
қалыптық құжаттар шығарады.
5-бап. Жедел iздестiру қызметiн
жүзеге асыру кезiнде
жеке адамның құқықтары
мен бостандықтарын сақтау
1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды
жүргiзу барысында алынған хабарламаларды
пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған
органға, не прокуратураға немесе сотқа
шағым жасалуы мүмкiн.
3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген
кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген
адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi
органнан мемлекеттiк немесе басқа да
заңмен қорғалатын құпияны жария етуге
жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз
болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың
сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге
құқылы.
Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды
беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз
деп таныған ретте, судья өзiнiң дәлелдi
ұйғарымымен, ал прокурор - ескертуiмен
аталған органды осы баптың 3-тармағында
көзделген мағлұматтарды арызданушыға
беруге мiндеттей алады.
4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды
қамтамасыз ету мақсатында прокурордың
немесе судьяның талап ету бойынша жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия
негiзде қызмет атқарушы немесе қызмет
атқарған азаматтардың жеке басы туралы
мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк
құжаттар берiледi.
5. Жедел iздестiру қызметiнiң нәтижесiнде
алынған адамның жеке өмiрiне, ар-ожданы
мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар,
егер оларда заңмен тыйым салынған iс-әрекеттер
жасағаны туралы хабарлама болмаса, сақталмайды
және жойылуға тиiс.
6-бап.
Жедел iздестiру қызметiн
жүзеге
асырушы органдар
Қазақстан Республикасы
аумағында жедел iздестiру қызметiн:
а) Iшкi iстер органдары;
б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары;
в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау
органдары;
г) қаржы полициясының органдары;
д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң
күзет қызметi;
е) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару
жүйесi органдары;
ж) кеден органдары жүзеге асырады.
Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыру
органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi
немесе толықтырылуы мүмкiн.
7-бап. Жедел
iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдардың мiндеттерi
Жедел iздестiру қызметiнiң
осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау
кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген
органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен
қорғалатын құқықтарын, бостандықтары
мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң
қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық
және қорғаныс әлеуетiн нығайту үшiн өз
құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел iздестiру шараларын жүзеге асыру
арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың
алдын алуды, оларды болдырмауды және
ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшiн
олардың нәтижелерiн орнықтыруды қамтамасыз
етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық
iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын
жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын,
прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың
ұйғарымын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер
төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған
жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына
дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер)
негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау
ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық
қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде,
сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану
үшiн жүргiзiлген жедел-iздестiру шараларының
нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды
беру кезiнде асыратын жағдайда қамтамасыз
ету және хабарлама көздерi құпиясының
ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi
шараларды қолдануға мiндеттi.
8-бап. Жедел
iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдардың құқықтары
1. Жедел iздестiру қызметi мiндеттерiн
орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк
берiлген органдар:
а) өз құзыретi шегiнде осы заңның 11-бабында
көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын
жария және жасырын жүргiзуге;
б) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм
берген адамдармен тегiн немесе ақылы
негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;
в) жедел iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн
шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер
және хабарлама жүйелерiн құруға және
пайдалануға;
г) жедел iздестiру шаралары барысында
жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың,
мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң
қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық
құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал
келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын
да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдар есебiнен иелерiне өтей отырып,
азаматтардың тұрғын және тұрғын емес
үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге
де мүлiктерiн пайдалануға;
д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар
құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды,
бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық
бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн
жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары
мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен
құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың
жеке басын құпияландыратын құжаттарды
пайдалануға;
е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге
де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар
мен мамандардың көмегiн пайдалануға;
ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа
министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың,
мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру
қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар
хабарламаларын, Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық,
банктiк және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге
қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн
алуға және пайдалануға;
з) Қазақстан Республикасы аумағында
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға
құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып
жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың
күшi мен қаражатын тартуға;
и) осы заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру
шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң
кез-келген уақытында кәсiпорындардың,
мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына
және үй-жайларына (меншiк нысандарына
қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және
басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына
олардың басшыларының келiсiмi бойынша
кедергiсiз кiруге;
к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн
жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе,
жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi
құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық
жасап жүрген адамды енгiзуге;
л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық
үлгiсiн қолдануға;
м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты
адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу
және оларды болдырмау мақсатында қылмысты
әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан
Республикасы аумағында тасуға, шетке
тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған
тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық
құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау
жасауға;
н) қылмыстық процесте пайдалану үшiн
жедел-iздестiру шараларын жүргiзудiң нәтижелерiн
бейнелейтiн материалдарды беруге құқылы.
2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң,
ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан),
әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды
адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға
өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асыруына кедергi жасауға
құқығы жоқ.
9-бап. Жедел iздестiру қызметiн
жүзеге асырушы
органдар қызметкерлерiнiң
жауапкершiлiгi
1. Жедел iздестiру шараларын
жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге
жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жауапты болады.
2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды
өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен өтейдi.
10-бап. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi
1. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу
үшiн:
а) қозғалған қылмысты iстiң болуы;
б) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдарға келiп түскен:
- әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе
жасалған құқық бұзушылық
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан
жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып
жүрген адамдар;
- азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған
мәйiттердiң
табылуы;
- шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi
туралы хабарламалар;
в) өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер
бойынша тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары
және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ
соттың ұйғарымдары;
в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының
және оларға теңестiрiлген прокурорлардың
қаулылары;
г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге)
сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының
және шет мемлекеттердiң құқық қорғау
органдарының сауал салулары;
д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық
және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне
орай барлау ақпараттарын алу қажеттiгi
жөнiндегi хабарламалар негiз болады.
2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не
өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы
бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын
және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:
- iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару
жүйесi, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау,
қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне
жұмысқа және қызметке қабылдау туралы;
- жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
мәселелерi жөнiнде;
- мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға
немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық
қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды
пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат
беру туралы;
- жедел iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат
беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде
алынған материалдарды пайдалануға рұқсат
беру туралы;
- күзет қызметiмен айналысуға лицензиялар
берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.
3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып
табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы
немесе өзгертiлуi мүмкiн.