Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 14:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;
тұрмыс химикаты;

Содержание

Кіріспе

1.Ядролық қарудың жарылыс ошағы

2.Химиялық қарудың жарылу ошағы

3.Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

4.Қорғану жолдары

5.Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 31.70 Кб (Скачать документ)

Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған  тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген  нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды  жақсы жабдықтаған үй астындағы  қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын  тағамдарды жабық фургондарда немесе цестерналарда ұстайды. Ондай көлік  болмаса, брезентпен, полиэтиленмен  мұқият жауап алып жүреді.

      Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

Егер су көзінің ластанғандығы  анықталса, ол жерге “ластанған”  деген белгілер қойылады. Осы белгі  кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы  жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан  ол қораларда су мен жем артығымен  жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабуды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы  бағылуы керке. Ветеринарлар базарға  түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.

 

Қорытынды

 

     Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсеті, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін  темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.

Іштегі адамдарға кигізетін  противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек.

      Апат болған жерде коммуналдық,  энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.

Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды  қауіпті алыстау жерге әкету  жұмыстары қаралады. Зақымдалған  жерлерге тиісті ескерту белгілері  қойылады, айнала қоршаады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен  жұмыс жасайды.

     Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы керек.

Табиғат дүлейіне-су тасу, қар  құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер  сілкіну, қатты дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері  т.б. жатады.

Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай  қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала  жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы заманғы құрылыс жұмысының  дамуы соншалық, олардың жолына қарсы  тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер  сілкінуге қарсы әдіспен саоынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.

   Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға  хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жиынастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіружұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.

     Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайы анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т.б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.

Медициналық көмек көрсету  жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

1.Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168

 

2. «Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар

       туралы» Қазақстан   Республикасының  Заңы, 5.07.1996.

 

3. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.

 

4. Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік қауіпсіздігі»  Алматы,  2004.

 

5.  Ќ.С.Ќалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев. 

«өмір тірішілік ќауіпсіздігі». Оќулыќ. Алматы 2004 ж.-256 б.

 

6.  Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы   басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық  курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық. ҚР-ның төтенше жағдайлар министірлігі. Алматы қ, 2008. 136 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар