Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 14:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;
тұрмыс химикаты;

Содержание

Кіріспе

1.Ядролық қарудың жарылыс ошағы

2.Химиялық қарудың жарылу ошағы

3.Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

4.Қорғану жолдары

5.Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 31.70 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

 

1.Ядролық қарудың жарылыс ошағы

 

2.Химиялық қарудың жарылу ошағы

 

3.Бактериологиялық қарудың  жарылыс ошағы

 

4.Қорғану  жолдары

 

5.Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

өнеркәсіп улы - өндірісте  қолданылатын заттар;

улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын  заттар;

дәрі-дәрмектер;

тұрмыс химикаты;

өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда  болатын заттар;

әскери улаушы заттектер.

      Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

қоздырғыштар – тыныс  жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

аллергия тудыратын заттар;

мутагендер – генетикалық  кодты бұзатын заттар;

канцерогендер – қауіпті  ісіктер тудыратын заттар;

бала жасау қызметін жоятындар  – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

     Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту  жолдары арқылы организмге енеді. Улы  заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға  өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.

Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық  заттар теріге еніп, сол арқылы қанға  кетеді. Бұндай заттарға суда, майда  жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат  болса, организмге енуі жеңілдейді.

 

 

Ядролық қарудың жарылыс ошағы

 

     Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында  болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластаужәне электрлік магниттік  импульс жатады.

      Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы.   Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

Жарықты сәуле болу ядролық  қарудың жарылысының әсерінен пайда  болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады.  Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәуле бөлу үлкен  өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

       Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамдарға  екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның  ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп  қонса, адамдар радиоактивті күйік  алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық  тарайды.

Радиоактивті заттардан  арнайы панаханалар ғана сақтайды.

       Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның  көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.

Химиялық қарудың жарылу ошағы

 

     Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:

1. Зақымданудың клиникалық  зақымдау белгілері бойынша улау  заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық  әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік  қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері  (фосген, фифосген), психикаға әсері  (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит,  хлорпикрин, хлорацетофен и др.)

2. Улау заттарының сақталу  қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа  бөледі: сақталмайтындар (синилбдік  қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ  сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа  (тіпті айлар бойы) дейін улау  қасиетін жоғалтпайды.

3. Соңғы зақымдау нәтижесі  бойынша: өлімге әкеледі (иприт,  зарин, зоман, V типті заттар, синильдік  қышқыл және басқалары) және  адамдарды уақытша есінен айырады.

4. Әсер ету уақыты бойынша:  тез әсер ететіндер (удың әсері  тез арада білінеді (V), жай әсер  ететіндер(әсері бірнеше сағат  өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті  иприттер, фосген, дифосген.

5. Қолданылуы ықтимал улау  заттары (V) және фосфорорганикалық  заттар.

6. Басқалары жатады.

      Химиялық қарудан қорғану — әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық кару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарга алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ: 
VX (ви — икс), зарин, заман.

    Зарин- түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді. 
    Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозрль.

 

 

Бактериологиялық қарудың жарылыс  ошағы

 

     Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.

     Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

     Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.

Халықты қорғаудың ұжымдық  құралдары –тұрғындарды апат, зілзала  салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы  қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі  тәсілдерінің бірі.    Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан  және радиоактивті зақымданудан –  ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы  заттардан  (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

      Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі  апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттарды адамдар  жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше  жақын орналасуға тиіс.

     Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты  жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы  болуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорғану жолдары

 

      Ядролық қарудың ауа толқынның соққысынан, тек осы күшті есептен салынған баспана немесе панахана /убежище/ ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену-бұл жарылыс  кезінде болатын сәулелердің  қуаты. Бұның қызуы миллион  градустан /жарылыс басында/ бірнеше мыңға  дейін болады /жарылыстың аяғында/.

Жарықты сәулелену өте  қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

      Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады.

Жарық импулсі – 1 кал/см

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр  қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі -4 кал/см; -болса, 

2-ші дәрежелі-4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі -7,5-12 кал/см/тері  сыдырылады/;

4-ші дәрежелі -12 жоғары  кал/см/терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/.

Жарықты сәулеленуден кез  келген жарық өткізбейтін бөгет  қорғау алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

      Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары   - сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

     Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

     Сәулелену дозасы депқоршаған ортада  гр затты не  куб.см. көлемді денені  жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен  куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден  өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Ашық траншея – 3 есе  азайтады

Жабық траншея – 7-10 есе 

Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе 

Бір қабатты тас үй – 10-15 есе

Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/.

Арнайы дайындалған жер  асты үй – 400 есе

Көп қаталлы үй подвалы  – 100-400 есе 

Арнайы салынған баспана  – 1000 есе

Радиация көздері, ядролық жарылыстағы  және басқа апаттардағы болатын  зардаптар

 

     Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайды болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

     Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруыпайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.

      Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі/ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Информация о работе Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар