Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 16:39, реферат
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады.
• Қалдықтар және олардың түрлері
• Қатты қалдықтарды қайта өңдеу
• Қалдықтарды залалсыздандыру
• Қорытынды
• Әдебиеттер тізімі
Активтілігі жоғары сұйық
қалдықтарды сақтау арнайы
Улы қалдықтарды
жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың
және көмудің тәсілдері мен тәртібі
химиялық заттардың қауіптілік класын
ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен
бірге жұмысшылардың
Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану көрсеткiшi – барлық қалдықтардың қандай үлесі немесе қалдықтардың ңақты санаттары қайталама қолданудан өткізілгенің көрсететің, қадағалаудың үлгi көрсеткiші.
Қалдықтарды өңдеу (қайта өңдеу) - қалдықтарды экологиялық қауіпсіз сақтауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға дайындау мақсатында олардың физикалық, химиялық немесе биологиялық құрамын өзгертуге байланысты кез келген технологиялық операцияларды жүзеге асыру;
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану – ресурстар орнықты қолдануының ең маңызды компонентi. Бұл көрсеткiш қатты қалдықтарды басқарудың маңызды компонентi боп табылады. Халық саны өсуіне байланысты, қалдықтарды орналастыру және жою үшін қолдануға болатын жер алқаптары кысқаруда, қалдықтарды оданда алыс қашықтықтарға тасуға дәл келедi. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануының ынталандыру кезінде қоқыс тастайтын жерлер сыйымдылық өзгерiссiз болып қалады, ал қатты қалдықтармен жұмыс істеуге жұмсалған шығындар қысқарады. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану масштабтарының арттыруы қалдықтарды мүлде жоюының экологиялық зардаптарының азаюына әкеледі, мысалы, қалдық полигондарынан метан және көмiрқышқыл газдың шығарылуының азаюына және табиғи қорларды қорғауын қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануы халықтың бұл процессте қатысуы арқылы табыстарың арттыруға мүмкiндiк бередi.
Қалдықтарды орталықтандырып жинау, жеткізу, яғни транспорттау, заласыздандыру және көму қалаларды санитарлы тазалайтын шаралардың бірі.
Улы қалдықтар түрлерінің және мөлшерінің көптігінен оларды залалсыздандыру экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Бұл қалдықтардың химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты залалсыздандыру және жою қоршаған ортаға еш зиянсыз жүргізу болмайды, сондықатан осы улы өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырып, көмуге арнайы аудандық полигондар ұйымдастырылады.
Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады. Полигон саны мен қуаттылығы әр ауданның техникалық-экономикалық есептеулерімен жүзеге асырылады
Ескерту
1) улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу заводтары қалдықтарды жағу және физико-химиялық өңдеу үшін, оларды заласыздандырып улылығын төмендетіп, ерімейтін формаға дейін жеткізіп, көлемін азайту үшін қолданылады;
2) қалдық мөлшері 100мың т-дан аспайтын болған жағдайда, құзырлы органдармен келісе отырып, мұндай завод құрылысын жүргізбеуге рұқсат беріледі.
Қатты тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру және олардың көлемін
азайту мақсатында ХІХ ғасырдың соңынан бастап оларды жағу әдісі
қолданыла бастады. Қатты тұрмыс қалдықтарын өңдеудің күрделілігі біріншіден, оның көп компоненттілігінде, екіншіден оларды өңдеуге
қойылатын санитарлық талаптардың жоғарылығында. Осыған байланысты
жағу әдісі осы кезге дейін тұрмыс қалдықтарын өңдеудің кең тараған
әдістерінің бірі болып отыр. Қалдықтарды жағу күрделі химиялық процесс,
тотығу-тотықсыздану сипаты бар элементарлық химиялық реакциялардан
тұрады. Тұрмыс қалдықтарын жағу оның көлемі мен салмағын азайтуға
мүмкіндік беріп қана қоймай, қосымша энергетикалық ресурстар алуға
мүмкіндік береді. Әдістің кемшілігі атмосфералық ауаға зиянды заттар
бөлінеді, сонымен қатар қалдықтың құрамындағы пайдалы заттар жойылады.
Қалдық жағу заводтарында газ түрінде хлорлы және фторлы сутек, күкіртті
газ, диоксин, әр түрлі ауыр металдардың – қорғасын, мырыш, темір,
марганец, кобальт, никель, кадмий, сынап және т.б. қатты бөлшектері ауаға
шығарылады. Жағу процесінде қалдықтар ыдырайды, 900-10000С
температурада пластмассадан диоксин түзіледі.
Шетелдерде қалдық жағатын заводтарда шығарым газдары екі сатылы тазартудан өтеді, ондаған зиянды компененттерден, соның ішінде дибензодиоксин және дибензофураннан тазартылады. Жағу процесіне дейін қатты қалдықтарды алдын ала бөліп дайындап алу, газдардағы және шлактардағы зиянды заттардың мөлшерін біршама азайтуға мүмкіндік береді.Қалдықтарды жағумен салыстырғанда, қатты тұрмыс қалдықтарын
өңдеудің перспективті әдісі болып пиролиз есептеледі. Бұл процесс қатты
тұрмыс қалдықтарының қоршаған ортаға зиянды әсерін күрт төмендетеді
және газ, май, смола, секілді пайдалы өнімдерді алуға жол ашады. Пиролиз
көмегімен қалдықтардың құрамындағы утилизациялауға келмейтін
заттарды, мысалы, пластмассаларды, майларды, тұнбаларды өңдеуге болады.
Пиролизден соң биологиялық белсенді заттар қалмайды, сондықтан пиролиз
қалдықтарын жер астына көмудің табиғи ортаға зияны жоқ. Түзілген күлдің
тығыздығы жоғарылығынан, жерге көмілетін қалдықтардың көлемі де күрт
азаяды. Пиролиз кезінде ауыр металдардың тотықсыздануы жүрмейді.
Пиролиздің артықшылықтарының бірі – алынған өнімді сақтаудың және
тасымалдаудың жеңілдігінде, сонымен қатар қондырғылары да қарапайым.
Сонымен,пиролиз әдісі қатты қалдықтарды алдын ала дайындықсыз-ақ
өңдеуге мүмкіндік береді.Пиролиз әдісімен жұмыс істейтін заводтардың айырмашылығы мынада: қалдықтарды өңдеудің
температуралық режимдерінің әр түрлілігінде және алынатын өнімдерінде.
Қалдықтарды өңдеудің осы әдісі қалдықтарды жағумен салыстырғанда, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келеді.
Қорытынды: Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану масштабтарының арттыруы қалдықтарды мүлде жоюының экологиялық зардаптарының азаюына әкеледі. Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады.
Әдебиеттер тізімі:
1. С.В.Дуденков, В.А.Зайцев идр. «Охрана природы и
воспроизводство природных ресурсов», т.15, Москва, 1984 г.
2.wikipedia.org
3.”Қазақстанның экологиялық проблемалары” кітабы