Қатты қалдықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 16:39, реферат

Краткое описание

Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады.

Содержание

• Қалдықтар және олардың түрлері
• Қатты қалдықтарды қайта өңдеу
• Қалдықтарды залалсыздандыру
• Қорытынды
• Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 35.14 Кб (Скачать документ)

                      Кіріспе

 

 

 

  • Қалдықтар  және   олардың   түрлері
  • Қатты   қалдықтарды  қайта   өңдеу
  • Қалдықтарды    залалсыздандыру
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер   тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен  фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер  тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп  тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар  деп санауға болмайды, олар құнды  шикізат көздеріне жатады. Қазіргі  кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген  технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу  әзірше жолға қойылмаған, сондықтан  бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар  шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы  жатады.

 Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияныңтек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

   Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:

  • қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);
  • өндіріс циклінің кезеңі;
  • қалдық түрі;
  • қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
  • қолдану бағыты;
  • қолданыс эффектісі;
  • утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.

Қатты қалдықтарға жататындар: 
1) жанбайтын қалдықтар : металлдар, шыны, керамика, құрылыс қалдықтары және т. б. Бұл түрдің қалдықтарының құрамына сонымен қатар тара кіреді, яғни радиоактивті препараттарды қаптау үшін қолданатын қап, қолданысқа жарамсыз құралдар, инситрументтер, машиналардың детальі, металды жиһаз, металды құрылыс конструкциялары, штукатурка және басқа құрылыс материалдары, кейде ірігабаритті (крупногабаритные) конструкциялар және құралдар. 
2) Жанғыш қалдықтар : ағаш, пластмасса , резина, полихлорвенильді өнім, текстиль және т. б, жатады. Мұндай типтегі қалдықтарға сонымен қатар қолдануға жарамсыз ағаш және пластмассадан жасалған құралдар, жиһаз, арнайы киім, қағаз, ағаштан жасалған құрылыс конструкциялары және  т.б. жатады. 

Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.

 

Өндірістік қатты қалдықтарды (ӨҚҚ) жою және қалалық аймақтардың  ластануы әсіресе саны 1 млн.-нан  астам тұрғыны бар ірі қалаларда (мегаполистерде) бірден-бір мәселе болып отыр. ӨҚҚ «өндірісінің»  бір адамға орта нормасы 1м3/жыл (көлем  бойынша) немесе 200 кг/жыл- масса бойынша. Көптеген тұрмыстық, өнеркәсіптік, радиоактивті қалдықтар, сонымен қатар құрылыс  материалдарымен және пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қалдықтар  оларды пайдаланудың ерекше схемасын жасап шығаруға әсер етті - ӨҚҚ  сақтау полигондарын жасау. Фазалық жағдайы  бойынша қалдықтар қатты, сұйық  немесе газ тәрізді фазалардың қоспасы  болып бөлінеді. Өндірістік  қатты  қалдықтар құрамы бойынша әр-түрлі: тағам қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резина, шыны, ағаш, мата, синтетикалық заттар. Сақтау үрдісінде қалдықтар  басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл  қалдықтар сақтау полигондарында жаңа экологоиялық қауіпті заттардың  пайда болуына әсерін тигізеді. Бұл  биосфераға және адамзат өміріне  үлкен қауіп төндіреді 
Сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар аса үлкен қауіп төндіреді. Олар топырақ және өсімдік қабатына зиян тигізе отырып жерасты суларына және гидрографиялық желіге енетін түрлі улы заттар және қосылыстардың жоғары концентрацияларымен сипатталады. Бүгінгі таңда радиоактивті қалдықтарды пайдалану күрделі мәселеге айналуда. Бұл оларды кең пайдаланумен және тірі ағзаға зиянды және жабық әсерімен байланысты. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша ТҚҚ полигондарының айналасында жерасты және жерүсті суларының поликомпонентті ластануының, қоқсық астынан шығатын жоғары температуралы (шамамен 40-500С) улы фильтраты бар басқа табиғи орталардың динамикалық ореолдар аймақтары қалыптасуда. Фильтраттың жоғары температурасы қалдықтарда жүріп жататын экзотермиялық химиялық реакциялармен анықталады.

 қалдықтарды  жою - қалдықтарды көму және  жою жөніндегі операциялар;

 қалдықтарды  залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық  немесе биологиялық өңдеу жолымен  қалдықтардың қауіпті қасиеттерін  азайту немесе жою;

 қалдықтарды  кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама  материалдық немесе энергетикалық  ресурстар ретінде пайдалану;

 қалдықтарды  көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім  ішінде қауіпсіз сақтау үшін  арнайы белгіленген орындарға  жинап қою;

 қалдықтарды  өңдеу - қалдықтардың көлемін  немесе қауіпті қасиеттерін азайту  үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін  немесе оларды кәдеге жаратуды  жақсартатын сұрыптауды қоса  алғанда, физикалық, жылу, химиялық  немесе биологиялық процестер;

 қалдықтармен  жұмыс істеу - қалдықтардың пайда  болуының алдын алуды және  оларды азайтуды, есепке алу мен  бақылауды, қалдықтардың жиналып  қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды,  өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды,  тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды)  және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен  байланысты қызмет түрлері;

 қауіпті  қалдықтар - құрамында қауіпті  қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі,  радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары  реакциялық қабілеті) бар зиянды  заттар болатын, дербес немесе  басқа заттармен байланысқа түскен  кезде қоршаған ортаға және  адам денсаулығына тікелей немесе  ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар;

    қауіпті емес қалдықтар  - қауіпті және инертті қалдықтарға  жатпайтын қалдықтар;

Радиациялық қалдықтың классификациясы  және көлемі: Радиациялық қалдықтар  әр түрлі белгілеріне байланысты классификацияланады.

 Агрегаттық күйіне байланысты  сұйық, қатты және газ тәрізді  болып бөлінеді.

 Сұйық радиациялық қалдықтар  активтілік дәрежесіне байланысты  үш класқа бөлінеді:

- 1 класс – активтілігі төмен  радиоактивті қалдықтар, активтілігі  3,7 х 10 7 Бк/м 3 – қа дейін.

- 2 класс – активтілігі орта  радиоактивті қалдықтар, активтілігі  3,7 х 10 7 – 3,7 х 10 13 Бк/м 3 аралығында.

- 3 класс — активтілігі жоғары  радиоактивті қалдықтар, 3,7 х 10 13 Бк/м 3 жоғары.

Бірінші кластағы радиоактивті қалдықтарға  негізінен дезактивационды пунктегі ағынды сулар және т. б. жатады. Активтілігі  жоғары радиоактивті қалдықтарға құрамында радионуклиді бар өндірістің соңында қалатын қалдықтар жатады. Экалогиялық жағынан қауіп төндіретін зауыдтар болып табылады.

 Қатты радиациялық қалдықтарда  үш топқа бөлінеді:

- 1 топқа – активтілігі 7,4 х  10 4 – 3,7 х 10 6 Бк/м 3;

- 2 топқа – активтілігі 3,7 х  10 6 – 3,7 х 10 9 Бк/м 3;

- 3 топқа – активтілігі > 3,7 х 10 9 Бк/м 3.

 Қатты радиациялық қалдықтарға  жататындар:

1) жанбайтын қалдықтар : металлдар,  шыны, керамика, құрылыс қалдықтары  және т. б. Бұл түрдің қалдықтарының  құрамына сонымен қатар тара  кіреді (включает также тару) яғни  радиоактивті препарпттарды қапттау  үшін қолданатын қап, қолданысқа  жарамсыз құралдар, инситрументтер, машиналардың детальі, металды  жиһаз, металды құрылыс конструкциялары,  штукатурка және басқа құрылыс  материалдары, кейде ірігабаритті (крупногабаритные) конструкциялар және құралдар.

2) Жанғыш қалдықтар : ағаш, пластмасса , резина, полихлорвенильді өнім, текстиль  және т. б, жатады. Мұндай типтегі  қалдықтарға сонымен қатар қолдануға  жарамсыз ағаш және пластмассадан  жасалған құралдар, жиһаз, арнайы  киім, қағаз, ағаштан жасалған  құрылыс конструкциялары жатады

Рдиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру  және көму.

 Жалпы принциптер: Радиоактивті  қалдықтарды теңіздердегі радиоактивті  зираттарға көмеді. Ресейде бұл  әдіс атомды флоттардың пайда  болуымен байланысты. Радиоактивті  қалдықтарды зираттарға көму 1959 жылдан бастап жүйелі түрде  1992 жылға дейін жалғасты. Бұл зираттар  Балтийский, Баранцев, Белый, Краско  аудандарында және Охотский және  Японский өзендерінде және жартылай  Камчатка аралында орналасқан.

 Берілген мәлімет бойынша  (В.В.Довгуша ) 1964 жылмен 1991 жыл аралығында  солтүстік өзендерде активтілігі  төмен және орта , қатты радиоактивті  қалдықтар салынған 4900 контейнер  шөктірілген. Ресейдің шығыс жағалауларында  яғни Японский және Охотский  өзендерінде 1986-1991 жылдары активтілігі  төмен және орта қатты радиоактивті  қалдық салынған 6 868 контейнер көмілген. Сонымен қатар 38 кеме және 100 ірігабаритті объект шөктірілген. Олардың жалпы активтілігі мамандардың бағалауы бойынша 22,2 мың. Кюриге сәйкес келеді.Отыз жыл ішінде атомды флоттарды экспулатациялау кезінде солтүстік теңіздерге 100 мың. м 3 сұйық радиоактивті қалдық түскен, активтілігі 24 мың. Кюриден кем емес.

 Теңіздегі радиоэкалогияны  бақылау үшін тек 1992 жылы ұйым  құрылды. Бұған дейін бақылауды  тек зираттардан 50-100км қашықтықта  жүргізген. Бірақ контейнерлер  шөктірілген зираттарда жиырма  жылдан бері бақылау жүргізіліп  келеді. Жүргізіп жатқан бақылаулар  радиоактивті қалдықтарды қаптап  тұрған сыртқы қабаттың қай  уақытқа дейін төзетінін және  радионуклидтердің теңіз ортасына  қашан шығатынын нақты анықтап  бере алмайды.

 АҚШ – та радиоактивті  қалдықтардың теіңізге тасталған  мөлшері 1946-1970 жылдары 86 мың. контейнер  тасталған, активтілігі шамамен  95 мың. Кюри.1971-1983 жылдары радиоактивті  қалдықтарды әскери және бүкіл  әлемдік атомдық өнеркәсіптер  яғни Бельгия, Англия. Нидерланды, Швейцария, Франция, Швеция, Италия, ГФР, Япония, Оңтүстік Кореяның  өнеркәсіптері теңіздерге тастаған. Есептеулер бойынша 1967-1992 жылдар  аралығында Атылант мұхитында  188188 т контейнерге салынған және 94603 т контейнерге салынбаған  радиоактивті қалдықтар көмілген. Олардың активтілігі шамамен  1 млн. Кюри.

1976 жылы өткен үшінші халықаралық  конференцияда аиом энергиясын  қолдану барысында радиоактивті  қалдықтарды экалогияға зиян  келмейтіндей етіп көму туралы  ұсыныстар қаралды. Соның ішінде  тек қана екеуі ғана қауіпсіз  болып табылды.

1. Капсула тәрізді оқшаулап  көму. Бұл техналогия радиоактивті  қалдықтарды шыны тәрізді күйге  өткізіп (сұйық шыныны құю нәтижесінде), цементпен араластырып соңынан  кррозияға төзімді контейнерлерге  салып, теңіз түбіне тастайды.

2. Активтілігі төмен радиоактивті  қалдықтарды жай ( разбавленном) түрде көму.

 АЭС және әскери — өнеркәсіп  комплексіне қатысы жоқ муниципальді  радиоактивті қалдықтарды көму  әдістері цементтеу, шынылау,  битондау, керамикалық камераларда  жағу, арнайы қоймаларда сақтау  болып табылады.

 Арнайы комбинаттарда және  көму пунктерінде радиоактивті  қалдықтарды минимальді қалыпқа  дейін пірестейді. Пірестелген заттарды  алып пластикалық бочкаларға  салып, үстінен цемент ерітіндісін  құяды және 5-10м тереңдіктегі арнаийы  қоймаларға (зираттарға) апарып көмеді. Ал басқа техналогиясы радиоактивті  қалдықты жағып, күлін бочкаларға  салып, цементтеп хзираттарға  апарып көмеді.

 Сұйық радиоактивті қалдықтардың  утилизациясы үшін шынылау әдісі  қолданылады. Шынылау әдісінде 1250-1600 0 С температурада гранулирленген  шыны түзіледі, сосын оны да  цементпен араластырып, бочкаларға  орналастырады, кейін зираттарға  жібереді. Бірақ мамандардың айтуынша  бочкалардың ұзақ сақталуы күдік  туғызады.

 Ресейде 20 шақты арнайы комбинаттар  және муниципальді қалдықтарлы  көметін пунктер бар. Олардың  бірі — НПО «Радон» деп аталады,  Москвадан 100км қашықтықта орналасқан. Жылда 3000м3 қатты және 350м3 сүйық  радиоактивті қалдықтарды қайта  өндіреді.

 Радиоактивті қалдықтарды зираттарға  тасымылдау арнайы автомашиналарда  жүргізіледі.

1993 жылы мемлекетте бірінші  рет радиоактивті қалдықтарды  көму орны және қандай әдіспен  көму керек екендігі туралы  заң шығарылды, ол заң «радиоактивті  қалықтарды көму кезінде қоршаған  ортаны қорғауды экалогиялық  бақылау» деп аталады.

 Активтілігі жоғары радиоактивті  қалдықтарды ұзақ уақыт сақтау.

 МАГАТЭ радиоактивті қалдықтарды  қатты күйде сақтау тиімді  деп санайды.

 Заманауи активтілігі жоғары  радиоактивті қалдықтарды көмуге  арналған зират дегеніміз не? Ол вертикальді шахтадан, горизонтальді  корридордан және көму үшін  арнайы жабдықталған бөлмеден  тұрады. Еденде канистирлерді сақтау  үшін арнайы шурфтар орналасқан, канистирлердің ара қашықтығы  10-50м болуы керек. Оларды бір-біріне  жақын орналастыруға болмайды, себебі  жақын орналасқаннан апат болуы  мүмкін.

Информация о работе Қатты қалдықтар