Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:27, реферат
Талғар қаласы, орталық «Тәуіп» базарының алдында, Айтеке би көшесінің бойында орналасқан сауда қатарында сауда жасайтын, қала тұрғындары О.Юсупова, Ш.Базарбаев, С.Жуматаева, Д.Юсупова қала әкімінің 05.09.2013ж. жеке қабылдауында болып, сауда орындарына жер бөлуде әкімшілік тарапынан заңсыз әрекеттер орын алып, өз талаптарының аяқ асты болғаны туралы шағым білдірді. Жоғарыда аталған азаматтар сауда қатарларында 10-15 жыл бойы сауда жасап отырғандарын және осы жылдар аралығында қала және аудан әкімшілігі тарапына Айтеке би көшесінің бойынан уақытша пайдалануға арнайы жер учаскелерін сұрап өтініш білдіргендерін айтып, бірақ сұралып отырған жерлер көше бойында орналасқандықтан «қызыл сызық» бойындағы жерлер деп рұқсат берілмеген. Бірақ шағым иелері бүгінгі күні осы жердің бір емес үш бірдей иесінің пайда болғанын және олардың аталған жерді босатуын талап етіп отырғандығын айтып, осы мәселені дұрыс шешуді сұрап отыр.