Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:27, реферат
Талғар қаласы, орталық «Тәуіп» базарының алдында, Айтеке би көшесінің бойында орналасқан сауда қатарында сауда жасайтын, қала тұрғындары О.Юсупова, Ш.Базарбаев, С.Жуматаева, Д.Юсупова қала әкімінің 05.09.2013ж. жеке қабылдауында болып, сауда орындарына жер бөлуде әкімшілік тарапынан заңсыз әрекеттер орын алып, өз талаптарының аяқ асты болғаны туралы шағым білдірді. Жоғарыда аталған азаматтар сауда қатарларында 10-15 жыл бойы сауда жасап отырғандарын және осы жылдар аралығында қала және аудан әкімшілігі тарапына Айтеке би көшесінің бойынан уақытша пайдалануға арнайы жер учаскелерін сұрап өтініш білдіргендерін айтып, бірақ сұралып отырған жерлер көше бойында орналасқандықтан «қызыл сызық» бойындағы жерлер деп рұқсат берілмеген. Бірақ шағым иелері бүгінгі күні осы жердің бір емес үш бірдей иесінің пайда болғанын және олардың аталған жерді босатуын талап етіп отырғандығын айтып, осы мәселені дұрыс шешуді сұрап отыр.
Талғар ауданының әкімі
Р.Н. Садыковаға
Талғар қаласы,
орталық «Тәуіп» базарының
Осы себепті
жер иелері болып табылатын
үш азаматты әкімшілікке
- Талғар қаласы әкімінің 29.08.2001ж. №101-Ө өкімімен Ш.П Базарбаевқа сауда дүңгіршегін ашуға рұқсат берілген.
- Талғар ауданы
әкімінің 03.09.2009ж. №09-184 шешімі негізінде
- Талғар ауданы әкімінің 03.10.2011ж. №10-808 Қаулысымен Ш.М.Нурекеноваға Жер учаскескесіне уақытша өтеулі пайдалану құқығын беру туралы қаулысымен сауда павильонын орнатуға рұқсат берілген. /көлемі – 0,0020га/.
Аталған мәселені аудандық комиссия тарапынан қарастырып, азаматтардың жеке құқықтарын ескере отырып, көтерілген мәселенің заңды шешімін табуына ықпал етуіңізді және Сізден жоғарыда көрсетілгендей жағдайлардың қайталанбауы үшін, аудандық жер бөлу комиссиясының құрамына жергілікті басқару органдарының өкілін енгізуді сұраймын.
Әкім м.а.
Орындаған:А.Айтжанова