- Қазақстан Республикасының
Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;
- 2001 жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Кодексі;
- Қазақстан Республикасының
заңдары;
- Президент актілері (жарлықтар, заңдық
күші бар жарлықтар, өкімдер);
3.Әкімшілік құқықтың түрлері
Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл
мемлекеттік басқару аясында калыптасатын
және әкімшілік-құқық нормалары арқылы
реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі
бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық
қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік
органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық
бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық
қатынастардың субъектілері болып табылады.
Құқық субъектілерінің арасында нақты
құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы
іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер
мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен
оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында
құқықтық қатынастардың туындауына негіз
болып табылады. Оларға қатысушылардың
құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына
карай өкімшілік-құқықтық қатынастар
тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді.
Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің
біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты
болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей)
қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық
қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан
бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы,
атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық
қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері
бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың
бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік
органы немесе оның лауазым иесі болып
табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық
қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші
бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық
ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық
қатынастар осы азаматтар арасында емес,
құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық
бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында
туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар
әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің
бастамасы бойынша туындауы мүмкін және
бұл жағдайда екінші тараптың келісімі
міндетті шарт болып табылмайды. Олар
екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне
қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық
қатынастарға қатысушы тараптарға олардың
өздерінің құқықтары мен міндеттерін
бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция
ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік
жауапкершілік шаралары қолданылады;
әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар
арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен,
яғни соған өкілеттік берілген атқарушы
билік органдары және олардың лауазым
иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық
нормалар мемлекеттік басқару қызметінің
барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын
заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік
режімін орнату және оларды қамтамасыз
ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген
азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық
қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық
қатынастардың бір жағы міндетті түрде
мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық
қатынастардың туындауына негіз болады.
Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар
көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын
қатынастарды реттеп отырады .
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ашитов .З.О. Егеменді қазақстан құқығы.-А.1999.
2.Мемлекет және құқық негіздері.-А,2001.
3.Азаматтық іс-жүргізу кодксы,-А.1999.
4.Мемлекет және құқық негіздері.-А.2001.