Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 21:03, реферат
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Әкімшілік құқық ұғымы
2. Әкімшілік құқықтың зерттейтін мәселелері
3. Әкімішілік құқықтың түрлері
4. Әкімшілік құқықтың жауапкершілігі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында
пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы
рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық
қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы
негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру
және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси
ұйымның – мемлекеттің пайда болуына
әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери
демократияның жаңа негізде қайта құрылуы
нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару
органдарының пайда болуы нәтижесінде
құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің
жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай
белгілермен өзгешеленеді:
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын
өкімет билігінің белгілі бір
дәрежеде дамыған жүйесі
4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.
Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өмір сүрді.
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары, қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың коғамда калыптаскан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, баскарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан коғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
1.Әкімшілік құқық ұғымы
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің
ең үлкен және күрделі салаларының бірі.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық
реттеу қандай да болмасын мемлекеттің
ажыратылмас элементі екендігі ежелден
белгілі. Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық
нормалар арқылы өзінің өкілетті орган
дары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру
және де азаматтарының өміріне қалыпты
жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық
және әлеуметтік, мемлекеттік мәні бар
аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге
асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде оның
тиімділігін және мемлекеттік органдардың
қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың
алдындағы жауапкершілігін арттыруда
әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде
рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық
өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін
қамтитын мемлекеттік басқару саласында
Қазақстан Республикасының заңдарының
орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік
- құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға
қатысуларының құқықтық және ұйымдық
нысандарын бекітеді, өкілетті органдар
мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ
қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық
ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен
Қазақстан Республикасында құқықтық қатынастарға
барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті
қалыптасады.
Қазіргі кезеңдері әкімшілік құқықтың негізгі проблемаларының бірі - өкілеттік орталық органдары менжергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарының құру проблемасы болып отыр. Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында тұжырымдалып , ерекше атап қойылған. Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс - бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің Конституциялық негіздеріне қатер төндіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың ерекше маңызы бар. Қазіргі кезеңдегі ғылымда «әкімшілік құқық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулық әдебиеттерде әкімшілік құқық-тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ол жалпы түрде әкімшілік құқықты басқару құқығы деп айтуға болады делінген. Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшын тілінде adminis trative faw ) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару - өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың реттейтін ұсақ саласы ретінде анықталған. Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды мына төмендегідей:
1.Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы.
2.Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
3.Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін - өзі басқару органдарының , олардың лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттің
басқару саласындағы пайда болатын, дамитын
және тоқталатын қоғамдық қатынастарды
ғана реттеуге арналған. Барлық осы тәрізді қоғамдық
қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік
басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың
атқарушылық - өкім етушілік қызметін жүзеге асыру процесімен
байланысты. Әкімшілік құқық экономикалық
, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік
- саяси құрылысқа басшылық жасау туралы
мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге
асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың
белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл
аудара отырып , арнайы бағыттау арқылы
өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді.
Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар
мемлекеттік басқару органдарының басқару
функцияларын жүзеге асыру барысында
пайда болады. Сонымен, әкімшілік құқықтың
пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық
қатынастар құрайды. Оған тағы бір басқа
тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да, реттелетін басқарушылық
қатынастар шеңберінде тараптардың заңды
құқықтары мен мүдделерін қорғауды да
қамтамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция)
функциясы қосылады. Әкімшілік құқық -
атқарушы билікті мемлекеттік басқару қызметін нақтылы жүзеге
асыруға байланысты және сол туралы пайда
болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге
арналған құқықтық нормалар дың жиынтығы
болып табылады, Қазақстанның құқықтық
жүйесінің саласы бола алады. Әкімшілік
құқық реттеу функциясын жүзеге асыра
отырып, басқару қатынастарына, оларға
қатынасушылардың мінез - құлқына өз нормаларының
реттеушілік ықпал жасайтын құқықтық
құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі
бір жиынтығын пайдаланады.Бұл қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері
болып табылады. Қазақстан құқығының қай
саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы
ретінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді
пайдаланады: тапсырма беру, тыйым салу,
ерік беру.
1.Тапсырма беру - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс - қимыл жасауаға тікелей нақты түрде міндет жүктеу.
2.Тыйым салу - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу.
3.Ерік беру - құқықтық нормада қаралған жағдай осы не басқа іс - қимылды өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде рұқсат ету.
Әкімшілік - құқықтық реттеудің ерекшеліктері ең алдымен мемлекеттік органдардың ерекше түрімен жүзеге асырылатын заңдық биліктік қызмет ретіндегі мемлекттік басқарудың өзгешелігімен айқындалады.Ал бұл ықпал ету әрқашанда басқарушылардың еркін басқарушының бірыңғай еркіне бағынуын болжайды. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік - құқықтық реттеудің ерекшеліктерін оны қатысушылары тепе - теңдікке негізделген қатынастарды реттеудің азаматтық - құқықтық әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады. Әкімшілік құқық нормаларының әрекеттілігі маңызды ерекшеліктермен ерекшеленеді,өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп тіреледі.
1.Әкімшілік - құқықтық реттеу механизміне өкілет ті басқару органының немесе лауазымды адамның шығарған міндетті тапсырмалары тән болып табылады. Оларға басқа тарап бағынуға міндетті.
2. Әкімшілік құқықтық реттеу қатынасқа қатысушылардың біреуінің біржақты ерік білдіруін болжайды.
Бұл ерік білдірушілік заңды түрдегі өктемдік сондықтан да оның шешуші маңызы бар. Әкімшілік - құқықтық қатынастар құқықтық қаты настардың бір түрі болып табылады. Әкімшілік - құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормалармен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік - құқықтар нормалармен тағайындалған және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар. Кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
2.Әкімшілік құқықтың зерттейтін мәселелері
Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар: