Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 11:19, реферат
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8
1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12
1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15
2 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................16-17
2.1 Экология туралы түсінік...................................................................17-19
2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22
2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26
3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................27-29
3.2 Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның
экономикалық бағалануы.........................................................................29-32
3.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........32-33
Қорытынды ...............................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35
Қоршаған ортаның ластануынан болатын шығындар (зиян) екі бөлімнен тұрады, атап айтқанда: табиғатты қорғау шараларын жүзеге асырулардан болатын шығындар және экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуынан болатын экологиялық зияндар.
Қоршаған ортаның ластануынан болатын экологиялық зиянның құрамына табиғатты қорғау шығындарын, зияндардың өтпеу шығындары мен уыстан шыққан пайданың алынбаған табыс түрін немесе жерін де есепке алу қажетті деп санаймыз.
Атмосфераның кейбір көрсеткіштері жайлы сөз болғанда, әрине, есептеу нүктесі туралы сұрақ туындайды. Өзгергенге дейін атмосфераның бастапқы күйінің қандай болғандығын немесе қангдай болуы керектігін білу қажет [12,143б].
Атмосферадағы шығарындының зиянын бағалау үшін осы әдістеме бойынша коэффициентін анықтауда мына екі ьелгіні білу керек – табиғат ерекшелігі мен аумақтың типі. Осы аумақта орналасқан объектінің он бір типі мен аумақтың төрт түрі есепке алынады. Кештеу болса да аймақтың барлық ерекшеліктерін, соның ішінде ассимиляциялық әулетін де ескертетін бірыңғай коэффициентін пайдалануға тура келді. Бірақта, бір коэффициентте зиян мен ластанудың ықпал дәрежесін аумақтағы барлық өзгешелікті есепке алу қиын.
Сонымен f коэффициенті туралы да осыны айтуға болады. Нақты есептеуді қиындата түседі. Ал, нақтылаусыз шығарындының таралу сипаты есепке алынбайды.
γ – коэффициенті келтірілген шығарындыдан болған зиянның ақшалай бағасының мөлщеріне қызмет етеді. Ол зиянның соңғы кезеңдегі есебінде пайдаланылады. Бұл коэффициенттер жиі түзету жасауға жатады. Өйткені, олар экономикада болып жатқан барлық өзгерістерді ашып көрсетулері қажет. Экономиканың өтпелі кезеңінде инфляция жағдайында γ – коэффициентін тұрақты түрде пайдалану тым проблемалы. Оның мәніне өте жиі түзетулер енгізіп тұруы қажет.
Жоғарыда баяндалған атмосфераның ластануынан болған зиянды бағалау әдістемесінің жақтастары мен қарсыластары да бар. Оның сөзсіз артықшылығы – есептеудегі қарапайымдылығында болып тұр. Бұндай артықшылықтығы оның бір мезгілднгі кемшілігі де болып саналады – есептеудің нәтижесі өте нақты емес. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл әдістеменің кемшілігінің маңызы да аз емес, сондықтан ластану зияны үшін болған төлемді зиянның бағалануымен байланыстырылмайды. Зиянның бағалануы бір әдістеменің негізінде жүзеге асырылады, оны шартты түрде нәтиженің тәсілі деп атауға болады, ал төлемді басқа шығын тәсілі бойынша анықтайды [17,234б].
Атмосфераның ластануынан болған экономикалық зиянды анықтау – зиян шамасының өзгеруіне факторлық талдау жасау әдістемесі болып табылады. Бұл әдістеме шынында жоғарыда айтылған әдістеменің тура есептеулерінің жалғасы. Шығарындының саны мен ластану көлемінің анықталуына байланысты, алдымен зиянның базалық деңгейі белгілі болуы керек. Ал, одан кейін төмендеген немесе жоғарылаған зиянның факторлары есептеледі.
Бірақта, барлық факторлардың ықпал - әсерін бір мезгілде зерттеу өте қиын. Сондықтан, өзгермені басты фактор жорамалданып шығады да, басқа фактор өзгеріссіз күйде қалады. Бірақ, факторлардың ықпалы кещенді сипатта болады. Бұдан басқа атмосфераның ластануынан келген зиянның шамасы ластану фонына (аясына) және ластану көлеміне, ауқымына қарай өзгеріп тұрады. Аз мөлшерде ластанған кезде, көп мөлшердегіге қарағанда зиян мүлде басқа болуы мүмкін. Зиянды заттектің қарапайым сомасы емес, әдетте интегралды зиян жеклеген ластаушының қарапайым зиян сомасынан үлкен болып табылады.
Тұтастай алғанда осы әдістеме бірінші әдістеменің жалғасы және тікелей есептеу әдістемесінің кемшіліктері мен барлық күрделілігі өзіне ғана тән.
Атмосфераның ластануынан болған экономикалық зиянды анықтаудың басқа әдісі – эксперименттікті қосқанда субъективті сипатта болады. Сондай – ақ зиянның дәл шамасын белгілей алмайды және экономикалық есептеу негізіне атмосфераның ластануы үшін болатын төлемге қызмет істей алмайды.
Жоғарыда келтірілген “Табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігінің уақытша типтік әдістемесін анықтау мен ластанған қоршаған ортаның халық шаруашылығына келтірген экономикалық зиянның бағалануының”, ластаушы заттектің келтірілген коэффициенті адам организміне сәйкес жол берілетін шоғырлану шамасының нормасына байланысты жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл коэффициенттер негізгі қордың, ауыл шаруашылығының т.б. салаларының зияндарын есептеу кезінде қолданылады [18,112б].
Ластаушы заттектердің түрлі объектілерге (шығындарға) әсер – ықпалдары бірдей емес. Мәселен, адам денсаулығына қауіпті болатын сынап буының металға ешқандай әсері жоқ. Сондықтан, ластаушы заттектердің келтірілген коэффициенттері әрбір ортаға арнайы түрде белгіленуі керек.
Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянды бағалау әдістемесін қолданудағы басты кемшіліктің бірі – қоршаған ортаны ластайтын шығарындылар (қалдықтарды орналастыру) үшін төлемдер мен зиянды бағалау арасындағы өзара байланыстың болмауы. Зиянды бір шамаларды пайдаланып анықтайжы, ал төлемдерді басқамен біріншісі – зиян, екіншісі – шығын тұжырымдамасы негізінде анықтайды. Белгілі уақытта анықталған аумақтағы шығарындыға төлем нормаларын анықтау үшін атмосфераны қорғау шараларына кеткен барлық шығын сомасын ластаушы заттектің келтірілген массасына бөледі.
Сонымен, ластанғаны үшін бар төлемдердің орнын тек табиғатты қорғау шығындары ғана толтырады. Ал, зиян айыппұл төлемдерімен орны толуы қажет. Айыппұл мен өтемақының сомалары көп жағдайларда тура келмейді және олардың дәл келмейтіндері екендігі белгіленуі керек. Өйткені, айыппұлдардың белгіленуі өзгеше болады. Қоршаған ортаның ластануынан алынбаған өнімдер, табыстар, уыстан шығып кеткен пайдалардың өтемақысы туралы сөз айтып отырғанымыз жоқ. Олардың өтемақысын ешкім төлемейді, өйткені олар төлем құрамында қарастырылмаған [19,154б].
3.3.Табиғатты қорғау жүйесін тиімді жүргізу экономиткалық механизмге тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда табиғат қорғау қызметіндегі экономикалық құралдың жүйесі мыналарды қамтиды:
Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғауды іс жүзінде асыруда кәсіпорындардың тікелей ынталылығын арттыру. Экономикалық ынталандырудың нақтылы шаралары объект деңгейіндегі ықпалы, жеке қызметкерлер деңгейіндегі негізгі ынталандыру:
Табиғи ортаны қорғауда экономикалық ынталандырудың қазіргі ықпалдылығы элементтерін табудан бастау қажет.
Қоршаған ортаны қолрғаудағы ынталандырудың жүйесінде баға құрылымы айрықша орын алады. Себебі, табиғатты қорғау қызметіне кеткен шығындар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнімдердің өзіндік құны артады, кәсіпорындардың таза пайдасы да азаяды. Сондықтан табиғатты қорғау жұмыстарына кететін шығындарды барынша азайтқан жөн. Ол үшін қоршаған ортаны ластандыруды барынша азйту немесе тіпті болдырмау, олардан алынатын төлемді қысқарту және т.б.
Нарықтық экономика жағдайында неше табиғатты қорғау қызметіндегі ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың тоқтап қалуы, қаржының жетіспеуі табиғат қорғау жұмыстарын жүргізуге көп кедергі жасауда. Осыған орай, мемлекет тарапынан несие алып, оны орынды жұмсау және мерзімді қайтару басты міндет.
Табиғи ортаны қорғау қоғамдық өндірістің табиғи ортаға қайшы ықпалын қысқартуды алдын-ала ескерту үшін кешенді түрде шаралар жүргізуді қажет етеді. Табиғат қорғау шараларын іске асру үшін күрделі және кезектегі шығындар жұмсалу қажет. Экономикада күрделі қаржының абсолюттік тиімділігін есептемегенде жалпы деңейін анықтау мақсатында табиғи ресурстардың нашарлауын болдырмауға арналған жеклеген шараларды іске асырған жөн.
Табиғатты қорғау шаралары – алғашқы тиімділік және соңғы әлеуметтік – экономикалық тиімділік болып ажыратылады. Алғашқы тиімділік – зиянды қалдықтарды щығаруды азайту, қоршаған ортаның жағдайын жақсартудан, ал соңғы әлеуметтік – экономикалық тиімділік халықтардың тұрмыстық дәрежесін арттыруда, қоғамдық өндіріс және ұлттық байлықтың тиімділігінен тұрады [14,178б].
Қорытынды
Қоршаған табиғи ортаны қорғау кәсіпорындардың маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Қоршаған ортаға жағамсыз антропогендік ықпалын азайтуға және жоюға бағытталған іс-шаралар жасалынып, оларды орындауға әрбір кәсіпорын ат салысу қажет.
Табиғатты қорғау – бұл табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау немесе бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара.
Табиғатты қорғауға байланысты қоғамдақ қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің жиынтығы табиғат қорғау құқығы болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктен қорғаудың тиімді жүйесі сонымен бірге ол адамдардың және жалпы қоғамның қазіргі кездегі бірден-бір аса қажеттілігі болып саналады. Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашарлатады.
Бүгінде экологиялық дағдарыстың қауіп – қатерінен құтылу, барлық елдер мен халықтардың жан-жақты күш салуымен ғана мүмкін болады. Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі бірқатар саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да факторлардың іс-әрекеттеріне әділ сүйенеді.
Өз кезегінде, экономиканы өзгерту, ғылыми – техникалық прогресс, ақпарат алмасуды жеделдету, адамдар мен тауарлардың қозғалысы – бір сөзбен айтқанда, адамзат өркениетінің бүкіл дамуы дүниенің өскелең бірлігіне, континенттер, аймақтар және елдер арасындағы өзара байланыстылыққа жеткізеді. Жалпы адамзаттық мүдделердің біздің өмірімізге барған сайын тереңдеп еніп, барған сайын айқындала түсетіні, міне, сондықтан. Олар ең алдымен адамзаттың ғаламдық проблемаларынан байқалады, ал олар мемлекеттер мен халықтардың бүкіл планета көлемінде сындарлы, жасампаз әрекет жасауын талап етеді [20,255б].
Қарама-қайшылықты болғанымен, біртұтас дүниенің артып келе жатқан өзара тәуелділігі – осы заманғы дүниежүзілік дамудың аса маңызды белгісі. “Біздің бәріміз – Жер атты бір кеменің жолаушыларымыз” – француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің осынау бейнелі сөзі нақ бүгін ерекше маңызды болып отыр. Ендеше, бұл кеменің жүзу сапары сәтті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейік!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Кенжеғозин М.Б. “Экономика”,2-том. Алматы, 2006. 437бет.
2. Сүлейменов.О. “Адам баласының ақылы жетсе де, мәдениеті жетпейді”. “Дүние”журналы, №6 . Астана, 2005, 12 желтоқсан. 24бет.
3.Қалдыбаев О., Теміров Е. “Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы : “Бастау”, 1993. 295бет.
4. Жүкешев Қ.М. “Адам. Қоғам. Құқық”.Алматы, 2005. 255бет.
5. Күнқожаев Н. “Адам және қоғам”.Алматы, 2003. 175бет.
6. Жатқанбаев Е.Б. “Аралас экономика негіздері”. Алматы, 1996. 193бет.
7.Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан – 2030 стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде”. “Егемен Қазақстан” газеті. Алматы, 2007, 1 наурыз. 40бет.
8. Ахметов Е.,Кәрменова Н. “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы”.Алматы: “Мектеп”,2005.175бет.
9. Сәттімбекұлы Р.,Ережепова Ғ. “Қазақстан – арайлы туған өлкем, табиғаты ажарлы әрі көркем”. “Атамекен” газеті, №4 (255), 1991.12бет.
10. Сейтқалиев Ғ. “Экологиялық проблемалар”. Алматы, 2003. 257бет.
11.Бейсенова А.,Шілдебаев Ж. “Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Алматы: “Ғылым”, 2004. 325бет.
12.Мамыров Н.Қ. “Табиғатты пайдалану экономикасы”. Алматы, 2005. 367бет.
13. Үпішев Е.М.,Мұқаұлы С.“Табиғатты пайдалану экономикасы”.Алматы, 1999. 269бет.
14. Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы: “Экономика”, 2003. 251бет.
15 Сүмесінов М. “Теңіз күкірті тың көзқарасты талап етеді”.“Атырау” газеті, №136 Атырау, 2007, 24 қараша. 24бет.
16.Нұрғалиев Қ.Р. “Қазақстан экономикасы”. Алматы, 1999.289бет.
17. Мадиярова Д.М. “Экономикалық қауіпсіздік” Алматы: “Экономика”,2000. 361бет.
18.Жүнісов М. “Нарықты экономика теориясы”. Алматы, 2003. 293бет.
19. Мәуленова А.Т. “Экономикалық теория”. Алматы, 2004. 273бет.
20. Максаковский В.П. “География”. Алматы: “Рауан”, 1997. 225бет.