Функция туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 11:19, реферат

Краткое описание

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3-4

1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8
1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12
1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15
2 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................16-17
2.1 Экология туралы түсінік...................................................................17-19
2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22
2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26
3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................27-29
3.2 Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның
экономикалық бағалануы.........................................................................29-32
3.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........32-33

Қорытынды ...............................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

80_KUU.doc

— 245.50 Кб (Скачать документ)

Нарықтық  экономикада  еңбек  және   капитал  нарығы  да  болады.  Еңбек  нарығының  да (тауар  нарығы  сияқты)  үш  белгісі  бар:  сұраныс,  ұсыныс,  баға.  Мұнда  да  сатылады  және  сатып  алынады.  Арнаулы  тауар – жұмысшы  күші  сатылады.  Мұнда  да  сұраным  мен ұсыным  қатынасы  әсер  етеді. Егер   де   белгілі кәсіптің   мамандары көп болса (айталық бір салада,  зауыттарда),  оның   қажеттігі аз  болады  да,  оларға  жалақы  аз  төленеді,  қайсібіреулері  жұмыссыз  қалады.  Керісінше,  кәсіп саласына  немесе  шаруашылыққа  мамандар  көп  қажет  болса,  ал  еңбек  нарығында  сондай  мамандар  аз  болса,  шаруашылық  оларды  көп  жалақы  беріп  ұстауға  мәжбүр  болады.  Алайда  нарықтық  экономика  мұндай  мұқтаждықпен  келіспейді.  Еңбек  нарығына  тез  арада  ондай  мамандары  дайындайды,  оларға  жалақы   төлейді.  Ал  жоспарлы  экономика  кезінде  кәсіпке  қажетті  оның  иелерін  іздеді,  дайындады.  Бірақ  арнаулы  кәсіп  иелері  (аздығына  қарамастан)  қажет  болса  да  аз,  жоғарыдан  белгіленген  жалақыны  ғана  алатын  болады.  Сондықтан  оның  еңбекке  ынтасы  жойылады.

Белгілі  бір  елдің    экономикалық  жағдайына  байланысты  сол   елдің  ақшасы – валютасы  басқа  бір  елдің  валютасына  белгілі  бір  қатынаста  айырбасталады.  Ақпарат  нарығында  ғылыми – техникалық  революция   білімнің  құндылығын  арттырады.  Тауардың  бағасында  интеллектінің   үлесі  үнемі  артып  отырады.  Сондықтан  іс-әрекеттің  тәсілі  туралы,  жаңа  технология  туралы  ілімді,  ақпаратты  сату  және  сатып  алу  тиімді.  Соның   негізінде  ақпарат  нарығы  дамиды.

Нарыққа  тән қасиет – белгілі  таукар  өндірушілер  арасындағы  тауарды  шығару  және  өткізудің  тиімділігі  үшін  бәсеке (конкуренция).  Бұл  бәсекеде  еңбек  өнімділігін  арттырғандар,  өндірісті  кеңейткендер,  тауардың  сапасын  жақсартқандар  ғана  жеңіп  шыға  алады.  Тұтынушы  жеңу  үшін  өнімнің   сапасын  жақсартады,  сонымен  қатар  бағасын  арзандатуды  да  көздейді [3,122-124б].

1.1.Экономика  (грек. oikonomia – шаруашылықты  жүргізу   өнері)  ұғымы алғашында үй  шаруашылығын  жүргізу туралы   заң   дегенді   білдірген.  Қазіргі кезде бұл ұғым  одан   әлдеқайда кең   мағынада: өндіріс,  тұтас халық шаруашылығы,  жалпы өндірістің  әр  саласы,  қаражат-ақша  айналысы,  т.б. байланысты айтылады. Біздер  экономиканы кең көлемде,  қоғамдық  өндірістің  жүйесі  деп түсінеміз.    Экономика ұғымы   материалдық игіліктер өндіру,  айырбастау,  бөлу  және  тұтыну  үрдісі  кезінде   адамдар арасында  пайда болатын өндірістік  қатынастарды  сипаттайды.  Экономикалық  қатынастар  өзге  қоғамдық  қатынастарды   айқындайды,  олардың  базисі  болып  табылады [4,53б].

Экономика  ғылымы  ең   ертедегі   ғылымдардың  бірі.  Алғаш   рет  экономия  термині  III ғасырда ертедегі  грек  ойшылдары Ксинофонд және  Аристотель  еңбекреінде пайда болды. Көп ғасырлар  бойы  “экономия”  (ойканомия)  сөзі  үй   шаруашылығын   ұйымдастыру   және  жүргізу ережелерін   қамтыған.  Сонымен   қатар жалпы   ұлттық  мемлекеттік   шаруашылықты   жүргізу   ережелерінің   анықталуын  қажет  етті.  Осыған  байланысты   экономия   ұғымы   жаңа  мәнге  ие  болып,  саяси  экономияға   айналды.Ол  грек  тілінде  “полис”-мемлекет,   “ойкос”- үй  шаруашылығы,   “номос”- заң дегенді білдірді. Саяси экономия  ұғымын алғаш   енгізген  Антуан  де   Монкретьен   болатын.  1615жылы  оның  “Саяси   экономия  трактаты”  деген   еңбегі   жарық көрді.  Мұнда мемлекеттік шаруашылықты   жүргізу кеңестері   мазмұнданған.  Саяси экономия   ғылым ретінде XVI-XVII  ғасырларда  пайда  болған.  Бұл  кезеңнің   алғашқы   ілімі  Меркантелизм   (итальян  сөзі – саудагер, көпес)  болды.  Осы  ілімнің  негізгі  мазмұны   байлық  көзі  тауар  мен  ақша  айналымы  саласында   болды  деп  есептелінді.  Меркантелизм  екі  кезеңнен  тұрды: алғашқы  кезең – ақша  балансы  теориясын  ұсынды,  оған  сәйкес  олар   елден  ақшаны  сыртқа  шығаруға  тыйым  салу  қажеттілігін   ұсынды;  соңғы  кезең  –  меркантелистер   тауар  айырбастау  сферасын  зерттеуге  көшті.  Алғашқы  меркантелистерден айырмашылығы   олар  ақшаны   шетке шығаруға  тыйым салмады,  өндірістік  тауарлардың   экспортын   көбейтіп,  протекционизм саясатын  жүзеге  асыруды   ұсынды.   Протекционизм – ұлттық  экономиканы қорғау.  Меркантелистер  өкілдеріне  Монкретьен,  Стафорд,  Мен,  Фосашков  жатады.  Айналыс  аясындағы   бағыттарды  жаулап  алып,  буржуазия   аясына  өтеді.  Оның  мәні  байлықтың  көзі  өндірілген  игіліктер  тек  айырбасталатын  сауда  сапасы  емес,  өндіріс  болып  табылатыны   дәлелденген.  Шынайы  байлық  -   ақша  емес,  тауар. Ол  идея  алғашқы   рет  физиократтар  (физио-табиғат,  кратос-билік)  еңбектерінде   пайда  болды.  Осы  мектептің  басты  тұлғасы – Франсуа  Кене.  Ол   ұлттық  байлықтың  қайнар  көзі  ауыл  шаруашылығы  еңбегі  деп  есептетеді.  Кейінен  бұл  сұрақтар   Уильям  Петти,  Давид  Рикардо,  Адам  Смит   еңбектерінде  қарастырылады.  Олар  ұлттық  байлық  тек  ауыл  шаруашылығы  ғана  емес,   барлық  өндіріс  саласындағы  еңбектен  көрінетінін  айғақ  етті.

Марксизмнің  негізін  салушы – Карл  Маркс.  Оның  ашқан   басты жаңалығы:  қоғамдық   экономикалық  формация  капитализмнің даму  өаңдылығы,  социализмнің   жаңа  жүйе  ретінде пайда болып тауарға сіңген  еңбек,  қосымша құн туралы  ілімді  қалыптастырды.  Марженализм  (шекті)  экономикалық   категорияны зерттеу үшін   шекті соманы   пайдаланды.  Бұл бағыт   XIX ғасырдың  70-жылдарында  дүниеге келді.  Марженалистерн  ғылымының   мақсаты – шектеулі  ресурсты   бөлудің тиімді  әдістері  мен шаруашылықты  ұтымды  жүргізу  әдістерін  іздестіруде  деп  таныды.

Еңбек  бөлінісі  мен   маманданудың   пайда  болып,  дамуымен  материалдық  игілік  өндірушілер   бір-біріне  тәуелділікке  түседі.  Еңбек  бөлінісінің  дамуы   жоғарылаған  сайын,  олардың   арасындағы  тәуелділік  те   күшейе  түседі.  Олардың  әрекеттерін  үйлестіру   қажеттігі  артады.  Тауар  өндірушілердің   қызметтерін  үйлестіру  әдістерінің   жиынтығы   экономикалық  жүйені  құрайды.  Экономикалық  жүйе  қарастырылып   отырған   қоғамда  қалыптасқан   шаруашылық  тетіктерін,  заңдарды,  экономикалық  институттарды,  меншіктік  қатынастарды  біріктіреді.

Экономикалық  жүйе  өзінің  басты  мақсаты  ретінде – қандай  тауар  өндіріп,  қызметтің  қай  түрін   көрсету  керектігін;  қандай  технологияны               

пайдаланып,   қалай   өндіруді;  кім  үшін  өндіріп,  кімге   қызмет  көрсету  қажет  деген   мәселелерді   шешеді.  Бұл  мәселелерді   шешу  әдістеріне  байланысты    экономикалық   жүйелер:  дәстүрлі,   командалық   және  нарықтық  болып  үш  түрге  жіктеледі.  Дәстүрлі  экономикалық  жүйеде  өндіру,  бөлу  және  тұтыну  қалыптасқан  дәстүрлер  мен  ғұрыптарға  негізделеді.  Әміршіл - әкімшілік   экономикалық   жүйе  бұл   мәселелерді  директивалық  әдістермен,  яғни  жоғарыдан   түсіріліп   жататын  бұйрықтармен  шешеді.  Ал   нарықтық  экономикалық  жүйеде   шаруашылықтың   бағдары  тауар   өндірушілер  мен   қызмет  көрсетушілер   арасындағы  бәсекеге  құрылады [4,54б].                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

1.2.1991 жылы  КСРО  құлады,  соның нәтижесінде Қазақстан басқа да  КСРО  құрамындағы   республикалар сияқты  егемен,  тәуелсіз  мемлекет  болып жарияланды.  Әкімшіл - әміршіл жүйе,  жоспарлы  экономика өмірден кетті.  Бұл жүйе  өмір  сүрген  70 жылдың  көлемінде  елдің  экономикасы  тұрақты  дағдарысқа   ұшырай  бастады.  Қоғамдық  меншік  адамдардың  еңбекке  деген  ынтасын  жойды,  тепе-теңдік  үстем  болды.  Барлығы  да  жоғарыдан  жоспарланды,  оны  орындау  міндетке  айналды.  Өндірістің  негізгі   құралдары   министрліктердің  қарамағына  шоғырланды.  Қатаң  орталықтандырылған  принцип  орнады. Министрліктер  жоғарыдан  төменге  дейін  жоспарлады,  бүкіл  қорды  бөлушіге  айналдырды.  Жоспар  заңға  айналды.  Өндіріс  органдары  өз  өнімдерінің  пайдасының  иесі  болудан  қалды.  Өндіріс  органдарының  материалдық  ынтасы  жойылды.  КСРО  өнімінің  сапасы  жөнінен  көптеген  елдерден  артта  қалды.  20 проценттен  астам  өндіріс  органдары   тиімсіз  жұмыс  істеді.  Ауыл  шаруашылығы сын көтермейтін жағдайға  жетті.  Ең  жақсы,  қолайлы деген   жылдарда  егістің әр  гектарынан  17-19 центнерден  өнім  алды,  бұл Еуропа  елдерінен 2,5  есе кем еді.  Батыс Германияда  ауыл  шаруашылығындағы  бір жұмыскер  67  адамды  тамақпен қамтамасыз  етті, Америкада бұл көрсеткіш бұдан да  жоғары  еді, ал  КСРО-да  7-8 адамды  ғана  тамақпен  қамтамасыз  ете алды.

80-жылдардың  екінші  жартысындағы  Горбачевтің  “қайта  құруы”  да  дұл кемшіліктерді жоя алмады.

Мемлекеттік  органдар  тиімсіз  жұмыс  істейтін  мекемелердің  одан  әрі  өмір  сүруіне  мүмкіндік  жасады.

Жоспарлаушы,  өнімді  бөлуші  және  бақылаушы  органдар  көбейген  үстіне  көбейе  түсті.  Бірақ  одан  экономика  жақсармады. Әкімшіл,  жоспарлы  экономика  ғылым  мен  техника  жаңалықтарының  өндіріске  енуіне  зиянын  тигізді. 

Сонымен,  КСРО  экономика  саласында  индустриялы  елдерден   барлық  көрсеткіштер  бойынша  артта  қалды:  ғылыми-техникалық  жаңалықтар,  өндірістің  тиімділігі,  өнімнің  сапасы, т.б.

Осы  көрсетілген және  басқа да  кемшіліктер КСРО-ның құлауына  әкелді.  Оның  құрамындағы 15  республика  өздерінің дербестігін жариялады,  оның  бірі – Қазақстан.

Нарықтық  қатынастың  өмірлілігін  және  жемістілігін  әлем  елдерінің  тәжірибесі  дәлелдеді.  Нарықтық  экономикаға  көшу  адамдардың  ынтасының  артуына  жол  ашты.  Ол  еңбекті  сүюге,  шығармашылдыққа,  бастаманың,  еңбек  өнімділігінің   артуына  жағдай  жасады.

Нарықтық  экономиканың  моделі (үлгісі).  Барлық  елдер,  шағын  елден  ұлы  елге  дейін,  өз  алдына  дербес,  стратегиялық  және  әлеуметтік-экономикалық  міндеттер  қояды.

Ол  тұрақты  экономикалық  даму:

-еңбекке  жарамды   адамдарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету;

-барлық  азаматтардың  тұрақты  өмір  деңгейін  сақтау,  әсіресе  материалдық жағынан аз  қамтамасыз  етілгендерді  қорғау;

-табысты  әділетті  бөлу;

-ақшаның  құнсыздануын  бақылау,  оның  тұрақтылығын  сақтау;

-өндірістің  жоғарғы  тиімділігіне  қол  жеткізу.

Халықаралық  сауданың  және  қаражаттық  қарым-қатынастың  ақылға  сыйымды теңдігін (балансын)  жақтау.

Экономиканың  стратегиялық  мақсатын  іске  асыру  деңгейі   дамыған  нарықтық  экономикасы  бар  елдерде  әр  түрлі,  әрқайсысы  өз  проблемаларын  әр  түрлі  жолмен  жұргізген.  Әрқайсысы  өз  елдерінің  экономикалық-әлеуметтік  дәрежелерін,  оның  ерекшеліктерін  ескерген.  Бұдан  экономикалық  жетістікке  жетудің,  нарықтық  экономиканы  қалыптастырудың  әр  елде  әр  түрлі  жолдары,  тәсілдері  болатынын  білеміз.  әр  елдің  өз  моделі,  үлгісі  болады.

Соған  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  да  нарықтық  экономикаға  өтудің,  оны  қалыптастырудың  өз  үлгісін  жасауы қажет болды. Бірде – бір  мемлекет нарықтық экономиканы бірден тәжірибеге  енгізе  отырып,  алдын  – ала оның  моделін – үлгісін  жасамайды. Әрқайсысы экономикалық мақсатқа  қол жеткізу үшін  өз бетінше жол салады,  оны жасап,  дамытуда  мына  факторларды басшылыққа  алады: табиғи  байлығы,  демографиялық,  географиялық,  әлуметтік жағдай,  саяси жүйе,  ұлттық  дәстүр  және  құндылық,  көрші  елдердің  әсері,  дүние  жүзінің  экономикасының  жағдайы,  т.б. 

Қазақстан да өзіндік  ерекшелігі  бар ел.  Сондықтан  да  оның  ұлттық  экономикасының  өз моделі  болу  керек,  оны  білу  өте  қажет.

Қазақстанның  табиғи  байлығы,  оның  жобасы  және  зерттелген шикізат  қоры бар. Қазақстанның  түсті,  сирек  металдар  мен  темір  рудасын  шығарудағы  КСРО  құрамындағы  үлесі:  алтынан 9, темір  рудасынан 10,  марганецтен  13,  бокситтен 22,  молибденне  29,  мыстан 31,  титаннан  40,  мырыштан  50,  вольфрамнан 53,  күмістен  55,  ураннан 56,қорғасынан  70,  бариттен 80, хромнан 80 пайыз.

Қазақстан  жерінде  мыстың  дүниежүзілік   қоры  10,  қорғасынның  19,  мырыштың  13, марганецтің,  хромит  рудасының  30  пайызы  Қазақстан  жерінде.  Бариттің,  вольфрамның  анықталған  қоры  дүниежүзілік  қордан  артық.

Қазақстанның  экономикасы  жоғары  дәрежеде  мемлекеттендірілген.  Мұнда  жоғары  дәрежедегі  өндіріс  аппараттары  қалыптасқан.  Экономика  саласында  базалық – негізгі  салалар,  ғылыми – техникалық  потенциалы  күшті  өнеркәсіп  кешендері  басым  еді.  Сонымен  қатар  арзан  жұмыс  қолы  жеткілікті  болды,  демографиялық  жағдай  да  қолайлы  еді. Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекет,  әрбір  ұлттың  өзіндік  құндылықтары  мен  дәстүрі  бар,  еңбек,  тұрмыс,  мәдениетті  дамытуда  стратегиялық  өмірлік  тәжірибесі  болды.Қазақстанның  экономикасына  басқа  елдердің  әсері  күшті  еді,  олармен  мемлекетаралық,  экономикалық,  саяси,  басқа  да   қатынаста  болды.  Бұл  бірінші  кезекте  Ресейге  қатысты.

Информация о работе Функция туралы