Бириккен улттар уйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.

Содержание

Кіріспе
Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
1.2. БҰҰ-ның құрылымы
1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері
Тарау ІІ. БҰҰ-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы.
2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысы
2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі.docx

— 107.24 Кб (Скачать документ)

7. Халықаралық әскери штабы: негізгі міндеті әскери комитетке ұсыныстар жасау болып табылады. Әскери  штабқа директор басшылық жасап, әскери комитеттің қабылдаған шешімдерін іс-жүзінде орындайды.

КСРО-ға қарсы бағыт ұстанған НАТО ұйымы  биполярлық жүйенің күйреуінен кейін  жаңа мақсат белгілеп қайта жанданады. Осыған орай НАТО жаңа мақсаты мен  стратегиясын бейнелейтін декларациялар  қабылдады:

-Лондон  декларациясы (1990 ж);

-Рим  декларациясы (1991 ж);

-Альянстың  жаңа стратегиялық концепциясы  (1991 ж);

-НАТО-ның  «Бейбітшілік үшін әріптестік»  атты жобасы (1994ж) /18/.

Аталмыш декларациялардың ішінен «Альянстың жаңа стратегиялық концепциясы» мен «Рим декларациясы» маңызды ролге  ие. Жаңа стратегиялық концепциясында НАТО биполярлық жүйенің күйреуінен кейін, дүниежүзіндегі мемлекеттер  арасында бейбітшілікті қамтамасыз ету, ғаламдық деңгейде саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында қызметін одан әрі  жалғастыратындығын бейнелеген. Бұл  мақсатқа жету үшін НАТо басшылары  басқа да елдермен қатынастарын «Диалог», «Ынтымақтастық», «Ұжымдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету» принциптеріне сай  орнататындығын мәлімдеді. Ал Рим декларациясында  болса, НАТО ең алдымен ЕҚЫҰ, еуропалық  одақ, Еуропа кеңесі және БҰҰ сияқты әлемде беделді ұйымдармен ынтымақтастыққа  іс атқаратын-дығын бекітті. Бұған  қоса НАТО 1991 жылы дүниежүзінде қалыптасқан  жаңа геосаяси ахуалға сай НАТО мүшелері мен ескі «варшава пактіне» мүше мемлекеттер  арасында «Солтүстік Атлант ынтымақтастық  кеңесін» құрған. Ал бұл кеңестің кеңейтілген  түрі 1994 жылы «Бейбітшілік үшін әріптестік»  бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаға Ресей, Австралия, Қазақстан, Әзірбайжан, Албания, Армения, Болгария, Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Чехия, Швейцария, Швейция, Эстония мемлекеттері қосылған. Бұл бағдарлама мына мақсаттарды ұстанады:

  • Бағдарламаға мүше елдермен НАТО арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту;
  • Бағдарлама шеңберіндегі елдерге әскери жабдықтарды заманға сайй технологиямен жабдықтауға көмектесу;
  • ЕҚЫҰ және БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған әскери операцияларға күштерге демократиялық бақылау орнату болып табылады.

1997 жылы  болса Еуро-Атлантикалық ынтымақтастық  кеңесі құрылды. Бұл кеңес «Бейбітшілік  үшін әріптестік» тұрғыдан кеңейтілген  түрі. Кеңестің ең басты мақсаты:

-саясат  және қауіпсіздік мәселелеріне  мүше елдер арасында кеңес  пен пікір алмасуға ықыласты  рай туғызу болып табылады.

Бұған қоса НАТО-ның биполярлық жүйенің күйреуінен кейін жаңа стратегиялық концепциясына  сай «Еуразия аймағына» қарай  кеңеюі саясатын ұстанады. «Еуразия аймағы»  халықаралық саясатта маңызды ролге  ие. Алып мемлекеттер бұл аймақта  өз ықпалын кеңейтпек. Себебі, көптеген геосаяси теоретиктердің де (Р.Челлен, А.Мэхен, Г.Макиндер, Дж. Фейргриф, К.Хаусховер, Н. Спайкмен, Г.Уайжерт т.б.) тұжырымдамала-рын ескеретін болсақ, «Еуразия аймағында» ықпалын кеңйеткен мемлекеттің дүниежүзіне өз үстемдігін орнататындығы мәлім. Осыған қатысты АҚШ-тың танымал геосаясатшысы Збигнев Бжезинский «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегінде АҚШ-тың Еуразия аймағына қатысты геостратегиялық тұжырымдамасын жасады. Збигнев Бжезинский өз тұжырымдамасында АҚШ басшыларына «Еура-зия аймағына» ірі мемлекеттердің мүдделерінің үйлестіруін және АҚШ-тың аймақтағы үстемдігін сақтап қалуын ұсынды. Осыған орай АҚШ-тың ықпалы басым НАТО ұйымы «еуразия аймағына» қатысты беделді мемлекет ретінде есептелінетін Ресеймен ынтымақтастықты тереңдетуді көздеді. 1997 жылы Ресей-НАТО өзара тұрақты кеңесі құрылды. Ресей-НАТО өзара тұрақты кеңестің басты мақсаты:

-НАТО  мен Ресей арасында қауіпсіздік,  ынтымақтастық және т.б. көптеген  салалар бойынша қатынастарды  нығайту болып табылады.

1991 жылы  Варшава Шарты Ұйымының таратылуы,  КСРО-ның ыдырауы АҚШ-тың көшбасшылық  ролін күшейтіп, еуропалық істерге  НАТО ықпалының өсу факторларын  қалыптастырды. КСРО-ның күйреуі  және Варшава Шарты Ұйымының  таратылуы-Еуропадағы стратегиялық  геосаяси тепе-теңдікті күрт бұзды.  НАТО блогы өзінің әскери техникасын  сақтай отырып, үстемдік  ұстанымын  алды. НАТО  ықпалының өсуі  Варшава  блогының бұрынғы  мүшелерінің  НАТО- ға  мүшелікке кіру  кезекте  тұрған  факторлармен  белгіленеді. 1997 жылы НАТО- ның мүшелері : Польша, Чехия, және Венгрия болды.  Ал  2001 жылы НАТО  қатарына –  Румыния, Болгария, Словакия, Словения, Латвия, Литвия, және Эстония кірді.

Дүние жүзіндегі  аймақтық- экономикалық  ықпалдастықтар.  Ықпалдастық (лат.)- қалпына келтіру , толтыру,  қандайда бір , бөліктерді, элементтерді тұтас  біріктіру  деген  мағананы білдіреді.( Экономикалық мағына) деп, ықпалдастық екі немесе оданды көп  мемлекеттердің  ұлттық шарашылықтарын  өзара икемдеу  және біріктірудің  экономикалық үрдісін айтады. Екінші дүниежүзілік  соғыс нәтижесінде , батыс еуропалық  елдердің ұстанымдардың  әлсіреуі, сондай-ақ  отарлық жүйенің  құлауы олардың  күштерінің  әскери- саяси және экономикалық  бірігуіне  қозғау салды. Экономикалық факторлар, батыс еуропалық монополиялардың  мүдделері, сонымен қатар АҚШ-тың  социалистік лагерьмен бәсекелестігі, Еуропаның  біріктіруші күштерінің  маңызды сәтін құрады /19/.

2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.

 

Еуропалық Одақ және БҰҰ. Еуразиялық экономикалық  қауымдастық (ЕурАзЭҚ) міндетті- біршама жоғары  деңгеидегі экономикалық  ықпалдастық , сауда-саттық үшін анық  ортақ нарықты қалыптастыру, инвестициялық ынтымақтастық бірлескен кәсіпкерлік бастамалар болып қала береді.

Біріңғай  экономикалық  бірлестірікті қалыптастыру  нәтижесінде тауарлар мен қызмет  көрсетудің  еркін ауыстырылуы  үшін  жағдай туғызды,  мемлекеттер  аз шығынмен  осы ұйымға  кіру жөнінде  келіссөздерді  үйлесімді  жүргізе алады. Аталмыш  ұйымдардың  маңызды міндеттері  ұлттық көлік  жүйесін дамыту , бірегей ғылыми-техникалық Байқоңыр кешенін бірлесіп пайдалану, Ресей құбыр жолдары арқылы мұнай  мен газды айдау және тасымалдау бірлескен жобаларын өмірге енгізу болып табылады.

Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымы және БҰҰ. 2003 жылы мамыр айында Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) бюджетін қалыптастыру және орналастыру тәртібі туралы келісімге қол қойылды, ШЫҰ хатшылығы туралы Ереже мен аймақтық лаңкесікке қарсы уақыт тәртібін (регламент) бекітілді. Шанхай ұйымының өзінің белгісі (символикасы), штаб-пәтері бар және бірінші атқару хатшысы етіп Чжан Дэгуан мырзаны сайлайды.

2004 жылы  Ташкентте өткен маусым саммитінде-есірткі  таратумен заңсыз айналысушылармен  күресу және ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойылды [24; 663-680].

2004 жылы  желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас  Ассамблеясы Шанхай ұйымын оның (БҰҰ-ның) қызметінің бірқатар  форматтарына қатысу құқығымен  бақылаушы ретінде тіркеді. ҚХР  төрағасы Ху Цзиньтао бірлескен  экономикалық жобаларды жүзеге  асыру үшін 900 млн доллар көлемінде  несие бөлуге дайын екендігі  туралы мәлімдеді /20/.

Дүниежүзілік банк тобы және БҰҰ. Дүниежүзілік банк тобыны 4 институт     кіреді:

-қайта  құру және халықаралық даму  банкі;

-халықаралық  қаржы корпорациясы;

-халықаралық  даму қауымдастығы;

-инвестициялық  кепілдіктер жөніндегі көп жақты  агенттік (ИКЖА).

Қайта құруға және халықаралық даму банкі (ҚХДБ)-бұл  БҰҰ-ны құруға маманданған мүше елдерге  қарыз беретін халықаралық несие  ұйымы.

Банк 1944 жылы құрылып, 1946 жылы операцияларға  кірісті. ҚХДБ-ге 180-ге жуық мемлекет кіреді. КСРО банк қызметіне қатыспаған, ал Ресей Федерациясы қатысады [25; 136-140].

ҚХДБ-ның  несие саясатын АҚШ және басқа  да дамыған капиталистік мемлекеттер  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе, Біріккен Ұлттар Ұйымының әр-түрлі мәселелерді  шешудегі ролін сипаттайық. Демографиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролі. Демографиялық мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ «Халықты  қоныстандыру  тұрғысында  іс- қимылдың  бүкіл дүниежүзілік жоспарын»  қабылдады, оны жүзеге  асыруға  географтар мен демографтар да қатысады. Сонымен бірге прогресшіл  күштер отбасын  жоспарлау бағдарламалары халықтың өсуін  жақсартуға ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан қарайды. Бірақ бір ғана  демографялық саясат  жеткіліксіз, Ол адамдардың  экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен  жалғасын табу тиіс.

Дүниежүзілік  мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында  әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды  бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда  болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші  өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм  енеді. Тұтас  алғанда, теңіз шаруашылығымен кем  дегенде 100 млн адам айналысады.

Бірақ мұнай  іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды мәселесін туғызып  отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының  біркелкі игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны  әскери белсенділік аренасы ретінде  паййдалануда жатыр. Міне, сондықтан  да теңіз құқығы бойынша 1982 ж қабылданған  «Теңіздер Хартиясы» аталатын БҰҰ  Конвенциясының өте зор маңызы бар. Ол жағалаудан бастап 200 теңіз мильдік  экономикалық аймақ белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде  биологиялық және минералдық ресурстарын  пайдалануда егеменді құқықтарын жүзеге асыра алады. Дүниежүзілік мұхитты  пайдалану проблемасын шешудің  негзгі жолы-барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге негізделген мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарын кешенді пайдалану болмақ.

Кедейшілікке  қарсы күрестегі БҰҰ-ның ролі. Көптеген  дамушы елдердің   кедейшілік жағдайы  аса ірі жалпы  адамзатық, жалпы дүниежүзілік мәселеге айналды. Сонау 1974 ж. БҰҰ 1984ж. бастап  дүние жүзінде бірде бір адам аш  қалпында ұйқыға жатпауын ескерген  бағдарлама қабылдады.

Міне, сол  себепті  дамушы елдердің артта қалушылығын  жеңіп шығу әлі де өте- мөте  өзекті міндет болып отыр.Оны шешудің  басты жолдары тұрмыс пен қызметтің барлық саласында  түбегейлі әлеуметтік- экономикалық қайта жаңғыртулар  жүргізуде,ғылыми- техникалық  прогрессті халықаралық  ынтымақты дамытуда, қарусыздандыру болмақ.

Тұрақты даму термині БҰҰ құжаттарында 80ж  ортасында пай да болды. БҰҰ-ның  Рио-де-Жанейрлда  өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі конфе-ренциясынан (1992ж) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның  пайдалануына кеңінен енді.Ресейді  қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды  тұрақты дамуға  бағдарлайтын Заңдар қабылдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Шреплер Х.А.Международные экономические организации. Справоч-ник. Москва: Международные отношения, 1999г, 456-470 стр
  2. Арынов Е.М., Трофимов А.Е. Международные экономические организации и экономические союзы. Алматы., 1996г, 198-202 стр
  3. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедиясы. /Бас редакторы Нысанбаев Ә. Алматы 2001 ж., 719-725 беттер
  4. Фельтхем Р. Настольная книга дипломата. Минск: Новое звание, 2001г., 298-301 стр
  5. Жарбосынова М. Ұлттар ұйымы және Қазақстан // Егемен Қазақстан, 2002ж., 17 қазан, №244., 21 бет
  6. Лаумулин М. Мировое правительство. //Континент, 2005г., 10-23 августа, №15., 16 бет
  7. Ломакин В.К. Мировая экономика. Учебник для вузов. М., ЮНИТИ, 1999, 735-761 стр.
  8. Исламов А.И. Лекции по истории международных отношений. Учебник. Шымкент, 170-200 стр
  9. Ташимбаев М.С. Расширение Европейского союза и его последствия для Европы// Саясат., 1999г., №1 ., с 38
  10. Лаумулин М. На пути к новый Европы// Континент.,2003г., №8., с 9-10
  11. Сахариев С.С. Әлем экономикасы. ІІ-Оқулық. Алматы: Дәнекер., 2003ж, 280-300 беттер
  12. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. Астана: Елорда, 2001г., 52-60 стр
  13. Жақып М. Еуропа кеңесінің кімнің сөзі өтімді. //Егемен Қазақстан., 2005ж, №110., 7 бет
  14. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире. Алматы: Жибек жолы, 2003г., 136-140 стр
  15. Қазақ-Совет Энциклопедиясы. 8-том., А: 1976ж., 663-680 беттер

16.Что есть  что в мировой политике. Словарь-справочник/под  ред примакова Е.М. Москва: Прогресс., 1987г., 478-480 стр

17.Гаджиев  К.С. Введение в геополитику.  Изд 2-е. Учебник для вузов.  М., 2001г., 432 стр

18.Нартов  Н.А. Геополитика. Учебник для  вузов. М: ЮНИТИ, 1999г., 359-365 стр

19.Лаумулин  М. Большие планы. //Континент., 2005 г., 16-29 ноября., №22., с 31

20.Байтісиев  Ә. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы. Алматы: Санат., 1998 ж, 192-205 беттер

21. Фельтхем  Р. Настольная книга дипломата.  Минск: Новое звание, 2001., стр 29-33

22. Бержеков В.М. Старницы  дипломатической истории.-4-е изд.М.1987., с 97

23.  Репникова  С.Л. ООН- в мировой политике. // Саясат. 2000.,№ 7., с 13-15

24. Қазақ-Совет Энциклопедиясы. 8-том., А: 1976ж., 663-680 беттер

Информация о работе Бириккен улттар уйымы