Бириккен улттар уйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.

Содержание

Кіріспе
Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
1.2. БҰҰ-ның құрылымы
1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері
Тарау ІІ. БҰҰ-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы.
2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысы
2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі.docx

— 107.24 Кб (Скачать документ)

Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ  26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымына 191 мемлекет мүше: АҚШ; Жапония, Ресей, Франция, ҚХР,  Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Алжир, Ангола, Андорра, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Ағаныстан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Белорусь, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Бруней-Даруссалим, Буркина-Фасо, Бурунди, Бутан, Вантуату, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Габон,Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау,Германия, Гондурас, Гренада, Грекия, Грузия, Дания, Джибути, Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Қазақстан, Камбоджа,Камерун, Комор аралдары, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық Демократиялық Республикасы, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан,  Ливия Араб Джамахириясы, Литва, Македония, Малави, Малайзия, Мали, Мальдивия аралдары, Мальта, Марокко, Маршал аралдары, Мексика, Микронезия Құрама Штататтары, Мозамбик, Молдова Ресйпубликасы, Монако, Монғолия, Мьянма, Номибия, Непал, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Пәкістан, Палау, Панама, Папуа- Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Корея Республикасы, Руана, Румыния, Сальвадор, Самос, Сан-Марино, Сан-Томе, Суринам, Сьерра-Леоне, Сербия және Черногория, Тәжікстан, Таиланд, Тимор Лешти, Танзания Біріккен Республикасы, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тували, Тунис, Түркменстан, Туркия, Уганда, Өзбекстан, Украина, Уругвай, Фиджи, Филиппин, Финляндия, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад, Чехия Республикасы, Чили, Швейция, Швейцария, Шри-Ланка, Эквадор, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Эстония, Эфиопия, Югославия, Оңтсүтік Африка Республикасы, Ямайка [5; 21].

БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі  ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке  елдерді «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік  пен қауіпсіздікті қамтамасыз  ету;

-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды  дипломатиялық тәсілдер арқылы  шешуге жәрдемдесу;

-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени т.б. ынтымақтастықты  дамыту болып табылады. Швейцария  БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды  мүше ретінде қабылданып, оған  дейін БҰҰ-да бақылаушы статусына  ие еді.

БҰҰ-ның штаб пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.

БҰҰ-ның құрылымы.

  1. Бас Ассамблея ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы қатысады. Ассамблея ұйымның жарғысы шегінде кез келген мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассамблеяда талқыланған шешімдер мәжіліске қатысқан елдердің 2/3 басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Бас Ассамблеяның төрағасы болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан (Швеция) бір ауыздан сайланды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблея шеңберінде қызмет атқаратын басты комитеттері:

    • Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты комитеті;
    • Экономика және қаржы мәселесіне байланысты комитеті;
    • Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелеріне байланысты комитеті;
    • Отаршылықты жою мәселелеріне байла-нысты комитеті;
    • Әкімшілік және бюджет мәселелеріне қатысты комитеті;
    • Құқық мәселелеріне қатысты комитеті.
  1. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24 бабына сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны қалпына келтіру үшін «Бас Ассамлеяға» ұсыныс жасайды. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі бар. Олар АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес қалған 10 мүше ел «Бас Ассамблея» тарапынан екі жылға ағылшын алфавиттік тізіміне қарай сайланады. Алайда, тұрақты мүшелердің бірі дауыс бермесе (вето) шешім қабылданбайды.

Биполярлық (екі полюсті) жүйе терминологиясы халықаралық қатынастар лексиконында 1945-1991 жылдары аралығында НАТО мен Варшава пактіне мүше елдері арасындағы суық соғысты (қырғи-қабақ соғыс) қамтитын дәуірге қолданылады. КСРО ыдырап, «Варшава пакті» өз күшін жоюына байланысты халықаралық деңгейде 1991 жылдан бері АҚШ-тың бастамасымен көп полярлы (көп полюсті) ғаламдық тәртіп орнатылды.

Кеңестің басты комитетері:

  • әскери штабтық комитеті;
  • жаңа мүшелер қабылдау жөнінде комитеті;
  • сарапшылар комитеті;
  • Намибия жөнінде арнайы комитеті.

Көптеген саясаттанушылар БҰҰ  Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік  үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық  деңгейдегі көптеген мәселелер осы  кеңесте талқыланады /8/.

Биполярлық (екі полюсті) жүйенің  күйреуінен кейін дүниежүзілік геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты Германия және Жапония  мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты  мүше елдер қатарына қосылуды тілге  тиек етуде.

Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19 пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.

Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік  кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия  т.б. сияқты елдер де тұрақты мүшелікке  ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты мүшелікке барлық күшімен  ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп  бара жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.

3.Бас хатшы және хатшылық.:ұйымының атқарушы  органы міндетін жүзеге асырып, оған қауіпсіздік кеңесінің ұсынысы бойынша «Бас Ассамблея»  тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалатын «Бас хатшы»басшылық етеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшыларының хатшылық мерзімдері

  Бас хатшылар                                                          Басқарған жылдары

Т. Ли                                                                               1946-1952 жылдар аралығы


 

Д. Хаммаршельд                                                             1953-1961 жылдар аралығы


 

У. Тан                                                                             1962-1971 жылдар аралығы


 

К. Вальдхайм                                                                  1972-1981 жылдар аралығы


 

Х. Перес де Куэльяр                                                      1982-1991 жылдар аралығы


 

Б. Бутрос Гали                                                                1992-1996 жылдар аралығы


 

Кофи Аннан                                                                    1997-2007 жылдар аралығы


 

Пан Ги Мун                                                                   2007 жылдан бері


 

Пан Ги Мун 

Бас хатшының негізгі міндеті БҰҰ  шеңберінде ұйымдастырылған конференцияларға қатысып, жыл сайын БҰҰ-ның әр түрлі саладағы қызметі туралы  Бас Ассамблеяда баяндама жасау  болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас хатшыларының хатшылық мерзімдері

Бас хатшылар

Мемлекеті

Жылдары

Т. Ли

Норвегия 

1946-1952

Д. Хаммаршельд

Швейция

1953-1961

У. Тан 

Бирма

1962-1971

К. Вальдхайм 

Австрия

1972-1981

Х. Перес 

де Куэльяр

Перу 

1982-1991

Б. Бутрос Гали

Египет 

1992-1996

Кофи Аннан

Гана 

1997-2007

Пан Ги Мун

Оңтүстік Корея

2007 жылдан бері


 

4.Халықаралық сот: басты міндеті мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешу және БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығару болып табылады.

Штаб пәтері: Гаагада орналасқан [6; 16].

5.Экономикалық және әлеуметтік кеңесі: мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет, экономика т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Бас Ассамбеля тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т.б. шешімдер мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте бір дауысқа ие.

Экономикалық және әлеуметтік кеңеске мүше елдер тізімі

Аймақтары

Мемлекеттер

Африка 

Бенин, Гвинея, Конго Демократиялық Республика-

сы, Кения, Конго, Маврикий, Мозамбик, Намибия,

Нигерия, Танзания Біріккен Республика-

сы Сенегал,Тунис,Чад, Оңтүстік Африка

Азия 

Бангладеш, Үндістан, Индонезия, ҚХР, Малайзия,

Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Корея Республика-сы,Сауд Арабиясы, Таиланд, Жапония

Шығыс Еуропа

Әзірбайжан, Албания, Армения, Литва, Польша,

Ресей Федерациясы

Латын Америкасы және Кариб жағалауы

Белиз, Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мекси-

ка, Никарагуа, Панама, Эквадор, Ямайка

Батыс Еуропа жә-не қалған аймақтағы елдер

Австралия, Бельгия, Германия, Грекия, Дания, Ирлан-

дия, Исландия, Италия, Канада, Ұлыбритания, Солтүс-

тік Ирландия, АҚШ, Түркия, Франция 


 

Жоғарыдағы елдердің ішінде мүшелік  мерзімдері 31 желтоқсан 2005 жылы аяқталатын елдер де бар. Осыған орай «Экономикалық  және әлеуметтік кеңеске» жаңа мүшелерді  сайлау үшін 17 қазан 2005 жылы Бас Ассамблеяның кезекті жиыны өтті. Бұл жиында мүше елдердің 2/3 дауысымен мына мемлекеттер 1 қаңтар 2006 жылдан бастап «Экономикалық  және әлеуметтік кеңесте» өз қызметтеріне кіріседі: Франция, Жапония, Туркия, Испания,Ангола, Австрия, Бенин, Куба, Чехия, Германия, Гвинея-Бисау, Гайана, Гаити, Мадагаскар, Мавритания, Парагвай, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка.

Кеңестің тұрақты комитеттері:

  • Үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі комиттері;
  • Қылмыстың алдын алу және онымен күрес жөніндегі комитеттері;
  • Табиғат ресурстары жөніндегі комитеті;
  • Дамыту мақсаттарындағы ғылым мен техника жөніндегі үкіметаралық комитеті.

6.Қамқорлық жөніндегі  кеңес: БҰҰ жарғысының 77 бабында белгіленген территория тұрғындарының экономика-лық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес.

Бұдан БҰҰ шеңберінде экономика, гуманитарлық, әлеуметтік салалары бойынша мамандандырылған арнайы мекемелер де бар. Бұл мекемелер БҰҰ құрамында жұмыс істейтін әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар болып есептелінеді /10/.

Демографиялық мәселелерді  шешудегі БҰҰ-ның ролі. Қазір Жер бетінде 6 млрд-тан астам адам өмір сүруде. 2025 жылға дейін адам саны 10 млрд-тан асып кетуі мүмкін. Көптеген зерттеушілердің пікірінше біздің ғаламшарымыз күнделікті 10 млрд адамды тамақтандыра алады екен. Бірақ қазір 6 млрд адамның 1 млрд-тан астамы аштықпен өмір сүруде.Демографиялық мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ «Халықты  қоныстандыру  тұрғысында  іс-қимылдың  бүкіл дүниежүзілік жоспарын»  қабылдады, оны жүзеге  асыруға  географтар мен демографтар да қатысады (1998 ж). Сонымен бірге БҰҰ «Отбасыны  жоспарлау бағдарламасын» (1995 ж) халықтың өсуіне ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан бағаланды. Бірақ бір ғана  демографиялық саясат  жеткіліксіз. Ол адамдардың  экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен  жалғасын табу тиіс [7; 735-761].

Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм  енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады [8; 170-200].

Информация о работе Бириккен улттар уйымы