Мұнаралық крандар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:56, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты көтергіш көлік машиналары туралы алған білімді қортындылау болып табылады. Олардың параметрлері, жұмыс процесстері, негізгі конструкциялық-эксплуатациялық сипаттамалары.
Курстық жұмыс кезінде студенттер көптеген арнайы оқулықтарды құжаттар мен нұсқауларды басшылыққа алады.

Содержание

Кіріспе………………………………………..………………………..... 4
2. Мұнаралық крандар…...…………………………………..……...……. 5
3. Жүк қармағыш құрылғылар.......... ...…………………….…………... 11
3.1 Ілмектер………………….…………..................................................... 11
3.2. Түйірлер………………………………………………….…………... 15
4. Ауыр және тартқыш құрылғылардың элементтері..….…………….. 16
4.1. Полиспасталар ……………………...………………….…………... 16
5. Жебенің ұшу механизмін есептеуге мысал ……...…...…….………. 20
6. Анықтамалық материал-дар…………….……………………....……. 29
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.....…………………………....….…. 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.doc

— 797.00 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

                                                                                         

 

   

бет.

 

Кіріспе………………………………………..……………………….....

4

2.

Мұнаралық крандар…...…………………………………..……...…….

5

3. 

Жүк қармағыш құрылғылар.......... ...…………………….…………...

11

3.1

Ілмектер………………….………….....................................................

11

3.2.

Түйірлер………………………………………………….…………...

15

4.

Ауыр және тартқыш құрылғылардың элементтері..….……………..

16

4.1.

Полиспасталар ……………………...………………….…………...

16

5.

Жебенің ұшу механизмін есептеуге мысал ……...…...…….……….

20

6.

Анықтамалық материалдар…………….……………………....…….

29

7.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.....…………………………....….….

34


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

Мемлекетіміздің экономикасын өркендетудің бағдарламасын жедел іске асыру, материалдық өндірістің барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі күрделі құрылыстың қарқыны мен саласына байланысты.

Бұл салада құрылысшы мамандығын даярлау  бағдарламасына көптеген өзгерістер енгізілген. Мысалы, «Құрылыс машиналарымен жабдықтары» пәнінің мазмұнына өзгерістер еңгізіліп, курстық жобаға көп көңіл аударылған. Ол студенттің дәрістен, практикалық сабақтардан, зертханалық жұмыстардан алған білімдерін ары қарай дамытып, аса күрделі инженерлі  тапсырмаларды өз бетімен шешу және диплом жұмыстарына даярлану үшін арналған.

 Курстық жұмыстың мақсаты көтергіш көлік машиналары туралы алған білімді қортындылау болып табылады. Олардың параметрлері, жұмыс процесстері, негізгі конструкциялық-эксплуатациялық сипаттамалары.

Курстық жұмыс кезінде  студенттер көптеген арнайы оқулықтарды құжаттар мен нұсқауларды басшылыққа алады.

Анықтамалық хаттың көлемі басылған мәтінмен  26 бет Times New Roman № 14 шрифтпен жазылады. Жолдың басы мен соңында рамкаға дейін - кемінде 5 мм. Жолдың үсті мен астында рамкаға дейін – кемінде 10 мм. Әрбір бөлімде нөмір болатын болса, бөлімдерді микробөлімдерге бөлуге болады. Жазбада келтірілген барлық формулалар толық ашылып олардың өлшемдері болуға тиіс.

Түсіндірме жазбаның соңында қолданылған әдебиеттердің тізімін құру керек.

Жазбаның алғашқы (титул) беті болуға тиіс және ол кафедра бекіткен үлгіге сай жасалуы тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Мұнаралық крандар

 

Жүк көтергіш машиналар  мен механизмдер жүктер мен адамдарды  вертикаль бағытта орын ауыстыру үшін және оларды бір нүктеден екінші нүктеге қою үшін қолданылады.

Үй, ауыл, гидротехникалық  құрылыстың  құрылысты-монтажды жұмыстарда мұнаралық крандар кеңінен қолданылады, олардың құрылысы құралмалы құрылысқа және технологиялық құрылғыға қажетті шарттар мен көлемді қамтамасыз етеді.

Машинаның жүк  көтергіштігі деп жұмыс істейтін максимальды массасын айтады, машина оны көтеруге есептелген. Бұл өлшем көтерілетін жүктің инерциялық және гравитациялық қасиетін сипаттайды, ол машина жұмыс жасап жатқан жердің  еркін түсу үдеуіне қарамайды және оның массасының өлшем бірлігі (кг, т). Массаға қарағанда ауырлық күші, жүктің жерге тартылыс күшін анықтайтын, жұмыс жасау орнындағы еркін түсу үдеуіне тәуелді және күш өлшемімен анықталады (Н, кН). Жүктің ауырлығы — бұл күш, ауырлық күшінің арқасында дененің  тіреуішке әсер етуі. Жерге қарағанда тіреуіш қозғалмайтын болса немесе дене бірқалыпты түзусызықты қозғалса, онда дене массасы ауырлық күшіне тең болады. Жылдамдықпен көтерген кезде дене массасы ауырлық күшінен үлкен болады.  Ауырлық  G ( Н) пен масса Q( кг) арасындағы байланыс келесі формуладан көрінеді G=gQ, мұңда g = 9,8 м/с2 — еркін түсу үдеуінің жылдамдығы. Жүк көтергіштіктің ішіне жүк қармағыш құрылғылардың массасы, қосалқы құрылғылар, жүк қармағышқа ілінетін денелер, ал жүк көтергіш машиналар, электромагниттілігімен, сонымен қатар өзінің массасымен сипатталынады. Жүк көтергіштік қасиеті қазіргі жүк көтергіш машиналарда өте үлкен аралықта— станоктарға детальдарды көтеруге және қоюға 50—100 кг құрылғылар бар, ауыр құрылғыларды монтаждау үшін жүк көтергіш машиналар кездеседі, жүкті ауыстыру массасы  800 т дейін.

Өздігінен жүретін  және мұнаралық крандардың   ауып кетпеуіне тұрақтылығы жүк моментімен мінезделеді, дене массасы жебе ұшуымен анықталады.

Негізгіге келесідей  параметрлер кіреді:

Жебенің ұшуы (м) —жебе айналуының вертикальды осьінен көтерілетін жүктің вертикальды осьіне дейінгі қашықтық;

Ілмектің көтерілу биіктігі (м)—кран жүретін рельстен оның ең биік көтерілуі;

Жүкті көтеру немесе түсіру жылдамдығы (м/мин)—уақыт аралығында жүктің вертикальды жол ұзындығы;

Кранның қозғалу жылдамдығы (м/мин)—уақыт аралығында кран өтетін жол ұзындығы;

Құрылысына  байланысты мұнаралық крандар басы айналатын және ауып кетуіне қарсы жүкпен  және мұнарасы айналатын платформамен бөлуге болады (рис. 2.1). Мұнаралы крандарды көтергіш және дөңгелекті жебемен айыруға болады (сур. 2.2).

 



 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сур. 2.1. Мұнаралық кран сұлбалары:

        а— айналатын; б — айналмайтын

 



Сур. 2.2. Жебе сұлбасы:

а – көтергіш; б – дөңгелекті.

 

 

Механизмнің барына байланысты мұнаралық крандарды өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін деп екіге бөледі, соңғысы қойылатын және ауыстырылатынымен жұмыс жасайды.

Мұнаралық крандардың негізгі бөліктері 2.3 суреттегідей болып табылады: жүргіш құрылғы 2, мұнара 9, тіректі-айналатын құрылғы 3, жебе 7, жүк лебедкасы 10, жүкті полиспаста 12, жебелік полиспаста 6, жебелік лебедка 5, қозғалу механизмі 1, айналғыш платформа 4, бұрылу механизмі 11 және басқару кабинасы 8.

Крандар жүк  көтергішті өсірмейтіндігімен, жүк обоймасын көтеру биіктігімен және кранның қозғалуымен қамтылған.



 

Сур. 2.3. Трубкалы мұнаралы кран.

 

Кранның жүру құрылғысы арбадан, тірек блоктарынан, рамалардан, жүретін дөңгелектерден және қозғалу механизмдерінен тұрады. Мұнаралық кранның тірек бөлшектерінің құрылымына қарап келесідей жүргіш құрылғылар схемасы қолданылады: а) механизм тірек рамасына бекітілген (айналу әр түрлі рельсте орналасқан  екі алғы немесе артқы дөңгелектерге беріледі); б) механизм тірек балоктарының порталына бекітілген (айналу бір рельсте жатқан дөңгелектерге беріледі); в) механизм арнайы балансирлі арбада бекітілген (айналу арбаның бір немесе екі дөңгелегіне беріледі). Жүргізуші арбасы бір немесе екі рельсте орналасады.

Мұнаралық крандардың көпшілігі жүргіш құрылғысына ие, бұлардың тірек рамалары бұрылу кронштейналармен қамтылған, бұл кранның  қисық сызықты аз радиуста жүруі үшін (7—12 м) қолданылады. Бұл жағдайда қозғалу механизмдерін жүргіш арбалармен қамтамасыздандырады (сур. 2.4).

Электрлі двигатель айналып 4 құртты редуктор арқылы 3 және тісті беріліс арқылы 1 жүргіш дөңгелектерге беріледі 2. Екі-колодкалы электромагнитті тежеудің тежеулік шкиві қосқыш муфта болып табылады. Кран  жүргіш құрылғының тірек рамасы созғыш кронштейндар (флюгерлер) арқылы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сур.2.4. Дөңгелек негізде айналатын құрылғы:

 

арбаның жүргіш дөңгелектеріне тіреледі. Флюгер тірек рамасымен ось арқылы қосылған, ал жүргіш арбамен шквор қосылған. Кран айналмалы бөлікте жүру кезінде 4 кронштейннің ішінен екеуі осьтарда еркін айналады, ал екеуі бекітілген болады. Жүргіш арбалар, кронштейндар тірек жасайтын, соңғыларға қатысты айналады және кранды кронштейналармен бірге жүрісті жібереді.

Мұнаралық кранның  тіреуіш бөлігі өзіне барлық жүкті  алады және оларды жүргіш дөңгелектер арқылы рельс жолдарына береді. Бір крандарда ол тіреуіш рама түрінде жасалса, басқаларда үшбұрыш көлемінде кездеседі.

Кранның мұнарасын бұрышты профиль болаттан жасайды. Ережеге сәйкес, мұнара қиылысуында төртбұрыш көлеміне ие. Кейде кран мұнарасы  трубкалы колонна ұзындығы бойынша ауыспалы қиылысумен болады.

Айналмайтын мұнаралы кранның тіректі-айналғыш құрылғысы айналғыш головка және головкалы түрінде жасайды, ол мұнараның ішінде орналасқан. Айналатын мұнаралы және платформалы крандарда тіректі-айналғыш шарикті дөңгелек болады, платформа мен жүргіш рама арасында орналасқан, жебелі мұнараның жүргіш бөлікке қатысты айналуына мүмкіндік береді (сур. 2.4).

 

 

 

Сур. 2.5. Редукторлы механизм айналуының кинематикалық сұлбасы:

а — планетарлы; б — үшбаспалдақты тісті.

 

2.5 суретте кранның КБ түріне айналу механизмының кинематикалық сұлбасы көрсетілген. Бір крандарда редуктордың цилиндрлі тісті беріліс қолданылады, басқаларда — жергілікті берілісті редуктор қолданылады. Екеуінде де механизм құрылысына вертикаль орналасқан двигатель 3, тежеуіштер 4 және редукторлар 2 қолданылады. Редуктордың шығу білігінде  беріліс шестернясы орналасқан 1, тіректі-айналғыш дөңгелектің жылжымайтын тісімен әр уақытта тіркелінеді.

Айналу механизмның  двигательін қосу кезінде шестерня тісті венецті айналып өтіп, өзінің артынан айналғыш платформаны алып кетеді.

Жүк көтергіш механизм және жебенің орнын ауыстыру механизмі электрлі беріліс лебедкасын келтіреді (сур. 2.6). Двигательде айналып 3 қосқыш муфта арқылы 2 редуктордың кіру білігіне беріледі. Осы білікте немесе двигатель білігінде екі колодкалы электромагнитті тежеу шкиві орнатылған 1. Кіру білігінде барабан орналасқан 4. Барабан осьін ұстап тұру үшін тірек 5 және жүкті лебедка құрылымында тежеу генераторы 6 бар.

Генератор білігіндегі айналу моменті жылжымайтын магнит пен токтын әсерінен пайда болады, айналудағы ротор денесіне беріледі. Генератор, электродвигательге қажетті қосалқы жүкті туғызады,

 

Сур. 2.6. Лебедканың кинематикалық сұлбасы:

а — жебелік; б – жүктік

 

тұрақты токпен қоректенетін айналдыру арқылы қосылады. Электродвигатель мен генератор бірге жұмыс жасағанда білікте екі момент жұмыс жасайды: біреуі двигатель мінездемесіне, келесісі — генератор мінездемесіне сәйкес келеді. Электродвигательдің гненратормен бірге немесе бөлек жұмыс жасауынан қажетті жылдамдық диапазонын алуға болады.

Кейбір крандарда бірнеше  жылдамдықты алатын электрлі лебедка басқармасында электрлі гидроитергіш жүзеге асады.

Мұнаралық крандарды кабинадан басқарады, мұнарасы айналмайтын крандарда ортаңғы немесе жоғарғы бөлігінде мұнара ішінде орналасады. Кейбір крандарда механизмдерді басқару қоныс аударатын пульт арқылы қаралған.

Басқару пультінің  әр түрлі құрылымын қолдану машинистті монтаж жасалып жатқан жерге максимальды  жақындатуға мүмкіндік береді және құрылып жатқан ғимараттардың бөлшектері мен құрылыс-монтажды жұмыстардың бағасын  жақсартуға мүмкіндік береді. Бір крандарда шығарылатын басқару пульті болса кабина құрылғыларымен болмайды, басқаларда басқару кабинадан әлде пульттен жүзеге асырылады.

Жүк көтергіш машиналарының әр түрлі басқару  жүйелері белгілі, бұлардың үшінен ең қызықтысы радио арқылы кранды програмды-дистанционды басқару. Бұл жағдайда бөлшектерді қоймадан ғимаратқа апару адрестеу жүиесі мен двигательдерді програмды басқару арқылы автоматты түрде жүреді, жай жылдамдықта дәл орналастыру радио арқылы жүргізіледі.

Краншының орнына екі оператор ауысып жұмыс жасайды. Әр қайсысы төстелі пультке ие. Кранды басқару олардың негізгі жұмыстарына кедергі келтірмейді. Себебі олар бөлшек жатқан жерге жақын тұрады,жұмыс жасау кезінде сигнал беруші жұмысқа араласпайды.

 

 

3. Жүк қармағыш құрылғылар

3.1. Ілмектер

Жүк көтергіш машиналардың шығарылуы көп болған сайын, жүк қармағыш құрылғылардың құрылысы жаңарады және лоардың жұмыстары автоматты бола түседі. Ең көп шығарылым максимальды жүк қармаумен және минимальды уақыт жіберу арқылы жүзеге асады  . Практика көрсетеді, жүкті қармау уақыты жалпы циклдың 60% алады. Жүк қармағыш құрылғыны таңдау кезінде оның макимальды автоматты жұмыс жасауына қарау керек. Көбіне бұлардан бір операцияны автоматтандырады — жүкті босату.




 

Сур. 3.1. Жүктік ілмектер:

а, б — штампалы; в, г — пластинкалы

 

Жүк қармағыш құрылғыларға келесідей міндеттерді  талап етеді: жүкке және жұмысқа сай келу; мықтылығы мен сенімнің техникалық қауіпсіздігіне сай болуы; максимальды автоматтануы; жүктің қауіпсіздігі; минимальды масса мен үлкен размері және биіктігі; қолдану ыңғайлылығы.

Информация о работе Мұнаралық крандар