БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 10:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беріп, жіктеу;
- әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселесіндегі тәжірибесін зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .74-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

Cыбайлас жемқорлық.docx

— 248.29 Кб (Скачать документ)

1985 жылы  Канадада «Әдеп ережелері» атты кодекс қабылданды. Кодекс парақорлықты - Конституцияны бұзу және мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіреді. Параны алған адам да, оны берген адам да қылмыстық жазалауға жатады. Осы ереженің басты мақсаты - «қоғамның мемлекеттік аппаратқа және оның қызметкерлеріне деген сенімді арттыру». 85

Осы кодекс 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы тәртіп негіздері жазылған. Мемлекеттік қызметкер осы қалыптан басқа тәртіп заңының талаптарын, өз мемлекетінің заңын және адам мен азаматтың құқық жөніндегі халықаралық-құқықтық актілерді сақтау тиіс, өздерінің қызметтік функцияларын атқарған кезде қоғамның өкілетке деген адалдығын, әділеттігін, объективтілігіне деген сенімін күшейтуге және сақтауға тиіс. Кәсіптік, жеке іс болмасын қоғамда оның заңдылығына деген елес күмәнін туғызуға тиіс емес. Бірақ осыған жету заңның қатал қадағалауы ғана жеткіліксіз. Мемлекеттік қызметке орналасқан кезде қызметкерлер «мүдде шиелінісі» пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін өздерінің жеке істерін қайта құруға тиіс. Егер ол туындаған жағдайда, оны қоғам мүддесіне қарай шешу керек. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік меншікті басқа бір мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған. Кодекстің екінші бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті қызметіне қатысты нақты талаптар жазылған. Мақсаты - «мүдде шиеленісін» болдырмау және мемлекеттік қызметкер қызметке тағайындалғаннан кейін 60 күннің ішінде уәкілетті лауазымды адамға өз мүлкі жөнінде құпия баяндама беруі. Бұл тәртіпті қылмыстық, конституциялық және әкімшілік нормалармен реттелінеді. Кодекстің үшінші бөлімінде мемелекеттік қызметті тастағаннан кейін қызметкердің тәртібіндегі талаптар, оның мақсаты-мемлекеттік қызметте «мүдде шиелінісінің» нақты, әлеуметті мүмкіндіктерін азға жеткізу, мемлекеттік емес ұйымның атынан жұмыстан кеткеннен кейін өкілетті мекемелерге кіру мүмкіндігін, мемлекеттік қызметті тастағаннан кейін жұмыс іздеуге өзінің қызметін әділетсіз түрде пайдалану. Осы айтылған мақсаттарының бәрін мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтен тыс жұмысқа орналасуға және іздеуге құқықсыз. Кодекстің үшінші бөліміндегі талаптарын орындамаған мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға ұшырайды. Кодекстің төртінші бөлімінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, «мүдде шиеленісі» жөніндегі ережелерді қадағалау құқықтарын бекітеді.

АҚШ пен Канададағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:

1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою. 2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу. 3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою. 86

Қорыта айтқанда, АҚШ мен Канада заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану.87 Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.

    1. Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы

 

Сыбайлас  жемқорлық - қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі - ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Ол бүкіл әлемдік мәселе, соның ішінде Сингапур – Азиядағы сыбайлас жемқорлық құбылысы мардымсыз елдердің бірі.88 Ол Швейцария мен Австралиядан кейінгі 3 орында деп жарияланған. Арнаулы зерттеулерге жүгінсек, ол 12 Азия мемлекеттерінің ішінде ең аз сыбайласқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық елдердің заңнамаларында қарастырылған, бірақ Сингапур үкіметі сияқты жүйелі, әрі қатаң заң талаптары - біраз елдерде ғана бар. 89 Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңдандырады. 1960 жылдан бастап мемлекет көшбасшылары бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты бағдарламаны жүзеге асырды.90

Сыбайлас жемқорлық әрекетке қызығу себептерінің азаюы. 1959 жылы Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. 91 Есесіне олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған қылмыс үшін жазаны қатайта түсті. Экспремьер-министр Ли Куан Ю 1985 жылы 22 наурызда өткен парламентте жариялағандай, мемлекеттегі басшы қызметкерлер мен саяси көшбасшылардың жалақысын көтеру салдарынан – жемқорлықтың туындауына себеп болатын стимулдарды жояды. Себебі, оларға қажетті мөлшерде еңбекақы төленбесе, оларды жемқорлық әрекеттер нәтижесі қызықтырып, өз арнасына тартып әкетуі мүмкін. Осыған орай, Сингапур мемлекетінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы 1973,1979,1982,1989 және 1994 жылдары біршама деңгейге көтерілді. Сонымен Сингапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы күрес 1960 жылдан бастап оң нәтижесін бере бастады: 1) жемқорлық әрекеттердің бой алуына кедергі болатын мүмкіндіктерді РОСА мен СРІВ-тің күрес тәсілдерін бірлесе қолдану арқылы қол жеткізді. 2) Саяси көшбасшылар мен басты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын жоғарыда айтылған әрекеттерге бару мүмкіндіктерін азайту мақсатында кезең – кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді.92 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. 93Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал. Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде тақатса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады. 94

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Бұған мықты саяси қаржылық<span class="Normal__Char" style=" font-size:


Информация о работе БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері