Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2014 в 09:33, курсовая работа
Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқару ерекшелігі мектептегі оқушылар санының аздығымен анықталады. Бұл мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының, сыныптан тыс және мектпетен тыс жұмысты ұйымдастырушы, шаруашылық бөлімі бойынша директор көмекшісін, кітапханашының болуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан барлық ұйымдастырушының жұмысты педагогикалық ұжымды басқарушы – директор жалғыз өзі атқарады. Мектептегі педагогикалық процесті үздіксіз жетілдіру бойынша үлкен жұмысты ол өзінің педагогикалық (оқу, тәрбиелік, әдістемелік) жұмысымен, мектеп үшін жөндеу бойынша шаруашылық жұмыспен, жихазбен, оқу-көрнекілік әдебиеттермен мектепті қамтамасыз ету жұмыстарымен бірге жүргізуіне тура келеді.