Мектеп басшыларының жетекшілік қызметінің ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2014 в 09:33, курсовая работа

Краткое описание

Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқару ерекшелігі мектептегі оқушылар санының аздығымен анықталады. Бұл мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының, сыныптан тыс және мектпетен тыс жұмысты ұйымдастырушы, шаруашылық бөлімі бойынша директор көмекшісін, кітапханашының болуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан барлық ұйымдастырушының жұмысты педагогикалық ұжымды басқарушы – директор жалғыз өзі атқарады. Мектептегі педагогикалық процесті үздіксіз жетілдіру бойынша үлкен жұмысты ол өзінің педагогикалық (оқу, тәрбиелік, әдістемелік) жұмысымен, мектеп үшін жөндеу бойынша шаруашылық жұмыспен, жихазбен, оқу-көрнекілік әдебиеттермен мектепті қамтамасыз ету жұмыстарымен бірге жүргізуіне тура келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ta_yryp_8.doc

— 31.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып 8. Мектеп басшыларының жетекшілік қызметінің ерекшелігі

 

Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқару ерекшелігі мектептегі оқушылар санының аздығымен анықталады. Бұл мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының, сыныптан тыс және мектпетен тыс жұмысты ұйымдастырушы, шаруашылық бөлімі бойынша директор көмекшісін, кітапханашының болуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан барлық ұйымдастырушының жұмысты педагогикалық ұжымды басқарушы – директор жалғыз өзі атқарады. Мектептегі педагогикалық процесті үздіксіз жетілдіру бойынша үлкен жұмысты ол өзінің педагогикалық (оқу, тәрбиелік, әдістемелік) жұмысымен, мектеп үшін жөндеу бойынша шаруашылық жұмыспен, жихазбен, оқу-көрнекілік әдебиеттермен мектепті қамтамасыз ету жұмыстарымен бірге жүргізуіне тура келеді.

Мұғалім ретінде олар сабақ, факультатив, пәндәк үйірмелер жүргізеді, мектеп территориясын, мектеп үйін жөндеп, гүлдендіреді. Сондай-ақ директор міндетіне әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқушылардың мектеп интернатында тұруын ұйымдастыру, кіреді.

Бастауыш шағын комплектілі мектеп бірден 4 міндет біріктіріледі. Директор, директор орынбасары, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, бастауыш сынып-кешен мұғалімі. Яғни бастауыш мектеп қызметін басқару жұмысының барлығын бір ғана директор атқарады, бұл: сабақты ұйымдастырып өткізу, тәрбие жұмысы, материалдық қорды нығайту, ауыл тұрғындарымен мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізу т.б.

Алдыңғы қатарлы шағын комплектілі мектеп тәжірибесін зерттеу мектепішілік басқаруды нәтижелі ұйымдастыру үшін директор бұл жұмыстарды педагогикалық ұжым мүшелерінің арқасына міндеттеп тапсыруы керек екендігін көрсетті.   Мысалы, тіл және әдебиет мұғалімі оқушылардың мектеп кітапханасының жұмысына жауап береді, биология мұғалімі оқушылардың өндірістік бригада, топтың құрылуын  ұйымдастырады, физика мұғалімі – оқытудың техникалық құралдарының жағдайына жауап берсе, еңбек мұғалімі – қауіпсіздік техникасының ережелері мен нормаларының сақталуын қадағалайды.

Басқарушылық міндеттердің бастыларының бірі мектеп мұғалімдерінің оқу жүктемелерін дұрыс бөлу болып табылады. Шағын кешенділіктің салдарының бірі мұғалімдер жұмысының көппәнділігі екендігі белгілі бір ғылыми негізі жоқ, алайда гуманитарлы, жаратылыстану пәндер циклы  мазмұны бойынша байланысты, олардың оқыту әдістері бойынша ортақтастықтары бар.  Осы пәндер циклын нәтижелі бірге жүргізуге болар еді, бірақ тәжірибе бұл мәселедегі кездейсоқтықты көрсетіп отыр. 2001 ж. Республика бойынша шағын комплектілі мектеп мұғалімдерінің 1785-і тек орта білімді ғана. Көпшілігінде олар кешегі мектеп бітірушілер боп келеді.

Шағын комплектілі мектеп проблемасының ішінде зерттеушілер «педагогикалық» және «әлеуметтік жалғыздықты» атайды. Толық кешенді мектептерде әдітемелік жұмыстың негізгі формасы методикалық бірлестік болып табылады. Ол бір пәнді жүргізетін 3 және одан да көп мұғалімдер берген жағдайда құрылады. Мұндай әдістемелік бірлестіктер үлкен мектептерде әрбір мектеп пәні бойынша құрылады. Тек ән-күй, бейнелеу өнерінен эстетикалық цикл бойынша ортақ бір әдістемелік цикл құрылады.  Ал шағын комплектілі мектепте мұғалім мектептегі пән бойынша жалғыз маман болғандықтан оқу-тәрбие үрдісін өзінде бар психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибесінің негізінде ұйымдастырады. Оның әріптестерінен тәжірибе алмастыруға, өз ой-пікір, тәжірибесімен бөлісуіне мүмкіндігі болмайды. Ал қажетті консультациялық көмекті аудандық әдістемелік кабинеттен алу көбінесе аудан орталығының шалғайлығынан (мүмкін болмайды) қиын. Сондай-ақ мұғалімнің қазіргі жаңа психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді сонау түкпірдегі ауылда табу қиын. Сонымен, шағын комплектілі мектептің барлық түрлерінде, әсіресе аз санды мектепте мұғалімдердіғ біліктілігін үздіксіз арттыруды басқаруда шұғыл шаралар қолдану керек. Мысалы төмендегідей құрылымдағы әдістемелік жұмыс ұйымдастыруға болады.

 

 


Информация о работе Мектеп басшыларының жетекшілік қызметінің ерекшелігі