Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 04:48, научная работа

Краткое описание

Жеке тұлға ұғымы тереңнен тамыр алады. Бұл сөзді айғақтаушы біздің заманымыздан неше мың жыл бұрын өмір сүрген грек ойшылдары Платон, Аристотель сынды ғалымдардың тұлға мәселесін өз еңбектерінің негізгі мәселесі етуі. Бертін келе бұл мәселені американдық психолог Э.Торндайк та зерттеген. Сол сияқты Э. Роттердамский,
Я. А. Коменский, К. А. Гельвецкий, Д. Дидро, К. Д. Ушинский,
А.С. Макаренко, Л.И. Божовичтар еді. Ал еліміздегі тұлға мәселесі жайын сөз еткенде ең алдымен зерттеушілер арасынан қомақты жұмыс атқарып жатқан жетекшілік етуші Ж. И. Намазбаева және оның шәкірттері, яғни Л. О. Сәрсенбаева, Р. Ш. Сабірова, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова, Г. Т. Бекмұратова және тағы басқалардың ғылыми зерттеу еңбектері бүгінгі таңда белсенді түрде дамуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

referat-kz-jeke-tulga.doc

— 207.50 Кб (Скачать документ)

               

             

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

                          ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

             

              Қазіргі кезде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі оқулықтар сын тұрғысынан талданып, бұл мәселені педагогикалық, психологиялық үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім тәрбиелік дәстүріне, өнері мен мәдени мұрасына негіздеу жұмыстары қолға алынды.

              Мысалы: «қазақ мактептері мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында балаларға ұлттық өнер туындыларының мазмұны арқыла халық мәдениетінің бай мұрасын игеруді көздеген құжаттар дүниеге келді және бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. – Алматы. – 1990 – 52 – 52б)

              М. Мұқановтың психологиялық зерттеулерінде «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу баланың ең кіші жасынан басталуы қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда көркемөнерге талғампаздықты тәрбиелеу неғұрлым баланың баланың кіші жасынан басталса, соғұрлым оның сезімталдығы жоғары дәрежеде қалыптасатын болады. Себебі, нәрсенің әдемілігі, соның ішінде көркемөнер істерінің әсемдігі баланың табиғатына жақын келеді. Мұны И. И. Павлов сөзімен айтқанда, көркемөнер ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т. б. баланың бірінші сигналы системасына әсер етіп, оның өмірінде ұмытылмайтын әсер қалдырады. Соның нәтижесінде бала жас кезінен – ақ әсерленгіш, әр нәрсені есіне сақтағыш келеді» - деп тұжырым жасаған. (Мұқанов М. М Педагогикалық психология очеріктері. Алматы. 1962. 221 – 54б)

              Ежелгі дәуірден – ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежедебірін – бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені тануға, білуге қызымет етсе, өнер айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиеттеріне баулаған. Адам айналаны, бүкіл дүнйені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін тауып, өз рухани дүниесін көркейткен. Сол себепті өнрде адам бойында қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік сияқтысан алуан асылқасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек. Сөйтіп, өнерадамның жанын, оның рухани байлығын арттырып, ойын тазартып, мақсатына жетелейді, яғни ббиік тұлғаны қалыптастырады.

              Көркемөнер мен шығармашылыққа  анағұрлым жақынырақ келетіні  – педагогика, психология, тарих,  әлеуметтану, этнография және  т. б. ғылымдар. / Дюрер А. Дневники, письма, трактаты т 1. Москва: Искуство 1657, 86 – 89/

              А. Н. Лук өз еңбегінде адамның шығармашылық дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен ол шығармашылық ойлауға байланысты дейді. /Лук А. Н. Психология творчества. Москва: Наука, 1928. 284 – 23 б/.  Ол  шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

              Нерв жүйесін (ақпаратты) код  арқылы жіберу;

              Тасымалдай білу;

              Ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

              Іс - әрекетті бағалауды айтады.

Сондай – ақ, ғылым шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш жалқайлық. өзін өзі бағалау сияқты психологиялық кедергілерден тұратын қарама – қайшылықтармен күресу қажет екенін айтады.

               Өнердің адамға әсер ету күші, көбіне, адамның оны қаншалықты терең сезініп, түсіне алатындығына байланысты. Мұндай қабілетті қалыптастыру - өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудың міндетті шарты. А. К. Василевский: «Өнерге деген қажеттілік адамның ішкі рухани мұқтаждықтарының бір бөлігі ғана, бұл бүгінгіге байланыста және және ол адамға тікелей әсер етеді» - деп жазды.                                         

                 

             

    

             

             




Информация о работе Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері