Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 04:48, научная работа

Краткое описание

Жеке тұлға ұғымы тереңнен тамыр алады. Бұл сөзді айғақтаушы біздің заманымыздан неше мың жыл бұрын өмір сүрген грек ойшылдары Платон, Аристотель сынды ғалымдардың тұлға мәселесін өз еңбектерінің негізгі мәселесі етуі. Бертін келе бұл мәселені американдық психолог Э.Торндайк та зерттеген. Сол сияқты Э. Роттердамский,
Я. А. Коменский, К. А. Гельвецкий, Д. Дидро, К. Д. Ушинский,
А.С. Макаренко, Л.И. Божовичтар еді. Ал еліміздегі тұлға мәселесі жайын сөз еткенде ең алдымен зерттеушілер арасынан қомақты жұмыс атқарып жатқан жетекшілік етуші Ж. И. Намазбаева және оның шәкірттері, яғни Л. О. Сәрсенбаева, Р. Ш. Сабірова, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова, Г. Т. Бекмұратова және тағы басқалардың ғылыми зерттеу еңбектері бүгінгі таңда белсенді түрде дамуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

referat-kz-jeke-tulga.doc

— 207.50 Кб (Скачать документ)

              7. Әсіресе «жүн кәсібі» саласының қоршаған ортамен, ұлттық салт – дәстүрмен бірлікте дамитындығын дәлелдеу басты назарда болуы қажет. Осы ұсынылған іс- шараларды одан әрі дамытып, аталмыш мәселені шешудің оңтайлы жолы қандай? Қолөнер мәселесін ұлт болып шешу мүмкін бе? Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан  үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек,  ескі дүниемен қазіргі  жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін:                 Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.

 

 

             «Өсер халықтың қанаты - оның өнері» - дейді халық даналығында. Халқымыздың болашағын ойлайтын, туған елдің өркениетті мәдениетін дамытуға үлес қосатын азамат тәрбиелеуде сан алуан өнер түрлерінің тәлім – тәрбиелік ықпалы зор. Жас жеткіншектердің рухани дамуына зор әсер ететін өнердің барлық тәрбиелік мүмкіндіктерін жүйелі пайдалана отырып, оларға өнер туындылары арқылы туған халқының эстетикалық дүниетанымын, жарасымды дәстүрін меңгерту – маңызды мәселе.

              «Өнер ағып жатқан бұлақ» демекші  өнер сан - салалы болып келеді. Жоғарыда айтылып өткендей өнердің қомақты бөлігінің бірі – қолөнер. Қолөнер деп – халық тұрмысында жиі пайдаланатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Халық қолөнеріне әдет – ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал – жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш – кереует, кілем, сырмақ, алаша, түрлі бау – басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, илеулі теріден, таспа тіліп, ыдыс – аяқ, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түр нақыштармен әшекейлейтін болды.(2)

              Қазақ қолөнері жайлы арнайы басылған бірнеше оқулықтар бар. Солардың ішінде көлемді әрі көркем жазылған,  А. Тәжімұратовтың «Қолөнер шеберлігі – жалпы халықтық қазына» атты өнертану – этнографиялық сипаттағы алғашқы кітаптардың бірі ретінде қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне терең ғылыми талдаулар жасалады. Бұл кітаптың көрнекіліктері жақсы безендірілген және ұлттық ою - өрнек жайлы көптеген мәліметтер алуға болады.

              Қазақ қолөнерінің де басқа ұлттардың аталмыш өнері сияқты өзіне тән өсу жолы, даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне заманнан басталады. Алғашқы адамдар қаймағы бұзылмаған таза табиғатты көргенмен, оған басқа қайрат қыла алмаса, бертін келе бейнелеу өнері дүниеге келді. Қай өнерді алып қарамайық, олардың алғашқы бастаулары бұлдыр замандарда, адамзат алғаш қалыптасатын кезеңдерде жатыр. әлі күнге ескере бермейтін бірақ толассыз өнер деп бағалауға болар құбылыстардың да арғы тарихы бар. Қазақ халқының қолөнерінде көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жтқан бай қазына.(3)                                                                                                        

              .

              Халық қолөнеріндегі мүліктердің  бір тобы – үй іші мүліктері  болса, екінші тобы – қайыс өру, қару – жарақ, көшу – қону, жол – жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданады. Қолөнер бұйымдарын жасау үшін шеберлер материалды табиғаттан алды. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып оның өнімдерін өңдеді. Мәселен: жүннен бау – шу, арқан – жіп, киім – кешек, аяққап, киіз үйдің киізін, түрлі  бауларын, төсеніштері сияқты ең қажетті мүліктер дайындаған. Теріден саба, торсық сияқты ыдыстар, ең алдымен аяқ киім, белбеу істелінді. Малдың тек жүнін емес, сонымен қатар терісін, мүйізін, сүйегін де іске жаратып отырған.(3)  

              Қазақ халқының өте дарынды, шебер халық екеін олардың қойдың жүнін қажеттеріне қолдана білуінен –ақ көруге болады . Жүннен жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тарағаны кйіз. Киіз басу сонау Геродот заманынан белгілі. Ноин – улин мен Пазырык қорғандарынан қазылып алынған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар табылған. Киіз басу өндірісі өзінің өсу шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен. Киіз – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киізден сырт киім, байпақ тіккен, оны тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасау жиһаздарын, өзге де тұрмыс тіршілікке қажет заттарды тігуге де қолданған. Халық шеберлері қазіргі кездің өзінде, киізден қоржындар мен дорбалар жасайды. Киіз басу үшін ең алдымен жүнді өңдейді. Жүнді жақсылап майы мен шайырынан, шаң – тозаңнан тазартып жуып өңдегеннен кейін барып киіз басылады. Киіз басудың өзіндік технологиясы бар. Бұл жайлы Ә. Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ» кітабынан толық мағлұмат алуға болады.(4)

              Енді біз сол қазақ халқының киізден жасалатын дәстүрлі сәндік – қолданбалы өнерінің бірі – текемет пен сырмаққтоқтала кетейік. Текемет дегеніміз негізінен киізге ою - өрнек түсіріп басылған киіз. Ол басу киіз басумен бірдей. Айырмашылық сол, текемет бетіне әр түсті өрнектер басылады. Осыған орай текемет басудың біраз өзіндік ерекшеліктері бар. Текемет киіз үйге жабылатын кесек киізден жұқа, сырмақтық киізден қалың. Ол киізге қарағанда таза, әрі жұмсақ. Сондықтан оған тек қана қозы жүнін немесе ең таңдаулы ұяң жүнді ғана пайдаланады.

              Текеметке түр салып басудың  екі түрлі әдісі бар. Оның біріншісі, түрлі – түсті жүннен бөлек басылған жұқа киізден қиылып алынады. Үлгі бойынша өрнектеліп, қайшамен қйып алынған оюды шабақталған жүннің үстіне салып, ыстық су шашып киізше басады. Әдетте бұл әдіспен басылған текеметің өрнегі теп – тегіс болып әдемі түседі.              

              Сырмақ - әр түрлі киізден ойылып жасалатын төсеніш киіздің бір түрі. Сырмақ жасаудың атадан балаға таралып, дәстүр болып келе жатқан өзіндік тәсілі бар. Сырмақ даярлауда алдын ала өлшеніп, нақты белгіленген үлгілері болады. Ою - өрнек халықтық дәстүрге сай, қатаң тәртіппнен орналастырылады. Сырмаққа қажетті ақ киіз бір бөлек, қара қиіз бір бөлек басылып, екеуін беттестіріп, үстіне ою үлгілерін салып бормен сызып, бор орнына бұрындары тұз, көмір, сабын қосып қайнатып, бір тектес зат дайындап, екі киізді бірдей үлгімен ойып алатын болған. Сонан соң ойылған оюдың ағын қараға, қарасын аққа апарып қиюластырып тігеді. Құрастырылған оюды сол қалпымен тұтас үлкен киізге жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің үстін бастыра жиек басады. Жиектік жіптің бояуы ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ мықты келеді. Кейбір сырмақтарды жарты ғасырда артық төсеуге жарайды. Жоғарыда айтылғандай оюларды құрастырып, үстінен басып тігу бітке соң сырмақты тұтастай сырып тігеді. Сырмақ сонда шымыр болады. Оның төзімділігі осында болса керек. Қазақ сырмақты негізінен төрт түрге бөледі: біріншісі көш сырмақ – ең үлкені, жалпы көлемі 3 – 5 метрдей. Екіншісі төсеніш сырмақ  жалпы көлемі 3 – 3,5 метрдей. Үшіншісі – төр сырмақ, көлемі 2 – 5 метр. Бұл жиекті, оюлы сырмақ. Мұны сыйлы қонақ келгенде төрдегі қонақ көрпенің астына салады. Төртіншісі – төсек сырмақ, көлемі 2 – 2,5 метр, жер төсектің орнына  немесе төсектің алдына төсейді.

              Теріден жасалатын бұйымдар. Қазақ халқы теріден үй тұрмыс – тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы киім – кешегі, ер- тұрман, қамыт – сайман, айал - әбзелдерін, азық түлік салатын қаптарды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе көнек, торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алуан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай тұйықталған шағын да болып келеді. Көннен көнек жасау, жабдық жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркемөнерге бірсыпыра үлес қосқан Талдықорған обылысының шеберлерін айырықша атауға болады. Ертедегі халық дәстүрінің кейбір бөлшегі бүгінде басқа мазұмында жүзеге асып отыр.

              Ою - өрнек халқымыздың айшықты  өнерінің бірі. Бірақ ою - өрнек  жеке дара өмір сүрмейді, ол  тек бұйымдармен бірге, оның эстетикалық – көркемдік деңгейін сапалы дәрежеге көтеретін әшекейлік бейне құралы. Сондықтан, ою - өрнектің өзіне тән атқаратын қызметін ескермей, сәндік қолданбалы бұйымдардың жасалу принциптерінен бөліп қарастыру, бұл өнер туындыларын бағалай білуден алшақтатады, әрі көркемдік талғамының қалыптасуына кереғар әсер етеді.

              Ғасырлар бойы әр түрлі қолөнер түрлері қалыптасады. XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең орын алды. Бұл кезде жас қыздарға арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап, оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. «Қарыс қазы балықта, қалың қазына халықта» деген мақал осы өнер молшылығынан туған десе де болады. Қазақ халқы үшін арулар әр кез ардақты болғандықтан, оларға арнап көптеген әшекейлі бұйымдар ойлап тауып отырған.

 

 

Қазақстан бейнелеу өнерінің білім беру жүйесіндегі  жағдайы

 

             «Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындалық» деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика» ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің кітабында қолданылды, бірақта ғылым ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.

              Эстетика жайлы неміс, ағылшын,  француз, орыс тілінде жазылған  қыруар еңбектер бар. Соның  өзінде эстетика ғылымының ерекшелігі  туралы айтыс осы күнге дейін  толастаған жоқ: «әсемдік» дегеніміз не? Өйткені оны заттық тұрғыдан сезінбейсің.

              Әсемдік – бұл адамның қажеттілігі,  көзқарасы, мақсатымен сәйкес  келетін жоғары дәрежедегі терең  сезім. Ерте дәуірдегі суреттерге  зер салсақ біз еңбек процесін  көреміз: әркім өзінің айналысқан ісіне орай сурет салған, - аң аулау, жермен айналысу т. с. С. Соған орай «өмір деген тамаша» афоризмімен келіспеуге болмайды. Бірақта «әсемдік» жайындағы түсінікте субъективтік те кездеседі. Себбі «әсемдік» жайындағы ұғымды анықтауды көптеген маңызды әлеуметтік – психологиялық факторлардың ықпалы болған: дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке – дара психологиялық ерекшелігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы адамзаттық өлшем бар: ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т. б.

              Әсемдікті тану (ээстетика) –  табиғатта, қоғамда, адамның іс - әрекетінің қай түрінде болмасын, оның қарым – қатынасында,  әсіресе, өнерде заттардың және  құбылыстардың мәні мен даму  заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым боп табылады.

 Ежелгі тас дәуірінен бастап XIX ға дейінгі Қазақстанда маңызды орын алған адамның материалдық және рухани мәдениеттің негізгі екзеңдері туралы ғылыми таңдамалар П. Аюпов пен М. Қадырбаевтың «Ежелгі Қазыналары» атты кітабында орын алған. Бұл кітап 1979 ж Алматыдағы «Жалын» баспасында шығарылған.

              Қазақстан өнерінің тууы, жетілуі  туралы, халықтың этникалық мәдениетінің  қалыптасуы мен дамуы туралы  Б. Казыханованың ғылыми еңбектерінен  білуге болады. Оның «Өнер бастаулары – бұлақтары» атты ғылыми еңбегінің орны ерекше. Бұл еңбекте қазіргі өнердің жағдайы жан – жақты ашып көрсетуімен қатар халық өнерінің орны мен ролі анықталады.

              --- өз егемендігіміз өзімізге тиіп, ілгері ел, тәуелсіз мемлекетке айналған кезде қазақ халқы мәдениетінің шынайы рухани қазыналарын ашып көрсетуге негіз қаланды. Сондағы ғасырлар бұрын қазақ жерінде түркі тектес халықтардың орта мәдениетінің ошағы болған қалалары, ата – бабамыз жасаған әдебиеті мен мәдениеті, философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан ой мен жазба мұраларымыз болғаны дәлелденді. Білім, ғылым, мәдениет саласындағы осы «ақтаңдықтардың» бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңілу, өткен уақыттың рухани мұрасын саролау, талдау, он бүгінгі ұрпақтың рухани жемісіне, қажеттілігіне айналдыру мәселесі қазіргі уақыттың талабы.

              Біздің халқымыз - әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де жаңа өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, жаңа қоғамның моральдық қасиетін уағыздауымыз керек.

              Қазақ халқының революциядан  бұрынғы тарихында эстетика ғылымы  болды деп айтпасақ та, халықтың  әсемдік жайлы түсініктері мол  болды. «Әлеуметтік шаруашылық  тіршілігіне сай қазақ руларының  әр кезде өзіндік мәдениеті болған. Бұл заңды да. өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, түрлі өнер, мәдени, әдеби шығармажасамайтын адам – қоғамы, ру – тайпалары мен халық болған емес. Тарих, археология ғылымдарының бүгінгі табыстары ертедегі қазақ рулары мекендеген жерлерде әр түрлі қалалар, кенттер жәнебасқа да мәдениет ошақтары болғандығын дәлелдеп отыр». Қазақтар ағаштан түйін түйіп, ер шауып, уық кесіп, шаңырақ жасады. Киіз басып, алуан өрнекті кілемдер, алашалар тоқыған. Бармағынан бал тамған шеберлер ернеуі жұқа шара, алтын білезік, сақина, балдақ, алқа, шолпы соқты. Дүкен ұстаған ұсталар алтын кездіктерді мүйіздеп, ел қорғаны – батырларға сауыт – сайман, оқ өтпейтін дулығы, шашақты найза, алмас қылыш, ауыр батпан, шоқпар жасаған. Халық арасында кең тараған зергерлік, сәулеттік өнері қазақ халқының көркемдік талғамының жоғары болғанын, өмірдің асқақ мұраттарына сәйкес әсемдік әлеміне үнемі ұмтылып отырғанын дәлелдейді. «сонау ерте кездердегі көркем сөз тіркестері, мақалды, мәтелді сөз өрнегі, ру таңбалары, жазу – сызулар, сөздіктерде ұшырасатын өлеңдер, аңыздар халқымыздың бейнелі ойға, шешендік өнерге көне заманда – ақ шебер болғанын көрсетеді». Осы тұрғыдан қарасақ, қазақ халқының өнерге бай, ой - өрісі кең, суреткерлік қабілеті мол, эстетикалық сезімінің жетілгенін аңғара аламыз.

Информация о работе Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері