XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:28, реферат

Краткое описание

XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясыныңбасшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.

Содержание

1. Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар

2. XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы

3. Қазақтар отарлауын зерттеу проблемалары.

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

18-20.docx

— 57.76 Кб (Скачать документ)

Ресей империясының айыр басты бүркітіне Қазақстанның бағынуы бір сөзбен айтқанда, 1731 жылдан бастау алады. Бұл Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханның Ресей императрицасы Анна Иоанновнадан бодандыққа қабылдап, қамкорлыққа алуын өтінген жылы еді. Әбілқайыр ханның жасаған әрекеті тарихнамада өте қайшылықты бағаланды. Оның жағымсыз жақтары деп: жеке-дара билікті көздеген зымияндық, ол барлық қазақтардың атынан әрекет жасағандықтан, қазақ руларының мүдделерін елемеу; Әбілқайыр мен онын айналасындағылардың құдіретті державаның қамқорлығы арқасында басқа бақталастарынан астамдық алуы аталды. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресеймен құжатқа қол қоюын ақтайтын себептер арасында мыналар: сыртқы саяси факторлар — жоңғарлар агрессиясына тойтарыс беру қажеттігі;Иран шаһы Нәдірдің жаулаушылық әрекеттеріне байланысты Қазақстанның оңтүстік шептеріне қауіп төнуі; Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сұқтануы; қазақтардың шекаралас жерлеріне башкұрттардың, Еділ қалмақтарының, Жайық қазақтарының, Сібір әскерлерінің жиі-жиі шапкыншылық жасауы аталады. Ішкі және басқа да кейбір факторлар — рулық ақсүйектер мен жергілікті билеушілер сепаратизмін түп-тамырымен жою қажеттігі; бір орталыққа бағынатын мемлекет құру керектігі; қазақ халқының жоңғарлар тарапынан ұзақ уақыт бойы жасалған агрессиядан, хандар, сұлтандар, ақсақалдар арасындағы өзара қырқысқан соғыстардан, сыртқы дүниеден оқшауланудан шаршағандығы; Ресей экспедицияларының қазақ даласына жасаған барлаушылық қызметі мен қалмактар жаулап алған қазақ жерлерінде бекіністер салуы; А.И. Тевкелев, И.И. Неплюев және басқалар арқылы Әбілқайырды орыс бодандығын қабылдауға итермелеген Ресей дипломатиясының кызметі; XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық жағдайының қиындығы айтылады.

1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Әбілқайырханға Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы сыйлық грамотаға қол қойды. 1731 жылғы 10 қазанда Әбілқайыр ханмен бірге әр рудан өкіл болған 56 адам: арғыннан — 17, найманнан — 7, қыпшақтан — 4, тамадан — 2, жағалбайлыдан — 3, кердеріден - 1, алаштан — 4, байбақтыдан — 2, жаппастан - 2, масқардан — 2, табыннан — 10, шөмекейден — 1, кетеден — 1 адам қол қойып, Ресей тағына ант берді.

Кіші жүз бен Орта жүз ақсақалдары мен сұлтандарының 1740 ж. Орынбор маңында өткен съезі Ресей бодандығының алғашқы нәтижелерін нығайтуға себепші болды. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере келіп, Ресей бодандығын қабылдауды жақтап, Қазақстанды жоңғарлардың басып кіру қаупінен қорғауға ұмтылды. Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары мен ақсақалдарының 1740 жылғы ант беруі Ресейге Орта жүздің бір бөлігінің ғана бағынғанын көрсетті. АлСолтүстік-Шығыс және

Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империяның құрамына патша өкіметінің әскери-саяси әрекеттері салдарынан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында ғана кірді. I Петрдің арманы іске асырылды. Қазақтардың Ресей империясына протектораттық тәуелділікті тану проблемасы көптеген зерттеушілердің еңбектеріндегі талдау тақырыбына айналды.[23] Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары бір бөлігінің Ресей билігін тану мәселесі Білім және ғылым министрлігі — Ғылым академиясының отандық тарих пен халық бірлігі жылына арналған сессиясында да қаралды (1998 ж. 4шілде).36 Халық жазушысы, белгілі зерттеуші М. Мағауин Қазақстан тарихына өз көзқарасын «Қазақ тарихының әліппесі» деген кітабында (А., 1995) баяндаған. Онда қазақ мемлекеттілігінің көкейкесті проблемалары, қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресінің негізгі кезеңдері қарастырылып, отандық тарихты зерделеудегі бірсыпыра, оның ішінде кейбір елеулі олқылықтар анықталған.

Кеңестік қоғамтанушылар үшін К. Маркстің өз серігі Ф. Энгельске хаты ұзақ жылдар бойы методологиялыұ нұсұау болып келгені мәлім, бүл хатында ол былай деп жазған: «Ресей Шығысқа көзқарас жөнінен шынында да прогресшіл рөл атқарып отыр. Бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан, Ресей үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін өркениеттендірушілік рөл атқаруда» (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығ., 24-т., 241-6.). Алайда Ресей зертгеушілері бұл мәтіннен «бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан» деген тіркесті алып тастаған. Ал аймақтар тарихшыларының дәйексөзді осылай қысқартусыз пайдалануға батылы бармады. Мұндай көзқарас жағдайында «Қара теңіз бен Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін» Ресейдің атқаратын рөліне К. Маркстің бағасы мүлде өзгеше мағынаға ие болды.

Бүгінгі таңда Шығыс халықтары үшін Ресейдің атқарған рөлін бағалауда не өзгерді? Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ақиқатты қаймықпай айтуға қол жетгі. К. Маркстің «бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан» деген сөздері нақты мазмұнмен толықты. Орталық Азияның халықтары үшін Ресейдің «бүкіл пасықтығы және славяндық ластығы», кесіп айтқанда, қазақтарды отарлауы, геноцид пен этноцид, орыстандыру, күнарлы жерлерін тартып алу саясаты, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншу және т.б. түрінде көрініс тапты. Бұған ұлт-азаттық қозғалыс тарихы жөніңде жарияланған көптеген деректі жинақтар, сондай-ақ Ғ. Сапаргалиевтің «Патша өкіметінің Қазақстандағы жазалау саясаты» деген монофафиясы (А., 1960) дәлел болады. Айтыс қызуына беріліп, зерттеушілердің кейде тым қызбалыққа, бірбеткейлікке жол беруі де әбден мүмкін. «Пасықтық пен славяндық ластықты» тым қоюландыруды, ал оның 260 жыл ішінде әбден қордаланып қалғаны да рас, біздің Ресейдегі әріптестеріміз кейде үстірт қабылдайды. Мұның бәрін түсінуге болады.

Сонымен бірге, бірең-сараңын қоспағаңда, Қазақстан зерттеушілері бұрынғысынша Шығыс жөніндегі Ресейдің өркениетшілдік рөлін барынша атап айтады. Ол шетаймақ халықтарын орыс және еуропа мәдениетіне тартуда, өндіргіш күштерді жедел дамытуда, империя құрамында бүкіл дүниежүзілік тарих үрдістеріне қатысуда болатын.

Қалай дегенмен де, Ресей құрамындағы Қазақстан тарихы проблемаларының тарихнамалық ізденістері осы бағытта жүріп келеді. Бұл тезисті өлкені отарлау тарихнамасын зерттеу мысалымен дәлелдеп көрелік.

Қазақтар отарлауын зерттеу проблемалары.

Қайшылыққа толы әрі қазақ халқына өте ауыр тиген Қазақстанды отарлау болған үрдісі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Қазақ отаршылдығын зерттеуге алғаш назар аударғандардың бірі П.Г. Галузо болды. Оның «1867—1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар» деген еңбегінде (А., 1965) осы аймақты қазақтардың отарлауы туралы мәліметтер бар. Авторды толғандырған мәселелер ауқымына мыналар: жетісу қазақтарының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, қазақтардың жер игеруінің дамуы, қазақтардың жылқы саны бойынша, жер игеру және егістік алқабының көлемі бойынша жіктелуі, станицалардағы қанау нысандары жатады. Бұл проблемаларды зерттеу едәуір көп статистикалық және мұрағаттық материалға ғана емес, сонымен қатар Н.3. Леденев, М. Хорошхин, Ф.М. Стариков, С.Н.Белецкий, А.А. Кауфман және баскалардың да бұрын жарияланған еңбектеріне негізделген. П. Г. Галузодан кейін, 35 жылға шекті қазақтар проблемасы ғалымдар назарын аудармай келді, тек соңғы жылдарда, қазіргі демографиялық проблемаларға және Қазақстанда қазақтардың жандануына тығыз байланысты мәселе қайтадан көкейкестілік сипат алды. Көптеген жарияланымдар арасынан біз екі еңбекке: М. Әбдіровтің «Қазақстан казактарынын тарихы» (А., 1994) жэне Т. Б. Митропольскаяның «Жетісу қазақтары тарихынан» (А., 1997) деген еңбектеріне тоқталып өтейік.

М. Әбдіров өзінің алдына: қазақ даласына алғашқы орыс қазақтарының келу уақытын, өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінде қазақтардың алатын орнын, қазақтардың Қазақстанды жаулап алуға және қазақ халқының XVIII— XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарын қазақтардың басып-жаныштауда атқарған рөлін анықтауды міндет етіп қойған. Мәселенің бұлайша қойылуы патшалық Ресейдің он бір қазақ әскери жасағының төртеуі: Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу қазақ әскери жасақтарының тікелей Қазақстанда орналасуына байланысты. Астрахан қазақ әскери жасағы тікелей Бөкей Ордасына жақын жерде болды.

Проблеманы зерттеу нәтижесінде автор мұнда қазақтар үш міндет:

ең жақсы және құнарлы жерлерді жаппай тартып алу, қазақтарды шол далаға

ығыстырып шығару, қазақтардың дәстүрлі көші-қон аймағын тарылтып, сол арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық үрдісін бұзу;

әскери жорықтар кезінде мал атаулыны жаппай айдап әкету, сөйтіп қазақтарды

негізгі тіршілік көзінен айыру;

бейбіт ауылдарға нақ сондай тонаушылық

шапқындар кезінде көшпелілердің ең басты тіршілік тұтқасы және әскери күші — ер адамдарды жаппай қырып-жою мен қолға түсіру міндеттерін орындады деген қорытындыға келеді. «Бірге, біртұтас алып қарағанда, олар қазақ халқына қарсы этноцидке көшу сатысындағы геноцидті білдірді»

Бірегей этнологиялық үрдіс ретінде қазақтардың бүкіл тарихын М. Әбдіров нақты екі кезеңде, олардың тарихи тұтасуы мен қақтығысуы кезеңдерінде қарастыруға болады деп санайды. Біріншісі — Монғолиядан Дунайға дейінгі ұлы дала белдеуінің кең-байтақ аумағында орта ғасырлар Дәуірінде (VI—XVI ғғ.) пайда болған ежелгі түрік құбылысы ретіндегі қазақтар. Екіншісі — оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы далада бұрын осында өмір сүрген түрік халқынын ішкі ресейлік негізі ықпалымен көбінесе славян қазақтарының қалыптасуы.

Т.Б. Митропольскаяның еңбегі бір аймақпен - Жетісумен шектеледі. Қазақтардың қалыптасуы туралы мәліметтерге қоса, автор қазақтар арасында 1917-1920 жылдар аралығында болған оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндап, оларды «Екі диктатур арасында» деп атайды. Автордың айтуына қарағанда, патша өкіметінін құлауы туралы хабарды жетісулықтар «монархияға адал берілгендік» немесе «либералдардың оң қанатына сенім» көрсетпей қарсы алған. Петроградта, Мәскеуде, Ташкентте және баска да революциялық орталықтарда қазақтар көпшілігінің бейтараптығы большевиктерге пайдалы болып шықты.[24] Қазақтардың 1917 жылғы әрекеттерін зерделей келіп, автор 1918 жылғы 4 наурызда Верныйда Уакытша үкімет комиссарлары өкіметінің кұлатылуы мен Кенес өкіметінің орнатылуына байланысты қорытынды шығарады. Корытындысында тақырыптың аз зерттелген, автор анықтаған проблемалардың тізбесі өлтіріледі, олардың ішінде қазақсыздандыру да бар.

«Кеңес өкіметі органдарының қазақсыздандыру деп аталған әрекеттері,- деп нактылай түседі автора — мемлекеттік мекемелер ретінде қазақ әскерлерін таратудан гөрі, сословиені жою мен жер игеру реформасынан гөрі, Ресейдің өмір шындығынан қазақтарды әлеуметтік-этникалық құрылым ретінде сызып тастау әрекеттерінде болатын». Көріп отырғанымыздай, қазақтар самодержавиенің тірегі мен қорғаны бола отырып, оның Қазақстандағы идеялары мен ниеттерін жүргізушінің елеулі рөлін атқарған. Сонымен бірге орыстың қоныстанушы деревнясының өкілдері ретінде де қазақ тұрғындарының Қазақстандағы қоныстану аймақтарын игере отырып, өзара ықпал өзара іс-қимыл жасау негізінде қазақ халқымен шаруашылық-экономикалық, мәдени араласу үрдісін тездете түскенін атап өткен жөн.

Көптеген өлкетанушылық еңбектердің арасында В.А. Терещуктің «Көкшетау туралы әңгімелер» деген кітабы ерекше. Кітаптың «Қазақтар — патша өкіметінін сенімді тірегі» деп аталған бөлімінде автор оларға «патша өкіметі бүлік шығарған бүлікшілерді бағындыру, бүкіл қырғыз-қайсақ халқын жоғары монарх қолына қарату жөніндегі үмітті жүктеді» деп атап көрсетеді.

В.А. Терещук қазақтардың қазақтарға ғана емес, қоныс аударушы мұжықтарға да менсінбей қарағанын баяндайды. «Қазақтарға жалпы жұрт назарының аударылуы, кейде олар өтпеген еңбегін, жасамаған ерлігін жөн-жосықсыз ғана салу олардың арасында өздеріне деген зор сенім, жеңілісті білмеу, ерлік рухын туғызды. Олар өздерін бұрынғысынан да күшті данққа бөлеп, патша мен Отанға жан сала қызмет ететін, орыс шебін қорғаушылар ретінде көрінуге ұмтыдды. Сондықтан әрбір ретте дабыл алғашқы қағылғаннан кейін аттарына ер салып, дипломатия, заңдар, халық тілегі дәрменсіз болған жерге шауып жететін».

Сонымен тарихнамада XVIII—XIX ғасырларда Ресей империясының Қазақстанды жаулап алуын айқындаушы проблемалардың бірі және кен-байтақ аумақты отарлық шет аймаққа айналдыру көрсетілді. Бұл бір жолғы саяси акт болған жоқ, оның нысаналы және ұзақ уақыт жүргізілуі қазақ қоғамының тарихы мен өмірінің барлық жақтарына ықпал жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Крафт И. И. Қазақтардың орыс бодандығын алуы. Орынбор, 1897; Сон-

дай-ақ караныз: «Айкап». Күрастырғандар: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов. А., 1995,49-52-6.

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдык.

3-том. — Алматы: «Атамұра», 2010. ISBN 978-601-282-029-4,3-т ISBN 978-601-282-026-3

 

 

 

 


Информация о работе XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті