Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:28, реферат
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясыныңбасшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
1. Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар
2. XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы
3. Қазақтар отарлауын зерттеу проблемалары.
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Ә. Бөкейханов орыстардың Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. «Өлкені бағындырған соң, — деп жазды ол, — орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені бастапқыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі әмірі күмәнді, дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бұратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт мәдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ. Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін — бағындырылған бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын таңдады». Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын нақтылай келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден, ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. 1917 жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бұл тұрғыда көптеген еңбектер ішінен Т. Рысқұлов, X. Досмұхамедов, П.Г. Галузо, С. Мендешев, Ғ. Тоғжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап өту керек.
П.Г. Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді «қосып алуға» өте мүдделі екенін атап айтқан болатын. П.Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. «Отар Түркістан» («Орыс патша өкіметінің Орта Азиядағы отарлау саясаты тарихының очерктері») деген кітабында ол былай деп жазды: «Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендей кіруіXVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ басталған болатын.Орыс патшалары елге ентелей әрі толассыз дерлік сұғына түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды...». Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясаты жөнінде келтірілген бейбітшілік сүйгіш сипат беру Ресейдің алысты көздейтін агрессиялық жоспарларын қарастыра отырып, Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан, ең алдымен Англиядан қатты қорыққандығын көрсетеді.
Орта Азияға қарай ілгерілеуді біз ұлы державалардың «олжа бөлісу жөніндегі» «империалист жарыс» ағыстарының бірі деп қарастыра аламыз. Әрине Ресейдің крепостник-помещигі ең алдымен отарды өзі үшін басып алды, бірақ шынына келгенде бұл отарларды Ресейдің өнеркәсіп капиталы үшін де басып алу болатын. П.Г. Галузо Ресейдің «отаршылдыктабыстары» тарихын Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланыста алып қарады. Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі: біріншіден - халықтарды саяси дербестіктен айырудың; екіншіден — экономикалық жағынан кіріптар етудің; үшіншіден — Дүние жүзін болашақ отарларға болу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды деп есептейді. П.Г. Галузоның сіңірген еңбегі — XIX—XX ғасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін ашып көрсету және ұлт-азаттық қозғалысы проблемасын ғылыми тұрғыдан қою болды. «...Дәуір екі бөлікке: өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашылық үшін игеру кезеңіне бөлінеді, осыған сәйкес ұлт-азаттық қозғалысы екі кезеңге бөлінеді».
X. Досмұхамедов Ресейдің жаулап алушылық саясаты қазақ жерін Азияға ендей кіру кезінде алғы шеп ретінде пайдалану болды деп есептеді. Қазақ өлкесінің біржола «Ресейге бағынуын» ол XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы қазақтардың ұлт-азаттық күресінін жеңіліс табуы салдарынан болды деп санады. Ол Әбілқайыр және ру ақсақалдарының шағын тобы патша өкіметімен сөз байласуға барып, елді бодандық алуға мәжбүр етті деп есептеді. X. Досмұхамедов қазақтардың Ресей мемлекетіне бағыну актісіне халықтың негізгі бұқарасының қатыспағанын келіссөз үрдістеріне Кіші жүз бен Орта жүз руларынан біркелкі өкілдер болмағанын мысалға келтіре отырып дәлелдеді.
М. Әуезов «Әдебиет тарихы» деген кітабында (А., 1927) былай деп атап көрсеткен: «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер коп. Бір жағынан қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия хандық тарының қысымшылығы, үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты.
Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды». Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т. Рысқұловтың тарихи мұрасында да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей бодандығына өтуі тұрғысынан қарастыра келіп, ол «бағындыру», «қазақтарды жуасыту», «жаулап алушы күш» деген терминдерді қолданған. Ол жазған «патша өкіметінің отаршылдық саясатында» екі кезең: XVI ғасырдың аяғынан бастап — қазақтардың, XIX ғасырдың ортасынан бастап — шаруалардың отарлауы бөліп көрсетіледі. «Өздері ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жанадан жаулап алған аудандарда дереу бекіністі мекендер тұрғызып, оларға қазақтар мен келімсек шаруаларды қоныстандырып отырды».
Т. Рысқұлов қазақ жүздерінің Ресей бодандығына өту себептерін бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саяси жағдайымен байланыстырды. Оның сыртқы саяси жағдайы қазақтарды шығыстан - жоңғарлардың, оңтүстіктен - Хиуа, Бұхара, Қоқан хандығы, батыстан ноғайлар мен қалмақтардың қысым жасауынан көрінген. Т. Рысқұловтың пікірінше, Ресейдің Қазан (1552 ж.), Астрахан (1557 ж.) хандықтарын жаулап алу, Батыс Сібірді бағындыру (1581 ж.), орыстардың Орал мен Ертісті бойлай жылжуын күшейтуі жөнінде шығыста белсенді саясат жүргізуі едәуір рөл атқарған.
Т. Рысқұловтың Қазақстан мен
Орта Азияда Ресей тәжінің орнығуы жөніндегі
тарихи тұжырымдамасы оның 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс туралы еңбектерінде түпкілікті
ресімделген. Ресейдің ұлы державалық ниеттерінің жалпы нәтижелерін
пайымдай келіп, ол қоныстандыру басқармасының
бастығы Г.Ф. Чиркиннің Орталық Азияның
байырғы халықтарының тағдырына қатысты
мынадай пікірін келтіреді: «Егер барлық
орыс тайпаларын бір Ұлы Орыс Державасының қол астына қосу психологиялық
жағынан орыс ниеттеріне толық көлемінде
сәйкес келсе, егер Босфор мен Дарданелл «
XX ғасырдың 30-жылдарындағы
тарих ғылымында патша
Г.Ф. Дахшлейгердің, Д. Дулатованың, Ж. Қасымбаевтың, I. Қозыбаевтың, И.В. Ерофееваның 1970—1990-жылдарда жарияланған тарихнамалық зерттеулерінде XVIII ғасырдың 40-80-жылдарындағы отандық тарихты, ең алдымен Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер ұзақ жылдардан соң отандық тарих проблемаларын жоғарыдан араласусыз және идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Абай туралы сөз» деген баяндамасында былай деп атап өтті: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді. Жер шарының неғұрлым көп бөлігін иемденуге тырысқан империя Орталық Азияны көктей өтіп, шығыс пен күнгейге тереңдей енуді көздеген-ді. Сондай стратегиялық мақсаттын дәл өтінде тұрған ел Қазақстан болды. Басқадан айырылса да, одан айырылмау саясаты алғаш рет сол кезде бой көрсетті. Ел билеудің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйесі біржола мансұқталды. Метрополияның өзіндегі тәртіп күштеп енгізіле бастады. Әуелі қазақтың әр ұлысынан бірнеше шағын хандықтар құрылып, этноаумақтық тұтастық бұзылды.
Сосын әр хандықтың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға бөлінетін жігімен ауыл-ауылға, болыс-болысқа бөлінді...
...Жер бетінде... осындай...
тәлкекке ұшыраған халық
Бұның бәрі отарлық кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен суға байырғы иелік құқынан біржолата айыруды көздеп, алдын ала ойластырылған зұлым саясат еді». «Отаршылдық жағдайындағы ұлттық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ» атты Бүкілодақтық «Дөңгелек үстелге» (1990 ж. 27—28 маусым) қатысушылар «қосылу» ұғымын «империяның билігін өз еркімен тануды ғана емес, сонымен қатар (шаруалар арқылы және әскери) жаулап алуды, отарлауды қамтитын» сан қырлы үрдіс ретінде түсіну керек деген қорытындыға келді. «Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында» (1994 ж.) Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын баяндау қазіргі ғылыми айқындамаларды шоғырланған көрінісі болды. «Қазақстан Ресей империясының құрамында» деген бөліміндегі бір тарау «Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы» деп аталады. Онда XVI—XVIII ғасырлар бойындағы екі халық арасындағы саяси байланыстар туралы материал баяндалады; Ресейдің Хақназар және Тәуке хандарға жақсы көзқараста болғаны туралы; Қазақстан аумағына жоңғарлардың басып кіріп, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауын тездеткені туралы, рубасылары мен Әбілқайыр хан арасында елеулі алауыздық болғаны, Әбілқайыр ханның патша өкіметіне жасаған өтінішінде Орта жүз бен Ұлы жүзді бодандыққа қабылдауды сұрап, халық атынан әрекет еткені, ал олардың едәуір кейініректе және басқа жағдайларда қабылданғаны туралы айтылады. Патша өкіметі саясатының отаршылдық бағытының күшейе түсуіне, оның жаңадан қосылған жерлерде ішкі саяси жағдайды қиындатқанына баса көңіл бөлінеді. «Қазақстан тарихының» авторлары отарлау саясаты қазақ жерін айналдыра бекіністі шептерді кұру мен бұл жерлерде ресейлік басқару жүйесін енгізуден көрінді, мұның өзі қазақ халқының көпшілік бөлігінін наразылығын туғызып, бірқатар толқуларға ұласты деп санайды. Қорыта келгенде, мынадай айқын баға берілген: «Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. Орта жүздің көпшілік бөлігі мен Оңтүстік Қазақстанның бірқатар аудандары патша өкіметі әскери күштерінің көмегімен қосылды. ...Халықтың басым көпшілігінің үстінен бақылаусыз билік жүргізуге ие болған Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейте түсті».[19].Бұл бөлімде Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі ұлт-азаттық күреске қатысты материал мол қамтылған.
Алайда зерттеушілер мәселенің бұлайша қойылуы да тарихи ақиқатты көрсетпейді деген тұжырымға барған сайын көбірек ден қоюда. Зерттеушілер «қосылу» ұғымын түрліше түсіндіреді. Атап айтқанда, М. Қозыбаев «қосылу» термині тарихи үрдістің мәнін дәл білдірмейді, күштеу негізінде болған қорлаушылық мәні бар деп есептейді. Оның пікірінше, Қазақстан негізгі объектіге қосылған субъекті рөлінде көрінеді. Кезінде империялық кеңселерде жасалып, кеңестік ресми тарих ғылымында қабылданған термин іс жүзінде «басып алу», «агрессия», «жаулап алу» деген терминдердің баламасы болып көрінеді. Ресейдің Сібірді отарлауы Қазан, Астрахан және Қырым хандықтарын жаулап алғаннан кейін басталды деп санау керек болғаны мәлім. Зерттеуші В. В. Каргалов басқаша болған деп есептейді, ол былай деп жазады: «Батыс Сібірді Ресей мемлекетіне дәстүр бойынша қосып алу ертерек басталды және 1483 жылы Сібір жеріне жасалған үлкен жорықты бастаған алғашқы орыс воеводалары кінәздер Федор Курбский мен Иван Салтык-Травин болған». Осылайша, В. В,, Каргалов патша өкіметінің Шығыс жөніндегі отаршылдық саясатының басталу кезеңін тағы да бір ғасырға шегіндіреді. Одан кейінгі кезеңдерде Сібірдің әр түрлі облыстарын, соның ішінде Кенді Алтай мен Оралды Ресей мемлекеті бірінен кейін бірін жаулап ала берді.
Әр түрлі ұрпақтардың жекелеген зерттеушілерінің А. И. Тевкелевтен кейін Қазақстанның Ресей өрісіне сөзсіз қосылуын біржола айқындаған стратегиялық кезенді I Петрдіңесімімен және іс-әрекетімен байланыстыруы орынды. I Петр Сенаттың жауапты қызметкері И. Кириллов пен дипломат, Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.И. Тевкелевке (православие дінін қабылдағанға дейін — Кұтлымбет мырза, Мәмет мырза) қазақтарды Ресей бодандығына өткізу жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Қазақстанды жаулап алудың одан кейінгі онжылдықтарда, Н.Г. Аполлованың айтуынша, «патша өкіметінін «даланы бейбіт жолмен жаулап алу және қазақ халқының мәнгілік бодан болуы» дейтінді жүзеге асыруға бағытталған кең көлемді агрессиясы» түпкілікті ресімделген стратегиясы осылайша белгіленді.
Ресей елшісі А.И. Тевкелевтің күнделігіне тарихшылар әлдеқашан назар аударған болатын. Келіссөз бір жыл 49 күн бойы жүргізілді, бұл оған қазақ қоғамын едәуір дәрежеде жақсылап зерделеуге және оның ықтималды мүмкіндігін анықтауға жағдай жасады. Ресей саясаты емін-еркін дала халқымен қарым-қатыс тәжірибесін жинақтады. Келіссөз кезінде дала жұртының билеуші жоғары топтары екіге: Әбілқайыр ханның жақтастарына, сондай-ақ бодандықты қабылдауға қарсыларға бөлінді. Жанталас кездерінде ханды жақтаушылар басқа бір амал тапты. Бодандық туралы келіссөз Жетіру тайпалар одағынан шыққан, Кіші жүздің көрнекті көсемдерінің біріБөкенбай батырдың Тевкелевке деген ізгі ықыласының арқасында ғана табысқа жетті. Бөкенбай батыр өзіне башқұрттар мен жайық қазақтары тарапынан көмек көрсетілсе, оның өзі мен күйеу баласы (Құдайназар батыр) «қырғыз-қайсақ ордасын екі жылда қылыштың күшімен Ресей бодандығына келтіруге уәде беретіндігін» айтты. Кейін А.И. Тевкелев миссиясының барлық материалын қорыта келіп, тарихшы А.И. Левшин былай деп тұжырымдауға мәжбүр болды: «Тевкелевтің Ордаға келуі айлакер Әбілқайырдың билік сүйгіш бүкіл ойын ашып көрсетті. Ресейдің жаңа бодандарынан ант алуға келген шенеуніктер өз ойларындағы дәрежеде қабылданбағаны былай тұрсын, келген бойда-ақ өмірмен қоштаса жаздады... Кіші ордадағыдай Ресейді жақтаушылар өз ішінде соншалық болмаған қарапайым халық өз тәуелсіздігінен айырылғысы келмеді, бәрін де басқаша түйсінді, сондықтан да өздерінің Ресейге бағынған тайпаластарына қатты қарсыласты». Сонымен XVI ғасырдың ортасынан бастапXX ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастарының проблемасы отандық тарихтағы басым проблемалардың бірі болып табылады. Бұдан бұрынғы тарихнамада бұл проблема алуан түрлі бағаланды, кеңестік кезеңде «қосылу» ұғымының классикалық ұғымға айналдырылғанынан бастап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда енгізілген «кіру» терминімен аяқталды. Қалай болғанда да, халықаралық қатынастардағы аса қиын тоғысулары салдарынан Қазақстанның саяси тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай уақытқа айырылғаны тарихи факт болып табылады.
Бүкіл дүниежүзілік тарих қалыптаса бастаған сауда-шаруашылық байланыстары мен кеңейе түскен дүниежүзілік рынок адамзаттың алдына жекелеген дүниежүзілік мемлекетгердің сауда жолдары тіршілігін өз қолында ұстауға ұмтылу фактісін тартты, өз кезегінде бұл олардың дүние жүзіндегі сауда және өнеркәсіп жөнінен бақталастығын туғызды. Осындай жағдайларда Орталық Азия елдерінің тарихы өзгеше қалыптасты. Адамзаттың өткендегі жалпы тарихынан бастау алып, гүлденген далалық өркениетті Қазақстан шектес жатқан алып көршілерінің сыртқы саясатында көңіл аударарлық объектіге айналады. Абсолюттік монархия орнығып, орталықтандырылған мемлекетке айналған, Азия халықтарын дипломатиялық жолмен бағындыру және әскери экспедициялар жөнінен тәжірибесі бар Ресей «Азияның барлық елдері мен жерлеріне жеткізетін қақпа кілті» болуға тиісті қазақ жеріне көзін тіге бастады. Бұл орайда Ресей империясы ішкі қажеттерін де, Еуропа және Азия құрлықтарында орнығып алу кажеттігін де негізге алды. Қазақстанды бағындыру кезінде Ресей саясатының табысқа жетуіне Орталық Азия аймағындағы Ұлы дала көшпелілері мен оның көршілеріне тиімді болмаған жағдай да себепші болды. Жоңғария, Қытай, Осман империясы, Орта Азия хандықтары, Англияның мүдделері Орта Шығыска келіп тоқайласты.
Ресейдің «шығыстағы саясатында»
қазақтар жөніндегі мәселе Қазақ хандығымен
байланыс жасаған ІІІ Василий билік еткен кезден бастап-ақ
маңызды орын алған еді. Егер қазақ-орыс
қатынастары XVIII ғасырдың басына дейін,
оның алдындағы екі ғасыр бойы Ресей экспансиясының
өрістей түскеніне қарамастан, тәуелсіз
екі мемлекеттін өзара қатынастары болып
келсе, [[Ұлы Петр реформалары]] кезінен
бастап Ресейдің Орта Азия мен Қазақстан
жөніндегі сыртқы саясатында Дала өлкесін
жалмап-жұту сарыны басымдық ала бастайды.
I Петрдің «шығыс идеясы» Үндістан және Қытай же
XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезі
қазақтар үшін сыртқы саяси
жағдайдын қиындауымен
Информация о работе XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті