Нерв ұлпасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июня 2013 в 21:31, реферат

Краткое описание

Нерв клеткасын ғылыми тілмен нейрон деп атайды. Нейрон әр бөлІгІнІң өзіне тән атқаратын маңызды қызметі бар. Нейронның денесін "химиялық комбинат" деп есептейді, себебі нейронныц қызметІне керекті заттарды өндіріп, оньтң тІршілік қызметІне керекті арнаулы заттармен қамтамасыз етеді. Өсінділерін алатын болсақ, осылар арқылы екі нейрон арасындағы байланыс іске асырылады. Ал кейіннен белгілі болғандай, нейрондардың басты рөлі ақпараттарды басқа нейронға жеткізу немесе еттер мен бездерге іс-әрекет жасауға бү.йрық беру. Нерв клеткасы ақпаратты аксон арқылы жібереді. Қайдан, қалай ақпаратты жІберу осы нейронның аксон өсіндісінің ұзындыгына байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жуйке тіні.doc

— 299.50 Кб (Скачать документ)

мембрана; 7-синалстыи белсенді аймағы; 8-дендриттегі нейротүтікшелер

(А. Манина  бойынша)

Қарапайым нерв ұштары бұлшық етінен ажыратылған дендриттерден тарамдалуында түзіледі. Ал күрделі, еркін емес нерв ұштарының құрамына біліктік цилиндрді қоршайтын глия клеткалары кіреді. Олардың кейбіреулері дәнекер ұлпалы капсуламен жабылады. Мұны инкапсулданған нерв ұштары деп атайды. Рецепторлардың формасы  әр түрлі болады.  Олар атқаратын

қызметінің ерекшелігіне байланысты да ажыратылады. Еркін нерв ұштары барлык ұлпаларда кездеседі. Миелинді талшықтар миелиндерін жоғалтып жіңішке нерв ұштарына тарамдалады. Осындай бір талшықтың бұтақтануы дәнекер ұлпада, майда, қан тамырларында және эпителийде кездеседі. Инкапсулданған нерв ұштары миелинді нерв талшықтарынан да түзіледі. Талшық миелинін жоғалтады. Олардың біліктік цилиндрі Шванн глиясымен бірге тарамдалады. Дәнекер ұлпасы осы тармактың айналасында капсула түзеді. Осындай формадағы рецепторлардың бірі Краузе колбасы болып табылады. Бұл колбаның ортасында талшықтың біліктік цилиндрі орналасады, оны глия қоршап ішкі колбаны түзеді. Бұл рецептор температуралык, тітіркенуді кабылдайды. Негізінен сезімдік денешігі және пластинкалы денешігінің кұрылысы да осы тәрізді. Сезімдік денешігі әсіресе тері эпидермиясының астында көп орналаскан. Олар сипап сезуді қабылдайды. Пластинкалы денешік терінің терең аймағында және кейбір ішкі мүшелерде орналасады, олар кысымды кабылдайды.

Рецепторлар каңқа бұлшык етінде, дэнекер ұлпалы кабаттарда және миелиндІ талшықта да бірдей орналасады. Бұлшық ет талшығының бетіндегі нерв талшыктары жеке тармакталады жэне көптеген мөлшерде глия ядролары бар спираль тэрізді болады. Бұлшык ет талшығы жэне нерв тарамдары дәнекер ұлпалы капсуламен капталады. Осы рецепторлар нерв бұлшык ет веретенасы деп аталады. Веретена аймағындағы саркоплазма көлденең-жолағын жоғалтып, дәнді жэне көп көлемде шеңбер тәрізді ядролардан тұрады.

Барлық  рецепторлардың құрамына кіретін глиалды  клеткалар нерв импульсін түзуде үлкен рөл атқарады. Глия трансформатор қызметін атқарады, тітіркендіргіш энергиясын нерв импульсі түзілгенде өткізеді. Қозғалтқыш нерв ұштары - мидың жэне жұлынның қозғалтқыш ядроларында және вегетативті жүйенің ядроларында орналасқан қозғалтқыш  клеткалардың нейрит-терінІң тарамдалуынан түзіледі.

Қозгалтқыш  нерв ұштары тегіс бұлшық етте жіңішке, ашык боялады, олар миелинсіз нерв талшығының тегіс бұлшық етке келіп сол жерде кеңеюінен түзілген.

 

                   

                         

    

       Тері эпителийІндегІ бос (сезімтал) нерв ұштары.

Күміспен  импрегнацияланған.*200.

    1-тері эпителийі; 2-терінің дэнекер ұлпасы; 3-сезімтал талшыктардың

соңгы ұштары; 4-дэнекер ұлпасындағы нерв бағаналары

(В.Г.Елисеев,  Ю.А. Афанасьев, Е,Ф. Котовский  бойынша)

Тегіс салалы бүлшық еттің қозғалтқыш нерв үштары қозгалтқыш бляшка деп аталады. Осындай бляшка түзілмес бұрын перифериялық нерв талшығы - қозгалтқыш клетка нейриті миелинді қабығын жоғалтады. Қозғалтқыш бляшка нерв талшығының біліктік цилиндрі шеңбер тәрізді ядролы болады, саркоплазмаға енеді де тармақталады, осыдан бляшка түзіледі. Осы бляшка аймағындағы саркоплазма көлденең жолағын жоғалтып, дән  тәрізді   болады   және   көптеген   митохондриясы   болады.

Электронды  микроскоппен қарағанда нейриттң  тармақтарының ұшы бұлшық ет талшығының цитоплазмалық қабығымен бай-ланысатындыгын көруге болады. Нейрит тармағының кабығы мен сарколемма арасында гомогенді заттарға толы синаптикалық кеңістік саңылау болады.

 

          

 

Нейрондардагы нейрофибриллалар.

Кахаль  эдІсІ бойынша күміс тұзымен  импрегнацияланган.*900.

]-нейрон денесі: а-нейроплазма; б-нсйрофибриллалар; 2-ядро; 3-өсінділер;

в-дендригггер; г-нейрит(И.В. Алмазов. Л-С.Сутулов)

Нейрит  тармағының мембранасынан бұлшык ет талшығына импульстің өтуі химиялық зат - медиатордың бөлінуімен өтеді.

Нерв  жүйесінің кызметі рефлекторлы принципке негізделген. Көптеген нейроциттер өзара байланысады және импульсті қабылдайды, оны козғалтқыш нерв клеткасына өткізеді, содан барып соңында жұмысшы мүшеге өтеді. Нерв клеткалары бір-бірімен синапс аркылы байланысқан. Синапс аймағында бір нейроцит ұшы басқа нейроцит денесінен, нейритімен жэне дендритІмен байланысады.

Синапс  аймағы нервтің өтуін, импулъстің таралуын немесе шектелуін ретгейді. Синапс арқылы импульс тек бір бағытта, бір нейроцитгің нейрит ұштарынан баска нейроцитке қарай өтеді. Нейрит мембранасы мен нейрит денесі жэне басқа дендрит денесі аралығында синапстык саңылау болады.

 

                                        Синапс

1897 жылы ағылшын физиологы Чарлз  Скотт Шеррингтон (1857-1952) ең бірінші рет ғылымға «Синапс» деген үғымды енгізді. Бүл гректің «Синапс» қосу, байланыстыру деген сөзін білдІреді.

Сонымен синапс дегеніміз - безді жасушалармен нейрондардың, нейрондар мен бүлшық еттердің, нейрондармен жүйке жасушала-рының арасындағы арнайы морфологиялық кұрылымнан түратын «байланыстырушы». Осы синапстер арқылы ақпараттар бір жасуша-дан екінші жасушаға беріледі. Нейрондардың арасындағы «бапланыс-тар» кездейсок емес, олар арнаулы жасуша аралық баиланыстарды күшейтетін, өзіне тән ерекшеліктері болатын құрылымдар. Әрбір сүтқоректілердің орталық жүйке жүйесінің нейрондарынын. өзіне тән "әлеуметтІк белгісі" болады (морфологиялық, биохимиялық және функционалдык ерекшеліктері, өсіділерінің тармақталуы, синапстердің саны, синапс баспалдақтарының иерархиялык деңгейі, т.б.). Мысалы, адамның бас миында 1012-1013 жасуша бар. Синапстерінің саны да бас миы мен жұлында 60-80%-ға тен. Әрбір нейронға мыңдаған басқа нейрондардан ақпараттар келіп жатады.

Синапстік байланыстар аксондардың (А), сомалардың (С) (сома-дене) жэне дендриттердің (Д) араларында болады. Жүйке жүйесінде синапстардың жеті түрі бар; А→Д; А→С; А→А;

Д→ Д;   Д→ С; С →Д; С→ С. Стрелка синапстың морфо-

Логиялық полярлық құрылысын және ақпараттың жүру бағытын

көрсетеді.

   Осылардың арасындағы ең бір жиі кездесетін түрлері синапстің екі

типі. Олар: аксон-дендрит жэне аксон-сома арасындағылар.

Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап морфологиялық  жэне био-химиялык зерттеулердің нәтижесінде синапстердің ультра кұрылым-дары айқындала бастады. Синапстердің мөлшері өте кішкентай, шама-мен 1 микронға тең (1 микрон мкм=10"6м). Сондықтан да электронды микроскоп синапстің құрылымын зерттеп білудегі ең басты құрал болып табылады. Синапстік байланыста ақпараттар көп жағдайларда химиялық жолмен, оның ішінде ерекше заттар медиаторлар аркылы беріледі, кейбір жағдайда электрлік импульс түрінде жүреді.

Кәдімгі жағдайда синапс екі бөліктен тұрады: аксонның ұшы жуандалып, жалпақ буылтық тәрізденеді. Осы жалпақ буылтық беткейімен дендрит қабығына жанасады немесе екінші неирон клетка денесіне жанасады. ЕкіншІ жанасушы клетканын, қабыгымен байланысатын жері төмпешіктеніп, жалпақ жағымен жанасады. Сипапсты қосып жиналган түрі штепсельдің вилкасын электрозеткаға қосқандай түрде болады.

           Әрбір жеке адамның да бір-бірінен ерекшелігі сезімталдық, ойлау, еске сақтау, т.б. қабілеттіліктерІнің көрінуі, дамуы осы айтылған синапстік байланыстардың күрылымында, іс-әрекетінде болуында.

Бас миының эволюциялық дамуы нейрондардың санының көбейуінде гана емес, нейрондардың өзара байланыс әсерлерінің өзгеріске түсуімен де сипатталады.

Сондықтан да барлық жүйенің ерекшеліктерін тек нейрондар ғана анықтай қоймайды, олардың өзара орналасуына, таралуына жэне басқа нейрондармен синапстік байланыста болуына да байланысты.

Синапстер, негізінен онтогенездік даму барсында, былайша айтқанда организм дүниеге келгеннен кейін қалыптаса бастайды. Мысалы, жануарлардың жаңа туған баласының миындағы синапстер, олардың везикулалары (көпІршіктері) пре-постсинапстік жуан түйін-дері, сиыапс аралық жіпшелері (көпіршелер) дұрыс жетілмеген. Эмбриогендік даму барысында синапстердің қалыптасуы омыртқалылардың бас миында биоэлектрлік белсенділігінің пайда болуымен сәйкес келеді. Организм дүниеге келгеннен кейін ғана аксондардың, дендриттердің өсуі және тармақталуына байланысты биоэлектрлік кұбылысы күрт күшейеді.

Қозғыш  синапстер тежеуші синапстерге қарағанда ерте пайда болады. Функционалды-белсенді нейрондардың қалыптасуы синапстік өткізгіштік қасиетінің ұзақ уақыт бойы жүруін қамтамасыз етеді. Осындай реттеу механизмдерінің дамып қалыптасуы бас миында ақпараттарды сақтауда маңызды рөл атқарады.

 

                                          

 

                     Рефлекторлық доға

Импульстің  таралуы - күрделі процесс. Нейрит ұштарында митохондриялар көп болады және синапстық көпіршіктер болады. Нейрит ұштарының мембранасы химиялық активті. Нейрит мембранасына қозу жеткенде құрамында медиаторы бар синапс саңылауынан көпіршіктердің шығуын көруге болады. Нейрит мембранасы мен дене дендрит мембранасы арасындағы келесі нейронда синаптикалық саңылау болады.

Нерв импульсін  сезімтал нейроцит рецепторынан бұлшық еттегі қозғалтқыш нерв ұштарына жеткізетін нейроциттер тізбегі рефлекторлы доға деп аталады.

Ең қарапайым рефлекс доғасы сезімтал және қозғалтқыш нейроциттен тұрады. Одан нерв импульсі төмендегі бағытта өтеді. Белгілі тітіркендіргішпен қалыптасқан импульс сезгіш клетка дендритінің рецепторында түзіледі. Импульс дендритте таралып, сезімтал клетка денесіне өтеді жэне нейрит аркылы қозғалтқыш клеткаға өтеді, нерв импульсі нерв клеткасына өтеді және оның нейриті арқылы қозғалтқыш нерв ұштарына өтеді, содан қозу бұлшық ет талшығына өтеді.

Нейрит денеде және дендриттің қозғалмалы клеткасында синапс түзеді. Нерв импульсі қозғалмалы клеткаға беріледі жэне одан кейін нейрит арқылы бұлшык ет талшықтары қозған күйге түсетін козғалмалы аякталуға келеді. Сезімтал және қозғалмалы нейроциттер арасында ендірмелер болады. Жоғарғы сатыдағы жануарларда ендірме нейроциттер саны көп болады. Сонымен қатар қызметтерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Организмнің қоздырғыштарға реакциясы адекватты болады. Адамда барлық орталық нерв жүйесі ендірме нейроциттердің күрделі жүйесін көрсетеді.

Рефректорлы доға құрамындағы бір нейроциттің  іске косылуы немесе өлімі басқалардың морфологиясына жэне қызметіне әсер етеді. Мысалы, сезімтал клеткалардың өлімі қозғалмалы клеткалардың бұзылысына әкеледі.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Әрбір жеке адамның да бір-бірінен ерекшелігі сезімталдық, ойлау, еске сақтау, т.б. қабілеттіліктерІнің көрінуі, дамуы осы айтылған синапстік байланыстардың күрылымында, іс-әрекетінде болуында.

Бас миының эволюциялық дамуы нейрондардың санының көбейуінде гана емес, нейрондардың өзара байланыс әсерлерінің өзгеріске түсуімен де сипатталады.

Сондықтан да барлық жүйенің ерекшеліктерін тек нейрондар ғана анықтай қоймайды, олардың өзара орналасуына, таралуына жэне басқа нейрондармен синапстік байланыста болуына да байланысты.

Синапстер, негізінен онтогенездік даму барысында, былайша айтқанда организм дүниеге келгеннен кейін қалыптаса бастайды. Мысалы, жануарлардың жаңа туған баласының миындағы синапстер, олардың везикулалары (көпІршіктері) препостсинапстік жуан түйіндері, синапс аралық жіпшелері (көпіршелер) дұрыс жетілмеген. Эмбриогендік даму барысында синапстердің қалыптасуы омыртқалылардың бас миында биоэлектрлік белсенділігінің пайда болуымен сәйкес келеді. Организм дүниеге келгеннен кейін гана аксондардың, дендриттердің өсуі және тармақталуына байланысты биоэлектрлік кұбылысы күрт күшейеді.

Қозғыш  синапстер тежеуші синапстерге  қарағанда ерте пайда болады. Функционалды-белсенді нейрондардың қалыптасуы синапстік өткізгіштік қасиетінің ұзақ уақыт бойы жүруін қамтамасыз етеді. Осындай реттеу механизмдерінің дамып қалыптасуы бас миында ақпараттарды сақтауда маңызды рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

                      Жоспар

 

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім: 

                    а) Жүйке тінінің     құрылысы, жүйке өсінділері

                        б) Нейроглия элементтері, атқаратын  қызметтері 

в) Жүйке талшықтары, синапстер және олардың түрлері

г) Рефлекторлық доға және оның құрылысы

  • Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

          Қолданылған әдебиеттер:

 

  • С.А.Ажаев «Гистология»
  • Афанасьв «Гистология, цитология с основами эмбриологии»
  • www.google.ru
  • www.yandex.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

 

 

 

                       Гистология кафедрасы

 

 

 

 

 

        

 

              

 

Тақырыбы: Жүйке тіні. Жүйке тінінің құрылысы. Синапстер.Рефлекторлық доға

 

 

 

 

 

Орындаған: ____________

Тексерген:_____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               АСТАНА 2009


Информация о работе Нерв ұлпасы