Delphi визуальды бағдарламасы ортасында электронды оқулық құру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 06:31, курсовая работа

Краткое описание

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................7 1 Delphi ортасы туралы түсінік ..................................................... 9
1.1 Delphi-де жұмыс істеу .................................................................. 9
1.2 Бағдарлама кодының терезесі ................................................ 15
1.3 Визуалды бағдарламалаудың негіздері ......................... 16
2 Электрондық оқулық туралы түсінік .................................. 18
2.1 электрондық оқулықтардың қолдануы ...................... 18
2.2 Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі .................................................................................................... 23
2.3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ................................................................................................... 27
2.4 Электронды оқулық қашықтықтан оқытудың
бір әдісі ........................................................................................................... 31
2.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының
бір түрі тестілеу ....................................................................................... 35
3 математикалық физика теңдеулері пәнінен электрондық оқулық құру .............................................................. 38
3.1 Програманың бас формалары ............................................... 38
3.2 Электрондық оқулықтың тақырыптары
мен мысалдары....................................................................................... 42
3.3 Тестті құру бағдарламасы ........................................................46
3.4 Формаға мәліметтерді енгізу ................................................ 50
4 Экономикалық бөлім ..................................................................... 53
4.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері................................................................................................ 53
4. 2 Экономикалық сферасының есептеулері ................. 55
5 Бизнес-жоспар бөлімі ................................................................... 57
Қорытынды .................................................................................................64
Түйін .................................................................................................................. 66
Қосымша ...................................................................................................... 67
Қолданылған әдебиеттер ................................................................ 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Delphi-ортасында-МФТ-пәні-бойынша-электрондық-оқулық-құру.doc

— 8.16 Мб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ

Қазіргі  кезде  қоғамдағы  берілгендерді  өңдеуде  автоматтандырылған  жүйені  күнделікті  қолдану   барысында  берілгендерді  енгізу,  сақтау  және шығару  қажет болды.  Дипломдық  жұмыстың   мақсаты  “электрондық оқулық құру”.  Мұнда Delphi ортасында МФТ  пәні бойынша электрондық оқулық  құрылған.

АННОТАЦИЯ

В данное  время  при  обработке  данных  автоматизированной  системы  используется  ввод  вывод  и  хранение  данных. Цель  дипломной  работы  “создать электронный учебник”.  Здесь  выполняется  создание электронного учебника по УМФ в  среде  Delphi.

Annotation

In the given time at data processing of the automated system the input a conclusion and storage of the data is used. The purpose of degree work “to create the electronic textbook”. Creation of the electronic textbook on EMPH in environment (Wednesday) Delphi here is carried out.

Кіріспе

Бастапқыда  компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты  көптеген  қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы  ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге  тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.

XXI  ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды  – мемлекеттік саясаттың негізгі  элементтреінің біріне айналып  отыр. Қоғамды информатикаландыру  – деп информатиканы елдің  экономикалық нығаюын қамтамасыз  ететін, ғылыми –техникалық прогресін  жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі  ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6.0  программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар  және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi –дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте –бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32  операциялық  жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде  де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі  кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге  ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.

Бүгінгі таңда  электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.

Осы мақсатпен  мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған “Функционалды анализдеу пәнінен электрондық оқулық құру” электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.

Осы программаны пайдалануда  студенттердің  білімін жан –  жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек жұмысында ЭЕМ – мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет.

Сонымен қатар соңғы  кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің  білім деңгейін тест түрінде тексеру  пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.

1 Delphi ортасы туралы түсінік

1.1 Delphi-де жұмыс істеу

Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен  Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 ® Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.

Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.

1.1-сурет. Delphi 6 программасының  ашылуы.

Бұл программаны iске  қосқанда ең алдымен Delphi програмасының  негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң  1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл  терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал  3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (1.2-сурет).

1.2-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.

Жалпы, ортада программа  құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.3-сурет).

1.3-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi

Windows-тағы сияқты Delphi-де  программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi  мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға  – программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.

Delphi-де әр оқиғаға  атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға  байланысты оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events   қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

1.4-сурет. Форма оқиғалары

Delphi-де программа  (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда  автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында  ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

  • форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
  • код терезесiнiң бiр шетi  форма  астында  көрiнiп  тұрса,  оны  шерту.

Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет)  т.б.

1.5-сурет. Код терезесi (Unit1)

Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға  өту  үшiн  F12  клавишiн басу  жеткiлiктi.  (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны  – код терезесiне енгiзiлген процедура  дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура  оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура  дайындамасының жазылу түрi:

Procedure <атау> (Sender : TObject);

сипаттау бөлiмi

begin

процедура денесi

end;

мұндағы Sender параметрi құрылатын  процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.

Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен  тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін  және олардың статусын өзгертуге болады.

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды  опцияларына тез арада қол  жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына  байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.

STANDARD  тобы

       Объектілер репозитариясын  ашу

       Бұрыннан құрылған  файл ашу

       Файлды дискіге  сақтау

       Дискіге жазып  барлық файлдарды сақтау

       Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу

       Жобаға жаңа  файлды қосу

       Жобадағы файлды  жою

VIEW тобы

  Екпінді жобаның құрамындағы  модульдер тізімінен қажетті  модулді    таңдау.

   Екпінді жобаның құрамындағы  формалардың тізімінен керекті  форманы таңдау

   Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері өту

     Жаңа форманы құру

DEBUG тобы

     Программаны компиляциялау  және орындау

      Түзету енгізіп жатқан  программаның жұмысын уақытша тоқтату

   Қадамдық тексеру ішкі  программалардың жұмысын бақылау тәртіпте орындайды.

    Қадамдық тексеру ішкі  программалардың жұмысын бақыламайтын  тәртіпте орындайды

CUSTOME тобы   

     Delphi ортасының құрамындағы  анықтама жүйесін іске қосу

DESKTOPS тобы

     Delphi ортасының екпінді  күйін сақтау

     Түзету тәртібіне  сәйкестелген терезелерді орнату

Компоненттер жинағы-Delphi-дің  негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің  оң жағында орналасып,қажетті компонентті  тез табуға арналған белгішілерден  тұрады.

Компонент деп белгілі  –бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.

Информация о работе Delphi визуальды бағдарламасы ортасында электронды оқулық құру технологиясы