Білім беру жүйесіне түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 20:05, реферат

Краткое описание

Жоғарғы оқу орнына конкурс арқылы оқуға түседі. Оқуға түсерде талапкерлердің бастапқы емтихан бағасына, орта мектеп бітірген құжаттарына, әр түрлі пән бойынша олимпиада жетістіктеріне ең бастапқы компонент - оқуға түсу емтиханы.
Оқуға түсердегі талаптардың саны мен реті нақты білім бөлімдерінің ережелерінде қарастырылған. Оқуға түсу алды емтихан ережелері қалаған факультетпен білім беру бағдарламасының талабымен бекітіледі. Оқуға түсу емтиханынан іріктеліп алынған мазмұны мен реті орта мектепте берілетін тақырыптардан мазмұнымен сай болуы керек: тарих, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, математика, физика, химия, биология, география және т.б. бар. Белгілі бір мамандықпен, орта арнайы мамандық білімі мен қысқартылып оқу бағдарламасымен бірінші курсқа қабылданады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ресейдегі Білім беру жүйесіне түсінік.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

Бітірушілерге мемлекеттік қорытынды аттестациядан жақсы өткен соң кәсіби білім беру орындары мамандығы бойынша жұмыс істеуге құқық беретін диплом береді. Мұндай диплом бітірушіге жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Оқу ұзақтығы қысқарған түрде болуы мүмкін, мамандығына сәйкес келетін болған жағдайда. Бірақ бұл түрдегі кәсіби білім университет деңгейіндегі жоғары білім бағдарламасына түсуге құқық бермейді.

Кәсіби білімнің екінші типіне кәсіптік лицей деп аталатын кәсіби білім беру бөлімі жатады. Бұл оқу бөлімдерінде білімдік компоненттерін құрайды.

Диплом кәсіптік лицейді мемлекеттік қорытынды аттестацияны жақсы тапсырған жағдайда беріледі. Диплом университет дәрежесінде білім алуға құқық береді. Егерде мамандығына сәйкес болатын мамандық бойынша оқуға түссе, онда ол қысқартылған мерзімді оқу бағдарламасымен оқып шығады.

Кәсіптік лицейде оқыту ұзақтығы негізгі жалпв білім базасында 3 жылдан кем емес (жалпы білім беретін мектепте оқыту 9 жыл).

Бағалау жүйесі 

 

Ресейде барлық білім деңгейлеріне бағалау жүйесі бірдей (жалпы білім және жоғарғы білім):

"5" - үздік

"4" - жақсы

"3" - қанағаттанарлық

"2" - қанағаттанарлықсыз

Сынақ, сынақ емес.

Жалпы білім жүйесінде төменгі өту балы қанағаттанарлық немес одан жоғарғы бағалар.

Білім орындарының өздеріне қарасты мекемелер қаржыландырады. Мысалы, денсаулық сақтау министрлігі медициналық оқу орындарын қаржыландырады. Бұрынғы мемлекеттік комитет жоғарғы білім бойынша 240 университет, академия және институттарды, сондай-ақ 313 колледждерді өз қаржысымен қаржыландырады.

Білім беру орындарын қаржыландыру деңгейі федеральды және жергілікті стандарттың негізінде жасалады. Білім бөлімдерінің типіне және бір студентке жұмсалатын қаржы анықталады. Федеральды қаржыландырудың мөлшері федеральдық заңмен қатар алдағы жылға қабылданған мемлекеттік бюджетпен жыл сайын бекітіледі.

Мемлекеттік емес білім беру орындарында қаржыландыру мөлшеріне белгіленген мөлшерден төмен болуы мүмкін емес.

Жоғарғы кәсіби білім: біліктіліктері мен дипломдары

Ресей жоғарғы оқу орындары төмендегідей ғылыми атақтар және диплом бере алады:

Бакалавр дипломы - 4курс оқып бітірген азаматтарға беріледі. Бакалавр дайындау бағдарламасы медицинадан басқа білімнің барлық саласын қамтиды. Бакалавр дипломы жұмыс істеуге құқық береді, сонымен қатар магистрлер дайындайтын бағдарламаға баруға жол ашылады. Оқу кезінде емтихан әр семестрдің соңында өтеді. Оқудың соңғы жылында студент мемлекеттік қорытынды аттестациядан өтеді, оған диплом жұмысын қорғау мен мемлекеттік қорытынды емтихан енгізілуі мүмкін. Аттестациядан кейін мемлекеттік бакалавр дипломы беріледі.

Мамандық диплом - Ресей Федерациясының білім жүйесінің байырғы дипломы. Ол екі бөліктен тұрады: мамандық (мысалы мұғалімдерге, инженерлерге, химиктерге және т.б.) және ғылыми атақ дайындайтын (мысалы математика, доктор, экономист, агроном, инженер, физика).  Студенттер әр семестрдің соңында емтихан-сынақтар тапсырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация мамандық дипломын алар алдында өткізіледі. Сонымен қатар сол уақытта диплом жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстары жүргізіледі.

Магистр дипломы - 2 жылдық оқу бағдарламасы, оның зерттеу компоненті бар. Бакалавр дипломы барлар ғана магистр дайындық бағдарламасын оқуға жолдана алады. Магистрдің жолдамасы бакалавр дипломы болса, олар емтихан әңгімелесу сынақтары арқылы түсу сынақтарын тапсырады. Бакалавр дипломы мен магистр бағдарламасының мамандығы бірдей болмаса, онда қосымша емтихан тапсырады. Магистрлік диссертация - өзіндік зерттеудің бір бөлігі, ол ғылыми жетекшінің бақылауымен жүргізіледі. Мамандық дипломы сияқты бұл диплом да ғылыми атақ дайындаудағы бағдарламаға түсу құқығын береді.

Жоғарғы оқудың оқу жоспары жылына 36 апта. Студенттің толық жұмыс жүктемесі 54 сағаттан аспауы қажет, оған аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстары кіреді. Студенттің толық аудиториялық оқу жүктемесі аптасына 27 сағатты құрайды (магистратура бағдарламасында аптасына 14 сағат). Күндізгі-сырттай (кешкі) оқу түрлерінде аудиториялық сағат аптасына 10 сағаттан аз болмауы қажет. Сырттай оқитын студенттердің сағаты жылына 160-тан кем болмауы керек. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып маусымның бас кезінде аяқталуы керек.

Білім беру түрлері

Білім берудің әртүрлі формалары: күндізгі,  кешкі, сырттай және экстернат.

Ресей Федерациясының Үкіметі оқытудың кешкі және экстернат түрі бойынша оқытуда тиым салынған мамандық тізімдерін жасаған.

Білім мазмұнына бітірушілер білімі мен дағдыларына мемлекеттік білім стандарты қойылған. Оқыту формасына қажетті емес, яғни кешкі оқыту және экстернат формасы күндізгі оқыту формасы сияқты, еш айырмашылығы жок.

Кешкі оқыту формасында студенттер саны жалпы студенттердің санының үштен бірін құрайды.

Кешкі оқыту формасында оқитын студенттер өздерінің көп уақытын пәнді өз бетінше оқуға арнайды. Аудиториядағы оқыту көлемін азайту үшін арнайы білім технологиялары пайдаланылады: арнайы оқу-әдістемелік материалдары және құралдары; қазіргі коммуникациялық және ақпараттық технологиялар, жеке және топтық кеңесулер.

Кешкі мектепте оқитындар саны күндізгі формада оқитындар санынан аз.

Оқу тілдері

Оқытудың негізгі тілі - орыс тілі.

Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі ретінде орыс тілін оқыту. Барлық білім беру орындарында, мемлекеттік қаржыландыру алған мектепке дейінгі білім орындарынан басқа, мемлекеттік білім стандартына сай қалыпқа келтіріледі.

Ресей Федерациясының азаматы өздерінің ана тілдерінде негізгі жалпы білім алуға құқы бар және қабілетіне сай басқа тіл таңдауға да құқы бар. Білім жәнеп оқыту тілдері мекемелерінің жарғысымен және оған қатысты мекемелермен анықталады.

 


Информация о работе Білім беру жүйесіне түсінік