Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 16:12, реферат
Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Тыныс алу жүйесі
2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі.
3. Тыныс алу жүйесінің балалардағы ерекшелігі
4. Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
5. Өкпеқап және көкірек аралық.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Көкірек қуысында мүлде оқшауланған үш сірліі қап болады - әрбір өкпе үшін біреуден және ортаңғысы жүрек үшін. Өкпенің сірлі қабығы өкпеқап , pleura, деп аталады. Ол екі жапырақшадан тұрады: висцеральді өкпеқап, pleura visceralis және париетальді, қабырғалық өкпеқап, pleura parietalis.
Висцеральді немесе өкпе өкпеқабы, pleura pulmonalis, өкпенің өзін жауып, өкпе затымен тығыз тұтасатындығы соншалық, тінді зақымдамай, оны айырып алуға болмайды; Ол өкпе саңылауларына еніп, өкпе үлестерін бір-бірінен бөледі.Өкпенің үшкір жиектерінде өкпеқаптың бүртәрізді томпақтары кездеседі. Өкпені барлық жағынан қаусыра, өкпеқабы өкпенің түбірінде тікелей париетальді өкпеқапқа жалғасады. Өкпе түбірінің төменгі жиегімен түбірдің алдыңғы және артқы артқы беттерінің сірлі жапырақшалары бір қатпарға, өкпе байламына, lig. pulmonale,жиналады, ол қатпар өкпенің ішкі бетімен тік төмен түсіп, көкетке бекиді.
Қабығалық өкпеқап, pleura parietals, өкпенің сірлі қабығының сыртқы жапырақшасы болып табылады. Қабырғалық өкпеқап сыртқы бетімен кеуде қуысы қабырғалармен тұтасады, ал ішкі беиімен тікелей висцеральді өкпеқапқа қарайды. Өкпеқаптың ішкі беті мезотелимен жабылған да, кішкене мөлшерде сірлі сұйықтығымен ылғалданғандықтан, жылтыр болады, соның салдарынан тынысалу қозғалыстары кезінде екі, висцеральді және париетальді өкпеқап жапырақшалары арасындағы үйкеліс азаяды.
Өкпеқап транссудация (шығару) және резорбция (сіңіру) үрдістерінде аса маңызды рөл атқарады. Олардың арқасындағы қалыпты арақатынас кеуде қуысы ағзалары ауырған кезде күрт бұзылады.
Макроскопиялық жағынан біртегіс және гистологиялық құрылымы жағынан ұқсас бола тұра, париетальді және висцеральді қабықшалар әртүрлі қызмет атқарады, бұл олардың эмбриологиялық шығу тесігінің әртүрлі болуына байланысты. Лимфа тамырларына қарағанда қантамырлары тым басым болатын висцеральді жапырақша негізінен шығару қызметін атқарады. Қабырғалық бөлімінде сірлі қуыстардан сіңіріп алатын арнаулы аппараттары бар және лимфа тамырлары қантамырлардан басым келетін париетальді жапырақша резорбция қызметін (сіңіру) атқарады. Бір-біріне жанаса жатқан париетальді және висцеральді жапырақшалар арасындағы саңылау тәрізді кеңістік өкпеқап қуысы, cavitas pleurales, деп аталады. Сау адамда өкпеқап қуысы жай көзге көрінбеді.
Тыныштық жағдайда өкпеқап қуысының 1-2 мл сұйықтық болады, ол капилярлық қабатпен өкпеқап жапырақшаларының жанасатын беттерін бөледі. Осы сұйықтықтың арқасында қарама-қарсы күштердің кеуде торының инспираторлық керілуі мен өкпе тінінің серпімді тартылуы әсеріндегі екі бет ілінісіп ұстатады. Осы екі қарама-қарсы күштің бір жағынан өкпе тінінің серпімді керілуі, екінші жағынан кеуде торы қабырғасының созылуы әсерінен өкпеқап қуысында теріс қысым пайда болады, ол қысым қайсыбір газдың қысымы емес, аталған күштердің әсерінен туады. Кеуде торын жарып ашқанда, өкпеқап қуысы жасанды үлкейеді, өйткені, атмосфералық қысымның сыртқы және сандай-ақ ішкі жағынан (бронхтар жағынан да) теңелуіне байланысты өкпе қабысады.
Қабырғалық өкпеқап өкпені қоршайтын тұтас бір қап болып табылады, бірақ сипаттау мақсатында мынадай бөлімдерге бөлінеді: pleura costales, diaphragmatica және mediastinalis.Сонымен қатар әрбір өкпеқап қабының жоғарғы бөлігін өкпеқап күмбезі деген атпен бөліп көрсетеді. Өкпеқап күмбезі сәйкес өкпенің ұшын жауып, мойын аймағында кеуде торынан I қабырғаның алдыңғы шетінен 3-4 см жоғары шығып тұрады. Өкпеқап күмбезін латеральді жағынан mm. scaleni anterior et medius шектейді, медиальді a. және v. артқы жағында кеңірдек пен өңеш жатады.
Қорытынды
Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ Бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра функциясы