Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 16:12, реферат

Краткое описание

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Тыныс алу жүйесі
2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі.
3. Тыныс алу жүйесінің балалардағы ерекшелігі
4. Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
5. Өкпеқап және көкірек аралық.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 51.17 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ  МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Морфологиялық пәндер кафедрасы


 

 

 

 

Кредит №1.  Тақырып 6.

Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра функциясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Косалиева У.

Тобы: 103 “А”  МІК

                  Қабылдаған: Танабаев Б.Д.

 

 

 

 

 

2014жыл

 

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Тыныс алу жүйесі

2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі.

3. Тыныс алу жүйесінің балалардағы ерекшелігі

4. Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.

5. Өкпеқап және көкірек аралық.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. 
Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. 
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

  • қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
  • диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу жүйесі-Systema Respiratorium

Тынысалу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығару үшін қызмет етеді. Суда тіршілік ететін  жануарларда тыныс алу мүшелері  қызметін бірінші  ішектің арнаулы тесіктері болып табылатын  желбезектер атқарады.Оның жан-жағында саңылаулар (желбезектер саңылаулары) түзіледі, олардың жиектерінде біраз қантамыр капиллярлары  бар күлтелер болады. Желбезек саңылаулары арқылы өтетін  су желбезектерді шайып, соның нәтижесінде  оттегі судан алынып , тікелей қанға өтіп ,ал көмірқышқыл газы суға бөлініп шығады. Жануарлар суда тіршілік етуге көшкеннен кейін су арқылы тыныс алатын мүшелер –желбезектер ауамен тыныс алатын өкпеге-ауысады.Бұлай ауысу біртіндеп жүреді.Мәселен, қосмекенділер  ерте личинка кезінде желбезектер-мен, ал ересек кезінде өкпемен тыныс алады.Құрлықта тіршілік ететін жануарларда жорғалаушылардан бастап желбезектер өздерінің маңызын жоғалтып, басқа мүшелер түзуге жұмсалады да, ал тыныс алу қызметін желбезектер сияқты бірінші ішектен өсіп шығатын өкпе атқара бастайды. Сүтқоректілерде тыныс алу мүшелері алдыңғы вентральді қабырғасынан дамып бүкіл өмір бойы онымен байланысын сақтайды. Адамда да сақталатын тыныс алу және асқорыту жолдарының жұтқыншаққа айқасуы да осымен түсіндіріледі.Тыныс алу актісін іске асыру үшін таза ауа ағынының тыныс алу бетіне баруын, яғни айналысын қамтамассыз ететін тетік қажет.Осымен байланысты, өкпеден басқа тыныс алу жолдары болады, атап айтқанда: мұрын қуысы мен жұтқыншақ (жоғары тыныс алу жолдары), содан соң көмей, кеңірдек және бронхтар(төменгі тыныс алу жолдары).

         Бұл жолдардың ерекшелігі олардың  қабырғаларының қатты тіндерден(сүйек  пен шеміршек) құралуында , сол себепті  қабырғалары босаңсымайды да , қысымның  оңнан теріске қарай күрт өзгеруіне  қарамастан  дем алып, дем шығарғанда  ауа еркін қозғалады.

           Ішек жұтылатын ауа мұрын (немесе  ауыз) қуысы және жұтқыншақ арқылы  көмейге өтеді. Ауыз қуысы мен  жұтқыншақтың құрылысы жоғары  да асқорыту жүйесін сипаттағанда  баяндалды. Мұрын қуысының сүйекті  арқауы остеология бөлімінде  қарастырылады.Бұл жерде біз тыныс  алу жолының бірінші бөлігіне-мұрын  қуысына тоқталамыз.

Мұрын қуысы

       Дем алғанда ауа өкпенің жұмсақ  тінімен жанасуы үшін шаңнан  тазарып , жылынып, ылғалдануы қажет.Бұл  мұрын қуысында cavitas nasi  іске асады, сонымен қатар бір бөлігі сүйекті , екінші бөлігі шеміршекті қаңқадан түзілген сыртқы мұрынды, nasus externus, ажыратады.

      Мұрынның шырышты қабығы(грекше rhinoc- мұрын, осыдан ринит –мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуы) жұтатын ауаны өңдейтін бірқатар тетіктермен жабдықталған.

       Біріншіден, кіpпікшелі эпителий  мен жабылған , оның кірпікшелері  тұтас кілемше түзіп , оған шаң-тозаң  шөгіп қалады. Кірпікшелердің толқынды  жыбырлауы нәтижесінде шөккен шаң тозаң мұрын қуысынан шығарылады. Екіншіден, шырышты қабықты шырыш бездері glanduale nasi ,орналасқан, олдардың шығаратын секреттері шаң-тозаңды орап, оның шығарылуына жағдай жасайды, сондай-ақ ауаны ылғалдандырады. Үшіншіден, шырышты қабық вена тамырларына бай, олар төменгі қалқанда және ортаңғы қалқан-ның төменгі жиегінде түрлі жағдайларда ісінетін үңгірлі денелерге ұқсас қалың өрім түзеді; олар зақымданғанда мұрыннан қан кетеді.Бұл түзілістер-дің мұрын арқылы өтетін ауа ағынын жылытуда маңызы зор.

      Сипатталған шырышты қабықтың  тeтіктері ауаны  механикалық  жағынан  өңдейді және ортаңғы , төменгі мұрын қалқандары  мен  мұрын жолдары  деңгейінде орналасады. Сондықтан-мұрын қуысының  бұл  бөлігі  тынысалу бөлігі ,regio respiratoria , деп аталады . Мұрын қуысының жоғарғы бөлігінде , жоғарғы қалқан деңгейінде,иіс сезу мүшесі түрінде , өтетін ауаны бақылауға  арналған тетік бар, сондықтан мұрын қуысының  жоғарғы бөлігін  иіс сезу аймағы ,regio olfactoria , деп атайды.Бұл жерде иіс сезу нервінің  нервтік ұштары – иіс сезу анализаторының  рецепторын құрайтын  иіс сезу жасушалары  жайғасады.

Көмей

Көмей,larinx ,IV , V  және VI мойын  омыртқалары деңгейінде дәл тіласты сүйегі астында , мойынның алдыңғы жағында орналасып, бұл жерде  сыртқы жабын арқылы  айқын білінетін  қырат түзеді.Көмей артында жатқан жұтқыншақпен, көмей кіреберісі , aditus laryngis , деп аталатын тесік арқылы  тікелей қатынасады.Көмейдің жандарынан  ірі мойын қантамырлары  өтеді , ал көмей алдыңғы  жағынан тіласты  сүйегінен  төмен жатқан бұлшықеттермен  (mm. sternohyoidei , sternothyroidei, omohyoidei ), мойын шандырымен  және қалқанша  бездің үлестерінің жоғарғы бөліктерімен  жабылған. Көмей төменде кеңірдекке  жалғасады.

         Адам көмейі-тамаша музыка аспабы  сияқты.Көмей арқылы  шығатын  ауа дауыс байламдарын тербелтіп , соның нәтижесінде дыбыс пайда  болады. Нерв жүйесі арқылы  басқарылатын  ауыз  қуысы, тіл, жұтқыншақ және  көмейдің бұлшықеттері  жиырылуы  нәтижесінде  көмейдегі  дауыс  байламының  керілуі, ауа өтетін  қуыстың шамасы мен пішіні  музыка аспаптарындағыдай емес  өзгеріп отырады. Адам осы арқылы  адамтәрізді маймылдардан  өзгешеленеді, олар ән салып , сөз сөйлеу үшін  қажетті тыныс шығарғандағы  ауа  ағынын  реттеп отыруға мүлдем  қабілетсіз. Тек гиббон ғана  азды-көпті  музыкалық дыбыс дыбыс шығаруға  қабілетті («гиббон гаммасы ») . Оның  үстіне маймылдарда  тері астында  созылып, резонатор қызметін атқаратын  «дауыс қаптары» күшті дамыған.Ал  адамда ол редументтік түзілестер  болып табылады (көмей қарыншалары).Біртіндеп  күшейген модуляциялар арқылы  маймылдың дамымаған көмейі адам  көмейіне , айналып дамымаған ауыз  мүшелері «біртіндеп жекелеген  дыбыс шығаруды үйренгенше » (К.Маркс  және Энгельс. Соч., 2-изд.,20, с.489)  мыңдаған  жылдар керек болды.

         Көмей өзіндік музыкалық аспап  болумен қатар қозғалыс аппараттары  принципімен құрылған , сондықтан  онда шеміршектер түріндегі қаңқаны, олардың байламдар мен буындар  түріндегі қосылыстарын және  шеміршектерді қозғалтып , соның нәтижесінде  дауыс саңылауы көлемі мен дауыс байламдары керілуі дәрежесін өзгертетін бұлшықеттерді ажыратуға болады.

Кеңірдек   

         Кеңірдек, trahea (грекше, trahus-бұдырлы) көмейдің  жалғасы ретінде VI мойын омыртқаның төменгі жиегі деңгейінде басталып , V кеуде омыртқасының жоғарғы деңгейінде аяқталып сол жерде екі-оң және сол жақ бронхыға бөлінеді.Кеңірдектің бөлінетін жері кеңірдек айырығы , bifurcatio traheae деп аталады.Кеңірдектің ұзындығы 9-11 см, орташа көлденең диаметрі 15-18см. Кеңірдек қабырғасы  фиброзды, сақиналы байламдармен , ligg. annularia, қосылған 16-20 толық емес шеміршекті сақиналардан , cartilagines tracheales, тұрады; әрбір сақина шеңбердің 2/3 бөлігін ғана алып жатады. Кеңірдектің артқы жарғақты қабырғасы, paries membranaceus, жалпайған және онда көлденең және бойлық , тыныс алғанда, жөтелгенде  және т.б. жағдайларда кеңірдектің белсенді қозғалысын қамтамассыз ететін бірыңғай салалы бұлшықет тіні будалары  болады. Көмей мен кеңірдектің шырышты қабығы  кірпікшелі эпителимен (дауыс байламдары мен көмей қақпашығының бөлігін қоспағанда ) жабылған және лимфа тіні мен  шырышты бездерге бай.

Бронхтар  

     Оң және  сол басты бронхтар (bronchus, грекше-тынысалу түтігі ),bronchi principales dexter et sinister тұрған жерден тік бұрыш жасай шығып , сәйкес өкпенің  қақпаларына келеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан кең , өйткені оң өкпенің көлемі  сол өкпенің көлемінен үлкен .Сонымен қатар сол жақ бронх  оң жақ бронхқа қарағанда екі есе ұзын, оң жақ бронхта 6-8 , ал сол жақ бронхта  9-12 шеміршекті сақина болады. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа қарағанда  тік орналасқан, сөйтіп, кеңірдектің жалғасы  сияқты болады. Оң жақ бронх арқылы  арттан алға қарай доға тәрізденіп v. cava superior –ға қарай бағыттала , vena azygos  өтеді, сол жақ бронхтың үстінде  қолқа доғасы жатады. Бронхтардың шырышты  қабығының құрылысы  кеңірдектің шырышты  қабығының құрылысымен  бірдей.

          Тірі адамда бронхоскопия кезінде (яғни көмей мен кеңірдек арқылы  бронхоскопты енгізіп , кеңірдек  пен бронхтарды қарағанда ) шырышты  қабық  сұрғылт түсті , шеміршекті  сақиналар  жақсы көрінеді. Кеңірдектің  бронхтарға бөлінетін  жеріндегі  шығып тұратын қыр, carina қалыпты  жағдайда ортаңғы сызық бойында орналасып тыныс алғанда еркін ығысып тұруы тиіс.

   Өкпе

  Кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арсында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар. Сүйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып, бронх ағашын түзеді, бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады.

   Альвеолалар-диаметрі0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық қапталған. Осы қабыршаққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды., тұрақты көлемі сақталады. Қабыршақ микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.

   Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, кқмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өепедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобнмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.

   Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекте қаныққан артерия қаны қанайналымның үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек концентрациясы жоғары капиллярлардан ұлпа сұйықтығы арқылы жасушаларға диффузияланады да, тотығу процестерінде қолданылады. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.

  Артерия қаны вена қанына айналып, қуыс веналар арқылы жүрекке, әрі қарай қанайналымның кіші шеңберіне өтеді. Күні бойы адам пайдаланатын оттек пен көмірқышқыл газының мөлшері дене белсенділігіне және денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады.

    Тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ, сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары, негізінен, қабырғааралық бұлшық ет пен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Көкет дегеніміз-кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет. Тыныс алғанда қабырғааралық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық ауа өкпеге барады. Тыныс алу іске асырылады. Тыныс алуға бронхылар, кеңірдектің шеміршекаралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының бұлшық еттері, иық белдерінің бұлшық еттері, т.б. қатысады.

Информация о работе Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра функциясы