Текстиль материалдарын өңдеу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:43, реферат

Краткое описание

Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.
Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді, Қолданылатын шикізат түріне байланысты:
Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) ;
Жүн талшығының түріне байланысты- қой, ешкі, түйе жүнді;
Белгіленуіне байланысты- тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аппликация .doc

— 69.00 Кб (Скачать документ)

          Күкіртті бояғыштар суда ерімейді. Күкіртті натрий тотықсыздандырғышының әсерімен бояғыш еритін күйге өтіп матаға сіңеді. Ауадағы оттегімен тотыққанда бояғыш бастапқы күйіне қайта келеді де, матада мықталып ұсталып қалады. Күкіртті бояғыштар онша көп түрге боялмайды (қара, сұр, қоңыр, жасыл). Оларды астарлық және киімдік маталарды бояуға жұмсайды, себебі олар күннің сәулесіне төзімсіз.

          Азобояғыштар талшықта түзеліп  матаны кетпейтін ашық, жылы түске  бояйды (күрең, қызыл, қызғылт, қызғылт  сары т.б.). Бояу екі ерітіндіден  тұратын бояғышқа матаны малып алған соң пайда болады. Бояу процесі төменгі температурада жүргізілетіндіктен азобояғыштарды суық бояғыштар деп, ал бояу әдісін суық деп атайды.

          Қара анилин маталарды шымқыл  қара түске бояйды. Матаны бояғанда  анилин мен тұз қышқылының қосындысына салып, ыстық бу толтырылған зрельник деп аталатын арнайы аппарат арқылы өткізеді. Ауадағы оттегінің әсерінен матадағы анилин тотығып, бояу алдымен жасыл, күлгін көк сонан соң қараға айналады.

          Қара анилинді бояу жарықтың  әсеріне, жуғанға, үйкеліске төзімді бояу береді. Қара анилинді бояудың кемшілігі-тұз қышқылының өсімдік талшықтарына әсерінің салдарынан матаның мықтылығы 10-13% -ке кемиді. Қара анилиндік бояудан кейін қышқылдың қалдықтарын түгел кетіру үшін матаны жақсылап шаю керек.

Пигменттер – суда ерімейтін органикалық бояғыштар мен минералды заттар. Бояу процесі арнайы байланыстырушы синтетикалық шайырдың көмегімен мата талшықтарын пигменттермен қосу арқылы жүргізіледі. 100оС температурада шайыр ерімейтін күйге ауысады а пигменттерді мата бетінде мықтап ұстап қалады.

Пигменттер жарықтың әсеріне шыдамды неше түрлі бояулар береді. Бояу кезіндегі ақаудың себебі – мата құрылымының біртекті болмауынан, қайнату мен ағартудың дұрыс жүргізілмеуінен, бояудың рецепті мен режимін бұзғандықтан, құрал-жабдықтардың бұзықтығынан.

Толық болмау – мата ақшыл, бояу матаға толық өтпеген. Ақау матаға бояуға дұрыс дайындамағандықтан, бояу режимінің бұзылуынан сонымен бірге пальтолық қалың матаны қайта бояғанда болады. Толық боялмаған мата киімінің сырт көрінісін бұзады.

Әртүстілік – бояудың біртіндеп ашық түстен қоңыр түске тарай аусуы, әртүстілік матаның бір бөлігінде немесе бүкіл партиясында болуы мүмкін, әртүстілік, әсіресе, тігін бұйымдарында анық байқалады.

Кертпештер – дұрыс жайылмаған (жазылмаған) матаны бояғанда пайда болатын ашықтау жолақтар. Бұйымның көрініп тұратын жерлеріне таңбалар жіберілмейді.

Мата құрылымының біртекті болмауынан негіз бен арқауда толық жолақтар қалуы мүмкін. Бұйымның көрінетін, жерінде жолақ болса оның сортын төмендетеді.

Кіршеңдік – бояғаннан соң матаны дұрыстап шаймағандықтан матаның бояуының үйкеліске шыдамсыз болуы. Бұл ақау матаның сортын анықтағанда ескеріледі.


Информация о работе Текстиль материалдарын өңдеу технологиясы