Текстиль материалдарын өңдеу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:43, реферат

Краткое описание

Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.
Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді, Қолданылатын шикізат түріне байланысты:
Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) ;
Жүн талшығының түріне байланысты- қой, ешкі, түйе жүнді;
Белгіленуіне байланысты- тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аппликация .doc

— 69.00 Кб (Скачать документ)

Текстиль материалдарын өңдеу технологиясы

 

Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.

Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді, Қолданылатын шикізат түріне байланысты:

    • Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) ;
    • Жүн талшығының түріне байланысты- қой, ешкі, түйе жүнді;
    • Белгіленуіне байланысты- тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;
    • Иіру әдісіне тәуелді- жіңішкетарақты, ірітарақты, жартылайтарақты және аппаратты;
    • Құрылымына тәуелді- біржіпті, ширатылған (екі және одан көп жіптерден ширатылған), фасонды; 
    • Өңдеу әдісіне тәуелді- боялмаған, ағартылған, боялған, бастырылған, меланжды, мулине.

Түрлі жіптерден таза жүнді және жартылай жүнді маталар ассортименті өндіріледі. Иіру процессі иіру машиналарында іске асады; оның мәні тегіс таспаны қажетті сызықтық тығыздыққа дейін созу, оны ширатып иірімжіп қалыптастыру, собыққа орау. Сақиналы иіру машиналарында иірімжіп ұршыққа қондырылған собық түрінде паторонға оралады. Соңғы кезде сызықтық тығыздығы бойынша тегістігі жоғары, берік иірімжіп алуға мүмкіндік беретін иірудің ұршықсыз әдісі кеңінен қолдана бастады. Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) маталар келесі түрлерге бөлінеді:

  • Белгіленуі бойынша- көйлектік, костюмдік, пальтолық және т.б;
  • Шикізаттың түріне және сапасына байланысты- 60к және одан жоғары сапалы жүннен өндірілген, 50к-58к жіңішке жүннен өндірілген, 50к-58к жартылай жіңішке жүннен өндірілген, 44к-48к жартылай дөрекі жүннен өндірілген, 36к-40к дөрекі біртекті жүннен өндірілген, жіңішке жүнмен  химиялық  талшықтардан өндірілген, дөрекі жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген,
  • Өндіру әдісіне байланысты-тарақты камволды иірімжіп, аппаратты әдіспен өндірілген шұғалы, аппаратты және тарақты иірімжіптер комбинирленген;
  • Өңдеу әдісіне байланысты-боялмаған, тегіс боялған, фасонды, меланжды, түкті;
  • Қосымша өңделген- қыртыстанбайтын, шуымайтын, су сіңірмейтін және т.б.
  • Айқаспа түріне байланысты- майда өрнекті, ірі өрнекті (жаккардты), күрделі, қарапайым.

Текстильді жаймалар әр түрлі әдіспен және түрлі шикізаттан өндіріледі. Қолдану саласына байланысты оларды киімге арналған тұрмыстық және өндірістің түрлі салаларында қолданылатын техникалық, арнайы белгіленуі бар жаймаларға бөледі. Текстиль жаймалар өндірісінің жалпы көлемі тұрмыстық белгіленудегі жаймалардан тұрады. Текстиль өндірісінде шығарылатын маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар ассортименті өте кең-3500 ден астам. Жаймалардың сапасымен құрылымын, қасиеттерін олардың құрамына химиялық жіптермен жіптердің жаңа түрлерін-фасонды ширатылған, түрлі-түсті жіптерді, комплексті жіптерді енгізу, иірудің жаңа әдістерін қолдану, қосымша өңдеу әдістерін қолдану арқылы өзгертеді. Маталардың ең құндысы болып таза жүннен жасалған маталар табылады. Таза жүнді маталарға құрамында басқа талшықтардың үлесі 50% жоғары емес маталар жатады. Таза жүнді маталар ішінде ең құндысы 60к және одан жоғары жүннен өндірілген маталар жатады. Аталған маталардан басқа жүн өнеркәсібінде белгіленуі әртүрлі техникалық маталар, кілем бұйымдары өндіріледі. Иіру өндірісі дегеніміз- табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіптің қалыптасуын қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процесстердің жиынтығы. Иірімжіптің геометриялық қасиеттері (сызықтық тығыздығы, орташа тығыздығы, тегістігі, үлпектігі), оның құрылымы (талшықтардың орналасуы, ширату) және физикалық қасиеттері (үзілу салмағы, созылғыштығы, серпімділігі, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялығы) талшықтарды қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар иіру жүйесіне де тәуелді болып келеді. Иіру жүйесі иірімжіп өндірісінде қолданылатын технологиялық процесстердің және машиналардың жиынтығы арқылы анықталады. Иіру жүйесін талшықты материалдарды тарау әдісі бойынша (кардты тарау немесе тарақты тарау) және талшықтардың ағынын жұқарту әдістері бойынша (бөлу немесе созу) топтайды. Мақта талшықтарын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдеуге арналған мақта иіру өндірісінде, иірудің төрт жүйесі қолданылады- кардты, тарақты, меланжды және аппаратты. Иірудің меланжды жүйесінде иірімжіптерді сұрып және боялған талшықтар немесе әртүрлі түсті талшықтар қоспасынан өндіріледі. Иірудің аппаратты жүйесі бойынша сызықтық тығыздығы жоғары төмен сортты мақтадан және қалдықтардан иірімжіптерді өндіеді. Иірудің кардты жүйесінде талшықты материалдарды тарау, қалпақшалы кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Иірудің тарақты жүйесінде талшықтарды тарау мерзімді қозғалыстағы қалпақшалы кардты және тарақты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты.

Мақта маталары өңдеу.

Өңдеу өндірісіне түскен өңделген мақта маталары жарамдылығына қарай бөлініп, тазалығына және ақау санына қарай ағартуға, бояуға немесе сурет басуға жіберіледі.

Өндірістің жоспарына сәйкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір артикульдегі маталарды бірнеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады.

Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) салады да өңдеудің барлық операциясынан өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді.

Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу, шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту, мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа сурет салу және соңғы өңдеу (аппреттеу, керу, каландрлеу).

Отпен шарпу – іш киімдік маталардың кірлеуін тездететін және баспа сурет салғанда ақаулар жіберетін сыртқы көрінісін бұзатын талшықтың ұштарын өңделмеген мата бетінен кетіру. Дәке мен түкті маталардан басқаларының барлығын отпен шарпиды. Ол үшін газбен шарпитын машиналар мен науалы шарпығыш агрегаттар пайдаланылады. Газбен шарпитын машиналарда мата газ жанарғысында күйдіріледі, жалынның үстімен талшықтардың ұшы өтеді. Науалы шарпығыш агрегаттарда талшықтардың қатты қыздырылған металл науаның бетіне жанасады да күйін ктеді.

Үнемділігіне байланысты газбен шарпитын машиналар өндірісте кең қолданылады. Әдетте матаның бет жағы үйтіледі. Жанарғы жалынының үстінен беттік тығыздығы төмен жұқа матаны өткізгенде матаның бетіндегі және жіптердің арасындағы талшықтың үштері де күйеді. Отпен шарпылғаннан соң мата бу ұшқын өшіргішіне немесе су құйылған ваннаға салынады.

Күйдіру процесінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: толық шарпылмау (матаның қозғалу жылдамдығы жоғары болса), тегіс шарпылмау (машинаның бұзылғандыгынан), ұшқынды өшірмегендіктен немесе қозғалу жылдамдығының аздығынан матаның күйіп кетуі (жалпы немесе кейбір жері). Щлихтамен кетіру – шилхталау кезінде жағылған крахмалды кетіру үшін жасалатын өңдеу операциясы. Маталарды 4-24 сағат су құйылған жәшікте ұстап, дымқылдап, артынан шаяды.

Жібіту процесін жеделдету үшін крахмалдың ашуына жағдай туғызатын күкірт қышқылы, ащы натр, натрий гетохлориді және бактерия тектес басқа да препараттарды (биолаз, т.б.) суға қосады. Ашу процесінде крахмал қантты затқа айналады, ал бұрап жуғыш машинасы матаны жуғанда ол тез кетеді. Шлихтамен кетіру кезінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: шлихтамен жөнді кетпейді, шлихта тегіс кетпейді, бүктетіліп не кептеліп қалу, ұзақ жатқандықтан немесе қышқылдың әсерінен матаның босауы. Қайнатып-пісіру целлюлоза қоспаларынан (балауыз тектес, пектинді, азотты және минералды заттардан), және де кірден, шлихта қалдықтарынан тазарту мақсатымен маталарды сілті ерітіндісімен өңдеу.

Қайнату үшін кальцийленген сода, бисульфит және натрий силикаты және т.б. қосылған күйдіргіш натр ерітіндісі пайдаланылады.

Маталарды қысыммен 4-8 сағат қақпағы тығыз жабылған пісіру қазандарында, немесе 98-100оС температурада 1-2 сағат уақыттай үздіксіз әсер ететін аппаратында қайнатады. Қайнатқан соң маталарды алдымен ыстық, сонан соң суық сумен шаяды.

Қайнату нәтижесінде матаның массасы 4-8%-ке кемиді. Қайнап – піскен маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғары, суда және бояу ерітінділерінде жақсы жібиді әрі ағарады.

Қайнатып пісіру ережесін бұзу төмендегідей ақаулар туғызады: матаны қазанда дұрыс жайғастырып салмасақ, күйдіргіш натрдың концентрациясы дұрыс болмаса, қайнатқыш сұйықтықтың айналымын жасамаса толық қайнап піспейді; суда магний мен кальцийдің тұздары болса матаның бетінде тұра да дақ пайда болады; қазандағы ауа оттегінің артықтығы матаны босатады. Ағарту – мата үнемі аппақ шаңқың болып тұру үшін тотықтырғыш ерітіндімен жасалатын өңдеу. Ағарту барысында мақтаға сарғыш түс беріп тұратын табиғи бояғыш пигменттер тотығады. Ағарту үшін натрийгипохлоридін, сутегі пероксиді тотығын, натрий хлоридін, асқын оксидті сірке қышқылын қолданады. Ағартуды ескі, химиялық әдіс пен жүргізуге де болады, бұл жағдайда мата үздіксіз, ұзақ уақыт жатады. Ағартуды классикалық тәсілмен іске асырады, мұның өзі матаның ұзақ уақыт жатуы және үзіліссіз ағынды әдіспен жүргізіледі. Үзіліссіз ағынды әдісте шлиховканы кетіру, қайнатып пісіру және ағарту бірінен соң бірі үзіліссіз жүргізіледі. Маталарды толассыз ағартуда жоғарғы өнімді құрал-жабдықтары пайдалану өңдеу уақытын қысқартады және де шыққан өнімнің сапасын арттырады. Ағартудан болатын ақауға мыналар жатады: мақтаның босауы, ағарту сапасының төмендігі, қоспадан нашар тазартудың салдарынан матаның сақтағанға шыдамай сарғайып кетуі.

Мерсерлеу – керілген матаны 16 – 20оС-де күйдіргіш натрдың концентрацияланған ерітіндісімен өңдеп, ыстық сумен, одан кейін суық сумен шаю. Мерсерлеу матаның мықтылығын 20%-ке көтереді, оған жылтыр, жібек сияқты түр береді, гигроскопиялық қасиетін арттырады және боялу қабілетін жақсартады.

Түктеу – мата жұмсақ үлпілдек және жылусақтағыш болу үшін оның бетіне түк салу. Матаға түктеу – білтелерін инелі лентамен қаптаған түксалғыш машиналарда жүргізіледі. Түктеу кезінде түкті біліктермен қапталған жіңішке металл инелері арқау жіптен талшықтарды суырып шығаруды, соның нәтижесінде матаның бетінде түк пайда болады. Бәйке, фланель, помази, мақтадан тоқылған шұға, шибарқыт және тағы да басқа қыстық киімге арналған маталарға түк салынады.

Түк салғанда туатын ақаулар: матаның босауы, нашар таралу.

Бояу – матаға түгелдей бір түр беру үшін бояғышқа қолдану.

Бояғыштар табиғи көбіне өсімдік текті және синтетикалық болуы мүмкін. Маталарды бояу үшін, негізінен, тас көмірден алынатын синтетикалық бояғыштар қолданылады. Бояғыштар майдаланған құрғақ ұнтақ немесе паста түрінде шығарылады.

Бояғыштың түсі, ашықтығы, күнге, терге, ылғалға жууға және үйкеліске төзімділігі бояғыштардың химиялық құрамы мен молекулаларының құрылымына байланысты. Матаны бояудан бұрын бояғышты суға ерітеді. Бояу процесінің сатылары манандай: судағы бояғыштың матаның бетіне сіңуі; бояғыштың талшыққа өтуі; бояғыштың талшыққа бекуі. Бояудың кейбір әдістерінде бояғыш зат тікелей талшықта пайда болады. Бояғыштың түрлері мен бояу әдістері әртүрлі. Бояғыштың түрі мен бояу әдісін таңдау матаның талшықтық құрамына, бояғыштың қасиетіне және матаны бояуда қойылатын талаптарға байланысты. Астарлық маталарды үйкеліске, терге шыдамды бояғыштармен бояу керек. Сырт киімдік маталар күннің, ылғалдың, құрғақ және дымқыл үйкелістің әсеріне төзімді бояғыштармен боялады.

Бояу үшін – жазылып керілген немесе бұралған мата бояғыш ерітіндісі арқылы өтуге тиіс. Үздіксіз істейтін бояғыш аппараттар кең қолданылады.

Целлюлоза талшықтарын бояу үшін мынандай бояғыштар қолданылады: тікелей, басылмалы, күкіртті, кубты, азобояғыштар, қара анилин және пигменттер.

           Тікелей бояғыштар суда жақсы  еріп өсімдік талшықтарын бейтарап немесе әлсіз сілтілі ортада бояйды. Матаның бояуы ашық, үйкеліске төзімді,  бірақ жарықтың әсеріне шыдамсыз. Сондықтан тікелей бояғыштарды астарлық маталарды бояуға жұмсаған жөн. Тікелей бояғыштардың кемістігі-олар дымқыл үйкеліске шыдамайды.  Бояудың дымқыл үйкеліске және жарыққа төзімділігін артыру үшін маталарды ДЦМ бекіткішімен (күрделі органикалық қосынды ) өңдейді. Жарыққа шыдамды тікелей бояғыштардың соңғы маркалары әр мақсатқа пайдаланатын маталардыбояуға пайдаланылады. Басытқылы (протравные) бояғыштар суда ерігіш, бірақ матаны алдын-ала ауыр металдардың (темір, алюминий, хром) тұздарымен өңдеуді керек етеді, соның нәтижесінде суда нашар еритін лактар қосындысы түзіледі. Негізгі бояғыштар суда ерігіш, бірақ матаны алдын-ала танинно-сурьмалы  басққымен өңдеуді қажет етеді, олар да суда нашар еритін лактар түзеді. Кубты бояғыштар суда ерімейді. Гидросульфит тотықсыздандырғышының әсерімен бояғыш еритін күйге өтеді де, лейкоқосынды түрінде матаға сіңеді. Бояу кубтарда, сілтілі ортада жүргізіледі. Ауадағы оттегімен тотыққаннан соң лейкоқосынды бастапқы қалпына қайта өтіп, матада мықтап ұсталып қалады. Кубтық бояғыштар матада ашық бояу, дымқыл үйкеліске өте төзімді мықтылық береді.

Информация о работе Текстиль материалдарын өңдеу технологиясы