Стандарттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 10:11, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде негізгі халықаралық стандарт өндірісте, енгізуде және менеджмент жүйесінің сапасының нәтижелілігін жақсарту, тұтынушылардың қажеттіліктерін толық орындау жолымен қанағаттандырылуын арттыру мақсатында қабылданған үрдісті әдістерді әрекеттестіреді

Прикрепленные файлы: 1 файл

смс практика.docx

— 17.17 Кб (Скачать документ)

Үрдісті әдістер

(Процесный подход)

Қазіргі кезде негізгі  халықаралық стандарт өндірісте, енгізуде және менеджмент жүйесінің сапасының  нәтижелілігін  жақсарту, тұтынушылардың қажеттіліктерін толық орындау  жолымен қанағаттандырылуын арттыру  мақсатында қабылданған үрдісті  әдістерді әрекеттестіреді.

Ұйымның нәтижелі жұмыс істеуі үшін көптеген өзара байланысқан қызмет түрлерін анықтау және басқару қажет. Ресурстармен қамтамасыз етілген және мақсаты кірістер мен шығыстарды түрлендіру болатын кез келген қызмет немесе қызметтер тобын үрдіс деп қарастырылуы мүмкін. Кейде бір үрдістің шығысы екінші үрдістің кірісі болып табылуы мүмкін. Ұйым ішінде үрдістер жүйесін олардың идентификациясымен, өзара байланысымен және күткен нәтижені алуға бағытталған менеджментімене бірлесе отырып қолданылуы «үрдісті әдістер» деп аталуы мүмкін.

Үрдісті әдістің артықшылығы  жүйе ішінде үрдістердің жанасуында, сонымен қатар олардың сәйкестігі мен өзара байланысында қамтамасыз етілетін үздіксіз басқаруы болып табылады.

Үрдісті әдісті сапа менеджменті  жүйесі саласында  қолданғанда келесі факторлардың қажеттілігін көрсетеді:

    • Сұранысты түсіну мен орындау;
    • Бағалылықпен толықтырылған терминдерде үрдістерді қайта қарастыру қажеттілігі;
    • Үрдістердің нәтижелілігінің жетістігі;
    • Объективті өлшеулерге негізделген үрдістердің әрдайым жақсартылуы.

 

1-суретте көрсетілген  сапа менеджментінің үрдісті-негізделген  жүйесінің моделі стандарттың  4-тен 8-ге дейінгі бөлімдерінде  сипатталған процестердің байланысын  бейнеленеді. 

 

Бұл сұлба тұтынушының  кірістер сияқты талаптарды анықтауда маңызды рөл атқаратындығын айқын көрсетіп отыр. Тұтынушылардың қанағаттандырылу мониторингі ұйымның тұтынушы талабын орындау дәрежесін оның (тұтынушының) қабылдауына қатысты мәлеметті бағалауды талап етеді. 1-суретте көрсетілген модель қазіргі халықаралық стандарттың барлық талаптарын қамтиды, бірақ үрдістерді толық деңгейде сипаттамайды.

 

 

 

ИСО 9004-пен байланыс.

ИСО 9001 және ИСо 9004 – бұл  бәр-бәрән толықтыруға арналған, бірақ бірінен бірі тәуелсіз қолданылатын сапа менеджментінің жүйесіне арналған стандарттар.

ИСО 9001 ұйым ішінде пайдалану  үшін, сертификация үшін және келісім-шарттық  мақсаттар үшін пайдалана алынатын сапа менеджментінің жүйесіне шарттарды  орнатады. Онда негізгі назар тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру арқылы сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігіне аударылған.

ИСО 9004 қазіргі халықаралық  стандарттың жариялануы кезінде  әлі де қайта қаралмаған еді. ИСО 9004-тің қайта қаралған шығарылымы күрделі, көп талап қажет ететін және әрдайым ауыспалы бизнес ортада қалыпты жетістікке жету үшін кез  келген ұйымдарды басқаруда ұсыныс береді. ИСО 9004 ИСО 9001-ге қарағанда сапа менеджментіне қатысты толыққанды көзқарасқа ие болып келеді, өйткені  ұйым көрсеткіштерінің систематикалық (жүйелік) және тұрақты жақсартылуы арқылы қанағаттандырылуын және қызығушылық танытатын барлық жақтардың қажеттіліктері мен күткен нәтижелерін есепке алады.

 

 

 

 

Менеджменттің басқа жүйелерімен  сәйкестендірілуі.

Қазіргі халықаралық стандартты жасау барысында тұтынушылар  қоғамының пайдасы үшін осы екі  стандарттардың сәйкестігін жақсарту мақсатында ИСО 14001:2004 мазмұны сәйкесінше қайта қарастырылды.

Қазіргі халықаралық стандарт экологиялық менеджмент, денсаулық  және кәсіби қауіпсіздік менеджменті, тәуекелді басқару және қаржы  менеджменті сияқты басқа да менеджмент жүйесін менеджмент жүйесіне қойылытын  талаптарға сәйкес интегралдауға және үйлесімділікке келуге мүмкіндік береді. Ұйымға өзінің менеджмент жүйесін берілген халықаралық стандарт талаптарына  сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесін құру мақсатында бейімдеуге мүмкіндік беріледі.


Информация о работе Стандарттау