Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 23:15, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді.
Кіріспе..............................................................................................................................2
1. Нарық жағдайындағы кәсіпорында жедел-өндірістік жоспарды ұйымдастыру...3
1.1 Нарық жағдайындағы кәсіпорында жедел-өндірістік жоспардың экономикалық мәні және маңызы........................................................................................................4-5
1.2 Кәсіпорынның жедел-өндірістік жоспары бойынша бәсеке нарығындағы іс-әрекеті...............................................................................................................................5
1.3 Жедел-өндірістік қаржылық жоспарлаудың жүйесі............................................10
2. “ФудМастер” компаниясының экономикалық жедел- өндірістік ұйымдастырылуы..........................................................................................................15
2.1 Компаниясының экономикалық тиімділігінің есебі...........................................16
2.2 Бәсеке нарығындағы еңбек өнімділігінің шешу жолдары...................................17
2.3 Өнеркәсіп өнімнің өзіндік құны............................................................................18
3. «ФудМастер» компаниясының өндіріс тиімділігін арттыру жолдары...............22
Қорытынды.....................................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................26
Жоспар
Кіріспе.......................
1. Нарық жағдайындағы кәсіпорында жедел-өндірістік жоспарды ұйымдастыру...3
1.1 Нарық жағдайындағы
кәсіпорында жедел-өндірістік
1.2 Кәсіпорынның жедел-өндірістік
жоспары бойынша бәсеке нарығындағы іс-әрекеті....................
1.3 Жедел-өндірістік қаржылық
жоспарлаудың жүйесі........................
2. “ФудМастер” компаниясының
экономикалық жедел-
2.1 Компаниясының экономикалық
тиімділігінің есебі...........
2.2 Бәсеке нарығындағы
еңбек өнімділігінің шешу жолдары.......................
2.3 Өнеркәсіп өнімнің
өзіндік құны..................
3. «ФудМастер» компаниясының өндіріс тиімділігін арттыру жолдары...............22
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты
– жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі
бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік
жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып
табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін
алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада
толық күйінде кездесе
Сонымен, зерттеу нысаны жетілген бәсеке
нарығындағы кәсіпорын болып табылады,
ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет
көрсету және оларды нарықта сату барысында
пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның
мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа
мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде
қалай шешім қабылдайтындығын және оның
ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін
көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын
және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің
табиғатын зерттеу.
1 Нарық жағдайындағы кәсіпорында жедел-өндірістік жоспарды ұйымдастыру
1.1 Нарық жағдайындағы кәсіпорында жедел-өндірістік жоспардың экономикалық мәні және маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға
өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы,
өндірістік шығындардың жоғары болуына
өткізу нарығының қысқаруы, әріптес
кәсіпорындардың төлем
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру. /5/
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда –ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі
жұмыс уақытының үнемділік
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі /8/. Ал М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория /9/.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну
бойынша тиімділік –
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру);
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік:
активтердің айналымдығы (
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы /11/. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық
құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын,
экономикалық жүйенің нақты қызметінің
экономикалық тиімділігінің нақты
құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде
қарастырғанда өндіріс
Экономикалық тиімділік
экономикалық жүйенің әр деңгейінде
пайдалы соңғы нәтиженің
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік
өндірістің экономикалық тиімділігі –
кәсіпорын әзірлеген
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді /14/. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың
экономикалық тиімділігін
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі
өндірістік шығындарды
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді
әзірлеу, олардың енгізілу
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр – түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.
1.2 Кәсіпорынның жедел-өндірістік жоспары бойынша бәсеке нарығындағы іс-әрекеті
Кәсіпорын теориясы негізін барынша
көп пайдаға ие болу принципі құрайды,
яғни табыстар мен шығындар айырымының
көп болуы. Кәсіпорынның қысқа мерзімдегі
және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің
критериі – барынша көп пайда
табу болады.
Қысқа мерзімге кәсіпорынның өндірісте
пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін
және машиналар мен жабдықтардың көлемін
өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі
жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің
өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды,
тұрақты болып қала береді. Өндірістің
басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі
мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп
аталады.
Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін,
бір жұмада жаңа ғимарат салып алу мүмкін
емес, бірақ қосымша материалдар сатып
алуға немесе жаңа жұмыскерлер жалдауға
мүмкіндік болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс
саласына, технологияға, басқа жағдайларға
байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде
қысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ
өндірісінде ол өте аз болады.
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс
дәрежесіне байланысты, кәсіпорынның
өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының
қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін уақыт
мерзімі жатады.
Ұзақ мерзімде кәсіпорын барлық өндіріс
факторларының көлемін өзгерте алады.
Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл
мерзімде кәсіпорын факторларды келісімді
түрде қиыстыруға тырысады, шығарылған
өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын
шығындардың барынша аз болуын көздеп,
еңбекті капиталмен немесе керісінше
алмастырып отырады.
Кәсіпорын әрекеттеріне тек уақыт әсер
етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы
ықпал жасайды. Енді кәсіпорынның жетілген
бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына
назар аударайық. Кәсіпорынның мақсатын
– баға мен шығындардың ара алшақтығын
барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген
бәсеке нарығында ешбір кәсіпорын өздері
өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды.
Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық
кәсіпорындар ұсыныстарының бір-біріне
әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер
кәсіпорын өз өнімдерінің бағасын көтерген
болса, ол сатып алушыларынан айырылады,
олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып
алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді.
Кәсіпорын бағаға үстемдік ете алмайды.
Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорынның
технологияларымен болжамдалады. Барынша
мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек?
Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады.
Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда
алу үшін кәсіпорын қанша өнім өндіріп
сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің
нарықтық бағасы мен кәсіпорынның шекті
шығындарын салыстыру қажет.
Егер кәсіпорын өз өнімін бір, екі, үш,
т.б. бірлікке өзгеріп отырса, онда келесі
бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың
әр біреуі) жалпы табысқа да және жалпы
шығындарға да «бірдеме» қосып отырады.
Осы «бірдеме» - шекті табыс және шекті
шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан
артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының
жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға
қосқанынан артық болады.
Осыған байланысты шекті табыстармен
(MR-marginal revenue) шекті шығындардың (MC-marginal
costs) айырымы, яғни пайда, (P2-provit) өседі:
P2 = MR – MC
Шекті шығындар шекті табыстардан
жоғары болғанда, керісінше болады.
Қорытынды: баға (P) және шекті шығындар
(MC) тең болғанда, жалпы пайда барынша көп
болады:
P = MC
Егер P>MC болса, өндірісті кеңейту
қажет. Егер P
Нәтижесінде жетілген бәсеке нарығында,
кәсіпорын өзінің өндірісін, шекті шығындары
бағамен теңескен нүктеге дейін кеңейтеді.
Осы нүктеде кәсіпорын өндірістің оптималдық
дәрежесіне жетеді және тепе-теңдік жағдайға
ие болады.
Өндіріс көлемі оптималдықтан жоғары
немесе төмен болса, пайда барынша көп
болудан төмен болады.
Сөйтіп, кәсіпорынға барынша көп пайда
әкелетін өндіріс көлемінің жалғыз ғана
мағынасы бар. Осы ереженің – пайданың
барынша көп болуының – тек кәсіпорын
үшін ғана емес, барлық экономика үшін
ақиқаттығы күмәнсіз.
Қорытынды: тауар өндірудегі шекті шығындар
мен солардың бағалары теңескенде, ресурстарды
пайдалануда экономика барынша жоғары
тиімділікке жетеді.
Ұзақ мерзімдегі кәсіпорынның және саланың
тепе-теңдік мәселелері, қысқа мерзімдегіден
өзгеше болады. Егер кәсіпорын өнімнің
белгілі көлемін ұзақ мерзімде барынша
төмен орташа шығындар жұмсап өндірсе,
онда осындай болмыста (нүктеде) баға шекті
шығындарға тең болғандықтан, тепе-теңдік
пайда болады.
Мәселе мынада: кәсіпорынның барынша төмен
орта шығындары, нарықта қалыптасқан бағалардан
жоғары болса, кейбір кәсіпорындар нарықтан
шығады, саладағы ұсыныс азаяды. Бұл жағдай
бағаны көтереді.
Егер кәсіпорынның орташа шығындарының
барынша азы нарықтық бағадан төмен болса,
онда саладағы барлық кәсіпорындар үстеме
пайда алады. Бұл басқа кәсіпорындардың
осы салаға келуіне стимул болады. нәтижесінде
салалық ұсыныс көбейеді, ал баға төмендейді.
Жетілмеген бәсеке жағдайындағы кәсіпорынның
рационалдық іс-қимылында кейбір ерекшеліктер
болады.
Жетілмеген бәсеке нарығындағы өндіруші
(кәсіпорын) өзінің өнімдерінің бағасына
ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке
нарығында өнімнің бірінен кейін бірі
сатылған бірліктерден түсетін қосымша
табыс тұрақты болып өзгермей, нарықтық
бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында
сатудың көбеюі бағаны төмендетеді, ал
бұл қосымша немесе шекті табыстың төмендегені
болады (MR).
Кәсіпорынға барынша көп пайда әкелетін
өндіріс көлемін анықтайтын екі әдіс болады.
Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі
жалпы табыстар мен жалпы шығындар салыстырады.
Екінші әдісте өндірістің оптималдық
көлемін табу үшін шекті табыстар мен
шекті шығындарды салыстыру керек.
Қорытынды: жетілмеген бәсеке жағдайында
барынша көп пайда алу үшін өнімнің әрбір
қосымша бірлігін өндіруге байланысты
шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан
түскен шекті табыстан төмен болғанша,
MR>MC өндірісті кеңейте беру керек, егер
MR
Батыс экономикалық әдебиетіндегі кәсіпорын
теориясы пайданы барынша көбейту принципіне
негізделген. Бірақ кәсіпорын әрекеттеріне
басқа да мотивация беру аз кездеспейді:
• кейбіреулер кәсіпорынның мақсаты пайданы
барынша көбейту емес, сату көлемін көбейту
дейді;
• басқа концепция бойынша американдық
профессор Г.Саймонның «қанағаттандыру»
теориясы бойынша, кәсіпорын тек пайданың
белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған
жеткен соң, оны одан әрі қарай барынша
жоғарылату үшін әрекет етпейді.
Информация о работе Нарық жағдайындағы кәсіпорында жедел-өндірістік жоспарды ұйымдастыру