Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:38, лекция

Краткое описание

Аймақтық экономиканың негізгі және дәстүрлі әдістерінің бірі экономикалық географиядағы сияқты, қол жеткен деңгейдегі және экономикалық және әлеуметтік даму тенденцияларын талдау және нақты территорияның өндіргіш күштерін орналастыру.
Талдау жекелеген аймақтың өндіргіш – күштерін орналастыру және дамытудың аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін территориялық және геосаяси жағдайдан, ғылыми – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, табиғи ресурстық бағалаудан тұрады.
Бағдарламалық – мақсатты болжауда талдаудың уақытша кезеңінде болжам жасалған өткен жылдарды, 3 – 5жыл ретроспективті кезеңді, сондай – ақ жасалған жылы экономиканың қызмет етуінің күтілген нәтижесін қамтиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

aimaktk.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

- аймақтың экономикалық және  әлеуметтік мүдделерін таңдау;

- жеке инвесторлардың қатысуымн  ірі аймақтың бағдарламаларды  жүзеге асыру;

- мемлекеттік және нарықтың  реттеу жүйесін ендіру және  әртүрлі формалардың базасында  территориялық дамуды ынталандыру.

Ұлттық  қауіпсіздік – бұл мемлекеттің әскери, экономикалық, саяси, ақпараттық, демографиялық және психологиялық факторлары шартында мемлекеттің әрекет ету қаблеті. Бұл үшін  қауіпті жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек.

Ұлттық қауіпсіздіктің аймақтық аспектісі мемлекеттік аймақтың саясаттың әдістері мен міндеттерінің, мақсаттарының өзгерісінен тәуелді болады.

Экономикалық қауіпсіздік мемлекеттің ұлттық экономиканың мүмкіндігінен және оның аймақтық тұрақты дамуды қамтамасыз етуімен сипаттайды.

Экономикалық қауіпсіздіктің аймақтық аспектісі ішкі факторлардан және шекті мүмкін шамалардан тәуелді болады.

 

2. Аймақтық саясаттың  жүргізудің әдістері және аймақта  нарықтық құрылымның қалыптасуы.

 

Аймақтық саясатты жүргізудің тікелей және жанама әдістері бар. Бірінші жағдайда мемлекеттік шаруашылықтың территориялық құрылымын жетілдіруге бағытталған күрделі салымға белсенді қатысады (өсу орталығын, өнеркәсіптік парктер, инфрақұрылымдар құру). Екінші  жағдайда  - мемлекет қаржылық жүйе арқылы (салықтық, кедендік) сәйекес экономикалық “климат” құрылады.

Мемлекеттің тікелей араласу әдісі әкімшілікпен байланысты. Осындай әдістерге- мемлекеттік аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру, жекелеген құрылымда түзудің инвестициялық жобаларын жасау; келісім-шарттық  жүйе арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін тапсырыстар жасау.

Экономикалық механизм арқылы аймақтық дамуды мемлкеттік реттеу: мемлекеттік, аймақтық, жергілікті.

Басқарудың аймақтық органдары жергілікті ресурстарды пайдалануға, шаруашылық  құрылымын тиімді етуге, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тиімді етуге негізгі көңілді аудару қажет. Қазіргі экономикалық даму кезеңінде нарықтық құрылым  қалыптасып, қызмет етуде. Оған жатандындар: салықтық, банктік, қоймалық және саудалық өткізу, жұмысбастылық қызметі және т.б. Экономиканың реформаны тереңдету шартында маңызды мәселелер еңбек нарығын қалыптастыру және жұмысбастылық үдерісін реттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикадағы аймақтық басқару

 

1.Әлеуметтік – экономикалық  дамуды басқару процесіндегі аймақтардың ролі

 

Нарық қатынастарына процестерді басқарудың тексерілмеген механизмдерімен кең ауқымды көшуі, Қазақстанның әрбір облысының жаңа жағдайларға бейімделе отырып, экономикалық іс - әрекеттерінің жеке үлгілерін жасап шығаруды қажетсінді. Мұның негізінде бір мақсат бар еді – кез-келген жолмен әлеуметтік мәселелерді шешу және өндірістің құлдырауын тежеу. Нарыққа көшудің бұл жолы тиімді болуы мүмкін емес еді. Басқарудың аймақтық органдарының назарынан стратегиялық мәселелерді шешу тыс қалатын. Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың бірқатар мәселелерін түбірімен қайтадан қарау қажеттілігі туды. Ол аймақтық шаруашылық жүргізудің жаңа принциптеріне негізделуді қажет етті:

    • табыстар мен шығыстарды теңдестіру, шаруашылық қызметтің нәтижелерінен алынатын өзіндік табыстар есебінен шығыстардың орнын жабу (қайтымдылық);
    • табыстардың шығыстардан артуы (өзін – өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету);
    • шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін материалдық және моральдық жауапкершілік және қызығушылық;
    • аймақта алынатын табыс есебінен аймақ ішіндегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу.

Жоғарыда аталған принциптерді қадағалау Қазақстан экономикасын реформалаудың жетістігі, оның аймақтарда қандай өтетіндігіне байланысты деген ережеден келіп шығады. Басқаша айтқанда, нарыққа көшу және экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізуде басты қозғаушы күш болып аймақтық мүдделер көрінеді. Бұл мүдделер ақыр соңында ел үшін жалпы мақсатты – экономикалық күйзелісті жеңу және ең аз әлеуметтік – экономикалық жоғалтулармен нарықтық қатынастарға көшуді көздеді.

Нарықтық экономика, бәрімізге белгілі, өзінің дамуын ішкі ресурстар мен қорлар есебінен сауыққан әлеуметтік экономикалық және экологиялық негізден қарастырады. Бұл тек аймақтық және республикалық деңгейлерде бөлістіру қарым – қатынастарының және өндірісін процесін экономикалық және ұйымдастырушылық, құқықтық реттеудің нақты механизмдері бар болғанда ғана мүмкін.

Дүние жүзінің аймақтар экономикасының дамуы негізделетін басты принциптердің бірі бұл – «тапқан қаражаттар бойынша өмір сүру». Ол ең алдымен сәйкес территорияларда ағып отырған экономикалық пропорциялардың пайда болуына бақылау орнатуды қарастырады. Қазіргі кезде бұл принцип тек макродеңгейде – ел деңгейінде ғана жүзеге асырылуда. Ал жергілікті деңгейге қатысты, онда өнеркәсіп салаларының әр түрлі функционалды топтар арасындағы материалдық өндіріс пропорцияларына, ЖІӨ және ұлттық табысты (облыс деңгейіндегі таза өнімді) бөлістірудегі құрылымдық пропорцияларына, сондай – ақ бөлістіру қарым – қатынастары саласында (ең алдымен ресурстарды қалыптастырудың маңызды қайнар көзі ретінде өнімнің енгізілуі мен шығарылудың ара - қатынасы) бақылау жеткілікті деңгейде жүргізілмеді. Алғашқыда Қазақстан Республикасының Статистика және талдау бойынша мемлекеттік комитет деңгейінде облыстар бойынша салалық пропорциялар балансын жасауға тырысты, бірақ бұл өміршең болмады. Жеке облыстар бойынша (Қарағанды, Павлодар және т.б.) өнімді бөлістірудің және өндірістің салааралық баланстарын жасаудың мүмкіндіктері қаралды. Олар басқаруды жергілікті органдарына аймақтың экономикасындағы бар диспропорциялар мен аймақ шегетін жоғалтулар турасында сан – алуан мәліметтерді ұсынды. Бірақ мұндай баланстарды жасауға оқтын – оқтын (немесе эпизодикалық) сипат тән болды, ол негізінен ғылыми мақсаттар үшін жүргізілді, өйткені осы жасандылар нәтижелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар керекті орындарда іс – жүзінде қолданылмады.

Осы және басқа да пропорцияларды басқаруды аймақтық деңгейде ұстап тұрудың қажеттілігі нарықтық қарым – қатынастарды қалыптастыруын нығайтуды объективті негіздейді, сонымен қатар жоғары деңгейде бірқатар мәселелердің шешілуін қарастырады. Осылайша, аймақ экономикасының дамуының жалпылама көрсеткіштері болып оның салаларында өндірілген ЖІӨ және ұлттық табыс (ҰТ) табылады. ЖІӨ есебінен және өнімнің кірісі мен шығысының қалдығынан облыстың жиынтық ресурстары қалыптасады, оның табыстарының қалыптасуынан жалғыз қайнар көзі болып таза өнім есептеледі. Облыстың өзінің ресурстық негізінде әлеуметтік – экономикалық дамуы объективті негізде оның экономика салаларындағы таза өнім мен ішкі жиынтық өнімнің физикалық көлемдерін арттыру резервтерін іздестіру, сонымен қатар өндіріс және бөлістіру қарым – қатынастары саласындағы пропорцияларды жетілдіру мәселесін қояды. Жағдайды бақылап отыру үшін жеткілікті ақпарат қажет және оны жедел қолдана білу керек.

Басқарудың жергілікті органдардың аймақтардағы ұдайы өндіріс процестерін талдау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілуді талап етеді. Кез – келген аймақтың өндірістік потенциалы бірдей жағдайларда, шаруашылық жүргізудің объективті факторларымен, өндірістік күштердің дамуының орын алған деңгейімен (әсіресе, аймақтың өндірістік ресурстарын және шикізат – табиғи ресурстарын тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін бөлігі), ауданаралық еңбек бөлінісіне қатысу және маманданудың бағытымен, демографиялық процестердің сипатымен және т.б. шартталатыны бәрімізге белгілі. Осыған байланысты облыстардың экономикалық потенциалы бойынша едәуір сан түрлілігі байқалады. Озат аймақтардың жұмыс жағдайы дұрысырақ. Павлодар облысында адам басына шаққанда ЖІӨ 2,2 есе артық өндіріледі, ақшалай табыстарды 2,3 есе көп, баланстық пайданың өндірісінде облыс 2 орын алады. Қарағанды облысында сәйкесінше 1,5 есе және 2,1 есе, 3 орын. Осы көрсеткіштер бойынша жағдайы салыстырмалы түрде жақсыларға, сондай – ақ Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Әрине, экономикалық дамудың төмен көрсеткіштері бар аймақтарда тікелей қарама – қарсы әлеуметтік және одан келіп шығатын түрлі процестер қалыптастырады.

Әдетте, экономикалық дамудың салыстырмалы төмен көрсеткіштері бар аймақтарда тұрғындардың табиғи ұдайы өндірісінде кейбір жағдайларда олардың тұрақты санын қамтамасыз етпейтін кері тенденциялар байқалады.

Аймақтық басқарудың мәселелерін түбірімен қайтадан қарауға жетелейтін тағы бір себебі, бұл Қазақстанның облыстары, қалалары және аудандарының әлеуметтік – экономикалық дамуының деңгейлері күрт ерекшеленетіндігінде.

Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының бастапқы деңгейлерінің әр түрлілігі бір жағынан аграрлық реформаның бірдей емес қарқынын, нарықтық инфрақұрылымның, сыртқы экономикалық қызметтің және шетел инвестицияларын тартудың деңгейін, сонымен қатар индустриалды және ауыл аймақтарының тұрғындарының нарықтық менталитеті мен іскерліктерінде елеулі айырмашылықтарын алдын ала анықтап берді. Сондықтан     басқарудың  жергілікті органдарымен маңызды  халық шаруашылық пропорциялары, жоспарланатын іс-шаралар және облыстың халық шаруашылығынын шығындары мен жергілікті  бюджеттердің табыстары арасындағы балансты қамтамасыз ету бақылана алатын болуы керек.

 

2. Республика аймақтарының  типтері

 

Экономиканы реформалау механизмдерін нақтылау және аумақтық  ерекшеліктерді есепке ала отырып, жалпы  мемлекеттік  аймақтық саясаттың дифференциалды жүзеге асырылуы үшін шаруашлық   жүргізудің объективті  жағдайларымен, өндірістік-ресурстық потенциалымен, еңбек бөлінісінің  республика ішіндегі мәселелерін шешу сипатымен өзгешеленетін аймақтардың 4 тобының бөлінуі негізделелді.

Бірінші  - жоғары ғылыми-өндірістік потенциалы, ауыр индустрия салаларындағы айқын көрінетін мамандануы, жоғары технологиялық ғылыми сіңіргіштік өндірістерді құру үшін жеткілікті жағымды экономикалық жағдайлары, негізінен қаржылық ресурстарымен өзін-өзі қамтамасыз ететін , бірақ негізгі қорлар тозуының жоғары  деңгейі мен дағдарысты экологиялық жағдайы бар аймақтар. Бұл аймақтар тұрақтандыру және техникалық- технологиялық ұмтылыста тірек болуы қажет – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, яғни әлеуметтік- экономикалық дамуының ең жоғары бастапқы деңгейі бар облыстар.

Екінші – стратегиялық сипаттағы қайталанбас минералды  ресурстар қорларын және республиканың дүние жүзілік шаруашылыққа жылдам қарқынмен интеграциялауға қабілетті, ғылыми- өндірістің интенсивті дамуңындағы  жоғары импульсін иемденетін облыстар. Аймақтардың бұл тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы тиімді емес қалыптасқан, ауыл мен селолардың экономикалық және әлеуметтік артта қалуы және қауіпті  экологиялық жағдай, ал жеке аудандарда өмір сүру ортасының күрт бұзылуы орын алатын аймақтар – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, жарым жартылай Қызылорда, Жамбыл облыстары.

Үшінші – республиканың сауда саттық қорын қалыптасытрудағы агроөнеркәсіп кешендері алдыңғы болып саналатын облыстар (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, облыстарының АӨК).

Төртінші – экономикалық маневрлерді қатаң шектейтін экстремалды әлеуметтік–экономикалық және техникалық–технологиялық жағдайлары бар, салалық құрылымы тиімсіз  қалыптасқан депрессивті облыстар, сондай–ақ экологиялық дағдарысты аудандар. Бұл аймақтарда орын алған шаруашылық байланыстардың бұзылуынан экономикалық әлеуметтік дағдарыс орын алуда, олар бұдан өз күштерімен шыға алмайды, ол үшін мемлекеттік реттеудің қатал іс–шараларын қажет етеді.

Қазқстан жақын орналасқан мемлекеттермен тиімді және болашақ байланыстардың дамуы біздің мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық жүйесінің сапасына жағымды ықпал етеді. Біріншіден, бұл экономиканың қайтымсыз құлдыруына жол бермейді, ең алдымен озат–аймақтардың, өйткені ол жарты ғасырдан астам барысында, Сібір, Орта Азия, Оралдың индустриалды орталықтарымен бірге кең кооперацияда құраған. Екіншіден, республикадағы орын алған экономикалық байланыстардың тиімділігі көлік шығындарындағы елеулі үнеммен шартталады.

 

3. Аймақтардың әлеуметтік–экономикалық дамуындағы басымдықтар

 

Республика экономикасын тұрақтандыру және техника–технологиялық деңгейде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырудағы әлеуметтік–экономикалық жүйенің сапасын қажетті бағытта өзгерте алатын облыстардың бірінші тобының ерекше ролі алғашқы кезектегі мәселелердің белгілерін анықтайды. Осылардың ішінде едәуір маңыздылар қатарына ірі өндірістік потенциалдың жедел қайтадан жаңғыруын, соңғы ғылыми сіңіргіштік өнімді, қазіргі машиналар мен бұйымдарды шығару бойынша жаңа жоғарғы технологиялармен базасында ұйымдастырылуын жатқызуға болады. Бұл жерде Павлодар, Қарағанды облыстарындағы автомобиль құрылысы, электрон құралдарының өндірісін, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өтгізгіштік қабілеті жоғары, аса таза, композиттік жаңа материалдардың өндірісін, Солтүстік Қазақстан облысындағы лазерлік технологияларды, өндірісті басқарудың автоматизацияланған жүйелерінің және аспаатарының шығаруын айтамыз. Бұлардың шешілуі мұнда болашаққа ұдайы өндірістің интенситвті түрінің негізі ретінде республика экономикасында ғылыми сіңіргіштік өнім бойынша экспорттық потенциалды, техника–технологиялық ұмтылыстың тірек базасын құруды қаматамасыз етеді.

Осылайша, жергілікті деңгейде басымдылықтармен қатар мынадай өзара байланысқан мәселелерді шешу керек: өндірістік және әлеуметтік деңгейін қалыптастыру, қоршаған ортаны сауықтары, сонлдай–ақ тұтыну нарығының теңдестірілуін қамтамасыз ету. Бұлардың шешілуі экономикаға шетел инвесторларының тартылуына жағымды, жағдай жасайтын бірінші топ аймақтарының жалпы ахуалын қалыптастырады.

Екінші топ облыстарының табиғи ауа райы жағдайларының экстремалдағы шикізаттың стратегиялық түрлерінің, бай кен орындарын игерудің акционерлік сипаты, олардағы экономиканың сипаты өсіміне бағытталған алдыңғы  кезектегі мәселелерді шешу негіздейді.

Екінші топ облыстарына дүниежүзілік нарыққа инвесторлар көзқарасы мен аймақтың тартымдығын, іскерлік ахуал анықтайтын, дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін жоғары дамыған нарық инфрақұрылымын құруға ірі инвестицияларсыз шығу мүмкін болмас.

Информация о работе Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері