Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:58, реферат
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл саладағы атқаруылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды.
Кіріспе
1.1 Жеке тұлға туралы түсінік
1.2 Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы
1.3 Тұлғаның әлеуметтену процесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына
қоршаған орта мен тәрбие секілді
сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл
факторлар оның ішкі дүниесіне оң
әсер
еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы
кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған
жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра
алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің
персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген
атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы
дегеніміз -ақпараттық мазмұндағы, адамның
тұтас модусын (модус -қажеттіліктер, мақсат-мүдделер,
наным-сенімдер, бағалау критерийлері,
ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық
және идеологиялық процестердің, қасиеттер
мен қатынастардың әр алуан түрлері бар
жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын
әлеуметтендіріп, реттейтін өзара әрекет
күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады.
Персонификация әлеуметтенудің антиподы
ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің
бар болуыньщ ішкі механизмі болып табылады.
Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін
сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие
де, жеке тұлғаның өз өзімен
жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің
ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен,
сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара
тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы
мен қалыптасуына әсер етеді.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің
әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда
дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас,
таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру
мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту
белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың
өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына
бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда
(үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға
қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға
деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген
(керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы
көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын
көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде
жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып
пайда болады.Қарым-қатынас – генетикалық
түрде баланың белсенділігінің ең ерте
белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік
иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста
көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың
көптегеналуан түрлі реңктері бар: ата-анаға,
мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес
адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға,
достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол
адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас
іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда
ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы
болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке
тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына
жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық,
қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы
өз істері үшін жауапкершілік.
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның
танымдық белсенділігінің өрісі
кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың
қасиеттерін тану үшін оларды қолына
ұстап көргеннен кейін бала «Бұл
не? Бұл кім? Қалай аталады?» деген
сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл
сұрақтардың жауабы балаға заттар мен
кұбылыстардың жалпы мәнін ашып
береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың
таным белсенділігінің
Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына
қойып, оны баланың барлық күшін белсенді
жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке
тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке
тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін
ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік
туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың
әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – осының
бәрі баланың дамуының нәтижелілігін
қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі.Сондықтан
жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты
қальштастыра отырып, тәрбиеші сол баланы
өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне
негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие
процестері – ең жағымсыз деген сыртқы
жағдайларды жене алатын күш.
Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың
қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген
іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын,
мінез-құлық белгілерін, білік пен
дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған
балалар күні бойы музыкалық гаммаларды
ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды.
Баланың қабілетін оята алмайтын
репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе
тағы бір мысал, төменгі сыныптарда
балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ
жоғары сыныптарда ондай балалардың
саны аз.Қабілеттіліктің дамуы үшін
өз барысында баланын бойында
жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет
қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал
мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа
да) жұмыстан пайда болған сүйсіну
сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен
байланысты. Дарынды бала белгілі
бір жұмыспен міндет үшін емес, баға
үшін емес, жарыста немесе олимпиадада
жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы
келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады,
яғни ол балада жағымды сезімдермен
байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты
әдебиеттерде өте сирек айтылып
жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір
бастауы өзіне көніл аудартады.
Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан
бастау алатын өз-өзіне деген
Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі,
қалыптасуыньщ өзара байланысы
мәселесінің көп ғасырлық тарихы
бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның
дамуы мен қалыптасуына әсер ететін
факторларды түсіндіретін әр түрлі
көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке
тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым
қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың
(орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет
пен қарым-қатынастың орны ерекше деген
қорытындысы еш дау туғызбайды. Сонымен
жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына
әсер ететін факторлар төмендегідей болып
келер.
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың
жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде
де, субъектісі ретінде де қарастырылады.
Оның объект
болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге,
әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді.
Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз,
сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді
ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы
бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту
процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ
жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің
де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай
жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін
қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық
тұқым қуалау арқылы берілмейді дейді.
Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық
болу үшін
«жөнді универсалды генетикалық бағдарлама»
керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге
асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының
өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың
болуы.Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын
ғалымдар «¥лы бастаулар уақыты» деп атайды.
Адам психикасының сырттай көріністерінің
қасиеттері өмір барысында қалыптасады,
сондықтан оларды ата-ана, педагогтар
жэне баланың өзі қадағалап, реттей алады.
1.3 Тұлғаның әлеуметтену процесі
Жоғарыда көрсетілгендей, тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады. Осыдан барып, тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады. Екінші жағынан, әрбір тұлға өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды. Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады. Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар: а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады ә) қарым-қатынас, бұл – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады. Осылардың негізінде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі, оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибеде, мәдениетте сабақтастық болады. Бұл бағалы, құнды нысана-бағыттарды, тәжірибелерді, іске бейімделуі, мұраттарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы, бұларды толық игеріп, меңгері, өмірде нақты қолданумен тығыз байланысты. Құндылық, бағалық мұраттар, бағыттар адамның нақты дүниедегі бағалы, құнды қатынастарын анықтайды, өйткені бағалық-құндылықтар адамның талап-тілегін, мұқтаждығын, мүддесін қанағаттандырады, ал, олар екінше жағынан, адамның белсенді іс-әрекеттерінің, қызметінің көзі болып саналады. Осындай жағдайларға байланысты әрбір адамды әлеуметтендіру қоғамның дамуындағы көкейтесті мәселелердің қатарына жатады. Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, тұлға қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, жан-жақты жетілген адам. Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керісінше, индивидтің іс-әрекетке белсеңді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іскғе асады. Соның арқасында адамда өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез-құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі. Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы соның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес болуы мүмкін. Осыдан көзқарастың әлеуметтік жағына көңіл аударсақ, жеке тұлғаның қандай қоғамдық топтарға, саяси қозғалыстарға қызмет жасайтынын, қандай топтар мен қозғалыстарға қасы екенін, озық ойлы, не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Бірінші кезеңде жасөспірім бала сыртқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жүйесін, негізгі бағалы, құнды бағыттар мен нұсқаларды игеріп, меңгереді. Ол бірнеше әлеуметтік рөлдер атқарады.Екінші кезеңде тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарастары, идеологиясы және белсеңділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағыты қалыптасады. Осы екінші кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі басрлық адамдарда бар, бірақ, екінші кезеңнің сипаты барлық адамдарға байқала бермейді. Кейбір адамдар өзінің соңғы күніне дейін өзгермей, қарапайым болып қала береді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Әрине, өкінішке қарай, мұндайлар қоғамда өте сирек кездеседі. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда әр түрлі оқу орындарының атқаратын қызметі зор. |
Қорытынды
Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.