Жеке тулга

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:58, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл саладағы атқаруылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
1.1 Жеке тұлға туралы түсінік
1.2 Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы
1.3 Тұлғаның әлеуметтену процесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке т 2.docx

— 38.90 Кб (Скачать документ)

 

Кіріспе

    1. Жеке тұлға туралы түсінік

1.2 Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы

1.3 Тұлғаның әлеуметтену процесі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке  қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды  келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл  саладағы атқаруылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды. Осындай мазмұнды тарихи контекстен тыс, құқықтық мемлекет тұжырымыдамасының  мәні мен мақсатының ерекше тұстарын түсіну, санаға сіңіру м.мкін емес. Аталған  тарихи тәжірибені ескеру арқылы ғана ресми жарияланған құндылықтарды  жүзеге асырудың ақиқат мәні мен шарттарын  ұғынуға, Қазақстан Республикасындағы  нақты жағдайларды және еліміздің  құқықтық мемлекетке шын мәнінде  жету мүмкіншіліктерін парасатты бағалауға  болады.

Тұлғалардың бостандығы мен құқықтары  барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі  ресми саясатқа айналды. Қазақстан  Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары  адамның бостандығы мен құқықтарына  арнаулы бөлім беріліп, бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік  міндеті деп жариялады.

Адам құқығы — азаматтың басты  игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің  басты жетістігі адам құқығы мен  бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны  қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай  ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан  да шет қалып отырған жоқ. Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғымдар бар. Оларға қысқаша түсінік берейік. Адам кұқығы - табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады. Азамат құқығы — табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.

 Тұлғаның құқығы - жеке адамның  құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның  саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық  мәртебесінің шеңберіне байланысты. Адам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне, мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.

Жақын болашақтағы міндет - жаңа ғасырдың мыңжылдық басындағы кезеңде  басымдықтарды дамытудың жаңа перспективаларын есепке алып жүзеге асыру болып табылмақ.

Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды халықаралық  құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені  бұл үкіметке ықпал жасау үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған  адамдарға тиімді көмектесуге мүмкіндік  береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не т.б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiң адам құқықтары саласындағы қызметiн тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттiң адам құқықтарын бекiту, қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, оларды iске асыруға жәрдемдесу жөнiндегi iс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергi жағында мемлекет қызметiнiң барлық аталған түрлерi бiр-бiрлерiне өте жақын, бағдарлары бойынша бiр-бірiне ұқсас, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткенi, сайып келгенде, олар белгiлi бiр бiрлiк пен тұтастықты құрайды

Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында  халықаралық және ұлттық институттардың түрлерін, мәнін және мазмұнын түсініп  білу үшін, оның адам құқықтары мен  бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және түрлеріне шолу жасай отырып, аталған институттардың қазіргі  кездегі жай-күйіне тоқталу қажет. Жаңа дамып келе жатқан мемлекет үшін бұл институттарды дәйекті зерттеу  және қазіргі кезеңде құқықтар мен  бостандықтардың  қорғалуын жүзеге  асыру мәселесі тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсат мүдделері негізінде жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туындауда.

 

 

 

 

 

1.1Жеке тұлға туралы түсінік

Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты  үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы  мен қалыптасуы мәселесінің көп  ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі  және әр түрлі ғылымдардың тоғысында  қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары  жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді  деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының  факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің  прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық  пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Адам – өзіне тән биологиялық  құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан  табиғат заңдары оның дамуына  да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. 
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). 
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері  – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. 
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. 
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір  жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр. 
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның 
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды. 
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.

Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда – адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер). 
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.

Орта компоненттері және олардың  бала дамуына әсері

1. Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) Бала  организмінің мүмкін болатын  күштерін оятады.

2. Әлеуметтік орта (макро-орта)

а) өндіріс күштерінің деңгейі;

б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;

в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;

г) мәдени даму дәрежесі;

д) көпшілік ақпарат құралдары;

е) техникалық құралдар. Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.

3. Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы  қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері. Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды. 
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы.

Жеке тұлғаның дамуының маңызды  факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның  әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. 
Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «баласыздық» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің аркасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек. 

Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы  материалистік диалектика мен психологияның  ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды  және езін белсенді түрде өзгерте  алады деп жазған болатын. Демократиялық  педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтьшсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта  құру іс-әрекетіне үлкен мән берген. 
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, 
оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты. 
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қойса да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады. 
Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа – ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады. 
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, 
яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

Информация о работе Жеке тулга