Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 12:54, реферат
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің маңызды міндеттерінің бірі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады.