Жеке адамға қарсы қылмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 12:54, реферат

Краткое описание

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің маңызды міндеттерінің бірі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке адамға қарсы қылмыс баяндама.docx

— 13.99 Кб (Скачать документ)

                       Жеке адамға қарсы қылмыс

Жеке адамға қарсы қылмыстар  туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда  жеке адамға ғана емес, сонымен қатар  қоғамға да ең қымбат қазына болып  табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің  маңызды міндеттерінің бірі ретінде  адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады.

Адамның және азаматтың құқықтары  мен  бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының  Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында  «ең қымбат қазына-адам және адамның  өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп  жарияланған. Осыған орай, Қазақстан  Республикасы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасы барлық заңдары  жеке адамды қорғауға, адам құқықтары  мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта  артықшылықтар береді. Сондықтан  да ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бірінші  тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға  арналған. Осы тарауға кіретін  барлық қылмыстардың топтық объектісі  жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

          Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 –бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілген. Жалпы, адамның өмірі әркімге тумысынан жазылған, табиғаттан берілген әлеуметтік құндылық болып табылады. Сондықтан, ол абсолютті, одан ешкімнің айыруына құқы жоқ. Еліміздің Ата Заңының 18-бабында әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына құқы бар екені жазылған. Ал, азаматтық және саяси құқық туралы Халықаралық пактінің 9-бабына сәйкес, әрбір адам бостандық пен жеке басының еркіндік құқына ие. Заң талаптарынан тыс ешкімді де қамауға алуға, еркінен айыруға болмайды. Кімді болса да, тұтқындау, қамауда ұстау тек қана сот шешімімен іске асырылады. Тергеу орындары прокурордың санкциясынсыз адамдарды 72 сағаттан аспайтын мерзім ғана ұстауына болады. Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстың субъектісі-жалпыға бірдей, қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, ал Қылмыстық Кодексте көрсетілген жағдайда 14 жастағы кез келген азамат болуы мүмкін. Қылмыс субъектісі ретінде Қазақстанның азаматы немесе азаматтығы жоқтар және шетелдік азаматтар болуы ықтимал. Мұндай қылмыстар қасақана немесе абайсызда жасалуы мүмкін.


Информация о работе Жеке адамға қарсы қылмыс